Генетика, селекция және тұҚым шаруашылығЫ (оқулық) алматы 2007


Сортсынау Сорт шығару процесінде сорт сынаудың үш түрін қолданады: конкурстық, өндірістік және арнайы. Конкурстык



бет22/22
Дата10.06.2017
өлшемі11,93 Mb.
#18540
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Сортсынау

Сорт шығару процесінде сорт сынаудың үш түрін қолданады: конкурстық, өндірістік және арнайы.



Конкурстык сортсынау. Тексеру питомнигінде сыналатын нөмірлердің жиынтығындағы ең жақсы сорттары ғана сынау конкурсына түседі. Мұнда оларға шаруашылық-биологиялық белгілері мен касиеттерінің жиынтығы бойынша негізгі баға беріледі. Конкурстық сыннан өткен, бақылаущы сорттармен және баска да ғылыми-зерттеу мекемелерінің ең жақсы сорттарымен салыстырғанда даусыз өнімділік басымдылығын керсеткен аталған аймақ үшін құнды болып есептелетін номірлер сорттар атауын алады және мемлекеттік сорт сынауға беріледі.

Қандай бойынша қайталану алты дәркін, кейде төрт дәркін, дәнді дақылдар үшін мөлдек көлемі 25-50, кейде 10, отамалы дақылдар үшін 150-200 м2. Бақылаушы сортты 5-10 сорттан кейін себеді.

Конкурстық сорт сынау нәтижелері міндетті түрде статистикалық өндеуден өткізіледі.

өндірістік сортсынауды мемлекеттік сорт сынауға беруге белгіленген ең жақсы болашағы бар сорттарды шаруашылық жақынан бағалау мақсатымен жүргізеді. Қағида бойынша болашағы бар және ең жақсы аудандастырылған екі сортты салыстырады.

Арнайы сортсынау. Сорттарды әдеттегі жағдайларда сынау кезінде толық мәнінде көрінбейтін белгілері бойынша бағалау қажет болатын жағдайлар жиі болып тұрады немесе өсірудің ерекше жағдайларының сорттарға әсері жөнінде сипатгама беру талап етіледі. Ондайда арнайы сорт сынауды ұйымдастырады. Олардың негізгі түрлері: 1) Әр түрлі агрофондарда сорт сынау; 2) динамикалық сорт сынау; 3) экологиялық (аймақтық) сорт сынау.

3.12 Мемлекеттік сортсынау және сорттар мен будандарды аудандастыру

Мемлекеттік сорт сынаудың басты міндеті: ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық сыналатын сорттары мен будандарын аудандастыру мен өндіріске енгізу. Неғұрлым өнімді, өнім сапасы және басқа белгілері бойынша олардың ең құндыларын іріктеу. Сорт сынау учаскелері мен сорт сынау станцияларының жүйелері топырақ-климат жағдайларының барлық түрлерін қамтиды.

Жұмыстарының түріне қарай мемлекеттік сорт сынау учаскелері мынадай түрлерге бөлінеді: егістік дақылдар учаскесі; көкөніс дақылдары учаскесі. Көптеген сорт учаскелерінде дәнді дақылдар сортын өсімдіктердің татпен, шаммен, катты каракүйемен жасанды зақымдануы кезіңде бағалайды.

Мемлекеттік сорт сынау кезінде сорттардың агротехникасына көп көңіл бөлінеді. 500-ден аса сорт сынау учаскелері мен сорт сынау станциялары болашағы бар және аудандастырылган сорттарды ауыспалы егістің әр түрлі алғы дақылдарына байланысты себу мен қоректендіруді, себу мерзімдерін, тыңайтқыштардың зерттеу нормаларын анықтайды.

Сортсынау мен жаңа сорттарды көбейту үшін, шаруашылықта тұрақты жер учаскесін бөледі, оған өзінің ауыспалы егісін енгізеді. Барлық жұмысты ауыл шаруашылығы дақылдарының сортын сынау жөніндегі. Мемлекеттік комиссия бекіткен бірыңғай әдіс бойынша жүргізеді. Сыналатын сорттарды осы облыстағы (аймақтағы) ең жақсы аудандастырылған сортпен салыстырады, ол сорт бақылаушы (стандарт) қызметін атқарады. Тәжірибелердегі кайталану – төрт-алты дәркін. Мүлдектің есептеу алаңы қағида бойынша 100 м2.

Шағын ауқымды техниканы пайдаланған кезде мемлекеттік сынау әдістемесі дақылдар қатары бойынша мүлдектер мөлшерін 25, тіпті алты дәркін қайталану кезінде 10 м2 дейін қысқартуға мүмкіндік береді және мемлекеттік сорт сынауға берілетін жаңа сорттарды бір мезгілде, ірі топырақ-климат аймағының барлық сынау учаскелерінде тез сынауға мүмкіндік береді.

Сорттар шаруашылық-биологиялық қасиеттерінің жиынтығы бойынша мынадай жан-жақты бағаланады: өнімділігі, өнім сапасы, аурулар мен зиянкестерге тозімділігі, тыңайтқыштарға реакциясы, механизацияны пайдалануға жарамдылығы. Сорттарды бағалау әдісі әр жыл сайын жетілдіріліп отырады.

Мемлекетгік сорт сынау әрбір сорт сынау учаскесінде 3 жыддан кем болмайды. Негізгі сорт сынаумен бір мезгілде мүлдектерде ең жақсы, анағұрлым болашағы бар сорттарды 2-3 жыл ішіңде өндіріс жағдайларына сынайды. Бұдан кейін бағалы сорттарды аудандастырады, ал болашағы жоқ сорттарды әрі карайғы сынаудан алып тастайды. Кейбір ерекше жағдайларда бағалы сорттар екі жылдық сынаудан кейін аудандастыруға рұқсат етіледі.

Өндіріс үшін болашағы бар сорттардың жарамдылығын дұрыс және тез анықтау өндірістік сорт сынау жолымен жүргізілуі мүмкін. Мүлдектерге бір-екі жылдық сорт сынау нәтижелері бойынша сорт сынау учаскесі өз аймағының шаруашылықтарьщында жаңа болашағы бар сортты аудандастырылған стандартты сортпен салыстыра отырып сынауды ұйымдастырады. Дәнді дақылдар үшін мүлдек алаңы 2-4, картоп үшін 1-2 гектар болады. Сортсынау учаскелерінің басым көпшілігі төрірегіндегі шаруашылықтар үшін, егіншілік мәдениетінің үлгісі қызметін атқарады.

Сортсынау мекемелері жаңа болашағы-бар сорттың тұқымдарын көбейтеді және оларды оздерінің территориясында тұрған шаруашылықтарғаа, сондай-ақ орналаскан шаруашылықтарта егу үшін береді.

Бір облыстагы (аймақтағы) аудандастырылған сорттардың саны туралы мәселе өте маңызды. Әр жылдары, сондай-ақ әр түрлі облыстардың, аудандар мен шаруашылыктардың ішінде қашанда әркелкі жағдайлар қалыптасады. Сондықтан, бір облыста немесе аймақта биологиялық даму кезеңі әр түрлі, бір-бірін қайткенде де толықтыратын сорттарды (мысалы, ерте пісетіндер мен кеш пісетіндерді, аурулар мен зиянкестерге төзімді, суару жағдайларында анағұрлым өнімді, немесе таза пар мен парсыз алңы дақылдармен бірге және т.б.), аудандастыру пайдалы ғана емес, әбден қажетті де. Сөйтіп, бір шаруашылыққа жаздық бидайдың екі сортын егіп-өсірудің мәні бар (орташа ерте пісетін және орташа кеш пісетін немесе кеш пісетін).

Жаңа сорттарды мемлекеттік сортсьшауға енгізу тәртібі

Егер селекциялық-тәжірибе мекемесінде жаңа шығарылған сорт өзінің өнімділігі, сапасы жөнінен ең жақсы аудандастырылған сорттан асып түссе, онда ол мемлекетгік сорт сынауға берілуі мүмкін. Сонымен бірге тағы мынадай негізгі бағалы шаруашылық белгілері мен биологиялық касиеттеріне ерекше назар аударылады: өнімнің сапасы мен өнімділігі, қысқа, құрғақшылықта төзімділігі, интенсивті (озык) технология бойынша егіп-өсіруге жарамдылығы.

Жағадан шығарылған сорттарды ғылыми-зерттеу (оригинатор) мекемесі өш жылдың конкурстық сорт сынау мен бір-екі жылдық өндірістік сорт сынау мәліметтері бойынша мемлекетгік сорт сынауға береді.

Жаңа сортты мемлекетгік сорт сынауға берген кезде белгіленген үлгі бойынша оған сипаттама (бейнелеу) ұсынылады, онда сынау нәтижелері келтіріледі және сорттық агротехникаға жоқтын талабы көрсетіледі.

Ғылыми-зерттеу мекемесі жаңа сортты мемлекеттік сорт сынауға берген кезде бірнеше сорт сынау учаскелеріне жіберу үшін және өндірістік сорт сынауға қажетті оның тұқымдарының белгілі қорын жинауы қажет.

Бірінші жылы барлық сорт учаскелері жаңа сорт тұқымын оны шығарған ғылыми-зерттеу мекемесінен тікелей алады. кейінгі жылдары тозанданатын сорттардың тұқымын сорт сынау учаскесінде осіреді. Айқас тозанданатын дақыл сортының тұқымдарын сорт сынау учаскелері жыл сайын өз облысының (үлкесінің) селекциялық-тәжірибе мекемелерінен алады немесе оларды көбейту жұмысы сорт сынау учаскелерінің бірінде ұйымдастырылады. Әрбір сорт сынау учаскесі барлық сыналатын сорттардың өзінің тұқымдық және қамсыздандыру қорларын жасайды.

Мемлекеттік сортсынау жүйесінің жұмыстары сорттардың егілетін аудандарын белгілеумен, оларды аудандастырумен аяқталады.

Дүние жүзі елдерінің көпшілігі халықаралық сорт сынауды жүргізіп отырады. Мысалы, Нидерландыда шығарылған қант қызылшасы мен картоп сорттары Ұлыбританияның, Францияның, Италияның, Португалияньщ, Германияның, Тунис пен Жапонияның көптеген сортсынау учаскелерінде сынағтан өтті. Олар өздері сынайтын барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының жоғары онім беретін сорттарын егеді. Сондыктан да, еліміздің сорт сынау учаскелеріндегі дәнді дақылдардың орташа өнімділігі басқа шаруашылыктарға қарағанда 2 еседей жоғары.


Пысықтау сұрақтары

1. Селекциялық. материалдарды бағалағанда қандай тәсілдерді ң қолданылады?

2.Тура және жанама белгілер дегеніміз не? Селекциялық материалдарды осы белгілер арқылы қалай бағалайды?


  1. Сорттар мен селекциялық материалдарды өнімділігі аркылы қалай бағалайды?

  2. Сорттардың қысқа, құрғақшылыққа, ауруға және зиянкестерге төзімділігі кандай әдістермен бағаланады?

  3. Селекциялық материалдарды өніп-өсу, жинау кезеңдерінде механикаландыруда қалай баға береді?

  4. Бидай өнімінің сапасын қандай бағалайды?

  5. Сорт сынау қайталауларында қандай орналастыру тәсіддерін білесіздер?

  6. Мемлекеттік сорт сынау не үшін және қалай жүргізіледі. Жаққа сорттарды мемлекеттік сортсынауға енгізу тәртібі кандай?

IV-тарау. ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

4.1 Тұқым шаруашылығының жалпы негіздері

Тұқым шаруашылығы ауылшаруашылығы дақылдарының аудандастырылған сорттар мен будандарының жоғары сапалы сорттық тұқымын көбейтіп, шаруашылыктарды қамтамасыз етумен катар, тұқымдық дәннің сорттық, билогиялық және өнім беру қасиеттерінің сақталуын қадағалап отыратын ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бір саласы.

Тұқым шаруашылығы бір бірімен тығыз байланысты екі міндетгі аткарады.

Біріншісі, белгілі бір аймаққа енгізілген жаға сорттық жоғары сапалы тұқымын қажетті мөлшерге дейін көбейту. Бірақ жалпыламай көбейтудің нәтижесінде және сортты өзара пайдаланудың әсерінен, олардың өнімділігі азаяды.

Екінші міндеті - аудандастырылған өндірістегі сорттың тұқымның сапасын сақтау. Сондықтан тұқым шаруашылығында сорталмастыру және сорт жағарту қызметтері жүргізіледі.

Сорталмастыру - мемлекеттік сынақтық қорытындысы бойынша өндірістегі ескі сортты өнімділігі мен сапасы жоғары жақа сортпен алмастыру.

Сортжаңарту - сорттық, биологиялық қасиеттері төмендеген тұқымдарды сол сорттық жаға тұқымдарымен алмастыру.

Тұқым жағарту негізі - элита болып табылады. Элита француз тілінен аударғанда - өте жақсы, деген мағынаны білдіреді. Сорттық ең жақсы сұрыпталып алынған өсімдіктерінің ұрпағы.

Сорттық генетикалық тұрғыда сақталуын қадағалауда - жекелей және жаппай сұрыптаудың маңызы зор.

Элиталы тұқым өсіру кестесі:

I- жекелей сұрыптауда:


  1. І-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі

  2. 2-ші жылғы тұқымды сынау питомнигі

  3. 1-4 жылғы көбейту питомнигі

  4. 4)суперэлита

5) Элита

Жаппай сұрыптау:

1)1-2 жылғы көбейту питомнигі


  1. суперэлита

  2. Элита

Өздігінен және айқас тозанданатын элиталы тұқым өндіру жекелей сұрыптау әдісімен жүргізіледі. Осы әдіспен алынған сорттардың тұқымын өндіруде және болашағы бар, дефицитгі (тапшы) элита тұқымдарын өндіру жаппай сұрыптау әдісімен жүргізіледі.

Сорттық бағалық, шаруашылық және биологиялық қасиеттерінің толығымен сақталып, жоғалмауы - сұрыптау кезінде жоғары өнімді, жақсы құрылған, сырт белгісі сортқа тән өсімдіктердің масақтары мен шашақ бастарын алу; жоғары агрофонда өсіру; тірлік және сорттық тазалауды жүргізу; сортқа сырт белгісі тән емес, нашар дамыған ауруға шалдыққан өсімдіктерді алып тастау арқылы жузеге асады. Жақсы ұйымдастырылған тұқым шаруашылығы тұқымдардың өнімін ұлғайтудағы өте қажетті сала.

Сорттық өнімділік сапасы егістікті тек кана жоғары сапалы тұқым мен сепкенде байкалады. Егістік материалдық құндылығы тұқымның егістік және сорттық сапасымен бағаланады.

Тұқымның егістпік сапасы - оның тазалығы, өскіндік қуаты, ылғалдылығы, 1000 тұқымның салмағы мен аурулар мен зиянкестермен зақымдану дәрежесімен сипатталады.

Соршшың сапасы - сорттық тазалығы және сәйкестілігімен сипатталады.

Сорттық тазалығы процентпен көрсетілген, осы өсімдіктің негізгі сортының сабақсанының жаттыдамыған сабақсанына қатынасын айтады.

Тұқым өзінің тұқым қуалаушылық белгілерімен, касиетін, оның ішінде жоғарғы өнімділігін, тек кана жоғары сорттық тазалығымен қамтамасыз етеді.

Жоғары сапалы тұқымның, жоғарғы сорттық тазалығы және жақсы егістік сапасы болу керек, осыған байланысты тұқым егістік сапалығы бойынша үш класқа, ал сорштың тазалығына байланысты үш (санаткд) категорияға бөлінеді.

Бірінші класты және бірінші категориялы тұқымның егістік және сорттық тазалығы ең жоғары көрсеткіш береді. Егістік сапалығы жағынан мемлекеттік стандартка сәйкес келетін тұқымды кондици үлы деп айтады.

Тұқымдық егіске бірінші кластық тұқым, ал өндірістік егістікке - бірінші және екінші класты тұқым пайдаланылады.

Өздігінен тозанданатын деңгейі және дәнді бұршақ дақылдарының 1, 2 және 3 категориялы тұқымдарының сорттық тазалығы 99, 5, 98, 0 және 95, 0% кем болмауы керек.

Селекция тұқым өсіру қызметімен айналысатын мемлекеттік өндіріске беретін алғашқы тұқым элиталық немесе элита деп аталады. Оның сорттық тазалығы 100%, е.гістік сапасы 1 кластан темен болмауы керек, тұқым жақсы толыкқан бірыңғай, сонымен қатар 1000 тұқымдың салмағы мен өнімі жоғары болуы керек. Жыл сайын көбейтілген элитаның ұрпағы репродукция деп аталады.

Сорт жағартуда 5 және одан төменгі репродукциялық тұқым сол сорттың элитасымен немесе 1 продукциямен алмастырылады.

Сорт сапасының төмендеу себептері - тұқымның механикалык ластануы, биологиялық, мутациялық және айқас тозаңдану салдарынан ажырау болып табылады.

Механикалық, қоспа басқа сорттардың тұқымдарының қоспасы. Себу кезінде, тасымалдау немесе қырмандағы жұмысты нашар ұйымдастырудың нәтижесінде болады. Мысалы: күздік бидайда -кара бидай, жұмсақ бидайда - қатты бидай, сұлығаа - кара сұлы мен арпа, арпада - сұлы және бидай.

Биологиялық қоспа - егістіктегі сорттьщ баска сортпен немесе түрмен тозандануының әсерінен болады.

Жіктеу мутацияның пайда болуы – көбінесе буданды сорттардың гетерозиготты болуынан байқалады. өсімдіктердің аурулармен зақымдануының ұлғаюының салдарынан.

Өніп-өсу жағдайдың тұқымның өнімдік сапасына тигізетін әсері айтарлықтай. Сондықтан тұқымдық егістікте жыл сайын егістік сапасын жоғарылататын агротехникалық шараларды қолданып отыру керек.

Тұқым шаруашылығы жүйесі кез келген дақылдың жоғары сапалы тұқымын жеткілікті мөлшерде қажетті қамтамасыз етіп өндіретін бір-бірімен тығыз байланысты өндірістік бірлік.

Ауылшаруашылық өндірісінің осы маңызды саласы қазіргі нарықтық қатынастағы жағдайға дайын емес.

1976 жылғы қабылданған тұқым шаруашылығының ақырғы жүйесі, осы саланы өндірістік негізде толық көшіруді карастырған, бірақ ол өндіріске толық енгізілуге үлгермеді. Қалыптасқан тұқым шаруашылығы жүйесіндегі құрылым, бағаның және экономикалық ұйымдасқан қатынастар, материалдық, техникалық, қорлардың казіргі жағдайлары осы саланың басты міндеті - селекция жетістіктерін жедел және толығы пайдалануга толық мүмкіндік бермейді.

Сондықтан тұқым шаруашылығының осы келесі мәселесі елдегі тұқым шаруашылығының жүйесін дамытуда тек көзқарасты өзгерту арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Тұқым шаруашылығы жүйесіндегі жұмыстарды ғылыми негізге жүйене отырып дұрыс ұйымдастыру керек.

Қазақстанда тұқым шаруашылығын ұйымдастыруда бірінші ғылыми-өндірістік тұр, 1996 жылы қазак егіншілік ғылыми-зерттеу институтында құрылған республикалық "Асыл-тұқым" ассоциациясы.

"Асық-тұқым" ассоциациясының қызметінің арадсында ғылым мен өндірістік күштері бірігіп, нарығы жағдайға бейімделген, тұқым шаруашылығының мүлдем жаңа жүйесі іске аса бастады.

Оның айырмашылығы бұрынғы 7-8 жылмен салыстырғанда құрағанда, жаңа сортты 3 жылда өндіріске толық енгізуге болады.

Ассоциация құнды сортгардың тұққымын жедел көбейтуді келісім негізінде жүргізеді.

Жоғарғы репродукциялық тұқымның көлемі керек тұқым көлемінің сұраным санына байланысты.

Казір ассоциация жүйесінде келісім бойынша 70-тен астам элита тұқым шаруашылығы және тәжірибе шаруашылыктары табысты жұмыс істеп жатыр.

Бірақ еліміздегі тұқымның сапасын бақылайтын жүйе құрылымдық және технологиялық өзгерістерді талап етеді. Тұқымның сорттық және егістік сапасын бұрмалауға жол бермеу үшін, оригинал сорттық бірдейлігіне кепілдік беру үшін және Қазақстандық тұқым өндірушілерінің халыкаралық нарыққа шығуы үшін, Қазақстан Республикасы үкіметі бекіткен: "Міндетті түрде сертификат толтыруға жататын өнімнің тізбесіне", тұқымды енгізіп, тұқымдық материалды сорттық сертификат толтыру жуйесіне кіргізу керек. Тұқымға сертификат толтыру әлемдегі барлық дамыған елде қабылданған. Осы елдердің тұқым бақылау әдістемелік жұмыстары халықаралық тұқым бақылау (ИСТА) ассоциациясында шоғырланған, әлемдік ғылымның нәтижелеріне сүйенеді.

4.2 Шет мемлекеттердегі тұқым шаруашылығы

Тұқымшаруашылығының ғылыми әдістемелік негізі барлық мемлекетгерде бірдей. Бірақ ұйымдастыру негізі мен тұқымшаруашылығын құрамының элементтері айтарлықтай өзгеше болуы мүмкін.

Тұқым мемлекеттердің экономикалық әртүрлі секторларында: жеке, мемлекеттік, кооперативтік өндіріледі. Кейбір мемлекеттерде тұқымшаруашылығы жеке секторларда жүргізіліп, мемлекеттік селекциялық және тәжірибелік станциялар өзінің қызметін бастапқы селекциялык (партия) тұқымды алумен шектелсе, кейбіреулерінде - тұқым өндіруді мемлекетгік тәжірибе станциялары және тұқым шаруашылығы мекемелері арқылы тігелімен мемлекет қамтамасыз етеді.

Алайда көптеген елдерде тұқым шаруашылығы: жеке шаруашылык, жеке және мемлекеттік секторлардың аралығында жүргізіледі. Шығарылатын тұқымның категориясы тұқымшаруашылығының кез келген ұйымдастыру түрлерінде бірдей болады.



Көп елдерде қабылданған тұқымның негізгі категориясьш өндіру схемасы.

Селекциялык элита (bpeeder seed) - сортты шығарған селекциялык станция өндіреді



Базистік тұқым (foundation seed) - селекциялык элитаның көбеюінен алынады
Сертификациялық тұқым (certified seed) - базистік тұқымның көбеюінен алынады




Тұқымды өндірістік мақсатта сату

Негізгі тұқым өндірушілер оларды екі категорияда шығарады: базистік және сертификациялық. Алғашқыда базистік пен сертафикациялық тұқым арасында аралық категория болтан, ал казір ол жойылды.

Халықаралық ереже бойынша, кез-келген тұқым партиясының сертификаты және белгілі бір түсі бар этикет қағазы болуы керек. Базистік тұқым - ақ этикет қағазы.

Сертификациялық тұқым, 1-ші арпақ – көгілдір этикет қағазы

Сертификациялық тұқым, 2-ші арпақ - қызыл этикет қағазы.

Базистік тұқымды тұқымшаруашылық мекемелер өндіреді, ал сертификациялық соққы ұрпақ тұқымды алуда фермерлерге келісімшарт жағдайында береді.

Алынған тұқым белгілі бір талапка сай, сонымен катар сорттық тазалығына да байланысты болуы керек.



Мысал ретінде Франциядағы тұқымшаруашылығы көрсетілген, олар мемлекеттік пен катар жеке секторлармен камтамасыз етіледі (32-сурет).

Төменде бидай, арпа, сұлы және күріштк тұқымының тазалығын анықтайтын көрсеткіштер келтірілген.

Тұқым категориясы Сорттық тазалығы, %

Базистік 99, 9

Сертификациялық,

1-ші Арпақ 99, 7

2-ші немесе Арпақ келесі 99,0

Селекция (жаңа сорттарды шыгару). Тұқым өндіргіш (алғашкы тұқымшаруашылық, тұқым көбейту) Тұқымды сатуға шығару тұқымды пайдалану.

4.3 Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым сапасын анықтау әдісі мен техникасы.

Тұқым шаруашылығының ең маңызды білімікін бірі - сорттық тұқымның сапасын мемлекеттік және шаруашылығын өзінде бақылау. Мемлекеттік бақылау мынандай әдістер арқылы атқарылады:



  1. егістік анықтау;

  2. лабораториялық бақылау;

  3. жер қыртысын бақылау.

Дәнді және дәнді бұршақ тұқымдас дақылдарды далалық сынаулардан өткізу өнімді жинау алдында өткізіледі. Сынауда апробация өткізу үшін:

а) дайындық жұмысы,

ә) апробация жасайтын бума алу,

б) алынған бумаларды талдау; в) сынаудың қорытындысы бойынша құжатарды беру.

Апробация жүргізуге арнайы дайындақтан өтуі және апробация жүргізуге бар деген куәлігі болуы кажет. Апробацияны апробатор астық оруға дейін жасап егістікті есепке алып, аңа сынақшыға қол қойғызып, шаруашылыққа сынақ құжаттарын тапсырады.

Апробация жүргізу және егістікті есепке алу үшін шаруашылықта жергілікті селекция тұқымымен және будан тұқымымен себілген деген құжаттары болуы кажет, (сынау актісі, сорттық куәлік, тұқым куәлігі, тұқым аттестаты немесе жергілікті сорт туралы куәлік, анықтама.



Есепке алу актісі себілген тұқымның құжаттары бойынша беріледі. Істелген есеп жұмыстарын арнайы журналға жазады, оған есепке жататын жер көлемі, апробацияның қорытындысы, апробация құжаттары берілген мерзімі жазылады.

Ғылыми-зерттеу орьшдарында, оку-тәжірибе шаруашылықтарында суперэлита, элита және бірінші қалыптастыру (репродукция) апробацияларын арнайы құрылған комиссия жүргізеді.



4.3.1 Жеке дақылдарды арнайы апробациядан өткізу

Күздік және жаздық бидайды, күздік және жаздық арпаны және сұлыны апробациядан еткізу егістіктің балаусызданып пісу кезеңінің басында, ал тарыны-гүлшоғының ұшындағы гүл қабыршағы гүлденген кезде жүргізеді. Егістің сорттылығының анықтау үшін сынау бумасын алады. Оны біркелкі уыспен, біркелкі қашықтықта қиғаш бойынша аз дегеңде 150 жерден (орыннан) алу керек.

Кең қатарлы әдіспен егілсе қиғаш бойынша басқыш тектес жүріспен жүріп отырып алады. Апробациядан отетін егістіктің көлемі дәнді дақылдар үшін 450 га, тары үшін -350 га-ға дейін. Әрбір сынау бумада сабақ саны 1500 данадан кем болмауы керек.

Ғылыми-зерттеу орыңдарыңда, оқу-тәжірибе, шаруашыльпстарда элита-тұқым және тұқымды әр танаптан екі сынау бума алады, әр қиғаштан бір-бірден бумаларды және оларды араластырмай, әрқайсысын жеке сынап, жеке-жеке акт жасайды. Жер көлеміне карамай әр бумада 1500 жақсы жетілген сабақ болады. Екі буманың көрсеткішіне байланысты сорттық тазалығынан басқа сапа көрсеткіштерінің орташа санын есептейді.

Шаруашылықтарда бір тұқыммен себілген кішігірім танаптардан бір ғана бума алса да болады.

Тұқымдастығына, алғы дақылының бірдей екеніне қарамастан тұқымға арналған танапты жеке сынайды да, жалпы егістікті жеке сынайды.

Апробатор бума алу мен бірге егістіктегі карантинді арам шөптердің түрлерін, ластану дәрежесін мына шкала бойынша анықтайды:


  • арамшөптер жок - 0;

  • аздап ластанған - 1;

  • орташа ластанған - 2;

- оте ластанған - 3

Сынау бумасын буып, ішінен де, сыртынан да этикет қағазын байлайды.

Этикет қағазында шаруашылықтың аты, ауыспалы егістіктегі танаптын орны, жер көлемі, дақылға аты, сорты және алыну мерзімі көрсетіледі. Сынау бумасын алғннан кейін екі тәуілік арасында талдау жүргізу кажет. Талдаудың нәтижесінде мыналар айкьщдалады:

1. Сынайтын дақыл сортын жақсы жетілген сабақтығы саны (жарақаттанбаған).

2. Бумадағы басқа сорттық, түрлердің, түршелердің саны.

3. Кінұраттармен, зиянкестермен жарақаттанған сабақтардың саны.



  1. Сабағы жақсы ажыратылмайтын дақылдар сабақтары.

  2. Жақсы ажыратылмайтын арамшөп сабақтары.

  3. Карантин арамшөптердің сабақтары.

  4. Күнігі (злостный) арамшөптер сабақтары.

  5. Улы арамшөптердің сабақы.

  6. Аса жетілген негізгі дақыл сабақтары.

Барлық міндеттерді бөліп шығарған соқ егістіктің сорттық тазалығын, аралас қоспа сорттармен, ұқсас басқа дақылдармен ластануын, өте ұқсас арамшөптермен ластануын, кінұраттармен жарақаттануын анықтайды. Апробация өткен соқ, фракцияларды жеке буады, содан соқ бүрін бір бумаға буады, өзінің (негізгі дақылдардың, сорттық) этикет қағазын байлайды және сынау актісінің нөмірін, сорттық тазалығын (%) көрсетеді. Мысалы: күздік бидайдың Наз сортының сынау талдауы:

а) негізгі сорттық жақсы дамыған сабағының саны - 1570.

б) баска сорттық және түршелердің сабағаның саны- 5,

в) негізгі дақылдардың қаракүйемен жарақаттанған сабағының саны - 6, оның ішінде тозанды каракүйемен жарақаттанған сабақ - 2, кдтты қаракөйемен -4.

г) сабағы өте ұқсас басқа дақыл сабағы - 4, оның ішінде қарабидай-4.

д) сабағы өте ұқсас арамшөп сабағы -3.

с) жақсы жетілген күздік бидай сабақ -20. Осыдан барып сорттық тазалығы шығады:

Сорттық ластануы:

Тозанды қаракүйемен жарақаттануы:

Қатты күйемен жарақаттануы:

Басқа сабағы ұқсас дақылдармен ластануы:

Сабағы ұқсас арамшөптермен ластануы:

Талдаудың қорытындысын сынау актісінің "талдаудың қорытындысы" деген графаға жазады. Егер карантинды арамшөп болса сынау актісіне оның атының және санын көрсетеді:

Сабағы ұқсас басқа дақылдарға жататыңдар: арпада - бидай, сұлы;

күздік бидайда-қара бидай, арпа;

сұлыда - арпа.

Сабағы ұқсас арамшөпке жататындар: бидайда - түлкі құйрығы ақмия, сібір бастышөбі, көккүз шөп, тышқаншөп, татар қарақұмықы;

сұлыда - арпада: қара сұлы, мысық құйрық, итқонақ;

тарыда - ірі тұқымды күріш тарысы, көккүз шөп, жатақан үкікіре, сүйелжазар (гелиотроп), итқонақ.

Карантин арамшөптерге жататындар: ойраншөптің барлық түрлері, арамсояның барлық түрлері, күнбағыс сұққыласы (заразиха) ценхрус, жатақан үкекіре, тікенек алқа, каролинский.

Кәнігі арамшөптерге жататындар: құмай, түлкі құйрықты ақ мия, сәлем шөп (сыть), пасталюм двурядый, көккөз шөп, жүнсабалақ, тікенкурай, далашырмауығы, сүттіген, крупка шытырмақ, бидайық (пырей), жау қияқ (острец), қарасұлы, дала калуені (осот).

Дәннің сорттық куәлігіне күнігі, карантин және улы арамшөптердің бар-жоғын көрсетеді.

Тұқымдыккққа жарамайтын егістіктер:

а) Ұқсас дақылдармен ластануы - 5%-тен жоғары;

б) Ұқсас арамшөптермен ластануы - 3%-тен жоғары;

в) бидай мен арпаның тозанды қара күйемен жарақаттануы 2% жогары, қатты қара күйемен жарақаттануы - 5%-тен жоғары; ал сұлы егістігінің барлық қара күйемен жарақаттануыі - 5%-тен жоғары; тарының егістігі тозанды кара күйемен жарақаттануы - 5%-тен жоғары болса. Егер тозанды кара куйе 0, 1%-тен, қатты қара күйе - О, 05%-тен жоғары болса элита егістігі, элита болып есептелмейді.



Тәжірибелік сабақтар 1-тапсырма. Сорттану

Селекциялық тұқым шаруашылығы жумысын жүргізу үшін және ауыл шаруашылыгы өндірісінде сорттарды дұрыс пайдалану үшін сорттық не екенін, сорт топтарының өзара ұқсастығымен олардың бір-бірінен айырмашылығын білу аса маңызды.

Өсімдіктер систематикасында "форма" және "сорт" бір ұғымды белдіреді. Алайда, сорттар мен ботаникалық формалар арасында түбірлі озгерістер бар. Сорт адамның өндірістік кьізметі аркасында шығарылады. Ол ауыл шаруашылығы өндірісінің құралы болып табылады.

Бидай дақылының сорттануы

Бидай - келесі ботаникалық белгілерімен сипатталады. Гул шоғыры - масақ. Масақ озегі буындардан тұрады, өзегінің әр сатысында масакшалар кезектесе орналасқан. Масақша көп гүлді (үштен алты гүлге дейін). Бидай масағын бүйір және бет жағымен айырады. Бет жағында масақша бір қатармен, ал бүйір жақында масақша кезектесе оң және сол жаққа орналасқан.

Масақша бірнеше гүлден және екі масақша қабыршағынан тұрады.

Гүл сыртқы бір қырлы және ішкі екі қырлы гүл қабыршағынан тұрады.

Масақ қабыршаға қырынан, кертештігінен және иығынан тұрады. Әр түрлер мен сорттар масақша қабыршағы формасымен және ұзындығымен ерекшеленеді, ал масақша өзегі әр түрлі ұзындығымен ерекшеленеді.

Сабағы - сабан ұзындығы 0, 5-2 м, іші паренхимамен толтырылған, жапырақ орналасатын 4-6 буыннан, жапырақ пластинкасынан және жатырдан құрылған тамыр жүйесі шашақты.


Бидандың түрлері

Бидай 22 түрді біріктіреді, олар соматикалық клеткалардағы хромосома санына қарай 4 жекеленген топтарға бөлінеді. Бірінші тобы - дишюидты бидайлар (2п-14) 14 хромосомалы



  1. Тг. aegilopoide& - жабайы бір дәнді бидай.

  2. Tr. urartu - жабайы урарту бидайы

  3. Тг. monococcum – мәдени бір дәнді бидай. Екінші тобы - тетраплоидты бидайлар

(2п - 42) 28 хромосомалы

  1. Тг. chaldicum- Халд бидайы

  2. Тг. dicoccoides - жабайы кос дәнді

  3. Тг. Timopheevi - Зандури

  4. Тг. Palaeo - Колхида кос дәнді бидай

  5. Тг. dicoccum - Полба

  6. Тг. durum - катты бидай

  1. Тг. aethiopicum - Абиссиина бидайы

  2. Тг. turgidum - Тургидум бидайы

  3. Тг. cartlicum - Карталы бидайы

  4. Тг. turancum - Туран бидайы

  5. Тг. polonicum - Польша бидайы үшінші тобы - гексаплоидты бидайлар (2п-42) 42 хромосомалы

  6. Тг. macha - Мах бидайы

  7. Тг. spelta - Спельта бидайы

  8. Тг. aestivum - жұмсақ бидай

  9. Тг. compactum - Карлик бидайы

  10. Тг. sphaerococcum – дөңгелек дәнді бидайы

  11. Тг. vavilovi - Вавилов бидайы

  12. Тг. amplissifolium - кең жапырақты бидай

Төртінші тобы - октаплоидты бидай (2п-56) 56 хромосомалы

22.Тг. fundicidum - Грибобой бидайы

Дәннің гүл қабықшаларынан ажыратылу дәрежесіне қарай бидай түрлері жалаңаш дәңді, немесе нағыз бидайлар және қабықты немесе полба бидайлары болып екі топка бөлінеді.

Жалаңаш дәнді, немесе нағыз бидайлардың масағы сынбайды, қалыпты жағдайда бастырғанда дәндері гүл қабықшаларнан жеңіл ажыратылады. Қабықты (полба) бидайларының масағы опырылғыш және бастырғанда өте қиын үгітіледі.

Жалаңаш дәнді немесе нағыз бидайлар тобы қабықты немесе полба бидайлар тобы


  1. Жұмсақ

  2. Капы

  3. Карталы

  4. Полоникум (Польша)

  5. Тургидум

  1. Туран

  2. Вана

  3. Карлик

  4. Дөңгелек дәнді

10.Грибобой

  1. Мәдени бір дәнді

  2. Жабайы бір дәнді

  3. Жабайы урарту

  4. Халд

  5. Жабайы қос дәнді

  6. Зандури

  7. Колхида қос дәнді

  8. Полба

  9. Max

10. Спельта

Бидайдың сорттық белгілері

Бидайдың негізгі сорттық белгілеріне олардың масақтарының пішіні қылтанақтарының сипаты, масақ қабыршығының кескіні, дәннің пішіні, мен түсі жатады.

Бидай масағы өзінің осы белгілері жағынан әр түрлі. Олар ұршық, түйреуіш, бостүйреуіш және призма тәрізді болып келеді.

Ұршық тәрізді көбінесе жұмсақ сортты бидайларға тән (мысалы, Лютесценс 62).

Цилиндр тәрізді масақ. ұзын бойы жуандығы бір қалыпты болады мысалы, жаздың Лютесценс-758 және күздік Безостая 1 бидай сорттарының масақтары осындай.

Түйреуіш тәрізді масақтардың жоғарғы жағы өте жуан да, ал ондағы масақшалар тығыз болып келеді.

Бос түйреуіш тәрізді масақтық жоғарғы жағы аздап жуандау болады да, масақшалар тығыз орналасады. Масақтың бұлай тығыз орналасуын масақтың жоғарғы жағының жуандауы байқалмаса негізгі белгі ретінде қарастырады.

Масақтың пішіні - бидайдың өсіп-өну жағдайына байланысты өзгеріп, отыратын тұрақсыз белгі.

Қылтанақтың сипаты. Қылтанақтар қатты, орташа қатты, жұмсақ болып келеді.

Қатты қылтанақ әдетте кертешті (өсіресе төменгі жағы) әрі жуандау болып келеді. Мысалы, Эритроспермум - 841 жұмсақ қылтанақтардың кертештері, өте аз, ал өздері жінішке, жұмсақ болады.

Мұндай қылтанақты сортта Белоцерковская 198 күздік бидайы жатады.

Жұмсақ және қатты қылтанақтарының екеуіне де жатпайтындары орташа қаттылықтағы қылтанақ дейді. Оларға Одесская 16 сорты жатады.

Масақша қабығының кертештгігі. Масақша қабығының кертештігі әдетте мокал, үшкір, тұмсық тәріздес, орақ тәріздес немесе төменгі жағы жуан болып келеді.

Моқал кертеш деп жағы үшкір емес (мысалы, Лютесценс - 62) көрсеткішті айтады. Өткір кертешті деп, керісінше, ұшы үшкірлерін айтады. Оған Одесская - 16 сорты жатады.

Тұмсық тәрізділері көбінесе құстың тұмсығын еске түсіреді. Бұндай көрсеткіштер негізінен төменгі жағы жуан, ұш жағы үшкір және иығына қарай майысып келеді. Мысалы, Одесская сорты өткір, әрі тұмсық тәрізді кертешті.

Орақ тәрізділер ораққа ұқсас. Бұлардың тұмсық тәрізділерінен ерекшелігі, олар ұзын әрі ені бірдей болып келеді, мысалы Грекум сорты.

Осы аталған кертештер ұзындығы бойынша ұзын, орташа, қысқа және қылтанақ тәрізді болып келеді.

Масақша қабығының пішіні. Масақшаның қабықшасының ортасы килмен бөлінген екі беттен тұрады. Олар пішіні жөнінен: кияқ, жұмыртқа немесе сопақша болып келеді.

Қияқ, тәріздес қабықша ұзынша, ал жұмыртқа тәріздісі тауық жұмырткасын еске салады.

Егер, ортасы кендеу болып, ал екі ұшы үшкір болса, ондай қабықшаларды сопақша қабықшалар дейді.

Масақша қабығының иықтары.

Масақша қабығының иықтары кең, орташа және тар болып келеді. Сонымен қатар иықтар тура, қисық немесе көтеріңкі болуы мүмкін. Тура иықты деп егер иығы кертешпен тура бұрыш, қисық иықты доғал бұрышы, ал көтеріңкі иықты үшкір бұрыш жасаған жағдайда айтады.

Дәннің пішіні. Дәндер пішіні бойынша сопақша, жұмыртқа тәріздес немесе бөшке тәріздес болып келеді.

Сопақша дән екі жағынан жіңішкеріп келеді (Безостая - 1). Жұмыртка тәріздесі - жоғарғы жағы жіңішке де, төменгі жағы жуан (Альбидум-43). Ал, бөшке тәрізді дәннің ұзыңдығы енінен аздап кана үлкен (Лютесценс-9 сорты).



Аудандастырылған жаңа сорттар

Стекловидная 24 (эритроспермум) - күздік бидай Сорт Алматы, Жамбыл, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында аудаңдастырылған. Өнімі жоғары. Жамбыл облысында тәлімі жерде орташа өнімі 26, 0 ц/га (Безостая сортынан 2, 5 ц/га жоғары). Ал, Алматы облысында орташа өнімі 32,9 ц/га (стандартган 3,8 ц жогары). Пісу мерзімі орташа тез, биіктігі 80-88 см, өсімдік жатып қалуға және қуаншьшыққа төзімді. Кыска төзімділігі Безостая 1 сортымен бірдей. Технологиялық сапасы жөнінен жогары, күшті бидай тобына жатады.

Масақ пішіні жағынан пирамида тәріздес, ұзындығы мен тығыздығы орташа. Масақ қабықшасы сопақша, қабықшасының тістілігі үшкір. Дәні ірі, жұмыртқа тәріздес, қызыл түсті.

Қарлығаш - күздік бидайы (эритроспермум - нигриаристатум) Сорт Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан областарында аудандастырылған. Өнімі жағынан жоғары, пісу мерзімі орташа, қысқа тозімді. Суармалы және тәлімі жерлерге ұсынылған. Ең жоғары өнімділігі - 104 ц/га. Нан пісіру сапасы жағынан жақсы.

Өсімдік қысқа сабақты, жатып қалуға төзімді, өнім түптілігі жоғары.

Масағы цилиндр тәріздес, жоғарғы жағы қысыңқы, ақшыл қылтанақты. Дәні орташа ірі және ірі, түсі қызыл, пішіні сопақша 1000 дәннің салмағы 43-44 г.

Э ритроспермум 350 Сорт қысқа төзімді, жоғары өнімді. Суармалы жерде өнім беру мүмкіндігі 70, 0-90, 0 ц/га. Технологиялық сапасы жөнінен өте жақсы. Алматы облысына аудандастырылған.

Прогресс

Сорт қысқа төзімді, пісу мерзімі орташа ерте пісетін, өнімі жоғары. Өнім беру мүмкіндігі 70-80 ц/га. Технологиялық сапасы жағынан орташа және жоғары. Алматы және Қызылорда облыстарының суармалы жерлеріне аудандастырылған.



Богарная 56

Сорт қуаншылыққа, қысқа төзімді, nicy мерзімі орташа. Өнім беру мүмкіндігі 48 ц/га. Технологиялық сапасы жағынан өте жақсы.

Жамбыл, Алматы және Қызылорда облыстарына аудандастырылған.

Зернокормовая 50

Сорт қысқа төзімді, пісу мерзімі орташа, тамақ өнеркәсібіне және мал азыққа пайдаланады.

Өнім беру мүмкіндігі 50 ц/га. Күшті бидай тобына жатады. Онтүстік шығыс Орта Азия республикаларында аудандастырылған.

Жаздыкбидай Казахстанская 17 (лютесценс) Сорт Шығыс-Қазақстан және Орал облыстарында аудандастырылған. Өнім беру мүмкіндігі 57, 9 ц/га

Пісу мерзімі Саратов 29 сортынан 8-10 күн ерте піседі, қуаңшылыққа және әр түрлі ауруларға төзімді. Масағы берік. Дәні ірі және сапасы жөнінен жоғары, күшті бидай тобына жатады.

Масағы ақшыл түсті, мұртшасыз, ұршық тәрізді, масақ стержіні 7, 9-9, 8 см, борпылдақ(10 см масақ стержінінде 17-18 масақша). Масақша қабықшасы жұмыртқа тәріздес, ұзындығы 8,8 мм-ге дейін, ені 3, 9 мм. Масақша қабықшасының тісі қысқа, доғал. Дәні ірі, қызылдау, сопақша.

Жаздык, бидай Казахстанская 19 (эритроспермум)

Сорт Қостанай және Павлодар облыстарында аудандастырылған. Өнім беру мүмкіндігі 43,0 ц/га. Сорт күшті бидай тобына жатады.

Масағы мұртшалы, ақшыл, ұршық тәріздес, ұзындығы 6, 6-8, 1 см, орташа тығыздық (10 см масақ стержінінде 18-20 масақша). Масақ қабықшасы жұмыртқа тәріздес, ұзындығы 10, 6 мм, ені 4, 4 мм. Масақ қабықшасының тісі үшкір, 3 мм-ге дейін, килі айқын көрінген. Дәні ірі қызыл-қоңыр.

Казахстанская раннееспелая (лютенценс)

Сорт Павлодар, Көкшетау және Ақмола облыстарына аудаңдастырылған. Өнім беру мүмкіндігі 50,0 ц/га. Бұл дақыл 86-87 күнде орташа тез пісетін сорт.

Өсімдік жатып қалуға, тат ауруына, тамыр шірікке бейім.

Масағы цилиндр тәріздес, түсі ақ, орташа ұзындықта және тығыз. 262

Масақша қабығының пішіні жұмыртқа тәріздес, ал, тісі қысқалау, құс тұмсықты.

Дәннің түсі қызғылт, жұмыртқа тәріздес.



Казахстанская 10 жаздык, бидайы (лютенценс)

Сорт Павлодар, Көкшетау және Ақмола облыстарына аудандастырылған. Өнім беру мүмкіндігі 50, 0 ц/га. Пісу кезеңі орташа кеш, қуаңшыдыққа, жатып қалуға жене тамыр шірігіне төзімді. Бұл сорт күшті бидай тобына жатады. ұ4 будандық комбинациядан Прибой х Лютесценс 49-71-62 жекелей сұрыптау әдісімен алынған.

Масағы ұршық тәріздес, мұртшалы, тығыздығы орташа (10 см масақ стержінінде 21-23 масакша). Масақша қабықша жұмыртқа тәріздес, ұзындығы 8, 7 мм, ені 3, 8 мм, ал, тістілігі қысқа, доғал, иығы көтеріңкі. Дәнінің түсі қызғылт, жұмыртқа тәріздес.

Жаздық бидай Казахстанская 25 (лютенценс)

Сорт Қостанай облысына аудандастырылған. Өнім беру мүмкіндігі 45, 0 ц/га. Вегетациялық өсіп-өну кезеңі 86-87 күн, Омск 19 сортынын 1-6 кун ерте піседі. Жатып қалуына, дәннің төгілуіне берік. Күшті бидай тобына жатады.

Масағы ақ түсті, ұршық тәріздес, тығыз орташа ұзындыққа, мұртшасыз. Масақша қабықшасы жұмыртқа тәріздес, иығы тік, орташа, тісі қысқа, доғал, килі айқын көрінген. Дәні қызыл түсті, ірі, сопакша 1000 дәннің салмағы 29, 2-35,

Лютенценс 32

Сорттың пісу мерзімі орташа.

Өнім беру мүмкіндігі 37, 4 ц/га

Тұқымның технологиялдық сапасы өте жақсы.

Қостанай және Павлодар облысына аудандастырылған.

Лютенценс

Сорттық nicy мерзімі орташа.

Өнім беру мүмкіндігі 55, 4 ц/га

Тұқымның технологиялық сапасы өте жақсы.

Көкшетау аймағына, Солтүстік-қазақстан облыстарына аудандастырылған.

Арпа

Туысы Hordeum L - арпа Роасеае Barnh (Gramineae Juss) тұқымдасына жатады. Бидайдын сипаттамасында көрсетілгендей, арпада да дәнді дақылдарға сәйкес келетіндей ерекшеліктер бар. Негізгі ерекшелік, бидай масағының стержініндегі буында бір масакша, ал арпада үш масақша қалыптасқан.



Арпаның түрлері

Hordeum туысына полиплоидияны құрайтын түрлердің бірнеше турі жатады (2п= 14.28.42). Соның ішінде тек біреуі ғана мәдени -Н.sativum Jess. (2n=14)

Мәдени арпаның гүлшоғыры - масақ-арпаның барлық түрлеріне тән. Масақ - масақ стержінінен және масақшалардан құралған.

Масақшалар масақ өзек буындарында үштен орналасқан. Әр масақша ланцет тәрізді екі қабықшадан құрылған.

Арпа жемісі – дән. Гүл қабықшасының ішкі төменгі жанында екінші гүлдің рудаментті қалдығы болып есептелетінін кішігірім қылтанақтар орналасқан.

Арпаның сорттық белгілері

Бір түрге жататын арпаның сорттары болғанымен, олар бірнеше белгілерімен ерекшеленеді. Негізгі сорттық белгілері мыналар: масақтың пішіні (көпқатарлы пішінде), қылтанақты сипаты, дәннің пішіні, (қауыздық кылтанақшаға өту кезеңі, дәннің қылтақтана бастауы және қауыздық (гүлді қабыршақтық) нерв талшықтарының антоцианды түсті қабылдауы.

Масақтың пішіні. Көп қатарлы арпаның масақтары көлденең кимада тікбұрышты, квадрат, ромб және алты қырлы пішінді болып келеді.

Тікбұрышты пішінді масақтың беті қырынан гөрі жалпақтау болады. Ордатағы масақтар шетіндегілерге қарағанда сабаққа жабысыңқы келеді. Көлденің кесікте масақ тікбұрышты пішінді болады.

Квадратты пішінді масақтардың барлық жағы ұзыңдығымен тең келеді. Көлденең қимада масақ квадрат пішінде болады.

Ромб пішінді масақтың бүйір жақтарында, әсіресе масақтың жоғарғы жағында, масақтар бір қатардан орналасады.

Алты қырлы пішіңде барлық масақтар сабақта біркелкі орналасады. Масақтар тығыз және өте тығыз келеді. Көлденең қимада масақ алты бұрышты пішінде болады.

Қылтанақтың сипаты. Қылтанақтар қатқыл, орташа қатқыл және жұмсақ болып бөлінеді.

Қатқыл қылтанақтар жалпақ, сынбалы келеді, барынша ірі тісті болады (Оңтүстікте).

Орташа қатқыл қылтанақтылар көбінесе аудандастыруға көнетін сорттарға (Винер) тән.

Нәзік қылтанақ жіңішке, иілгіш, майда тісті келеді (Черновец).

Дәннің пішіні. Келесі дән пішіндерін оларда эндосперм массаларының орналасу мөлшеріне қарай былай ажыратуға болады: ұзартылған, эллиптикалық және ромб тектес.

Ұзартылған пішінді дәнде эндоспермнің негізгі массасы ортадан жогары орналасады. Дән жоғары қарай кілт жіңішкереді, ал төменге карай ол бесендеу болады (фассалы).

Эллиптикалық пішінде эндосперм массасы дәннің барлық жағына біркелкі орналаскан және жоғары, төмен қарай болар-болмас жіңішкере түседі. (Москвалық 121).

Ромб пішінді дәнде эндоспермнің негізгі массасы ортаға орналасады. Дәннің жоғарғы және түпкі жағыңда өскен болады. (Пиркка).

Кейбір сорттар дәннің аталық пішінін қабылдауы мүмкін. Мәселен, Полярлық +14 сортының пішіні ұзартылған-эллиптикалық.

Қауыздың (гүлді қабыршық) қылтанақшаға өту кезеңі. Кауыздың қылтанақшаға өту кезеңі кілт, бірте-бірте және жайылмалы болуы мүмкін.

Кілт ету деп қауыз бен қылтанақтың ара шекарасын айқын аңғарарлықтай болғанда атайды. Бұл жағдайда қылтанақшаның түбі жіңішкере түседі немесе екі жағы қысыңқы келеді (Нутанс 187).

Бірте-бірте өту кауыз бен қылтанақтың ара шекарасын ажырату мүмкін емес жағдайда болады: қауыз қылтанаққа бірте-бірте енеді (көбінесе аудандастыруға көнетін сорттарда).

Жайылмалы өту - қауыздық қылтанаққа втер жерінде кеңейе түскенде болады.

Көп қатарлы арпадағы қауыздық қылтанаққа өту кезенін ортадағы масақтарға қарап ажыратуға болады.

Дәннің негізгі қылтанақтана бастауы. Дәннің қылтанақтана бастауы деп дәннің құрсақ тұсынал өсіп шығатын кішкене сабақша пайда болғанда айтады. Негізгі қылтанактану тарам-тарам және тұтас болуы мүмкін.

Қылтанақтанудың тарам-тарам түрі деп жай күзге де көрінетін ұзын тұк жапқан кезеңін айтады. (Винер).

Тұтас (киіздену) деп қылтықтың тарам-тарам болмай жоқ болуы мен көзге рең көрінетін кезеңін атайды (Паллидум 45)

Негізінен негізгі қылтанақты ажырату қиын болады, ол дәннің санында жатады. Мұндай жағдайда оны инемсн көтеру немесе дәннің түбін тырнақпен басып көру ұсынылады: сонда қылтықтың жоғарғы жағы сайдан шығады.

Қауыздың нерв талшықтарының антоцианды түсті қабылдауы. Арпаның кейбір сорттарының қауызының нерв талшықтары масақтың түрі секілді сарғылт болады, ал басқаларынікі - қызыл-күлгін пигментті болады.



Арна - жаздык, арпа (нутанс)

Сорт Алматы, Қостанай, Солтүстік-Казахстан, Ақмола, Оңтүстік-Қазақстан, Жамбыл облыстарында аудандастырылган. Өнім беру мүмкіндігі - 50, 0 ц/га. Сорт өнімі жағынан жоғары, сырақайнату сапасы жөнінен бағалы.

Масағы екі катарлы, сабаны сары түсті, ұзыңдығы 9-11 см, тығыз орналасқан (4 см масақ стержінінде 12-14 буын).

Қылтанағы ұзан, тістілігі жоғары, сары түсті. Нерв гүл қабықшасында тістілігі көрінбейді.

Дәні ірі, пішіні сопақша, түсі сары. 1000 дәнінің салмағы - 50-52 г.

Сәуле - жаздык арпа (нутанс)

Сорт Алматы, Оңтүстік-қазақстан, Кызыл орда облыстарында аудандастырылған. Өнім беру мүмкіндігі 50, 0 ц/га. Пісу мерзімі орташа ерте, стаңдарттан 2-4 күн ерте піседі. Сорт қуаңшылыққа төзімді, жатып қалуға берік.

Масағының пішіні тікбұрышты, ұзындығы 8-10 см, орташа тығыздықта, түсі сары. Қылтанағы ұзын, сары түсті. Дәні ірі, жартылай сопақша, түсі сары. 1000 дәннің салмағы 50-52 г.

3-тапсырма. Картоп дақылы

Картоп дақылының өнімділігін жоғарылатуда тек шаруашылықтарда жоғары сапалы тұққыммен толық қамтамасыз ету арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Тұқым шаруашылығының басты мақсаты вирус ауруларынан сауықтырған картоп алу.

Қазақ, картоп және көкөніс шаруашылығы ғылыми зерттеу штститутының ғалымдары бұрынғы қолданылып жүрген бес жылдық жүйенің орнына қысқартылған үш жылдық жүйені қолдануды ұсыңды.

Бұл жүйе бойынша тұқым шаруашылығы үш кезеңнен тұру керек.

1. Ғылыми мекемелерде, биотехнологиялық әдіспен сауықтырылған супер элита алынады.

2. Элита өсіретін мекемелер сол аймақтағы аудандастырылған сорттарды көбейтіп картоп өндіретін шаруашылықтарға сатады.

3.Картоп өндіретін шаруашылықтар азықтық картоп алады. Еліміздің ауа райын ескере отырып, тұқым шаруашылығы жүйесіндегі сортжаңартуды 3-4 жылда жүргізіп отыру керек.

Картоп дақылының сорттық морфологиялық белгілеріне: түбінің, сабағының, жапырағының, гүлдерінің, жемісі мен түйіндерінің белгілері жатады. Сорттарды (осы атап өткен белгілерінен баска шаруашылық және биологиялық белгілері бойынша: ауруларга төзімділігі) вегетациялық кезеңінен ұзақтығына байланысты: ерте, орташа ерте, орташа, орташа кеш, кеш пісетін сорттарға; шаруашылықта алатын орнына байланысты: асханалық, техникалық, универсалдық және мал азықтық сорттарға бөлінеді.

Картоп дақылының апробациясы: апробацияға барлық тұқымдық егістіктер жатады. Апробация жүргізудің алдында тұқымдық материалдық шығу утегін, агротехникасьш, қашан, қанша тыңайтқыш қолданылғаның, отырғызу тәсілі мен мерзімін және тазалық сапасын анықтайды. Тексерілетін бидайдың саны егістіктің көлеміне байланысты, 5 га-ға дейін 15 байқау, 10 га-ға 20, 15 га-ға 25 байқау, ал 15 га-дан артық болса, р га-ға 2 байқаудан қосып тексеріледі. Әр байқауға картоптың 20 түбін алады. Апробация картоптығ гүлдену кезінде жүргізіледі.

Басқа сорттың өсімдігін алып тастайды да, әр түптің қорытындысын қысқаша блокнотка жазып отырады. Мысалы, негізі сорттың түбін сорттық атының бастапқы әрпімен, басқа сорттық түбін (қоспа) әрпімен, ауру түпті -аурудың атымен (қС-қарасирақ) деп жазады. Апробациядан кейін сорттың ластануын, ауруларға шалдыққанын % көрсетеді де, апробация актісін толтырады: 1 категория - сорттықтазалық9£% тен кем емес, ауруға шалдыққан өсімдік 1,2%; ІІ-категория 95% және 2%-тенкөп емес; III категория 90% және 4%-тен көп емес.

Апробация қорытыдысы ГОСТ 7001-66 талаптармен салыстыра отырып, тұқымдық картопқа категория беріледі.

Белгілі стандарт бойынша қоймада әрбір 10 т картоптан 1 бақылау алады. Әр бақылауда 200 түйнек болады. бақылауды қойманың 5 нүктесінен әртүрлі терендіктен тандамай алады.

Картоп сортын сипаттау схемасы

Сорттың аты

Түйнектің

пішіні


түсі

көздерінің орналасуы өскіннің түсі

Шаруашылықтағы орны

Гүлдерінің түсі

Пісу мерзімі

Дәңік сапасы


4-тапсырма. Экономикалық баға

Бидай өңдірудің экономикалық, тиімділігін анықтау

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өндіруде экономикалық тиімділік есептеу үшін өндіріс шығындарын, өнімнің бағасын (тенге), таза пайда (тенге), өзіндік құнын (тенге) және рентабельдік деңгейін % есептеп шығарады. Таза табыстық ақшалай көрінісі:

ТТ - таза табыс, тенге;

Жоқ - жалпы өнімнің құны, тенге;

ӨҚ - өзіндік құн, тенге.

Ақшалай таза табыстың өндірілген бөлігі болып сату және өндірістік өнімін немесе оны өткізуден алынған ақшалай түсуімен тауарлық өнімнің коммерциялық (толық) өзіндік құны арасындығы айырмашылық ретіңде есептеледі.

1) П = Жөк - өқ

Өзіндік құн - өнім өндіруге жұмсалған барлық шығын. Өндірілген өнімнің өзіндік құнына барлық жұмсалған шығындар: шикізат, материал, электр жарығы, амортизация, еңбек ақы т.б. кіреді. Өзіңдік құн сол кәсіпорын шығынының жиынтық көрсеткіші, ол әрбір өнімге жұмсалған шығын сапасын өнім көлеміне бөлу арқылы анықталады.

2) ок =ЖШ

өК

мұндағы: ӨҚ - өзіндік құн, тенге;

ЖШ - өнімге жұмсалған жалпы шығын, тенге;

ӨК - өнім көлемі, теңге.

Рентабельдік кәсіпорын жұмысының көрсеткіші. Кәсіпорын өзі 268 өндірген өнімдерін сатқанда жұмсалған шығындарды өтеумен қатар таза табыс алуды көздейді. Кәсіпорынның рентабельдік деңгейін оның бір жылдықтаза табыспен сол кәсіпорының орташа жылдық өндірістік қоры арқылы шығарып, процентпен көрсетіледі, ол жеке бұйымның рентабелдігін, одан түскен пайданы оның толық өзіндік құнына болу арқылы анықтайды.

Рентабельділікті көтерудің негізгі факторлары еңбек өнімділігін арттыру, негізгі қорларды пайдалануды жақсарту, өнімнің өзіндік қунын кеміту, өнім сапасын жақсарту т.б



Мұнда: РД - рентабельдік деңгей, %; ТП - таза пайда, теңге; ЖШ - жалпы шығын, тенге.

Ж
аздық қатты бидайдың экономикалық тиімділігі 6-кестеде көрсетілген

Бұл кестеде 1 центнерден түскен өнім Харьковская 46 сортында 159840 тенге болса, жаңа сорт қарғалы 10-да 181440 теңге көрсетті. Қарғалы 10 сортының тиімділік деңгейі 85, 3% құрып, Харьковская 46 сортымен салыстырғанда 11,3% жоғары болды. Қорыта келгенде жаңасорт Қарғалы 10-ды өңдіруде экономикалық тиімділік жоғары болады.



Тәжірибелік сабақ. Тұқымға деген егістің көлемін есептеу

Ғылыми-зерттеу мекемелері - (Жаңа сорттар өндіруді ұйымдастырушылар), ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарымен техникумдарының тәжірибе өндірістің шаруашылықтарының, ғылыми-зертгеу мекемелерін аудаңдастырылған сорттардың бастапкы тұқым материалдарымен қамтамасыз етеді.



Тәжірибе - өндірістік шаруашылыктар мен оку-тәжірибе шаруашылықтары.

Осы аймақтағы арнаулы тұқым шаруашылығын және үлкен егіс колемі бар тұқым өндіруге мамандандырылған шаруашылықтар керекті жоғары сапалы тұқыммен қамтамасыз етеді. Ал арнаулы бригадалармен бөлімшелср сол шаруашылықтың барлық егіс көлемін керекті тұқыммен қамтамасыз ету үшін тұқымға деген көлемін белгілейді.

Жогары сапалы тұқымды өндіру және онымен шаруашылықтардың егіс көлемін камтамасыз ету мына төмендегі схема бойынша жүргізіледі:

Элита немесе І-репродукция.

Көбейту учаскесі

Тұқым өсіру бригадасы, бөлімше

Жалпы егістік

Тұқым өндіру жоспары әр дақылдың егіс көлеміне байланысты болады. Ол үшін мына төмендегідей мәлімет керек:

1. Әр дақылдың eric көлемі.

2. Бір дақылдың аудандастырылған сорттарының әр көлемінің өзіндік салмағы.



  1. Тұқым алмастырудың тәртібі.

  2. Әр дақылдың бір гектарға себу (мөлшері) нормасы.

  3. Әр гектардан алынатын жалпы өнім, одан шығатынын таза тұқым.

6.Әр дақылдың қамсыздандыру қорының мөлшері. Осы көрсеткіштерді негізге ала отарып:

а) жалпы егістікте бригада мен бөлімшелерде егілетін әр дакылдың сортының егіс көлемі.

б) Оған керекті тұқымын қамсыздандыру қорының мөлшерін белгілеп жетіспейтін тұқымды алуға сұраным береді. Мысалға бір облысты алуға болады.


  1. Облыс бойынша жаздың бидайдың егіс көлемі 60000 гектар.

  2. Аудандастырылған сорт Казахстанская 19

3. Тұқым алмастыру ережесі бойынша жыл сайын элита тұқымы тұқымға деген егістіктің 5/1 бөліміне беріледі. Осы берілген тұқымды бес жыл бойы пайдаланып тұқымды және жалпы егіс көлемін осы сорттық тұқыммен қамтамасыз етеді. Демек бұл мысалда осы шаруашылық алған тұқымның I, И, III, IV репродукциясын пайдаланды, ал V немесе VI жылы осы тұқымның V немесе VI репродукцияясы қайтадан жоғары сапалы тұқым элита немесе I репродукция алмастырып отырады.

4. Егу нормасы бір гектарға 200 кг.



  1. Тұқымдық егістіктің әр гектарынан 14 ц тазаланған тұқым шығады десек.

  2. Қамсыздандыру көлемі барлық керекті элитаға тұқымның 30 проценті, ал І-ші және оның кейінгі репродукциясы 25 процент деп белгілесек, мынадай болып шығады:

Егер егіс көлемін 60000 х 2=120000 ц болады.

Оған қоса қамсыздандыру қорына керекті тұқымды 25 % деп алсақ, ол 120000: 4= 30000 ц болып шығады.

Ал барлығы 120000+30000= 150000 ц болады екен. Осы көрсетілген тұқым мөлшерін шаруашылықтар өздерінің егіс көлемінде өндіру керек.

Егерде тұқымға деген егіс көлемінің әр гектарынан 14 ц-ден таза тұқым алатын болса 150000:14 =10714, 4 гектар, жер қалдыру керек болады. Оның бестен бір бөлігі (10714:5) =2143 га болады.

Оның әр га-на 2 ц-ден тұқым сепкенде 2143x2 =4286 ц тұқым, оған қосымша 30 процент қамсыздандыру қорын (1286) қосқанда 4286+ 1286=барлығы 5572 ц болады. Демек ғылыми-зерттеу мекемесі облыста барлық тұқымдық егістікке 5572 ц сапалы, тазартылған тұқым беруі қажет, егер тұқымға деген көлемнің (егіс) эр гектарынан 18 центнерден таза тұқым алынатын болса, онда элита тұқымын өндіретін eric көлемі 309 гектар болар еді (55725:18 =309, 5. Осындай есептің негізгі керекті тұқымға сұраным беріледі. Тұқым жөніндегі барлық кітапшаға жазылады.


Пысықтау сұрақтары:

  1. Тұқымның егістік сапасы дегеніміз не?

  2. Тұқымның сорттық сапасы деп нені айтамыз?

  3. Репродукция және элита ұғымына сипаттама беріңіздер.

  4. Сортжаңартуды не себептен жүргізу керек?

  5. Алғашқы жаттарға не жатады?

Қысқаша терминдер сөздігі

  1. Айқас тозанданатын өсімдік - өсімдіктердің сол түрінің басқа гүл тозандарымен тозандануы.

  2. Алель - хромосоманың белгілі бөлігінде орналасқан, бір белгіні анықтайтын геннің сыңары немесе сол белгіге жауапты көп геннің бірі.

  3. Аллелизм көптік түрдің ген қорында бір геннің үш және одан да көп аллельдерінің болуы.

4. Альбинизм - организмнің өзіне тән пигментінен айырылуы.

  1. Амфидиплоид - екі түрге жататын геномдары қосылған диплоидты клетка не организм.

  2. Амфимиксис (эугамия) - ұрық жыныс клеткаларының кариогамия арқылы қосылуы нәтижесінде түзілетін жыныстық процестің түрі.

  3. Андрогенез in vitro - аталық гаметофитті жасанды қоректік ортада (in vitro) өсіргенде, аталық хромосомалар жиынтығы бар өсімдіктің пайда болу процесі.

  4. Апикальдық меристеманы өсіру - өсу конусының жоғарғы ұшынан бір немесе екі алғашқы жапырағы бар оқолданылған бөлігін зарарсызданған жағдайда қоректік ортада өсіру.

  5. Апогаметия (апогамия) – ұрық қалтасының синергидтер немесе антиподтардан түзілетін апомиксистің түрі.

10. Апомиксис - жыныс клеткаларының қосылуынсыз тұқым түзуі өсімдіктер гүлдерінің жыныс мөшелерінің көмегімен көбеюі.

11.Асептикалық жағдай – толық зарарсыздандырылған жағдай.

12.Аталық ұрықсыздық, - қос жынысты өсімдіктерде ұрықтану және тұқым беруге қабілетті аналық генеративті мүшелер және өз қызметіне жарамсыз аталық генеративті мүшелер дамитын құбылыс. Цитоплазмалық ұрықсыздық - цитоплазмада орналасқан (плазмогендер) және аналық форманын цитоплазмасымен тұқым қуалайтын гендерге байланысты ұрықсыздык,

13. Ахроматинді ұршық - клетканың бөлінуі кезінде пайда болатьгн, клетканың тірек және хромосомаларды керетін жіпшілер жүйесі.



  1. Бағдарламалы мұздату - алдын-ала жасалған программа бойынша сұйық азот көмегімен, арнайы камераларда мұздату.

  2. Басымдылық - будандық клеткада ата-аналық геномдык біреуінің гені айқындалса, онда ата-анасының екіншісінің гомологты гені қатысқанмен оның белгісі білінбейді, яғни оның экспрессиясы жүрмейді.

  3. Беккросс немесе кері қайтара будандастырулар - буданның ата-аналық форманың біреуімен қайта будандастыру.

  4. Биологиялық түр - белгілері мен қасиеттерінің тегі және комплексі бойынша туыстас, морфологиялық жағынан ұқсас особьтардың генетикалық оқшауланған жүйесі. Түр особьтары өзара оңай будандасып, ұрпақ түзеді.

  5. Биотехнология - биологиялық процестер мен объектілерді пайдалануға негізделген, экономикалық жағынан тиімді де маңызды өнімдер өндіру және жоғары өнімділігі бар микроорганизмдер штаммдарын алу, өсімдіктердің сорттары мен формаларын, жануарлар породаларын шығаратын ғылым мен өндірістің бағыты.

  6. Будандастыру - өсімдіктердің белгілері мен касиеттерін қайта қиыстыру қорытындысында жаңа формаларын жасау процесі.

  7. Бұдан сорт - будандастыру әдісімен будан-популяциясынан сұрыптап алынған сорт.

  8. Бұдан күш - ата-аналық формалармен салыстырғанда бірінші ұрпақ буданның бірқатар көрсеткіштері мен қасиеттерінің басымдылығы.

  9. Будандық талдау - будандастыруда және ұрпаққа жоғалып кететін формаларды санауға (есепке алуға) негізделген негізгі генетикальгк талдау әдісі.

  10. Будан ядро - ата-анасының екеуінін де геңдерін (геномдарын) ұқстайтын ядро.

  11. Вирусты айқындаушы өсімдіктер - вируспен зақымдалған өсімдіктен бөлінген шырынды тамызғанда, арнайы сезімталдық реакция арқылы жауап бетерін өсімдіктер.

25.Гаметофит (гаплофаза) - хромосомалардың жарты (гаплоидты) саны бар гүлді өсімдіктердің жынысты ұрпағы.

26. Гаплопродюсер әдісі - будан ұрықтан ата-анасынын біреуінің хромосомаларының түсіп калуы себебінен гаплоидтар алу.

27.Ген (генетикалық локус, цистрон) - тұқым қуалаушылық информацияның функциялық бірлігі. Типлеттердің белгілі бір реттілігімен сипатгалады.

28.Ген акцепторлық (ген-оператор) - реттеушілермен қосылысқа түсуге қабілетті, оперонның жұмысын басқаратын ген.

29.Ген гипостатикалық- аллельдерінің көрінуі басқа ген аллельдерінің бірінің серінен тежелетін ген.


  1. Генетикалық ығысу - табиға немесе қолдан сұрыптау әсерімен популяция гено қорында гендер кездесу жиілігінің өзгеруі.

  2. Гендік инженерия - организмдердің бастапқы формаларына жаңа қасиеттер беру үшін генотипке мақсатты бағытқа гендер ешізіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу.

  3. Гендік мугациялар немесе нүктелік мутациялар - жекеленген гендердің құрылымының өзгеруі. ДНҚ немесе РНҚ нуклеотидтеріндегі бір пуриннің екінші пуринмен (А-Г, Г-А) не бір приримдиннің екіншісімен (Ц-Т, Т-Ц) алмасуы (транзиция) салдарынан пуриннің пиримидинмен (А-Т, Г-Ц) не керісінше алмасуы (трансверсия), қосымша нуклоетидтер болуы (инсерция) не түсіп қалуынан болатын гендік мутация.

  4. Геном - белгілі бір түрге жататын организмдердің тек өзіне гана тән хромосомаларының негізгі гаплоидты жиынтығы.

  5. Геномдық мутациялар - клеткалардағы хромосома санының өзгеруі (полиплоидия, гаплоидия, анеуплоидия).

  6. Генотиптік өзгергіштік - тұқым қуалаушылық, информацияның (генотиптің) өзгерістерінен туындаған организмнің белгілері мен қасиетгерінің өзгеруі.

  1. Ген қоры - популяцияның тұқым қуалаушылық информациясы, онда әрбір ген белгілі бір кездесу жиілігімен сипатталады.

  2. Гендер құрылымдық - белок молекуласында амин қышқылдарының реттілігі туралы информациясы бар және осының нәтижесінде белоктың құрылымын анықтайтын гендер.

  1. Гендер полимерлі (полигеңдер) - нақ бір белгіге аддитивті (бейімдеуші), қосымды (кумулятивті) әсер ететін гендер.

  2. Гетерозигота (гетерозиготалы организм) - бір немесе бірнеше гені оларға сәйкес аллельдер басқа түрлі аллельдерінен құралған особь.

  3. Геннің репрессиясы - ортаның шектеуші жағдайларының әсерімен фенотипте геннің нақты аллелі бақылайтыға күйінің жоқ болуы.

  1. Гетерокарион - ядроларының генетикалық айырмашылығы бар ата-аналық клеткалардың қосылуынан түзілген клетка, бірақ ядролардың қосылуы жүрмеген.

  2. Геннің экспрессиясы - нақтылы генмен анықталатын белгінін фенотипте көрінуі.

  3. Ген эпистатикалық - аллельдерінің бірі басқа ген аллельдерінің көрінуін тежейтін ген.

  4. Гиногенез in vitro - аналық гаметофитті жасанды қоректік ортада өсіргенде, аналық хромосомалар жиынтығы бар өсімдіктің пайда болу процесі.

45.Гомозигота - диплоидты немесе полиплоидты клетка организм, олардың гомологиялык хромосомалық хромосомалары белгілі бір ген.

  1. Делеция - хромосоманың ішкі бөлігінің жетіспеуі.

  2. Дефишенси - хромосоманың ұштық бөлігінің жетіспеуі.

48.Дефицитті сорт - жаңа аудаңдастырылған, бағалы, кең таралған, тез көбейтуге арнап ұсынылған сорт.

49.Диплоид - гаметаға Қарағанда хромосомалар саны екі еселенген, яғни әрбір хромосомасы жұптасып келетін ядро, клетка.



  1. Дифференциалдану - даму процесіңде біртекті клеткалардан морфологиялык белгілері және атқаратын қызметі әртүрлі клеткалар түзілуі.

  2. Доминантты болу - гендердің аллельді өзара ұрекеттесу типі, бұл кезде аллельдердің бірі басқаның көрінуін тежейді.

  3. Жекелеген протопласттарды өсіру - сыйымдық қоректік немесе ортада өсіру; онын құрамына қосымша компонент ретінде осмостық активті зат кіреді; протопласттардың қабықшасы түзілгенде протопласттарды өсіру клеткаларды өсіруге айналады.

  4. Жергілікті сорт - бір егістікке ұзақ уакыт өсірілген халықтық селекция сорты.

  1. Идиотип - генотип, плазма және пластомды (жасыл өсімдіктерді) қамтитын организмнің тұқым қуалаушылық информациясының барлық элементтерінің жиынтығы.

  2. Изогендік линия - гомозиготалы организмдерден тұратын линия.

  3. Иммунды сорт - патогенді инфекциялық қоздырғыштарды немесе инвизинді ауруларды қабылдамайтын сорт.

57. Индукция - сыртқы орта факторлары немесе өсімдіктің бір бөлігінің екінші бөлігіне әсер етіп, өсімдіктің даму жолын белгілеу. Индукторлар: гормондар, сыртқы ортаның түрлі факторлары, кейбір аралық өнімдер. Индуктор организмнің, мүшенің даму жолын бір жүйеге келтіреді, себебі, сол жүйенің ғана индукторлық әсерді қабылдауға мүмкіндігі бар.

  1. In vivo - тірі организмнің құрамында бөлінбеген күйде.

  2. In vitro - шыныда, жасанды жағдайда.

  1. Инконгруэтті будандастыру - ата-ана формалары кариотигің немесе немесе бірмезгілде екеуінің де сәйкес келмеуімен сипатталатын тұраралық немесе туысаралық будандастырулар.

  2. Инверция- бір хромосоманың ішінде учаскелердің орын ауыстыруы.

62. Интегумент-дәнді өсімдіктердің тұқым бүршігінің жабыны.

  1. Интегументтік эмбриония - апомиксистің типі, бұл кезде ұрықтар тұқым бірінің қабығының клеткаларынан, яғни диплоидты сомалык клеткалардан д амиды.

  2. Интрогрессия - тұраралық будандастыру кезінде бір түрдін генетикалық материалының басқа түрдің геномына өтуі.

  3. Инцухт - айқас тозанданатын өсімдіктердің еріксіз өздігінен тозандануы.

  4. Каллус - ұлпа, өсімдік клеткаларының ретсіз бөлінуінің нәтижесінде пайда болады.

  5. Кариогамия - сингамиядан кейін жүретін аталық және аналық гаметалар ядроларының зигота ядросына қосылуы.

  1. Кариоплазма - біртегіс нашар болатын ядро шырыны (кариолимфа) мен күшті боялатын хроматиннен тұратын клетка ядросының заты.

  2. Кариотип - өсімдіктердің немесе жануарлардың бір түріне тән сомалық клетка хромосомаларының жиынтығы.

  3. Кері сұрыптау - белгілі бір жағдайлар жасап сұрыптау; бұндай жағдайда клеткалардың "жабайы" типтері ғана бөлінеді де, біраздан кейін іліп қалады, ал керек қасиеттері бар мутант клеткалар бұл ортада өспейді, бірақ тірі қалады.

  4. Клеткалық инженерия - қайта құрастыру, будандастыру негізінде клетканын жаңа типін жасау әдісі. Клеткаларды жасанды жолдармен будандастырғанда, сомалық (жыныстық емес) клеткаларды бір-біріне қосқанда будан геном түзіледі. Ал, клеткаларды қайта құрастырғанда клетканың құрамына кіретін ядроны, цитоплазманы, митохондрияларды, хромосомаларды әртүрлі клеткалардан алып жаңа клетканы жасайды.

72. Клеткалық сұрыптау - сұрыптаушы қоректік ортаны қолданып, мутант клеткалар мен клеткалардың сомаклондық вариацияларын бөліп алу әдісі.

73.Клетка циклі - клетканың бір бөлінуінен бастап екінші рет бөлінуіне дейінгі клеткада жүретін тіршілік процестердің жүйесі, ол митоздан (мейоздан) және интерфазадан (G,, S, G2) тұрады.

74.Клон - қоректік ортада бір клеткадан көбейген клеткалар.

75. Код - генетикалық белок молекуласында амин қышқылдарының ретін анықтайтын ДНҚ молекуласында


нуклеотидтердің орналасу тәртібі.

  1. Комшіементгік - геңдердің аллельді емес өзара әрекеттесуі, бұл кезде белгінің күйлерінің бірі генотипте осы белгіні бақылайтын гендердін осы күй үшін жауапты аллельдері болғанда ғана көрініс береді.

  2. Комбинациялық қабілеттілік - линия немесе сорттың белгілі бір комбинациялық будандастырудан гетерозисті ұрпақ беру қабілеті.

78.Қосарынан ұрықтану – жабық тұқымды өсімдіктердегі жұмыртка клеткасының (генеративті) және ұрық қалтасының диплоидты орталығы клеткасының (вегетативті) ұрықтануы.

  1. Криопротектор - клетканың кқату нүктесін төмендетіп, клетка ішіндегі суды байланыстырып, клетканы механикалык және осмостьпс бөлінумен қорғайтын зат.

  2. Кроссинговер (айқаспа) - мейоздың бірінші бөлінуінің профазасында хромосомалардың туыс емес хроматидтерін гомологиялық учаскелерін өзара алмастыруы.

  3. Мегаспора - әр түрлі спорасы бар жоғары сатыдағы өсімдіктердің ірі гаплоидты клеткасы, олар аналық гаметофиттің бастамасы.

  4. Мейоз - азаю, кему; клеткалардың ерекше бөлінуі, оның нәтижесінде хромосома сандары редукцияға түсіп азайып екі еселенген диплоидты жағдайдан тұтас сыңар гаплоидты жағдайға өтуі.

  5. Микроспора - сыңар хромосома жиынтығы бар клетка, мейоздың бөліну нәтижесінде пайда болады, гаметофитің бастамасы.

  6. Митоз - эукариот клеткаларының негізгі және күрделі бөлшуі әдісі. Митоздың биологиялық маңызы, аналық клетканың тұқым қуалаушылық материалы (хромосомалар) жаңадан пайда болған клеткаларға тепе-тең мөлшерде бөлінуі. Клеткалардың генетикалық жағдайы бірдей болады, және ұрпақтан-үрпаққа берілгенде сақталады.

  1. Мемлекеттік сорт сынау - сорт сынауды, сорт шығарған селекциялық мекемелерден тәуелсіз мемлекеттік сорт учаскелеріңдегі ауыл шаруашылығы дақылдарын мемлекеттік сорт сынаудағы комиссия атқаратын жұмысын айтады.

  2. Митоздыңцикл – нәтижесінде бір клеткадан жаңа екі клетка түзілетін клетка дамуы процесінің қатар реттілігі.

  3. Митохондрия - белоктардан, липидтерден, РНҚмен ДНҚ-ден тұратын және клетканың энергетикалық орталықтары болып табылатын ұқша тәрізді, жіп тәрізді және түйіршікті түзілістер. Модификациялық өзгеріштік (паратиптік) - тұқым қуаламайтын, орта жағдайлары өзгерістерінен туындайтын организмнің белгілері мен қасиеттерінің өзгеруі.

  4. Мутация - орта факторларының әсерімен тұқым қуалаушылық информацияның (ген құрылымының) өзгеруі.

  5. Мутагендер - физикалық және химиялық агенттер: иондалған сәуле, жоғары және төмен температуралар, химиялық заттар табиғи (стоптанные) мутацияларға қарағанда мутация жиілігін жептеуір жоғарылатады.

  6. Мутагенез - физикалық және химиялық факторлармен әсер ету арқылы мутациялардың пайда болу процесі.

  7. Мутация - генетикалық материалдың кенеттен табиғи немесе жасанды турде өзгеруі салдарынан, организмнің қандай да бір тұқым қуалайтын белгілерінің өзгеруі.

  1. Нуклеотид - азотты негізден, рибоза кантынан немесе дезоксирибозадан және фосфор қышқылынан тұратын органикалық зат. Тұқым қуалаушылық информацияның элементар (карапайым) құрылымдық бірлігі болып табылады.

  2. Нуцеллустық эмбриония - апомиксистің типі, бұл кезде ұрықтар нуцеллус клеткаларынан, яғни диплоидты сомалық клеткалардан дамиды.

  3. Олигогеңдер - қарапайым мендельдеуші белгілер мен олардың күйлерінің дамуын қамтамасыз ететін гендер.

  1. Онтогенездік адаптация - организмдердің жеке даму барысында сыртқы ортаның өзгермелі жағдайларына бейімделуі.

  2. Органогенез in vitro - жасанды қоректік ортада, өсіргенде бұрынғы бар тамыр, бүршіктерден және инициаль клеткалардан емес жаңа мүшелердің түзілуі.

  1. Оперон - ген-оператор мен құрылымдығы гендердің жиынтығы болып табылатын және организмнің қайсыбір затының синтезделуін қамтамасыз ететін ДНҚ генетикалық коды транскрипциясының бірлігі.

  2. Өсімдіктерді сауықтыру - өсімдіктерді жасанды ортада (in vitro) өсіріп, бактериялық, саңырауқұлақ және вирус ауру тоздырушылардан сауықтыру.

  3. Өсімдіктер клеткаларын өсіру - жасанды қоректік ортада асептикалық жағдайда өсімдіктердің клеткаларын, ұлпалар және мүшелерін өсіру.

  1. Өсімдіктерді жағымсыз сұрьпттау - өсімдік сорттарының белгілері мен қасиеттеріне байланысты өсімдіктердің жағымсыздары аластатылады.

  2. Өсімдіктерді жасанды сұрыптау - Екпе өсімдіктердің жаңа сорттары мен будандарын шығаруда, сондай-ақ тұқым өсіру шаруашылығында сорттардың ерекшеліктерін сақтау үшін, адам жолымен жүргізілетін сұрыптау.

  1. Өсімдіктің-жартылай немесе толық ұрықсыздығы -өсімдіктің қкалынты қызмет етуші гаметалары мен тұқым байлауының жартылай немесе толық құруындағы қабілетсіздігі.

  2. Өсімдіктерді сортаралық будандастыру - селекциялық процестер мен тұқым өсірудегі гетерозис ылғалын пайдалануға арналған қорытыңды материалдар алу үшін, бір түрлі өсімдіктердің әртүрлі сорттары арасында жүргізілетін будандастыру жұмыстары.

104. Өсімдіктердің аналық формасы - тұқым беретін өсімдік.

105. Өсімдіктің аталық формасы - аналық өсімдіктердің ұрықтандыру үшін пайдаланатын өсімдік.



106. Панмиксия - популяция ауқымында организмдердің еркін, кездейсоқтық негізінде будандасуы.

  1. Партеногенез – апомиксистің түрі, бұл кезде ұрық ядролардың қосылуынсыз түзіледі.

  2. Перспективті сорт будан - алғашқы жылғы мемлекеттік сорт сынауда аудандастырылған сорттан, буданнан шаруашылықтық құнды белгілерімен қасиеттерінің анағұрлым артық жаңа, өзірге аудаңдастырылмаған сорт.

  3. Популяциялық сорт - өздігінен тозанданатын немесе айқас тозанданатын дақылдардан жаппай сұрыптау әдісімен алынған генетикалық әртекті өсімдіктер.

ПО. Плазма - бактерияларда хромосомадан бөлек кездесетін, өздігінен репликациялана алатын, кішігірім сақина тәрізді ДНҚ молекуласы.

  1. Плазматит (плазмон) - цитоплазманың генетикалық элементтер жүйесі.

  2. Пластидтер - крахмал, майлар және белоктар түрінде органикалық қосылыстар синтездеуге қабілетті өсімдік клеткаларынын пигменті бар белокты денелері.

  1. Плацента - түйіндегі тұқым бүршігі орнығатын және бастама жері.

  2. Плейотропия - гендердің аллельді емес өзара рекеттесу типі, бұл жағдайда бір геннің аллельдері негізгі белгімен бірге бірқатар баска да белгілердің дамуына эсер ете алады.

115.Плоидтылық – көп клеткалы организмнің барлық клеткаларында немесе клеткасында болатын хромосомалар жиынтығы; бір түрдің барлық дарақтарына бірдей.

  1. Полиплоид - ядро, клетка немесе организмдегі хромосома санының гаплоидты жиынтығына еселі көбеюі.

  2. Прокариоттық клетка - қарапайым организмдер клеткасы (бактериялар, көк-жасыл баддырлар), мембранамен қоршалған клетка ядросы жоқ.

  3. Протопласттардың қосылуы - екі одан да көп клеткалардьщ сыртқы мембраналарының қосылып, бір клеканың пайда болуы.

  4. Прокариоттар - гентикалық материалы цитоплазмага бір немесе бірнеше нуклеоидтар түрінде енген ДНҚ молекулалары болып табылатын организмдер (бактериялар, көкжасыл балдырлар).

  5. Промотор - РНҚ-ның ДНҚ-ға синтезделуін катализдейтін РНҚ-полимеразаны қосып алуға қабілетті және оперонның алдыңда орналасқан бір триплет немесе олардың тобы.

  6. Протопласт - клетканың клетка қабықшасын қоспағандағы барлық құрам бөліктері жиынтығы.

  7. Реверсия немесе кері мутациялар - (тегіне тарту) организмнің мутант күйінен, бірнеше мутациялардан кейін, "жабайы" (қалыпты" фенотипке келуі.

  8. Регенерант - in vitro жағдайында қоректік ортада өсімдік клеткалары мен ұлпарын өсіргенде шыққан өсімдік.

  9. Рекон (мутон, сайт) - қосжіпшелі ДНҚ-ның комплементгі нуклеотидтер жобы.

  10. Рестриктаза - белгілі бір типтің орналасқан жері бойынша ДНҚ жіпшесін үзуге қабілетті фермент.

  1. Рецессивтілік - геннің аллельдер жұбының біреуі өз әсерін көрсетпейтін құбылыс.

  2. Реципрокты будандастьфу - тура және кері будандастырулар жүйесі (А х В жэне В х А).

  3. Репарация - ДНҚ-нын бірінші құрылымын мутагеңдердің және басқа биологиялық активті факторлардың әсерінен бұзылуынан кейін өзін-өзі қайта қалпына келтіруі.

  4. Рибосомалар - цитоплазманың РНҚ және белоктары бар ұсақ сфералы бөлшектері, бұларда белок молекулаларының синтезденуі іске асырылады.

130. Р-РНҚ (рибосомалық РНҚ) - белоктармен қоса рибосомалардық құрылымына кіретін рибонуклеин
қышқылдарының ірі және күрделі молекулалары.

  1. Ризогенез in vitro - қоректік ортада ұлпалардан тамырдың пайда болуы, дамуы.

  2. Селекциялык сорт - селекцияның ғылыми әдістеріне негізделген, әылыми-зерттеу мекемелерінде шығарылған сорт.

  3. Симплекс - бір геннің төрт аллелінің біреуі доминантты күйде болатын автотетраплоид.

134.Сингамия - екі жыныс клеткасының қосылу процесі.

135.Сомалық будандастыру- будандастырудың,

жыныстық шағылыстру жолынан басқа жолы. Бұндай жағдайда ата-аналық клеткалар ретіңде оқшауланған сомалық протопласттарды пайдаланады; қосылған протопласттардан кейіннен будан, тұтас өсімдіктер алынады.

136.Сорт - селекция тәсілімен алынған, морфологиялық биологиялық және тұқым қуалау қасиеттерімен шаруашылыққа құнды белгілері бар мәдени өсімдіктердің жиынтығы.



  1. Сорт-линия - өз-өзіне өздігінен тозанданатын өсімдіктердің табиғи популяциядан жекелей сұрьптгау әдісімен алынған бір элита өсімдігінің ұрпағы.

  2. Сорт сынау - бұл сортты, буданды зерттеу және баға беруді аудандастырылған сортпен, буданмен белгілі әдістер арқылы салыстырып сынау.

139.Стандартты сорт - сорт сынаудың барлық түрлеріне қатыстырылатын немесе тәжірибелер жүргізілгенде бақылау жұмыстарына және басқа сорттармен, будандармен, соңдай-ақ түрлермен салыстырып, багалауда колданылатын ең жақсы аудандастырылған сорт.

  1. Сұрыптау - тіршілік үшін күресте күбірек бейімделген организмдердің ұрпақтар бойы сақалуына тірелетін эволюцияның үш негізгі факторларының біреуі. Табиғи сұрыптау - тіршілік ортасына жақсы бейімделген организмдердің сақталып қалуы. Қолдан сұрыптау - өндіріс талаптарына барынша сәйкес келетін организмдерді тұқымға алып калу.

  2. Сұрыптау факторлары - организмнің әміршендігін бақылайтын орта жағдайлары.

  3. Сұрыптау фоны - филогенез барысында организмдер бейімделетін орта жағдайлары.

  4. Терминатор - ДНҚ-дан информация процесін толықтыратын бір немесе бірнеше триплетгер.

  5. Тозаңдану - тозаң дәндерінің гүлдің аналық мойнына табиғи және жасанды жолмен енуі.

145. Трансгенозис - өсімдіктерде тұқым қуалаушылық информацияның бір клеткадан басқа клеткагға беріліп, кейін фенотиптік көрініс беруі.

  1. Трансдукция - вирустардың (бактериофагтардың) көмегімен генетикалық материалдық бір особьтан басқа особь тасымалдану құбылысы.

  2. Транскрипция - ДНҚ-ның нуклеотидті құрылысы туралы информацияның информациялық РНҚ-ға тасымалдануы (көшіріліп жазылуы).

  3. Транслокация - хромосомалық қайта құрудың типі, бұл жағдайда бір хромосоманың учаскесі гомологиялы емес басқа хромосомаға орын ауыстырады.

  4. Трансляция - генетикалық информацияның и-РНҚ-дан белоктар құрылымына көшірілуі.

  5. Транспозондар (секіруші генетикалық элементтер, insertion sequences немесе is-элементгер) - ДНҚ-ның оны тастап кете алатын және осы немесе баска ДНҚ молекулаларының нақ сол учаскесіне немесе жаңа учаскесіне кіріп араласа алатын элементтері.

  6. Трансформация - клеткаға бөтентекті (экзогенді) ДНҚ препараттарын өндіру арқылы белгілер мен касиетгерді беру процесі.

  7. Триплекс - бір геннің төрт аллелінің үшеуі доминантты кейде болатын автотетраплоид.

  8. Триплет (кодон тұқым қуалаушылық информацияның қарапайым міндік бірлігі. Бір амин қышқылын кодтайды. Белгілі бір ретпен қосылған үш азотты негізден тұрады.

  1. Т-РНҚ - белок синтезі жүретін рибосомаларға амин қышқылдарының тасымалдануына қатысатын рибонуклеин қышқылдарының типі. Әрбір амин қышқылына т-РНҚ молекулаларының бірнеше типі сәйкес келеді.

  2. Тұқым қуалаушылық - организмнің дамуындағы өз ерекшеліктерін сақтау және келесі ұрпаққа беру қасиеттері.

  3. Тотипотенттілік - өсімдіктердің сомалық клеткаларының өсуге қабілеттілігін толық көрсете алуы, яғни ядро бүтін организм түзу мүмкіндігін іске асырады.

  4. Түйін - өсімдік гүлі аналығының төменгі жуандаған қуыс бөлігі; өсімдіктің аналысып үшесіндегі тұқым бүршіктері орналасқан бөлігі.

  5. Тұқым бүршігі, тұқым бастамасы – дәнді өсімдіктердің түйіндегі көп клеткалы құрылымы, одан дән өсіп жетіледі.

  6. Ұрықтанудан кейінгі сәйкессіздік - ұрықтанудан кейінгі будан ұрықпен осы қоршап тұрған ұлпалардың генетикалық сәйкессіздігі, оны ұрық дамуының барлық кезендерінен байқаудағы болады.

  7. Ұрық қалтасы - аналық гаметофит, ұрық қалтасы гүлді өсімдіктердің тұқым бүршігінің орталық бөлігі, бунда жұмыртка клеткалары өсіп жетіледі де, ұрықтану жүреді.

  8. Ұрықтану сәйкессіздігі - будандастыруға алынған парлар арасында ұрықтану процесінің жүрмеуі. Оның бірнеше себептері бар: тозаң тіршілігінің кқысқалыпты; аталық және аналық гаметалардың жетілетін уақыттарының сәйкес келмеуі; парлар арасындағы аналық мойны мен тозаң төгігінің ұзындықтарының бірдей еместігінен; тозанның өсуге қабілеті болмауынан немесе тозаң түтігінің өсуінің тоқтап қалуынан тозаң ұрық қалтасына жетпейді; аналық гаметаның жұмыртқа клеткасымен қосылуының мүмкін еместігінен.

  9. Фенотип сыртқы ортаға байланысты бірлескен даму процесі генотипі негізінде қалыптасқан барлық белгілері мен қасиеттерінің иынтығы.

  10. Филогенез – организмдердің арихи даму процесі.

  11. Хромосомалықмутациялар - хромосомалык қайта құлар немесе аберациялар. Оларғ жататындар:

- делеция - генетикалық материалдық бір бөлігінін жойылуы,

177. Хромосомалар - клетка ядросының мен белоктардан тұратын, өзін-өзі қйта жасайтын, негізгі бояулармен болатын элементтері. Гомологиялық ромосомалар - ішінара гомологиялы, олардағы локустардың бірдей реттілігі ішкі және хромосомааралық қайта құрулармен бұзылған. Гомологиялы хромосомалар - өзара қалыпты коньюгацияланатының хромосомалар, бұларда бірдей немесе әр басқа аллельдер түріндегі бірдей локустар нақтылы бір сызықтықретпен орналаскан. Хромосомалар санының тұрақтығы - бұл заң бойынша өсімдіктердің немесе жануарлардың әрбір түрі хромосомалардың белгілі және тұрақты: гашгоидты (п)-дара-жыныс клеткаларында және дигоіноидты-қосарлы-сомалық клеткаларда санымен сипатталады.

178. Хромотип - организмнің ядролық гендер жүйесі. Цитоплазмалық будан немесе цибрид - ата-анасының біреуінің

ядросы (ядро гендері) мен бірге цитоплазмалық гендері немесе екеуінің де, баламалы біреуінің цитоплазмалық гендері бар будан.



  1. Цитогенетика - тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті клеткалардьщ көбеюмен байланыстыра зерттейтін ғылым.

  2. Цитология - клетканық құрылысы мен қызметі туралы ғылым.

  3. Цитоплазма - ядроны қоспа клетканың ішіндегісі. Цитоплазма қоршаған ортадан клетка қабықшасы арқылы бөлінген.

182. Цитоплазмалық аталық ұрықсыздық - ядродан тыс, цитоплазмалық факторларға байланысты немесе кейбір гендер мен цитоплазмалардың өзара байланысты болуы.

  1. Эксплант - ұлпаның бөлігі, оны жеке өсіруге немесе одан бастапқы каллус алуға болады.

  2. Эмбриоид – ұрық тәрізді құрылым, сомалык клеткаларынан пайда болады, дамиды.

185. Эмбриокультура - толык жетілген және жетілмеген ұрықтарды окшаулап, зарарсыздандырылған қореқтік ортада өсіру.

  1. Эндосперм - өсімдік дәнінде арықтық алғашкы өсуіне кажет қоректік заттар жиналатъш ұлпа.

  2. Эпистаз - гендердің аллельді емес өзара әрекеттесу типі, бұл кезде бір геннің аллелі баска ген аллельдерінің көрінуін тежейді.

  1. Эукариоттар - генетикалық материалы цитоплазмадан мембрана арқылы білінген клетка ядросының хромосомаларында жинақталған организмдер.

  2. Ядролықнемесе науыз будан - ата-анасының екеуінің де ядролық гендерін қабылдаған будан.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Абрамова. З.В., Карминский О.А Рукоюдство к практическим занятиям по генетике. Изд Колос -Л 1968. -192 с.

  2. Артамонов В.И Биотехнология - агропромышленному комплексу. М. Наука, 1989, -158 с.

  3. Атабекова АИ Устинова Е. И. Цитология растений. Изд "Колос" ВО Агропромиздат, 1987. -245 с.

  4. Биология культивируемых клеток и биотехнология растений. М:.Наука, 1991. -280 с.

  5. Биотехнология растений: культура клеток М.: В О Агропромиздат, 1989. -280 с.

б.Бороевич С. Принципы и методы селекции растений -М.: Колос, 1984 -344 с.

7. Бутенко Р. Г. Культура изолированных тканей и физиология морфогенеза растений.М.: Наука, 1964. -272 с.



  1. Вавилов Н. И. Избранные сочинения. - М.: Колос, 1966. - 558с

  2. Вавилов Н.И. Теоритические основы селекции. М.: Наука, 1987.

10.Валиханова Г.Ж., Рахимбаев И.Р. Культура клеток биотехнологиярастешь' Алма - Ага, Изд. КазГУ, 1989. -80 с.

11. яев Г. В. Генетика. - М.: Колос, 1984 -351 с.

12.Гужов Ю, Фукс А. Валичек П. Селекция и семеноводство культурных растений. - М: "Агропромиздат" 1991 -464 с.

13.Дарвин Ч. Происхождение видов. М.: Сельхозгиз, 1952.



  1. Жуковский П. М. Мировой генофонд растении для селекции. Л., Наука. 1970. -87 с.

  2. Калинин ФЛ., Сарнацкая В.В., Политдук В.Е. Методы культуры тканей в физиологии и биохимии растений. М.: Киев: Наукова думка, 1980. -488 с.

  3. Нұрышев М. X., Нурышева А.М. Цитология ЬГАлтьшсарин атындагы Казактың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті. Алматы. 1999. -181 б.

  1. Паушева З.П. Практикум по цитологии растении. ВО "Агропромиздат" 1988. -272 с.

  2. Попов Г.И., Васько В.Г., Пугач. Н.Г., Селекция озимой ржи. Лен отд. 1986. -240 с.

  3. Практические задачи генетики в сельском хозяйстве. М. Изд. Наука 1971. -384 с.

  4. Практикум по селекции и семеноводству полевых культур. М. Агропромиздат. 1987.-368 с.


Төмендегі бағамен — тапсырыс беруіщзге карай жөне оңтайлы уакьгтыңызға сай:

  • визиткалар

  • бланкалар

  • түрлі шақыру қағаздары

  • буклеттер

  • жорналдар

  • жапсырма қағаздар (этикеткалар)

  • кітаптар (тұрлі-тусті мүқабалы)

  • авторефераттар

  • монографиялар

  • өдістемелік нүскаулар мен нұсқаулықгар

  • өр түрлі тыстамаларды дер кезіңде өрі мерзімінде орындайды



БІЗ СІЗДІ КҮТЕМІЗ!

Мекен-жайымыз: Алматы к,, КазҮАУ, Абай даңғылы, 8 N1 Бас ғимараты, тел.: 262-19-47

Нұрғасенов Т.Н., Калиев Ә.Х. ГЕНЕТИКА, СЕЛЕКЦИЯ ЖӘНЕ ТҰҚЫМ ШАРУАШЫЛЫҒЫ


Редакторы — Мүрат Таддыбаев Мұқабасын жасаған Акмарал Ноғайбаева
Баспа директоры Манарбек Ізбасар
Басуға 20.03.2007 ж. қол қойылды. Калпы 60x84 1/і6. Көлемі 18 б.т. Таралымы 500.
Алматы к,, Абай даңғылы, 8. "Агроуниверситет" баспасы.

105





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет