Геометрия, 8 сынып, 3 тоқсан
Реті:49
Күні:
Сабақтың тақырыбы: Тік төртбұрыштың ауданы.Есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Тік төртбұрыштың ауданын білу
Дамытушылық: Тік төртбұрыштың ауданына қатысты есептер шығару барысында формуланы дұрыс қолдана білуі, берілген төртбұрыштың кескінін дұрыс сала білуі.
Тәрбиешілік: жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру
Өткенді қайталау
Практикалық бекіту
Үйге тапсырма беру
Қорытындылау, бағалау
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, сабаққа ынталандыру
Өткен сабақты қайталауға арналған сұрақтар:
Тіктөртбұрыштың ауданы
Квадраттың ауданы
Практикалық кезең:
№213
Тіктөртбұрыш тәріздес жер телімінің ұзындығы 242,5м, ал ені 81,6м. Жер телімінің ауданын тауып, оны гектармен және армен өрнектеңдер.
№214
Тіктөртбұрыш тәрізді жер телімінің ауданы 80га, ұзындығы 2км. Оның периметрін есептеңдер.
№215
Егер тіктөртбұрыштың қабырғаларының қатынасы 5:7, ал ауданы 140дм болса, қабырғалары неге тең?
№216
Периметрі 96дм, ал ауданы 540дм2 тіктөртбұрыштың қабырғаларын табыңдар.
Үйге тапсырма:
§18/оқу/, 23 теореманы дәлелдеу
Қорытындылау, бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |