Генетика, селекция және тұҚым шаруашылығЫ (оқулық) алматы 2007



бет2/22
Дата10.06.2017
өлшемі11,93 Mb.
#18540
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
2-сурет.

Клетканың бөлінуі. Әрбір тірі организмдердің өсуі мен дамуы оның құрамына кіретін клеткалардың өсуі мен көбеюінің тижесінде іске асады.

Бір клеткалы организмдердегі клеткалық бөліну, шын мәнісінде көбею процесі болып табылады, себебі оның нәтижесінде бастапқы формалардан екі немесе оданда көп особьтар түзіледі. Ал көп клеткалы организмдер - зиготадан (ұрықтан) дамиды да, оның ұрпақтарының көбеюі бүкіл особьтың дамып өсуін камтамасыз етеді.

Жаңа клеткалардың пайда болуы әр уақытта клеткалардың бөлінуі арқылы іске асады. Клетка сол тканьге тән белгілі шамаға жеткенде бөлінеді, яғни бір аналық клеткадан екі жас клетка пайда болады да, олар өседі, дамиды, ол бөліну арқылы көбейеді.

Сома клеткалары екі жолмен немесе төсілмен - амитоз жэне митоздық тәсілмен көбейеді. Амитоз - тікелей, бұрыс бөлініс, ал митоз тікелей емес, бірақ дұрыс бөлініс болады.



Амитоз. Амитоздық бөліну көбіне көпклеткалы жануарлар мен өсімдіктердің (морфологиялық белгілерімен қызметі әртүрлі, біртегіс клеткалардың даму процесінде түзілген) дифференцияланған клеткаларының көбеюі кезіңде кездеседі. Мысалы: лейкоцидтердің ядролары, шеміршек, сіңір клеткалары осыңдай жолмен көбейеді.

Амитоз кезіңде ядро заты (хромосомалар) жас клеткалар арасыңда тең екіге бөлінбейді. Осыған байланысты бірқатар ғалымдар амитозды клеткалык бөлінудщ толық кұңды формасы деп есептемеген.

Қазіргі кезде бұл түсінік толығымен теріске шығарылды. Цитологиялық, эмбриологиялық зерттеу деректері амитоздың ең қарапайым организмдерде көбеюдің бастапқы формасы екенін анықтады.

Митоз. Митоз - күрделі процесс, оның нәтижесінде клетка материалы (хромосома) жас клеткалар арасьщда тең бөлінеді.

Алайда бұл процесс макромолекулалық және биохимиялық деңгейлерде жүретін өзгерістердің соңғы фазасы ғана екендігі анықталған. Өйткені, митоз басталғанға дейін клетканьщ барлықнегізгі компоненттері, олардың ішінде, тұқым қуалайтын белгілерді беруге қатысатыңдары, бөлініп, екі еселенеді. Демек, клетканың бөлінуін, яғни митозды, осыған дейін екі еселенген макромолекулалық бірліктердің ақырғы бөліну процесі деп қарастыруға болады.

Клеткада митоз процесі жүру үшін, екі аппараттың болуы қажет.

1. Хромосома мен ядрошықтан құралатын хроматин аппараты.

2. Клетка орталығымен сәулелі яршық жіпшелерінен құралатын ахроматин аппараты.

Митоз процесі кезіңде бірінен соң бірі ретімен келіп отыратын бес фаза кездеседі, олар мыналар: профаза, прометафаза, метафаза, анафаза және телофаза. Бұл фазалар бір-бірімен байқала қоймайтын ауысулармен байланысқан. (3-сурет)










Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет