Селекциалдық материалдарды көбейту питомнигі
Негізгі сортсынау Тұқым шаруашылығының
пиктомнигі
Динамикалық Экологиялық Конкурстық Өндірістік
сортсынау сортсынау сортсынау сортсынау
Мемлекеттік Алдын ала көбейту
сортсынау
Тұқымдық материалдың көбею дәрежесінің төмендігінен картоп селекциясы ұзақтау болады. Мемлекеттік сортсынауға өткізу үш 2 т картоп түйнегін жинау керек.
3.7 Аллогамды популяциядаға сұрыптау
Аллогамды немесе айқас тозанданатын популяцияларға жүгері, күнбағыс, қант қызылшасы, жоңышқа, капуста т.б. жатады
Егер популяіщяда особьтар мутагендердің немесе сұрыптаудың әсеріне душар болмаса, аллогамды популяциялардың ұрпақтарыда әрбір ген аллельдерінің кездесу жиілігі жөне әртүрлі генотиптердің кездесуі жиілігі тұрақты түрде қалады. Бұл әрине Харди-Вайнберг заңдылығына бағынады. Бұл заңның мағанасы, генотиптің гетерозиготгақ дәрежесі кейінгі ұрпақтарда бірдей мөлшерде сақталады.
Ұрықтанудың өзіндік және популяциядағы генетикалық ерекшеліктеріне қарай аллогамды популяциядағы сұрыптау мына төмендегідей косымша қиыншылықтарға кездеседі.
1. Популяцияда гомозиготты АА, аа генотиптен басқа Аа гетерозиготты генотиптер кездесетін болғаңдыктан, басқа да генотиптің көп болатындығы сөзсіз. Ал егер генотипте доминантты аллель болса, онда фенотип бойынша гомозиготты доминантгы аллельді, гетерозиготты аллельден айыру өте киын болады. Себебі фенотип пен генотиптің арасыңдағы айырмашылықты туғызытан сыртқы ортаның модификациялық әсерінен баска доминантты аллельдің де әсері болуы мүмкін.
2.Аутогамды популяцияда, сұрыпталатын гомозиготты генотип, сондыктан сыртқы ортаға бейімделушілік және популяцияньщ қүрылымы осы генотиптің негізінде жүреді де гетерозиготтық дәреже кемиді.
Аллогамды популяцияда сұрыптау гетерозиготты генотипте жүреді де, ортаға бейімделу осының нәтижесі болады. Тепе-тең аллогамды популяцияда гетерозиготты генотип сакталады, егер ол сұрыптауға душар болса, онда гомозиготты особьтар көбейеді де гетерозиготты особьтар азаяды. Себебі кейбір особьтар өзді-өзі шағылысады да инбридинг жүреді.
Сұрыптау қатал болтан сайын, популяциядағы особьтардың саны азақ береді де, өздігінен тозаңцанған особьтардың саны көбейеді, әрі популяцияның гомозиготты дәрежесі өседі. Осыдан мьшадай екі қорытынды жасауға болады:
Кішігірім аллогамды популяцияда аутогеңді популяциядагы зандыльжтар іске асады да, популяцияда гомозиготты дәреже жоғары болады.
Популяциядагы гомозиготтық дәреженің өсуі инцухт-тоқырауға келіп соқтырады, ол өнім сапасының нашарлауына келіп соктыруы мүмкін.
Аллогамды популяцияда сапалы белгіге жүргізілген сұраптаудың таімділігі, белгі доминантты ма әдде рецессивті ме соган байланысты болады. Мысалы, жүгерінің популяциясында өсімдіктің ұзындыгы генотипен бағаланады (АА, Аа биіктігі) (аа) кьіскалыгы. Егер осы популяция екі ұзын және қысқа бойлы өсімдіктерінің будандарының нәтижесінде пайда болтан болса, онда Меңдельдің зандыльпы бойынша (0, 25 АА + 0, 5 Аа + 0, 25 аа), ягни айтқанда 75% ұзын бойлы, ал 25% қысқа бойлы өсімдіктер құралады.
Осы жағдайда сұрыптауды қысқа бойлы өсімдік алуға бағыттасақ, онда ісіміз онды болады. Себебі қысқа бойлы гомозиготты өсімдіктер көбірек бөлініп шыгады.
Бірақ осы екі селекциялык, бағыт бір-бірінен өзгеше.
Рецессивті генотип бойынша сұрыптау жүргізу өте тиімді болады, себебі кысқа сабақгы (аа) өсімдіктің фенотип бойьшша ұзын сабақтыдан (АА, Аа) аз.
Басымдылық генотипті АА сұрыптап алу өте қиын. Себебі, АА генотиппен Аа генотиптер фенотип бойынша бір-біріне өте ұқсас.
3. Сұраптау тәсілінің дұрыстығы екі жағдайға байланысты болады:
а)Аутогамды немесе аллогамды тозандану;
б)фенотип пен генотиптің бір-біріне сәйкестік деңгейі. 3.7.1 Айқас тозанданатын өсімдіктерді жекелей сұрыптау
Бір-бірімен қайта-қайта тозаңдауына байланысты айқас
тозанданатын өсімдіктерде тек бір рет жекелей сүрыптау арқылы сорт шығаруга болмайды. Айқас тозанданатын өсімдіктер селекция ұсында жекелей сұрыптауды көп қайталап жүргізеді, сонда тандамалы өсімдіктердің өзін бірнеше рет тандайды, ал сүрьштаудьщ жүргізілу мерзімі алға қойылган мақсатқа жеткенше созылады. Көп рет жүргізілген сұрыптау үзіліссіз сұрыптауға да айналуы мүмкін.
Көп қайталанған және үздіксіз жүргізілетін сүрыптаулар арасыңдағы айырмашылықтар салыстырмалы, тек жүргізілетін жүмыстардың ұзақтығына ғана байланысты.
Қантты, майлы, эфирмайлы, дәрілік өсімдіктердің көпшілігінде, олардан алынатын қажетті заттардың мөлшері үздіксіз жақсартатын сұрыптаулар жүргізілмесе тез азаяды. Сондықтан бұл дақылдардың селекция ұсында, көбінесе үздіксіз сұрыптау әдісі колданылады.
20-суретте айқас тозанданатын дакылдарға көп қайталанатын жекелей сұрыптаудың мысалды кескіні келтірілген.
Алғашқы ұрпақтар жиынтығынан шаруашылыққа пайдалы белгілері және касиеттері бар, сапалы өсімдіктерді бөліп алады. Айқас тозанданатын тандалтан өсімдіктердің ұрпақты -туыстар (семья) деп аталады. Жиналған тұқымды келесі жылы селекция питомнигіне туыс-туыстарымен себеді. Туыстас өсімдіктерді бір-бірімен салыстырып, нашарларын шетке
шығарады да, ең жаксы туыстардағы таңдалған есімдіктер тұқымын келесі жылғы селекция питомнигіне себуге әзірлейді. Бұл питомникте де таңдалмалы өсімдіктерді бөліп, нашар өсімдіктер мен туыстарды шеттетіп, жақсы туыстар тұқымын қосады да, салыстырмалы сорт сынау және күні бұрын көбейту үшін егуге өзірлейді. Болашақ жұмыстарды да осы бағытта жүргізеді. Егер саластырмалы сорт сынауда жақсы нәтижелер алынса, жаңа сорттың тұқымын көбейту жұмыстарын қатар жүргізіп, мемлекеттік сорт сынау учаскелеріне жібереді. қажет болғанда жақсы туыстардағы тандамалы өсімдіктерді сүраптауды жалғастыра береді.
Сонымен, осы өдістің негізі - жақсы туыстардан бағалы өсімдіктерді үзбей сұраптау. Көп жылдар бойы жекелей сүрыптау негізінен бағалы көрсеткіштеріне қарап жүргізетін болғаңдыктан, оның нәтижесі бірден-бірге күшейе түсуі мүмкін. Алғашқы сүрыптауға арналған ұрпақтар қоспасында қажетті белгілер мен қасиеттердің көп ұрықтылығы (гетерозиготалығы) бар болса және сұрыптау жұмысы мәнді жүргізілсе, бұл жұмыс жаңа сорт шығару мен анықталады
Өздігінен тозаңданатын және жыныссыз мүшелерімен көбейетін өсімдіктердің жекелей сұрыптаумен алынған таңдамалы өсімдіктері, олардың ұрпақтары арқылы да жоғары дәрежелі дұрыс баға ала алады. себебі, жаңа сорт тек бір өсімдіктің тұқым негізінде пайда болады. Таңдамалы өсімдіктер ұрпақтарындағы кездесетін кемшіліктер сұрыптау кезіндегі жіберілген қателіктердің қорытындысы болып саналады.
Селекциялық жұмыстарда көп қайталанатын жекелей сүрыптаудың негізгі екі түрі пайдаланылады: жекелей туыстар және туысты топтар.
Туыстарды жекелей сұрыптау. Бұл әдісте тандалып алынған өсімдіктердің тұқымдары туыс-туыс болып, жекеленіп, оқшауланған алаңцарға себіледі. Аландардың бір-бірінен ара қашықтығы туыстардың өзара тозаңдануына жол бермейтіндей болуы шарт. Сонда тозандану құбылысы тек аналақ өсімдіктерде ғана емес, аталық өсімдіктерде де белгілі мөлшерде бақылау арқылы жүргізіледі. (21-сурет).
Туыстар ішіндегі айқас тозаңдануға байланысты сұрыптау жүргізілген бағыттағы белгілердің күшейіп жене тез бекуіне жағдай туады. Бұл туыстарды жекелей сұрыптаудың жақсы ерекшелеп болып саналады. Бірақ, осы әдісті ұзақ мерзімде жүргізсе, тозаңдануға өте жақын туыстардың қатысуына байланысты, өсімдіктер өнімінің төмендейтіндігі (депрессия) байкалады.
3.7.2 Туыстарды топтал сұрыптау
Жақын туыстардың ұзақ мерзім бойына өзара тозаңдантан өнімінің төмендеу кемшілігі белгілі мөлшерде, туыстарды топтал
сүрыптауда байкалмайды (22-сурет).
Тандалып алынған алғашқы ұрпақтың өсімдіктерін бұл жағдайда, 3-4 өсімдіктен, бірнеше топтарға бөледі. Әрбір топқа кіретін туыстар, өздерінің шаруашылықтық-биологиялық қасиеттерімен және сыртқы белгілері ұқсастығымен біріктіріледі. Соған қарамастан осындай топ бір-бірінен айырмашылықтары бар ұрпақтардың жиынтығы болып саналады. Олардың құрамына әр түрлі дәрежеде тұқым қуалау айырмашылықтры бар осімдіктер кіреді.
37
Туыстар топтары жекеленген, бір-бірінен алшақ орналасқан аландарға егіледі. Бір топқа жататын туыстар катар себіледі, бірақ бөлек орналасады. Сонымен, әр түрлі туыстар тобындағы өсімдіктер ұрпақтары өзара тозандана алмайды да, туыстар тобындағы өсімдіктер айқас тозандана береді. Осы тсте ұрпақтардың тегіс, бірдей касиетке ие болулары жай жүреді, бірақ өте жақын туыстардың өзара тозаңдануы азаяды да, кажетті кдсиеттері мен белгілердің сұрыптау бағытын сактауға, күшейтуге және жинауға жеткілікті мүмкіншіліктер пайда болады.
Айқас тозанданатын өсімдіктерге көп қайталанған жекелей сұрыптауды пайдаланғанда, аталық өсімдіктердің нашар серлерін жою үшін, жартылай сүрыптаудың сапасын тек аналық өсімдіктерде ғана емес, аталық өсімдіктер бағытында да бақылауға болады. Оның негізі тандалып алынған өсімдіктер тұқымын тең екіге бөледі. Біреуін селекция питомнигіне егіп, екіншісін қор ретінде сақтайды. Селекция питомнигіне жақсы өскен, бірақ белгісіз аталықтармен тозаңданған ұрпақтар тұқымын келесі жылы егуге пайдаланбайды. Селекция питомнигін екінші жылы қор ретіндегі сакталған екінші жартысымен себеді. Үшінші жылы питомники өткен жылғы жақсы өсімдіктер ұрпақтарының жарты тұқымымен сеуіп, ең жақсы өсімдіктерді тағы таңдап, жиналған тұқымын тағы екіге бөледі, осылай жылдан-жылға жалғастырылып отырылады. Осындай қайталанған әрбір сұрыптау әдісі, өзінің ұзақ мерзімде жүргізілуіне қарамастан, қажетті белгілердің, жәй қайталанған туыстық сұрыптауға Қарағанда, тез жүруіне әсер етеді. Өзінің осы артықшылығына байланысты бұл әдіс селекциялык, жұмыстарда кең тараған. Ұзақ мерзім ішінде және үзбей жүргізілген жартылай сұрыптау әдісі бір-бірінен айырмашылықтары бар ұрпақтар қосындыларында, қажетті бағытты байқаларлықтай жылжуға жағдай жасайды (23-сурет).
3.7.3 Мезгілді (рекурренттік) сұрыптау
Айқас тозанданатын дақылдарда жаппай жэне жекелей сұрыптаулардың арттықшылықтардың үйлестіруге арналған коптеген іздену нәтижесі мезгілді сұрыптау әдісін пайда болуына себеп болды.
Мезгілді сұрыптау алгашқы ұрпақтардан тұқым куалау қасиеттері жақсы өсімдіктерді тандап, болашакта оларды өзара будандастыруға негізделеді. Осындай (рекомбинация) өзгерту нәтижесінде тұқым қуалау қасиеттері пайда болады да, олар жаңа сорт немесе болашакта сүрыптауды қайталап жүргізудің алғашқы ұрпақ бола алады (24-сурет).
24 -сурет. Мезгілді сұрыптау.
Мезгілді сұрьптаудың бірнеше түрлері бар. Ецкең тараған өсімдіктердің сыртқы құрылысына қарап жүргізілетін кәдімгі мезгілді сұрыптау және жалпы будандасу икемділігіне қарап жүргізілетін сұрыптау.
Жай (фенотиптік) сұрыптау - жаппай сұрыптаудың күрделі түрі, тандалып алынатын өсімдіктерде селекцияға қажетті белгілер айкьш көрінсе жақсы пайдаланылады. Сондықтан бұл әдіс өте терең тұқым қуалайтын белгілерге жүргізілсе ғана тиімді болып табылады.
Тәжірибелік жұмыс Сұрыптау
Сұрыптау селекция жұмысында ең негізгі жұмыс болып есептелінеді.
Селекция жұмысында сұрыптаудың жаппай және жеке сұрыптау тәсілі пайдаланылады
1. Жаппай сұрыптау.
Селекция жұмысында жаппай сұрыптау өсімдіктерге түгел, дәнді-дақылдардың масағына немесе дәніне жүргізіледі.
Элиталық өсімдіктерді сұрыптауда осімдіктердің мына белгілері мен қасиеттеріне көңіл бөлу керек.
1. Жергілікті жердің ауа-райына сай өсімдіктердің биіктігі.
2. Бір өсімдіктегі өнім беретін масақгарьшың саны және олардың бір деңгейге орналасуы.
Жетілмеген масактарының аздығы.
Дәннің төгілмеуі.
Әр түрлі аурулардың болмауы.
Сұрыптап алған өсімдіктердің санын (көлемін) мына төменгі есеп бойынша шығаруға болады.
Мысалы бізге 3 кг тұқым алу керек болса, бір масақтан 1 грамм тұқым аламыз деп есептегенде - 300 масақ сұрыптау керек екен. Егерде орта есеппен бір өсімдікте төрт өнім беретін сабақ бар деп есептесек сонда бізге 750 өнімді сұрыптап алу керек болады. Жаппай сұрыптауды жеңіл түрімен жүргізсе барлық сұрыптап алған өсімдікті біріктіріп жіберіп уатады, ал негізінен асықпай тереңірек талдау жасау керек болса өсімдік жеке-жеке уатылып дәнін картоннан жасалған ыдықа салып оны қолмен ұстап көзбен көру немесе өлшеу аркылы анықтайды да, жақсысып қалдырып, жаманын тастайды. Сүрыптау жұмысында мына белгілер мен кдсиеттеріне көңіл бөлінеді: а) үлкендігі, б) толықгығы, в) бірдейлігі, г) дәннің саны, д) түсі. Дәні үлкен, толық, деңгейі бірдей, дәннің саны көп, түсі сортқа сәйкес өсімдікті қалдырып, осыған сай еместерін алып тастайды. Сұрыптап алынған өсімдіктерді уатып, бәрін бір ыдысқа салып сақталады. Сұрыптап алған өсімдікті тереңірек тексеруді лаборияториялық жағдайда мына төменгі нұсқау бойынша жүргізуге болады. Өнімді сабақтарды әр өсімдіктің өнім беретін сабақтарын санау арқылы білуге болады.
Жетілмеген сабақтарға биіктігі негізгі сабақгары аласа, масақтары толық жетілмегендер жатады. Оны да санау арқылы аныктауға болады.
Жалпы сабақтардың саны өнімді сабақтармен жетілмеген сабақтардың қосьшындысынан шығады.
Сабақтың біркелкісін көз мөлшерімен бағалайды. Ол жақсы, орташа және жаман деп белгіленеді. Жақсы деген баға масақтары бір деңгейде орналасқан. Жаман деген баға масақтары бірнеше деңгейлерде орналаскан сабақтарға беріледі. Масақсабағы бірнеше бөлшектерден тұрады. Масақ сабағының ұзындығын линейка арқылы бір басынан екінші басына дейін өлшеп береді. Масақ бөлшектерінің санын қондырма масақтарын санап шығару арқылы анықтайды.
Масақтың тығыздығы - масақ бөлшектерінің санын оның ұзындығына бөлу арқылы шығарады. Сирек дегеніміз 3, 2, орташа 3, 5, тығыз 4 және одан жоғары.
Бір масақгағы дәннің саны мен салмағын масакты уатып дәннің санын санау, салмағын таразыға өлшеу арқылы білу керек. Бір өсімдіктегі дәннің саны мен салмағын жоғарыдағы айтылған тәсілдермен шығару керек.
Дәннің толықтығын, бірдейлігін көзбен анықтайды. Дәннің толық, кедір-бұдыр, уақ болуы мүмкін. Дәннің түсі сары, қоңыр, ақ, көк болады.
Дәннің мөлшері - ұзын, орташа, қыска болады. Дәннің пішіні - ұзынша, сопақтау келеді. 2-ші кестенің 15, 16 қатарындағы көрсеткіштер арқылы 1000 дана дөннің салмағын білуге болады.
Өсімдіктің биіктігін ең ұзын сабактағы тамырының жоғарғы жағынан, өсімдіктің ең ұзын сабағының қасына дейінгі ұзындығын олшеу аркылы табады. Кестедегі 6 және 23 катардағы жарақаттануы мен зақьшдануын көзбен коріл, жоқ болса жоқ деп бар болса неден болғаньш аньгқгайды.
Осы жоғарыдан корсеткіштердің бәрін анықтап болғаннан кейін әр осімдікке баға беріледі. Қайсысьш тұқымға алып калу керек, қайсысын жаратпай тастау керек. Ондай шешімнің қорытындысы кестенің 24 қатарына жазылады.
//. Жекелей сұрыптау.
Жекелей сұрыптаудың жагшай сұрыптаудан айырмашылығы сүрыптап алған элиталық өсімдікті бір-бірімен біріктірмейді. Жеке-жеке уатып, жеке сақтап, себу кезінде әр питомникке жеке-жеке себеді. Бұл сұрыптау тәсілі қазіргі кездегі селекцияның ең негізгі тәсілі болып есептелінеді.
Өсімдікті бағалау
|
Ең жақсы өсімдікті бағалау
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
Өсімдіктердің қатар саны
|
Өнім беретін сабақтар
|
Жетілмеген сабақтар
|
Жалпы
сабақтар
саны
|
Сабақтардың біркелкілігі
|
Кінәраттармен және зиянкесерлермен жарақаттану
|
Достарыңызбен бөлісу: |