Гатунок Алина


Жұмыстың теориялық және пркатикалық маңыздылығы



бет4/15
Дата13.03.2023
өлшемі143,09 Kb.
#172240
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ БИОЛОГИЯ ПӘНІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУШІЛІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ЗЕРТТЕУ

Жұмыстың теориялық және пркатикалық маңыздылығы:

  • осы зерттеуде сипатталған ғылыми-зерттеушілік құзыреттіліктерін қалыптастыру әдістемесі, жалпы білім беретін мектептердің білім беру процесінде, биологияны және басқа да мектеп пәндерін зерттеуде қолданыла алады;

  • әзірленген әдістемені қолдану, білім алушыларды бейімдеу және әлеуметтендіру бойынша неғұрлым ауқымды әзірлемелердің негізіне алынуы мүмкін.

Жарияланымдар.
Жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, 11 параграфтан, тұжырымнан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімнен тұрады.

  1. ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

1.1 Отандық және шет елдік ғалымдардың ғылыми зерттеу еңбектеріндегі «ғылыми-зерттеушілік құзыреттілік» ұғымы

Бүгінде кәсіптік білім беретін оқу орындарының алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі – іздестірудің заманауи әдістерін қолдана алатын, проблемаларды шешудің шығармашылық қабілеттерін меңгерген оқытушы-зерттеушіні даярлау болып табылады.


Қазірде, зерттеу құзыреті көптеген ғылыми ізденістердің мәні болып отыр. Зерттеу құзыреттілігі ұғымы нақты болуы тиіс, ал ол үшін мынадай ұғымдарды қарастыру қажет: зерттеу, құзырет және құзыреттілік.
Зерттеу, қазіргі уақытта тек қана ғылыми қызметкерлердің қызметі ғана емес, сонымен қатар ғылыммен байланысы жоқ адамның да ажырамас бөлігі.
Педагогикалық әдебиетте «жаңа-заманауи» адам, күрделі мәселелерді тез әрі сапалы шешіп, міндетті шешудің стандартты емес нұсқаларын ұсынуы, оларды көре білуі және шеше білуі тиіс.
Зерттеу – бұл жаңа ғылыми білімді әзірлеу процесі немесе объектіні, құбылысты зерделеу процесі, ол оның дамуының заңдылықтарын анықтауға ықпал етеді. Бұл білім алушылардың қазіргі заманғы әдістерді пайдалана отырып, жаңа білімді қалыптастырумен аяқталады. Зерттеу, сондай-ақ қолда бар білімді жетілдіру немесе жаңа деректер алу мақсатында мерзімді іс-шара болуы мүмкін [1].
Білім беруде зерттеу, оқыту процесін ерекше ұйымдастыруды білдіреді, бұл ретте білім алушылар, зерттелетін пәндер саласында пайдаланылатын зерттеу жүргізудің белгілі бір әдістемелерімен танысады, зерттеу жүргізу үшін қажетті әдістерді таңдайды, өз бетінше жаңа білім алу дағдыларын пайдаланады [2].
Педагогика мен психология практикасында «бағдарлы қызмет» ұғымы жиі қолданылады. Қарым-қатынас тәртібінде ол сезімталдық, танымдық белсенділік, зерттеу мінез-құлқы және зерттеу сияқты ұғымдарға ұқсас деп есептелінеді [3].
Зерттеу мінез-құлқымен қатар, зерттеу кез келген адамның мінез-құлқының міндетті бөлігіне, сондай-ақ оның даму шартына айналады [4].
Ғылыми әдебиеттерде «ғылыми-зерттеу жұмысы» және «оқу-зерттеу жұмысы» терминдері жиі кездеседі. Ғылыми-зерттеу деп – тақырыпқа өз бетінше шығармашылық зерттеу жүргізуге сүйенетін білім алушының қызметі түсініледі. Оқу-зерттеу жұмысы деп шығармашылық технологияны меңгеру, тәжірибе жүргізу әдістемесімен, эксперимент техникасымен, ғылыми әдебиеттермен және оны пайдалану ережелерімен танысу түсініледі. Демек, білім алушылардың оқу-зерттеу және ғылыми-зерттеу жұмыстары бір-бірін толықтырады. Бұл ұғымдар арасындағы негізгі айырмашылық, білім алушылардың зерттеу тапсырмасын орындау дербестігінің дәрежесі және алынған нәтиженің жаңалығы болып табылатыны анық [5].
Н. П. Харитонов өз еңбектерінде, білім алушылардың «ғылыми-зерттеу» және «оқу-зерттеу» қызметі ұғымдарын қарастырды. Автордың пікірінше, оқу-зерттеу қызметінің негізгі мақсаты – білім алушылардың, шындықты игерудің әмбебап тәсілі болып табылатын зерттеу жүргізу мен функционалдық дағдыларын игеру, сондай-ақ білім беру процесінде субъективті жаңа білім негізінде білім алушының тұлғалық ұстанымын жандандырумен қатар, зерттеу ойлау түрін дамыту болып табылады [6].
Ал «құзырет» пен «құзыреттілік» ұғымдарының талдауына келсек: құзырет деп, жеке адамның алған білімін қолдана алу қабілеті, қойылған міндеттерді шешу немесе нақты қызметті жүзеге асыру үшін қабілеттілікті қамтамасыз ететін іскерлік пен тәжірибе түсініледі. Ал құзыреттілік деп – нақты адамның қасиетін білдіретін, алынған тәжірибе немесе оқыту нәтижесінде қалыптасқан өкілеттіктер шеңберін, құзыреттер көлемін және оның қызмет түрлері мен нақты міндеттерді орындауға қабілеттілігін айқындайтын жүйелі ұғымды білдіреді [7].
Ғылыми әдебиетті талдай отырып, біз «құзырет» пен «құзыреттілік» сияқты екі ұғымның өз мазмұнында айырмашылықтары бар екенін көріп отырмыз.
С. Сергеев пен И. Блинов құзыреттілік деп білімділік, тәжірибелік деңгейін түсінеді, олар қандай да бір функцияны, кәсіби немесе әлеуметтік қызметті табысты орындау үшін жеткілікті болуы тиіс [8].
Ф. Зеер өз жұмыстарында қызмет субъектісінің кіші құрылымы ретінде құзыреттілікті анықтайды. Сөздіктердің деректеріне сүйене отырып, ол құзыреттілікті «білімділік, хабардарлық» деп түсінеді, бұл ұғымды кәсіби салаға жатқызады және кәсіби құзыреттілік деп кәсіби қызметті жүзеге асыру тәсілдерін, сондай-ақ білімдер, іскерліктер жиынтығын түсінеді [9].
Зерттеушілер Ю. Малков пен Н. Абакумовқа келсек, олар құзырет ретінде білімнің, іскерліктің және дағдылардың интегративті кешенінің сапасын, адамның өз қызметі процесінде құзыреттілікті іске асыру қабілетін түсінеді. Бұдан басқа, олар құзыреттілікке оқу нәтижелерін де, құндылық бағдарлар мен әдеттер жүйесін де қосады [10].
А. Иванов «құзырет» және «құзыреттілік» ұғымдарының мазмұнын талдай отырып, ағылшын тіліндегі «competence» және «competent» сөздерінің мағынасын міндетті түрде ескеру қажет деп санайды. Олардың біріншісі – «қабілеттілікті, білімді, іскерлікті» білдіреді, екіншісі – «құзыреттілік» термині мынадай мағынаға ие: «толық құқылы, белгіленген, заңды» [11].
Құзыреттілік деңгейін мынадай критерийлер жиынтығымен анықтауға болады:
- білім мен іскерліктің сапа деңгейі;
- білім мен іскерліктің болуы және тереңдігі;
- арнайы тапсырмалардың орындалу деңгейі;
- жұмысты ұйымдастыру және жоспарлау қабілеті;
- бейімделу жағдайларында білімді пайдалану қабілеті [12].
Демек, бір ұғым екіншісінен туындайды және оны толықтырады. Осылайша, құзырет – шешілуі қажет міндеттер мен мақсаттар шеңберін айқындайды, ал құзыреттілік – бұл белгіленген мақсаттар мен шешілген міндеттерді меңгеру нәтижесі болып табылады.
Көптеген ғылыми-зерттеу жұмыстарында, білім алушылардың зерттеу құзыреттілігі зерттеушінің сауатты және дұрыс жоспарланған қызметінің нәтижесі ретінде қарастырылады (эксперимент қою, алынған нәтижелерді талдау, зерттеу жұмысын жазу және рәсімдеу).
Мәселен, В. Хуторской зерттеу құзыреті ретінде, белгілі бір ғылым саласындағы білімдер мен зерттеу іскерліктерінің жиынтығын (мәселені анықтау, гипотезаны ұсыну және негіздеу, мақсатты тұжырымдау, қызметті жоспарлау, қажетті ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асыру, зерттеудің неғұрлым тиімді әдістерін іріктеу, экспериментті қою және жүргізу, зерттеу нәтижелерін тұжырымдау), осы білімді және іскерлікті нақты қызмет саласында қолдану қабілетін түсінеді [13].
Зерттеуші В. Леонтович, зерттеу қызметін – оқытушылардың өздері қойған зерттеу тапсырмасын шешумен байланысты шығармашылық қызмет ретінде сипаттайды. Оның нәтижесі алдын ала белгісіз және ғылыми зерттеуге тән негізгі кезеңдердің болуын болжайды: проблеманы тұжырымдау, осы тақырыпқа сәйкес келетін әдеби көздерді зерттеу және талдау, зерттеудің оңтайлы әдістемелерін іріктеу және оларды практикада қолдану қабілеті, эксперименттік материалды жинау, оны қорыту және талдау, нәтижелер мен қорытындыларды тұжырымдау.
Білім алушылардың зерттеу құзыреттілігін қалыптастыру және дамыту үшін В. Леонтович: оқу-зерттеу экспериментін, шығармашылық зерттеу сипаты бар аудиториядан тыс тапсырмаларды, топтық және жеке оқу зерттеулерін, шығармашылық бағыттағы эксперименттік тапсырмаларды пайдалануды ұсынады [14].
Өзінің зерттеуінде И. Осипова зерттеу құзыреттілігі үшін қызметтің мағыналық контекстін функционалдық мәннен түрлендіргіш мәнге ауыстыру нәтижесінде, жаңа білімді өз бетінше алу және қолдану қабілеті мен интегралдық тұлғалық сапаны қабылдауды ұсынады.
Ғалым, білім алушылардың зерттеу құзыреттілігіндегі үш негізгі элементті бөліп көрсетеді, олар зерттеушінің мынадай қабілеттерінен көрінеді:
• қызметтің мақсатын бөліп көрсету;
• қызметтің мәнін, құралдарын айқындау, белгіленген іс-әрекеттерді іске асыру;
• ғылыми рефлексия, қызмет нәтижелерін талдау (қойылған мақсатпен қол жеткізілген нәтижелердің арақатынасы) [15].
Біз білім алушылардың оқу қабілеттеріне қарағанда, олардың қарапайым қабілеттері зерттеу қызметін жүзеге асырудағы құзыреттіліктерін көбірек танытады деп есептейміз.
Зерттеуші В. Воробьева, білім алушының зерттеу құзыреттілігі деп – оның өз бетінше жаңа білім алуды, оларды игеруді, идеяларды, гипотезаларды ұсынуды, түрлі білім көздерімен жұмыс істей білуді, тәжірибе (бақылау, эксперимент және т.б.) орнатуды, бір проблеманы шешудің бірнеше жолдарын ұсынуды және оны шешудің неғұрлым ұтымды нұсқаларын іздестіруді түсінеді.
А. Зимняя еңбектерінің негізінде, білім алушылардың зерттеу құзыреттілігінің құрылымында өзара байланысты мынадай компоненттер бар екендігі анықталады:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет