470
Ең алдымен, бұл тұлғаны
ауыз әдебиеті мұраларынан
кездестіруге болады: «
Күресерге
дәрмен жоқ, іш қазандай
қайнайды» (Мақал); «Кәрі қыз бала тапса,
қоярға
жер таппай-
ды»; «
Киерге
киім,
ішерге
ас» (фразеологиялық тіркес); «Қожақ
мұны ойлап,
атарға
қимады» (Радлов В.В. Образцы народной
литературы тюркских племен, живущих в Южной Сибири
и Джунгарской степи. - Часть II. Киргизское наречие. - Спб.,
1870. «Ер Тарғын», 128-бет); «Сол Ақжүністі
қуарға
шыққан
кісілердің ішінде 65-ке келген бір қарт кісі бар еді, бір-ақ сол
қайтпай қалды (Сонда, 124-бет).
Асыл туған Ақжүніс,
Көкті бұлт қоршайды.
Күнді
байқап қарасам,
Күн
жауарға
ұқсайды.
Айды байқап қарасам,
Айды бұлт қоршайды,
Түн
жауарға
ұқсайды (Сонда, 140-бет).
Сонан соң бір күндерде Ұзынсары алып жамағаттарын
жиып алып, оқ
атарға
серуенге шықты (Сонда, «Еркем Айдар»
ертегісі, 277-бет). Бұрынғы заманда бір қарт бар еді. Ол қарт
бір күні
базарға
шығарға
ойланды (Я.Лютш Киргизская хре-
стоматия. - Ташкент, 1883. - С.31); «Бұлар
киерге
киім,
ішерге
ас таппай, екеуі екі байға малайлыққа жүріп кетті» (Сонда,
57-бет); «Қанның ақшаларын қазынасынан бір ұры ұрлапты.
Соның үшін екі кісіні жіберді уәли
іздерге
»
(Сонда, 40-бет).
Келер шақтық есімшенің барыс жалғауда келіп,
-у
жұрнақты
қимыл есімі тұлғасымен синонимдес түсетін орындарын XIX
ғасырдық алғашқы жартысында жасаған ақын Махамбет
Өтемісұлының өлеңдерінен де табамыз:
Қарағайға
қарсы бұтақ біткенше,
Еменге иір бұтақ бітсейші.
Қыранға тұғыр
қыларға,
Ханнан қырық туғанша,
Қарадан бір-ақ тусайшы,
Халықтық
кегін қусайшы,
Артымыздан біздердің,
Ақырып теңдік
сұрарға
(Махамбет Өлеңдері. - Алматы,
1951. -112-113-беттер).
471
Өлең
айтып толғадым,
Көкірегімді
басарға.
Қарағай отын жармадым,
Тас қазанды
асарға.
Махамбеттей мұқдыға
Енді келер күн қайда,
Ханға
құрған шатырды
Сүңгіменен түртіп
ашарға
(Сонда, 5-бет).
Жау бір ерттей қайнайды,
Қайнағанмен қоймайды.
Мылтығын қардай боратып,
Жетіп келді қамалға,
Қамалды
бұзып
аларға
(Сонда, 28-бет).
Қаумалаған қарындас
Қазақта бар да, мен де жоқ
Арызымды
айтарға
(Сонда, 76-бет).
Достарыңызбен бөлісу: