Генетика, селекция және тұҚым шаруашылығЫ (оқулық) алматы 2007



бет20/22
Дата10.06.2017
өлшемі11,93 Mb.
#18540
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Құрғақшылыққа төзімділікті бағалаудың егістік тәсілі.

Егістік тәсілдін көмегімен сорттардың құрғақшылықта төзімділігін тек кана құрғақ жылдары бағалауға болады.

өсімдіктің құрғақшылықта төзімділігін анықтау үшін "қолдан жасалған құрғақшылықты" тәсілін қолданады. Зерттеуге алынған сорттарды қолдан құрғақшылық жасау арқылы бақылаймыз. Ол үшін зерттеу аяқталғанан дейін, әрбір жаңбыр жауардың алдында бөлшектің бетін жауып, соңынан ашып отырамыз. Міне, осы кезде бұл сорт үшін табиғи құрғақшылық пайда болады.

Ауруға төзімділігін бағалау

Ауруға қарсы күресте агротехникалық және химиялық жолд армен қатар, төзімді сорттар шығарудың да маңызы өте зор. Селекциялық материалдардың ауруға төзімділігін зерттегенде, көбінесе, оларға қолдан ауру егу тәсілі қолданылады.

Сорттарды бағалағанда арнайы ауру жиынтырақтын питомниктерде тәсілін пайдаланады.

Тат ауруына төзімділігін бағалау.

Белгілі бір климаттық жағдайда тат ауруы жиі рі өте қатты байқалса, сорттық төзімділігін оның шалдығу дәрежесі бойынша егіс алқабында анықтауға болады. Егер мұндай жағдай болмаса, қолдан ауруға шалдықтыру бетінде тат дақылдарының көлемін процентпен есептеу арққылы анықтайды (25-26-сурет).



Астық дақылдарының тамыр шірігіне төзімділігін бағалау. Тамыр шірігі - астық дақылдары үшін бірден бір зиян келтіретін, кең тараған аурудың бірі.





26 сурет бидайдың қоңыр тағымен зақымданғаның анықтауға арналған


Селекциялық материалдың бұл ауруға төзімділігін бағалауды әдеттегі жағдайда, eric алқабында немесе арнайы инфекциялық питомниктерде жүргізеді. Ол үшін дақыл толық пісіп жетілген кезде әрбір сынақ нөмірінен осы ауруға шалдығыдан өсімдікті сабағынан ұстап жалып тастайды. Бұл кезде, егер өсімдік толық зақымдалса, топырақтан жеңіл суырылып алынады, ал зақымданбаса сабағынан жолынады. Топырақтан суырылыл алынған өсімдіктің саны бойынша сынақ нөмірінің закымдану деңгейін анықтайды.

Зиянкес жөндіктерге төзімділігін бағалау



Өсімдіктің зиянкестерге төзімдшгі дегеніміз - оның жөндіктермен зақымданған мүшелері мен тканьдерін қалыпқа келтіру мүмкіндігі немесе зақымданбау қасиеті.

Ауыл шаруашылық дақылдарының әр түрлі сорттарының зақымдану ерекшеліктері мынадай себептерге байланысты:



1 .Анатомиялық-морфологиялық ерекшелігі.

  1. өсіп-жетілу ерекшелігі.

  2. Сорттардың зақымдалған мүшелері мен тканьдерін калыпка келтіру мүмкіндігі.

4.Өсімдіктердің тканьдері мен мүшелерінің биохимиялық құрамы жөніндегі ерекшелігі.

Көптеген өсімдікгердің жекелеген органдары мен тканьдері өзінің құрылысы бойынша жәндіктердің қоректенуіне немесе зақымдануына кедергі келтіретін мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, кейбір сорттар өзінің өсіп-өну кезеңінде жәндіктердің көбею уақытынан кеш немесе ерте өтіп аз зақымданады. Мысалы, арпа немесе жаздың бидай сорттары өзінің шығуы және түптенуі кезеңі бойынша швед шыбынының жұмыртка салу уақытынан ерте өтеді де, бұл зиянкеспен аз зақымданады.

Сорттардьщ төзімділік дәрежесін зақымдалған өсімдіктің орташа немесе белгілі бір көлемдегі (1м 2) зиянды жәндіктердің саның есептеу арқылы анықтайды. Ал, дәннің ішінің зақымдануын егісгіктен алынған өсімдік дәнін лабораторияда тексеру арқылы анықтайды.

Ауыл шаруашылық дакылдарын өндіруді толық механикаландыру үшін, әрбір жаңа дақыл осыған сай белгілер мен қасиеттерге ие болуы тиіс. Дәнді дақылдар үшін оның жатып қалуға және тігілуге төзімділігі басты көрсеткіштің бірі больш табылады.



Жатып калуга тевімділігін бағалау. Дәнді дақылдың жатып қалуы оны механикалық жолмен жинауды қиындатуымен катар, көптеген шығынға ұшыратады.

Инт Кенсивті сорттар үшін бұл көрсеткіш міндетті талап болып табылады.

Дәнді дақыддардың жатып калуын екі түрге бөледі:


  1. дақылдардың сабақтан жатып қалуы;

  2. тамыр түбінен жатып қалуы.

Бірінші жағдайда өзінің бойынан майысса, екінші жағдайда сабақтың түбінен майысады.

Сорттың жатып қалуға төзімділігі мен төзімсіздігі оның сабағының анатомиялык құрылысына байланысты болады. Жатын қалуға төзімді сорттардың тамырлары жуан әрі берік, жан-жаққа шашырап тараса, ал жатып қалуға бейім сорттардың тамырлары тігінен тарайды да, механикалық тканьдері нашар жетілген болып келеді.

Селекциялық материалдардың жатып қалуға төзімділігін егіс жағдайында бес балдың көрсеткіш бойынша анықтайды. Жатып қалу байқалмаса 5 балл, аздап байқалғанда (сабағы кішкене майысса) 4 балл қояды. Егер сабақтын топырақ бетімен арадағы бұрышы 45 жуық болса 3 балл, қатты жатып қалғанда 2 балл қояды. Егінді механикалық жолмен жинауға мүмкін болмай өте катты жатып калғанда 1 баллмен бағаланады. Төзімділікті 9 баллдың көрсеткішпен былайша бағалайды: 1-өте төмен, 3-төмен, 5-орташа, 7-жоғары, 9-өте жоғары.

Дәннің төгілуіне төзімдіаігін бағалау. Сорттық төгілуге төзімділігін анықтайтьш өте қарапайым ері кең тараған тәсілі - оны егіс алқабында, өсіп тұрған кезінде бағалау болып табылады. Ол үшін әрбір 5, 10 және 15 күн сайын зерттеу жүргізілген бөлімшеден масақтар алып, ондағы тегілген дәнің есептеп процентін шығарады.

Өн Лімнің сапасын бағалау. Кез келген сорттың шаруашылықтың құдылығы тек кана белгілі бір жерден алынған өнімнің көлеміне қарап емес, сонымен катар оның сапасымен де анықталады.

Өн алуға арналған астық тұқымдастарының дәндері (бидай, қара бидай және т.б.) жақсы ұндық-нандық қасиетке ие болуы тиіс. Оларды бағалау үшін 1000 дәннің салмағы, өзіндік салмағы, пішіні, мөлшерлігі, нан пісіретін сапасы сиякты белгілерін пайдаланады.

Ұнның нан пісерлік қасиетін бағалағанда 100 г ұннан шыққан нанның көлемі, піскен нанның сыртқы кескіні, түсі, дәмдік сапасы бойынша анықтайды. Бидайдың барлық сорттары дәннің сапасы бойынша мынадай үш топқа бөлінеді: А-е жоғарғы сапа; В-орташа сапа, С-төменгі сапа.

Күріштің сапасын бағалағанда ен алдымен оның мөлдірлігіне, пішіні мен үлкендігіне назар аударылады.

Талшықты дақылдардың (кенеп, жұт т.б.) сапасын талшықтық ұзындығы, жіңішкелігі, беріктігі, жұмсақтығы сияқты көрсеткіштері бойынша анықтайды. Талшықтық тәсі ашық болтан сайын, ол сапалы болып еептеледі.

Тамыр жемістілер мен түйнек жемісгілерінің сапасын бағалағанда түйнектегі крахмалдың проценті, дәнде өзара сақталуы, қант қызылшасында қанттың құрамы есепке алынады.

3.11 Селекциялық процестің техникасы және оны ұйымдастару

Жаңа сорттар шығару процесі ерекше селекциялық әдістерді (будақдастыру, сұрыптау жұмыстарын жүргізу, алынған материадды бағалау) қолданумен және өнімді егу, күту, бақылау, жинау кезіңде бірсыпыра техникалық тәсілдерді пайдаланумен байланысты мәселелердің үлкен жиынтықтын камтиды. Бұған сондай-ақ учаскені таңдау және оны селекциялык жұмыстарға дайындау, сорттар мен селекциялық нөмірлерді сынау және оларды көбейту, алынған мәліметтерді жөндеу тағы баска да жұмыстарды белгіленген схема бойынша ұйымдастыру мен іске асыру мәселелері кіреді. Селекциялық процесс сорт шығарумен аяқталады.

Сорттар мен селекциялық материалдарды сынау кезінде олар үшін барлық агротехникалық жағдайлар бірдей болуы тиіс (топырақ құнарлылығы, топырақты өндеу, себу нормасы мен тұқымдарды егу терендігі, жер жырту тәсілі және т.б.).

Мүлдектердін көлемі мен мүсіні туралы көп айтылып та, жазылып та жүр. Бірақ мүлдектің көлемі кішігірім болып қайталымы көп болатаны дұрыс. Себебі топырақтың шұбарлық әсері де аз болады. Егер мелдек ұзартылған және ені тарлау болса сол құрлым салыстыру кажеттері азайып артады.

Еш мүмкін болатын ені қысқа мүлдек - ол бір катарда себілген егістік. Әрине ұзартылған мүлдекте техниканы пайдалану тиімділігі болады.

Мүлдектердің көлемі:

- топырақ құнарлығының шұбарлығына, питомниктердің қолданылуына және себілетін дақылдың биологиялық ерекшелігіне байланысты;

- механикалық өндеуді, себуді, өсіріп, кітіп-баптау және орып-жинауды талап ететін технологияға байланысты болады.



Мөлдекте мынадай алаңдар болады:

- сепкітен себілген алаң - жалпы саны;

- есептеу алаңы - зерттеулер, өлшемдер жүргізіліп және өнімді анықтайтан;

- есептелмейтін, бұл егілген молдектің екі ұзын жаынан қорғайды. Питомниктер үшін ұзындығы 5 м, ені 3 және оданда көп катарлы мүлдек керек. Егер ені 3 қатардан кем болмаса, шеткі екі катарды есептемейді, себебі шеткі серлікті жою үшін және озыға қатардың шеттері де есептен алынады.

Казіргі кезде кішігірім техникалардың комбайн немесе сепкіш техникаларын пайдаланудың нәтижесінде сортсынау орталықтарында жаздық дакылдарды 10 ш.м. ал күздік дақылдарды -25 ш.м. молтектерге себеді. Әрине мүлдек көлемі тұқымның молшеріне байланысты. Себебі кейбір гштомниктерде бір катарлы мүлдектердің ұзындығы 1 м дейін болады.

Тәжірибенің нақтылығын (дәлдігін) тек молдек көлемін көбейтіп кана емес, оның қайталанумен арттыруға болады.

Тәжірибенің нақтылығы (дәлділігі) деп - сортсынауда бір сорттан алынған өнімнің барлық учаскеден алынатын онімге сәйкестік дәрежесі. Ол әрине тәжірибе қатесімен орташа сортсынау онімін пайызбен белгіленіп анықталады.

Неғұрлым кателік пен нақтылықта өзіндік көрсеткіш аз болса, соғұрлым тәжірибенің дәлділігі жоғары болады.



Кайталану дегеніміз - бір сорт егілген мүлдектерінің саны. Ол учаске сорт сыналатын әр түрлі кезенде бақылау көрсеткіштерін беріп отырады. Қайталанудың ұлғаюына байланысты тәжірибе дәлдігі артады.

Тәжірибе дәлдігін (орта салыстырмалы қатесін) мына формула бойынша есептеп шығарады: мұнда, Sx – тәжірибе дәлдігі, %; v -вариация коэффициент^ n - кайталану саны. Мысалы, v - 6, 9% болған кезде және п-2 болғанда, тәжірибе дәлдігі 4, 9%-ке тең, ал п-3 болғандығы ол 4, 1% құрайды, ал п-6 болғанда 2, 9% құрайды.



Сорт сынауды қағида бойынша торт дәркін қайталау арқылы жүргізеді. қайталанған мүлдектер санын 6-дан көбірек етіп алған кезде тәжірибе дәлдігі шамалы ғана өседі. Сондықтан сорт сынауда 6-дан артық қайталану қолданылмайды. 3-тен кем кайталанған мүлдектер санымен де шектеліп қалуға болмайды, өйткені тәжірибе дәлдігі кенет төмең дейді де, мәліметтерге статистикалық өндеу жүргізу мүмкін болмай қалады.







29-сурепг. 6 сорты алты дүркін қайталануда шахмат тәрізді етіп, үш қатарға орналастару схемасы



Тәжірибе дәлдігі және сыналатын сорттар саны. Сорт сынауда сорттар неғұрлым көп болса, ол сол құрлым үлкен алаңды алады, барлық тәжірибе мүлдектерін орналастыру қиындай түседі. Егер сорттардың көп мөлшерін сынау керек болса (50, 100 одан да коп), оларды блоктар деп аталатын жеке буындарға топтастырады. Бір блоққа биологиясы, пісуі, биіктігі бірдей ұқсас сорттарды жинайды. Аталған дақылдың барлық сорттарын сынау үшін, әрбір блокқа бақылаушы сорттар себіледі.

Барлық сорттар мен селекциялық нөмірлерді өнімділіне, баска да биологиялық шығарушылығы белгілері мен қасиеттеріне қарал салыстыратын сортты - бақылаушы сорт деп атайды. Бұл салыстыру бірлігі.

Бақылаушы ретінде аудандастырылған және аталған облыстық немесе аймақтық шаруашылыктарында егілетін ең жақсы сортты алады.










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет