8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)
1. Қосымшалардың түрлерін ата.
2. М. Өтемісұлы қандай ерлік жасады.
3. Фонетикалық талдау жасау.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27мин (30%)
ТАЛҒАТ БИГЕЛДИНОВ
(1922 ж.т.)
Сәби кезінде ұшқыш болсам деп армандамайтын бала сирек болар. Екі рет Кеңес Одағының Батыры атағына ие болған Талғат Бигелдинов те осындай ізгі арманның иесі болды. Батыр кәдімгі ауыл баласы еді, ол 1922 жылы Ақмола облысы, Ақмола ауданы, Майлыбалақ ауылында дүниеге келді. Оның жастық шағы Фрунзе (қазіргі Бишкек) қаласында өтеді. Талғат осы қаладағы аэроклубқа үзбей барып жүргендіктен, оның ұшқыш болуға құмарлығы бірте-бірте арта түседі. Сөйтіп ол он алты жасында парашюттің жібек жібін ұстап, зеңгір көктен жерге қарай талай секірді. Аэроклубтағы осындай жаттығуларды толық меңгерген Талғат өзі талаптанып, Орынбор және Саратов қалаларындағы әскери авиация училищелеріне түсіп оқиды.
Қысқарған сөздер
Сөздердің бірқатары қысқартылып, ықшамдалып та жасалады. Қысқарған сөздер мемлекет, мекеме, ұйым, термин тіркестерінен құралған күрделі сөздердің, атаулардың қысқартылып қолданылуынан болады. Мысалы: ТМД (Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы), ҚазМҰУ (Қазақ Мемлекеттік Ұлттық университеті) т.б.
Күрделі сөздердің қысқартылу жолдары
1. Күрделі сөз құрамындағы бас әріптер алынады. ҚХР (Қытай Халық Республикасы), ҚРҰҒА (Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясы) т.б. Қысқарған сөздер құрамындағы атаулардың алғашқы әріптері бас әріппен алынып, сөзге қосылған қосымша соңғы дыбыстың айтылу әуеніне қарай дефис (-) арқылы жалғанады: БҰҰ-ның құрамына ҚР да мүше.
2. Алғашқы сөздің бірінші буыны мен кейінгі сөздердің бас әріптері алынады: АлМУ (Алматы мемлекеттік университеті) т.б. Қосымша соңғы дыбыстың ыңғайына қарай дефиспен (-) қосылады: Гүлжан ҚазМҰУ-ға оқуға түсті.
3. Күрделі атаулардың құрамындағы әрбір сөздің басқы буындары қысқарады: колхоз, совхоз.
4. Күрделі атаулардың құрамындағы алғашқы сөздің бастапқы буыны және соңғы сөз толығымен жазылады: пединститут, медколледж т.б. Бұндай қысқартылымдар қосылып жазылады, қосымша екінші сөздің соңғы буынының ыңғайына қарай қосылады: пединститут+қа т.б.
5. Түрлі техника белгілерін көрсету үшін алынған атаулар қысқартылып беріледі: ЯК-40, ИЛ-18, ГАЗ-53, АН-2 т.б.
6. Тілде көптеген өлшем атауларының да қысқартылып жазылуы қалыптасқан: кг, см, км, г, т, га. Қысқартылған сөздердің тілде көрсетілген қалпында жазылуы дәстүрге айналған. Бұлардың ерекшелігі сөйлем ішінде, сөз тіркесінде кіші әріппен жазылып, қосымша дефис (-) арқылы жалғанады: Екі ауылдың арасы 50 км-ден асады.
Тіркесті сөздер
Екі немесе одан да көп сөздердің тіркесуі арқылы бір ұғымды білдіретін сөздерді тіркесті сөздер деп атайды. Мағынасы жағынан тұтастық қасиетке ие бұл сөздер бір-бірінен бөлек жазылады. Мысалы: балақ бау, қара ала, қара шұбар, сары май т.б.
Тіркесті сөздердің құрамы
1. Күрделі зат есімдерден: ауыл шаруашылығы, Сәтбаев көшесі, кәрі жілік, суық торғай т.б.
2. Күрделі сын есімдерден: қоңыр ала, қара көк, ақ сұр, торы төбел т.б.
3. Күрделі сан есімдерден: он сегіз, жиырма жеті, бір мың тоғыз жүз жетпіс, екі мың үш т.б.
4. Күрделі үстеулерден: күні бүгін, ертеден қара кешке, күн ілгері, күні кеше, күндерде бір күн т.б.
5. Есім сөздер мен көмекші етістіктердің тіркесінен: қызмет қыл, жәрдем ет, сабыр ет, көмек ет т.б.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Мәтінмен жұмыс жасау, жаттығу жұмыстары, тапсырмалар.
Семантикалық картамен жұмыс
реті
|
Түрлері
мысалдар
|
Түбір
сөз
|
Туынды
сөз
|
Қос
сөз
|
Біріккен
сөз
|
Қысқарған
сөз
|
Тіркескен
сөз
|
1
|
қыстыгүні
|
|
|
|
|
|
|
2
|
оқулық
|
|
|
|
|
|
|
3
|
ақ құба
|
|
|
|
|
|
|
4
|
ҚР
|
|
|
|
|
|
|
5
|
шекара
|
|
|
|
|
|
|
6
|
көре-көре
|
|
|
|
|
|
|
7
|
құс
|
|
|
|
|
|
|
8
|
кг
|
|
|
|
|
|
|
9
|
әп-әдемі
|
|
|
|
|
|
|
10
|
бағдаршам
|
|
|
|
|
|
|
11
|
домбыра
|
|
|
|
|
|
|
12
|
Астана қаласы
|
|
|
|
|
|
|
13
|
ойыншық
|
|
|
|
|
|
|
14
|
келді
|
|
|
|
|
|
|
15
|
бала-шаға
|
|
|
|
|
|
|
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
1. Нешінші жылы Т.Бигелдиновке екінші рет Кеңес Одағының Батыры атағын берді.
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Талғат Бигелдинов. Қысқарған сөз. Тіркескен сөз.
28-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Мәншүк Мамедова. Негізгі және көмекші сөздер.
2. Сағат саны : 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: Оқушыларды Ұлы Отан соғысының қаһарман қыздарымен таныстыру. Қазақтың батыр қыздарын оқыта отырып, сөз таптырының түрлерімен таныстыру.
тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арыттыру. Қаһарман болуға тәрбиелеу.
дамыту: Оқушылардың білімдерін арыттыра отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін әрі жүйелі түрде жеткізуге машықтандыру, жаңа сөздерін меңгерту.
5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
10. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
11. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
12. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
13. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
14. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)
1. Күрделі сөздердің түрлерін атаңдар
2. Б. Момышұлының қанатты сөздері
3. Т. Бегелдиовтың ерлігі жайлы айтыңдар.
4. Морфологиялық талдау.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Мәншүк Мәмедова
Мәншүк Мамедова 1922 жылы Гурьев облысы Орда ауданында туылған. Азан шақырып қойған аты Мәнсия. Бес жасынан бастап оны әкесінің немере інісі Ахмет Мәметов және әйелі Әмина асырап алған. Үлкен қара көзі, пысықтығы, ширақтығы үшін олар баланы еркелетіп «Моншағылым» деп атады. Өзінен атын сұрағанда, бала «Мәншүк» деп жауап берген. Солай аты Мәншүк боп қала берді.
1937 жылдың қуғын-сүргініне Маметовтер әулеті де ұшырады. Ғылыми – зерттеу институтының директоры Ахмет Мәметов қамауға алынды. Ол кісінің әйеліне айтқан соңғы сөзі: «Менің Мәншүгімді ренжітпе, аман сақта». Кейіннен Ахмет Мамбетовті ақтады, бірақ олардың отбасы қудаланып, «халық жауы» аталды. Есейген Мәншүк әкесінен бас тартпады, оны сатпады. Ол әкесінің қамалуын қате деп санады.
Мектепті бітірген соң Мәншүк медицина институтына оқуға түсті.
1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталғанда Мәншүк 18 жаста болатын. Ол соғысқа бару, Отанын қорғау туралы шешім қабылдады. Өтінішінде: «Фашистерді жою үшін майданға жіберетін менің ағайым да, апайым да жоқ, сондықтан өзімді жіберіңіз», деп жазған. 1939 жылдан бері комсомолмын. 1941 жылдың 7-ші тамызы».
Бір жыл бойы Мәншүк әскери комиссариаттан өзін әскерге жіберу туралы өтінді. 1942 жылдың 13-ші тамызында Алматыдан 100-ші атқыштар бригадасы майданға аттанды. Оның құрамында 4890 жауынгер, оның ішінде 2 қазақ қызы – дәрігер Мәриәм Сарлыбаева және Мәншүк Мәметова болған екен. Бригаданы ұлы дана ақын Жамбыл өлеңімен шығарып салыпты. Әскердің қиындығын Мәншүк ерлермен қатар көрді – жер жорғалап, судан жүзіп, қалың ну ормандардан өтті, пулемет атып үйренеді. 21-ші гвардиялық атқыштар дивизиясының ең жақсы пулемет атқышы атағына ие болды. Ол ержүректің үлгісі болды, оны двизия жауынгерлері мақтан тұтқан. 1943 жылдың 15-ші қазанында Псков облысындағы Невель қаласын босату үшін Изоча станциясындағы 173,7 биіктігінде өте қатал соғыс болды. Мәншүк өзінің әскери бөлімінің шабуылын пулемет отымен қолдады. Мәншүктің басына оқ тиді. Соңғы күштерін жинап Мәншүк пулеметін ашық жерге алып шығып, жолдастарына жолды тазалап, фашистердің тікелей бетіне атқан. Өлі Мәншүк пулеметтің саптарын қолына тастай қатты қысып алған. Сол қан майданда Мәншүк Мәметова ерлікпен қаза тапты.
Кеңес Соцалистік Республикалар Одағы Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен 1944 жылдың 1-ші наурызында неміс басқыншыларымен соғысу майданындағы қолбасшының әскери тапсырмаларын бұлжытпай орындағаны үшін, көрсеткен ерлігі үшін Мәншүк Мәметоваға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Негізгі және көмекші сөздер
Басқа тілдердегідей қазақ тіліндегі сөздер де мағыналық ерекшеліктеріне және қызметтеріне қарай топ-топқа бөлінеді. Қазақ тіліндегі сөз атаулы ең алдымен негізгі сөздер және көмекші сөздер болып үлкен екі топқа бөлінеді.
Негізгі сөздер деп өздеріне тән дербес лексикалық және грамматикалық мағыналары бар сөйлем құрамында жеке мүше бола алатын сөздерді айтамыз. Мысалы: Бүгін Асан да сабаққа келді деген сөйлемде, төрт негізгі сөз бар. Олар: Асан, бүгін, сабақ, кел, өйткені олардың толық мағыналары бар және сөйлемде өз алдына дербес мүше бола алады.
Көмекші сөздер деп өз алдына жеке тұрғанда ешқандай мағына бере алмайтын, тек басқа сөздермен тіркесіп келгенде ғана мағынаға ие болатын және сөйлемде өз алдына мүше бола алмайтын сөздерді айтамыз. Мысалы: Бүгін Асан да сабаққа келді, деген сөйлемде де көмекші сөз болып табылады.
Көмекші сөздердің өзі үш топқа бөлінеді:
1. Көмекші есімдер (алды, арты, қасы, маңы, жаны т.б.)
2. Көмекші етістіктер (еді, екен, емес, де, жазда т.б.)
3. Шылау (мен, пен, ғой, сайын, дейін т.б.)
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
Сөз таптарына талдау жасау, жаттығу жұмыстары.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
1. Көмекші есім дегеніміз не?
2. Көмекші сөздер неше топқа бөлінеді?
3. Мәншүк Мамедованың ерліктері.
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Мәншүк. Негізгі және көмекші сөздер.
29-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Әлия Молдағұлова. Сөз таптарының түрлері.
2. Сағат саны : 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
оқыту: Оқушыларды Ұлы Отан соғысының қаһарман қыздарымен таныстыру. Қазақтың батыр қыздарын оқыта отырып, сөз таптырының түрлерімен таныстыру.
тәрбиелік: Оқушылардың патриоттық сезімдерін ояту, елге, жерге деген сүйіспеншіліктерін арыттыру. Қаһарман болуға тәрбиелеу.
дамыту: Оқушылардың білімдерін арыттыра отырып, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өз ойларын еркін әрі жүйелі түрде жеткізуге машықтандыру, жаңа сөздерін меңгерту.
5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар: мультимедиялық жабдықтар
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ.
б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:
1. Негізгі (н)
Құрманбаева Ш. Қазақ тілі: денсаулық сақтау саласына арналған оқу-әдістемелік кешені. Алматы: Қазығұрт, 2010ж.
Ш. Бектуров, Қазақ тілі: жоғары оқу орындарына түсушілерге арналған оқулық. –Алматы: Білім, 1994.
Н. Оразақынов, Н. Әміреев, Н. Сапақов. Қазақ тілі сөз мәдениеті- Алматы: Мектеп 2006
Ж. Адамбаева, Ф. Оразбаева, Қ. Оңалбаева. Қазақ тілі- Алмаы: Мектеп, 2006
Б. Құлмағанбетова, У. Туребекова, Г. Ибраева. Қазақ тілі – Алматы: Мектеп, 2007
Бектұров Ш. Қазақ тілі: ана тілі деңгейінде үйрету құралы. Алматы, Әділет ЖҚМ, 2002
Қараев М.Ә. Қазақ тілі: (Фонетика, лексикология, морфология, синтаксис) Алматы, Ана тілі, 1993
2. Қосымша (қ)
1. Қазақ тілі пәні бойынша практикалық сабақтардың 1-курс студенттеріну арналған әдістемелік нұсқаулар жинағы. Шымкент, 2002
2. Н. Беріков. Қазақ тілі сабақтары – Ақтөбе: Ана тілі, 1994
4. Г. Байжанова, А. Маймақова. Іс жүргізу – Астана: Фолиант, 2007
5. В.И. Сакала, Б.В. Сакала, Н.В. Сакала. Қазастан Республикасында іс қағаздарын жүргізу – Алматы: LEM, 2006
6. С. Кенжахметұлы. Жеті қазына – Алматы: Ана тілі, 1997
7. К. Сариева. Қазақ тілі және ел тану – Алматы: Lebiz, 1997
8. А. Нысаналин. Қазақтың мақал-мәтелдері – Алматы: Мектеп, 2004
9. С. Қалиева, М. Оразаев, М. Смайылова. Қазақ халқының салт-дәстүрлері-Алматы: Рауан, 2002
10. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш – Алматы: Мектеп, 1999
11. Ә. Хазимова. Іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу – Алматы, 2004
12. Л. Дүйсебекова. Қазақ ресми іс қағаздары – Алматы. Ана тілі, 2005
13. Н. Оралбаева, Ғ. Мадина, А. Әбілқаев. Қазақ тілі – Алматы: қазақ университеті, 1998
14. К.О. Өмірбаева. Қазақ тілін көпдеңгейлік оқыту – Ақтөбе, 2005
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6% )
Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеті.
9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15 %)
1. Күрделі сөздердің түрлерін атаңдар
2. Б. Момышұлының қанатты сөздері
3. Т. Бегелдиовтың ерлігі жайлы айтыңдар.
4. Морфологиялық талдау.
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Әлия Молдағұлова
Әлия Нұрмұханбетқызы Молдағұлова 1925 жылы 15 маусымда Ақтөбе облысы Қобда ауданындағы Бұлақ ауылында Нұрмұхамбет Сарықұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында дүниеге келді. 1933 жылы анасы қайтыс болғаннан кейін нағашы ағасы Әбубәкір Молдағұловтың отбасында тәрбиеленді.
Оқу жылдары. 1933 жылы Әубәкір отбасымен Әулиеатаға көшіп барды. Сол жерде Әлия мен Сапура (Әубәкірдің қарындасы) №11 мектеп есігін ашты. 1935 жылы Әубәкірдің Москвадағы Әскери-Транспорт Академиясына оқуға түсуіне байланысты, оның отбасы Москваға қоныс аударады. Әлия Москвада № 891 мектептің 4 сыныбын бітірді. 1938 жылы Академияны Ленинградқа көшірілуіне орай Молдағұловтар отбасы осы қалаға көшіп барды. Отбасындағы материалдық қиыншылықтарға орай, Әлия өз келісімі бойынша Ленингадтағы №46 мектеп-интернатқа орналастырылды. Мектеп тәрбиеленушілері №140 мектепте оқыды.
Соғыс. Лениград қоршауы. Интернат тәрбиеленушілері 1941 жылы соғыстың басталғаны туралы хабарды Сиверская станциясында демалыс лагерінде естіді. 1941 жылы наурызда №46 мектеп-интернат тәрбиеленушілері Ярославль обылысының Вятск селосына көшіріледі. Әскери ұшқыш болуды армандаған Әлия Вятскідегі мектептің 7 сыныбын бітіріп, Рыбинскідегі авиация техникумына оқуға түседі.
Мергендер мектебі. Желтоқсан 1942 ж. шілдеде 1943 ж. - Әлия Молдағұлова Москвадағы Орталық мерген қыздар даярлайтын мектептің курсанткасы.
Майдан. Шілде 1943 ж. – қаңтар 1944 ж. Солтүстік-Батыс майданның 54-атқыштар дивизиясының 4 батальонның мергені. 1944 жылы қаңтар айында дивизия Псков бағытында шешуші шайқасқа шықты. 1944 жылы 14 қаңтарда Псков обылысының Казачиха деревниясын жаудан азат ету кезінде Әлия ерлікпен қаза тапты. СССР Жоғарғы Советі Президумының Указымен 1944 жылы 4 маусымда Әлия Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Халық есінде. Әлияның өмірі қысқа да, ерлікке толы. Оның бейнесі халық есінде мәңгі сақталды.
Достарыңызбен бөлісу: |