Ген кәнігі эпитеттің үстіне жапырағы қуарған



Pdf көрінісі
бет197/259
Дата30.01.2023
өлшемі6,92 Mb.
#166770
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   259
Байланысты:
Кітаптар 25-36

ар
 
және 
а+ды
 
аффиксті тұлғаларды бірдей 
пайдаланған. Өлеңнің буын санын қатаң сақтаған ақын ретіне 
қарай екі тұлғаның екеуін де кезек қолданады. Буын артық 
болып бара жатса, 
-ар
-мен жасалған тұлғаны, жетпей жатса, 
«кезекші» 
а + ды-
мен жасалған тұлғаны қолданып, екеуін 
толық синоним етіп шығарады. Абайдың бір өлеңінің өзінде 


463
мағынасы жағынан біртектес синтаксистік қатарлардың біреу-
інде 
-ар,
 
екіншісінде 
а+ды
 
тұлғасының тұруы жиі ұшырасады: 
Жазғытұры 
қалмайды 
қыстың сызы, 
Масатыдай 
құлпырар 
жердің жүзі (I, 122).
Қансонарда бүркітші 
шығады 
аңға, 
Тастан түлкі 
табылар 
аңдығанға (I, 22) 
Қайғы 
шығар 
ілімнен, 
Ыза 
шығар 
білімнен, 
Қайғы мен ыза қысқан соң, 
Зар 
шығады 
тілімнен (I, 148). 
Көк ала бұлт сөгіліп, 
Күн 
жауады 
кей шақта.
Жас ағады
аулақта. 
Жауған күнмен жаңғырып, 
Жер көгеріп күш 
алар. 
Аққан жасқа қаңғырып, 
Бас аурып, іш 
жанар 
(І, 205).
Абай шығармаларының тілінде 
-
ар 
жұрнақты тұлға жоға-
рыда айтылған қызметтен басқа, болжалды келер шақтық 
мағынада да қолданылады: 
Ағын жесең, ақылың жаннан 
асар 
Сарыны алсаң, дәулетің судай 
тасар. 
Егер де қызыл жеміс алып жесең, 
Ұрғашыда жан болмас сенен 
қашар 
(I, 265).
Жігітке үш алма ұсынған шал ол алмаларды ала қалған 
күнде болатын (демек, болашақ) сиқырлы әрекеттерін осылай 
болжайды. 
Ленскийдің сөзіндегі етістіктер де болуға ықтимал ертеңгі 
күннің ісін білдіреді:
Табытқа салып алып әлде мені 
Апарар 
сырын білмес бір далаңға (II, 87).
Бұл текстегі 
әлде 
деген сөздің өзі іс-әрекеттің болжалды-
лық мәнін көрсете түседі.
Келесі жолдардағы етістіктер де осы сыпаттас болжалды ке-
лер шақ қызметінде жұмсалған:
Ер жеткен соң сыймайсың кең дүниеге 
Тыныштық пен зар 
боларсың 
баспанаға (II, 69). 


464
Өзгеге ешбір дүниеден 
Еркімен 
тимес 
бұл жүрек (II, 75).
 
Жаралы көңіл 
жазылар, 
Дүниеде рахат бар шығар. 
Жақсы адам деген құр сөз 
Емес шығар, 
табылар 
(II, 91).
-ар
 
жұрнақты тұлға Абай прозасында шақтан тыс мағынада 
кемде-кем қолданылса, болжалды келер шақ мағынасында жиі 
пайдаланылған: «Махшарға барғанда, Құдай тағала қажы, мол-
да, сопы, жомарт, шейіт – соларды қатар қойып 
сұрар 
дейді» (II, 
191); «Дүние үшін барғандарға 
айтар 
дейді» (II, 191); «Өзіңнен 
қалған дүние иесіз 
қалар 
дейсің бе?» (II, 167); «Оның мәнісі – 
ісіңнің түзулігінен 
жетпессің, 
кісіңнің амалшы, айлалығынан 
жетерсің 
деген сөз» (II, 160).
Абайда, әдеттегідей, 
-ар
 
жұрнақты есімше 
еді 
көмекші 
етістігімен тіркесіп, шартты мағынада қолданылады: «Осы 
күнгілер өзге мінезге осы өрмелеп ілгері бара жатқанына қарай 
сол аталарымыздың екі ғана мінезін жоғалтпай тұрсақ, біз де ел 
қатарына
 
кірер едік
»
 
(II, 211); «Осы бір ұры, бұзақы жоғалса, 
жұртқа ай да түсер 
еді
»
 
(ІІ, 169).
Абай тілінде екінші бір көзге түсетін жай -
ар
 
жұрнақты 
тұлғаның заттың қасиетін білдіріп, анықтауыш қызметінде 
өте жиі қолданылғандығы: «...Қалған аз ғана өмірімді 
қор қылар 
жайым жоқ» (II, 157). «...Ғылым сөзін 
сөйлесер 
адам жоқ» (II, І57). «...Мына мен айтқан жол 
мал аяр 
жол
емес» (II, 180). «Және 
ұялмас 
нәрседен ұялады» (II, 181). 
Қазіргі әдеби тілімізде бұл тұлғаның атрибуттық қызмет 
атқаруы көбінесе тұрақты тіркестерде 
(жатар орын, барар 
жер, басар тау) 
кездесетіндігі «Қазіргі қазақ тілі» курсын-
да баса айтылған. Ал Абай тілінде -


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   193   194   195   196   197   198   199   200   ...   259




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет