Александрдың жорықтары: Дүниежүзілік державаның құрылуы.
Сонымен, 334 жылдың көктеміндеАлександр әлі де жуасымаған тылын қорғауға ұрыстарда ысылған Антипатрды басшы етіп өз әскерлерінің бір бөлегін Македонияда қалдырдыда, өзі 30 мыңдай жаяу әскер және 4 500 дей атты әскермен Азияға аттанды.
Македониялықтар мен парсылардың бірінші ұрысы Пропонтидаға құятын Граникөзенінің Геллеспонт жағасында (334 ж.) болды. Мұқиятты Мемнонның кеңесіне көнбей, парсылар ұрыста жеңіліске ұшырады. Мемнон македониялықтармен бетпе-бет соғыспай, оларды елдің түкпіріне еліктіру керек деп ұсынған болатын. Кіші Азия сатраптары елдің күйзелуінен қорқып, бұл ұсынысты қабылдамады және қолма-қол соғысу керек деді. Парсы атты әскері шегіндіріліп тасталды, көбі бытырап кетті немесе қолға түсті. Алдыңғы саптағы грек жалдамалы әскері ұрысқа қатыса алмады. Александр оларды қоршап алып, бір бөлігін кырғынға ұшыратып, бір бөлігін ( 2 мыңдай адам) тұтқынға алды, бұларды жалпы грек ісінің, яғни парсыға карсы күресте опасыздық жасағандар деп жариялап, құлға айналдырды да, Македонияға ауыр жұмысқа жіберді. Граник жанындағы ұрыстан кейін Александр Сардыға бет алды, ол ұрыссыз берілді. Парсы сатрапиялары Фригия мен Лидия енді Александрдың қолына түсті. Грек калаларының көпшілігі ұрыссыз бас иді. Александр тек Милет пен Галикарнаста ғана Парсы патшасының қызметіндегі грек жалдамалы әскерлерінің қарсылығына кез келді.8 Грек қалаларының бәрінде жаппай бостандық жарияланып, демократия қайта орнатылды. Сөйтіп Парсы өктемдігінің ауыртпалығындағы эллиндік халықтардың көпшілігі Александр жағына тартылды.Александр Галикарнасты алғаннан кейін Кіші Азияның ішкі облыстарын бағындырды, Таврдан етіп, Тарсты алды, мұнда ауруына байланысты, оған бөгелуге тура келді. Тарстан Александр жаға бойымен Сирияға қарай бет алды. Көп қол жинаған Дарий Александрдың тылындағы Исса қаласының тұсында, Пинар сағасындағы бекініске ие болып, Александрды негізгі базасынан бөліп тастады. Бұл жағдайды естісімен Александр Иссағабет берді, онда Александр мен Дарий қатысқан ұрыс болды. (333 ж.)
Патшаның өзі бастаған македониялықтардың батыл шабуылы Дарий басқарған парсы армиясының сол жақ. қанаты мен орта шебін үрейлендіре бастады. Дарийдің жансауға іздеп, майданды тастап қашуы ұрыстың барысына әсер етті. Ұрыстың бас кезінде оң жақ қанаттағы Дарийдің жалдамалы грек әскері мен парсының атты әскерлері македониялықтарды тықсыра бастаған еді. Александрдың бұл жаққа жіберген көмегі және патша қашты деген хабар ұрыстын, тағдырын шешті, Парсы әскерлері асығыс түрде шегінді. Александрдың қолына көп олжа түсті, ол Дарийдің. лагерін алды. Парсы патшасының анасы, әйелі және балалары қолға түсті. Дарий шегініп Евфраттан өтті, ал Александр Финикияға қарай бет бұрып, Финикияның жағасындағы қалаларды (Арад, Библ, Сидон) алды. Сол кездің өзінде-ақ едәуір эллиндендірілген жағалаудағы қалалардың көбі македониялықтар жағында болып, парсыларға қарсы тұрды. Ескі финикиялық халықтар мәнін жоғалтып, грек ықпалына бағынды. 8
Финикия қалаларының Македония жағына өтуінде Исса түбіндегі ұрыстан кейін Парсы флотының ыдырауы шешуші роль атқарды. Парсы флотының ең, жақсы деген Финикия мен Кипрдегі кемелері Александр жағына өтті. Бұған дейін ешбір роль атқармаған Македония флоты осыдан бастап Эгей теңізінде үстем болды.
Александрға көбірек қарсылық көрсетіп, Македония армиясы мен флотының алға басуын көп уақыт бөгеген Финикияның ертедегі Тирқаласы болды. Тек жеті ай коршаудан кейін, 332 ж. ғана қала құрылықтан да, теңізден де алынып, аяусыз талқандалды; 8 мың тирлықтар ұрыс үстінде өлді, 30 мыңы құлдықка сатылды. Тирдан кейін көп кешікпей Финикияның екінші күшті қаласы Газаалынды.
Бұдан кейін Александр Египетке аттанды, бүкіл қыс бойы сонда болды. Александр Египетте Амон деген храмы бар Сива оазисында болды. Александр Амон храмының абыздарына жылы жүз көрсетіп, сыйлықтар берді. Оған алғыс ретінде абыздар Александрды күннің ұлы және ертедегі фараондардын заңды мұрагері деп жариялады.9
Александрдың Египеттегі өте маңызды жұмыстарының бірі Эллин дүниесінің экономикасы мен мәдениетінің басты орталығына айналған жаңа қаланы — Александрияны (332 ж.) салу болды. Бұл аса қуатты эллин мемлекеті Египет астанасы-Александрия Шығыс Жерорта теңізі өңірінің аса ірі порты, сауда, қолөнер және мәдени орталық бола отырып, сән-салтанаты жарқыраған орталық кварталдарымен бірге, жер кепе үйлері де болды, оларда ерекше ардақталған әдетте македондықтар менгректерден тұратын, азшылыққа-александриялық азаматтарға қызмет ететін түрлі тайпалы еңбекші кедейлер тұратын.
Патша сарайы да Александрияда болды.
331 жылдың көктемінде Македония армиясы Палестина мен Финикияны басып, Месопотамия мен Вавилонға қарай беттеді. Ертедегі Ниневияға жақын Гавгамел деревнясында македониялықтар Дарий әскерлеріне кездесті және қан тегіс ұрыста (331 ж.) оларды шығысқа, Парсияның түкпіріне ығыстырып тастады.
Персияның көп әскерлері талқандалды, ал Дарийдің өзі Мидияға қашты.
Плутарх көптеген мемуарлық материалдермен сол замандағы басқа да еңбектерге сүйеніп жазған Александрдың өмірбаянында Гавгамел түбіндегі ұрысты да суреттеді. Онда:
«Александр талқандалған әскерлерді Дарий тұрған орталыққа қарай қуды. Александр оны алыстан алдыңғы саптағы патша эскадрондарының ортасындағы биік арбаның үстінде көрді; ол сымбатты және денелі адам еді, оның арбасын жалт-жұлт еткен; қарулары бар, қалың сап түзеп, дұшпанға соққы беруге әзір тұрған атты әскерлер қоршап тұрды. Александр жақыннан шабуылменбас салып, олардың үрейлерін ұшырды. Ол қашқан әскерлерді сапта қалғандарға қайтарып, қуып тастап отырды. Зәресі ұшып шошынған Дарий әскерлерінің көпшілігі қаша жөнелді. Бірақ олардың ішіндегі ержүректілері және даңқтылары патшаның көз алдында өліп, бірінің үстіне бірі топырлап құлаумен қуушыларға бөгет жасады. Олар өліммен алпарысып, аттағылар мен атқа жармасуымен болды».10
Парсының ең маңызды калалары Вавилон, Сузы жеңушінің. қолына орасан зор байлықтарымен түсті. Македония армиясы Персия патшалығының тылына тоқтаусыз өтіп жатты. Македониялықтардың қолына соңғы түскен ірі қала Персеполь болды,онда жеңушілер 120 мың талант олжа түсірді. Мұндай қазнаны тасу үшін мың пар қашыр және үш мың түйе керек болды.
330 ж. Македония әскерлері патша сарайын тонап, өртеп болғаң соң Персепольді тастады да солтүстік -батысқа, Мидиядағы Экбатанағабет алды. Дарийдің ізіне түсе отырып, Экбатанадан шығып, жолы қиын таулы аудандар мен шөл далалардан өтіп, тез жүріспен Каспий қақпасы арқылы Парфия мен Бактрияға қарай өтті. Александр қанша күш-қайрат жұмсаса да Дарийді қолға түсіре алмады. Бактрия сатрапы Бесс бастаған астыртын әрекетшілер Дарийді қолға түсірдіАлександр жақындағанда, қолға түскен Дарийді өлтіріп, Бессті Артаксеркс IV деген атпен Парсы патшасы етіп жариялады. Бессті ұстау үшін Александр. көп күш жұмсады. Серіктері тастап кеткен Бессті Александрдың атқосшысы Птолемей Лаг ұстады. Бактрияның көрнекті аристократтарының съезінде өзінің патшасы және билеушісі, туысы және қамқоршысы Дарийді өлтірген Бессті айыптаушы болып Александрдың өзі сөйледі. Съезд Бессті Парсы салты бойынша азаппен дарға асуға үкім шығарды, ол үкім Экбатанада орындалды.
Дарийдің өлуімен Ахемнидтер династиясы жойылды. Жергілікті династияның тоқталуына байланысты Парсы патшалығының тағына мұрагер іс жүзінде Македония патшасы болды.
Македония мен Парсы бір патшалық болып қосылды және соның нәтижесінде Македония патшасы «Ұлы патшаға», Ахеменидтердің заңды мұрагеріне айналды. Оны еңалдымен, патшаның достары мен серіктерінен онын қызметшісіне айналған Македония гетайрлары сезді. Онымен бірге Александр жағына шығып, Македония патшасы төңірегіндегі шығыс әдет-ғұрыптарын орнатушы Парсы сатраптарының әсері де күшейді, бұл жағдай бостандық сүйгіш Македония шонжарларын қорлайтын еді.
Александр мен оның гетайрлары арасындағы астыртынәрекетпен ұштасқан келіспеушіліктердің себебі осында еді. Патша Шығысқа қарай жорықты жүргізе беру керектігін тілесе, ескі Македония шонжарлары жорықты тоқтатуды және патша төңірегіндегі парсыларды қууды талап етті. Александр бұған көнбеді. Грек-Македония оппозициясының алғашқы жасырын әрекеті Парменион мен оның ұлы Филотты өлтіруге әкеліп соққан 330 жылғы астыртын әрекетболды. 328 жылы патша сауықтарының бірінде Александр ашу үстінде Граник түбінде оның өмірін сақтап қалған, өзінің ең жақын досы Клиттіөлтірді. Клит патшаны парсылармен дос болғаны үшін сөккен еді.
Шығыс облыстарын жаулап алу созыла берді. Бактриядан Александр Согдианаға беттеді. Окстан (Амудариядан) өтіп, Мараканда (казіргі Самарканд орнында) арқылы солтүстік-шығысқа, Яксарта (Сырдария) өзеніне қарай шықты. Яксарта бойында кең алапта тұратын және Парсы шекарасында ұдайы тыныштық бермейтін сақ тайпалары тұрушы еді. Александр Парсы патшалығыиың солтүстік-шығыс ауданы Фергана аңғарына жетті, бірақ оның тылында жаулап алған Согдиана облыстарында жерглікті сақ тайпалары — массагеттер, дагтар, және баскалар қатысқан үлкен көтеріліс басталды. 12
Орта Азия халқының Македония басқыншыларына қарсы қозғалысын баскарушылардың бастысы бұған дейін Бесске көмектескен согдианалық Спитамен болды. Александрдың кіші-гірім қалаларда қалдырған, бұрын парсылардың көшпелі халықтарымен күресте тірегі болып келген әскерлерін көтерілісшілер талқандады. Спитамен асқан қуат жұмсап, ерлік көрсетті: ол Александрдың Мараканда да қалдырған бірсыпыра әскерлерін қамауда ұстады. Александр жіберген отряд жақындағанда ол айла қолданып, қамауды тастап кейін шегінген болып, соңына түскен Македондықтарды тосып алып, қырғынға ұшыратып отырды. Одан кейін Мараканданы қайтадан қоршауға алатын болды, тек Маракандаға Александрдың өзі жақындағанда ғана Орта Азия аудандарына кетті, мұнда оны массагеттер қолдады. Александр көтеріліс жасаған согдияналықтарды аямай жазалады, бірнеше мың адамды өлім жазасына бұйырды.
Александр 329/28 ж. қысын Бактрияда өткізді. Бұл уақытта согидияналықтар таудағы ауылдарда, шекарадағы қалаларда жиналып, көтеріліске әзірленіп жатты. 328 ж. көктемде Александр қайта Маракандаға келіп, бөлініп шыққан аудандарға шабуыл жасап оларды қайтадан бағындырды, одан соң Согдиананы билеушінің, бастауымен Спитаменге қарсы арнаулы отряд жіберді. Спитамен жеңіліске ұшырады, согдияналықтар мен бактриялықтар оны тастап кетті, ал массагеттердің басшылары оның басын кесіп алып Александрға жіберді.
Орта Азия халықтарыньң қарсылығы осында Александрды екі жыл бөгеді. Ол Согдиянада өзіне бағынышты патшалық құрды және басып алған патшалықтың басқа аудандарын көшпелі халықардың шабуылынаң қауіпсіз етіп, өзінің жорықтарын жүргізе беруге мүмкіншілігі бар еді.
Солтүстікке жорық жасаудан Александр бас тартты, ал батыс (европалық) скифтердің өздері Александрға достық және одақ шартын жасауға өкіл жіберді.
Сонымен, македониялықтар үш жыл ішінде (330—327 жылдар) бұрынғы Парсы патшалығының шығыс облыстарын жаулап алып, Индияның шекарасына жетті. Шығыс сатрапияларын (Арианыны, Дрангианыны, Арахозияны және Бактрияны) жаулап алу үшін Александрға көп күш жұмсауға тура келді және өте қымбатқа түсті. 13
Шығыс сатрапияларының жағдайы батыс сатрапияларына қарағанда мүлде езгеше еді. Кіші Азияда, Финикияда және Египетте македониялықтарды Парсы езуінен құтқарушы деп есептесе, ал шығыс оларды тонаушылар және бүлдірушілер деп таныды. Жаулап алынуға ұшыраған бұл тайпалардың (массагеттер, сақтар және басқалардың), Александрдың аяусыз басуына қарамастан, жиі кетеріліс ашуы осыдан еді. Көтерілуші тайпалармен күресу үшін және жаулап алған облыстарды қорғау үшін. қамал қалалар Александриялар(Ариана Александриясы, Кавказ Александриясы, Шеткі Александрия және басқалар) салынды.
Парсы монархиясының ең шеткі шығыс сатрапиясы Индия тайпалары тұратын Паропамис еді. Инд өзенінің арғы бетінен бастап бір-бірімен өлгенше өштескен Индия патшаларының (раджаларының) иеліктері нағыз Индияныңөз жері басталатын еді. Александр бұл өштесуді пайдаланды да Индияға жорыққа шықты. 327 ж. көктемде жергілікті халықтармен толықтырылған Македония армиясы Индия дүниесіне, Инд өзенінің саласы Гидаспа бойындағы Пор деген патшаның иелігіне кірді. Александр Порға елші жіберіп, оның Македония патшасына бағынғандығын мойындап, алдына келуін білдірді. Пор бұл талапты қарсы алмады. Бұдан кейін Македония армиясы патшанын, өзі және оның қолбасшылары — Птолемейдің, Селевкінің, Лисимахтың, Пердикканның, Гефестионның және басқаларының бастауымен Гидаспаға қарай аттанды. Қатты ұрыс үстінде Пор талқандалып, кеп адамдарынан, пілдерінен және соғыс құралдарынан айрылды. Бүл ұрыста македониялықтар 70 мың адамды қолға түсірді деген аңыз бар.
Македониялықтар шығысқа қарай қозғалысында Гифасис өзеніне дейін жетті. Табиғат құбылысы мен армия халінің орасан қиыншылықтарына байланысты, Индияның түпкіріне қарай жылжый беруге, тіпті мүмкін болмай қалды. Тропикалық жаңбырлардың маусымы басталды, өзендер тасыды, оның үстіне армияның жүретін жолы улы жыландарға толы еді, әскерлер ішінде жұқпалы аурулар жайылды. Армия ыдырай бастады, оның саны өте азайып кетті. Әскерлер ішінде ауру, жаралы адамдардың және мүгедектердің саны көбейді.
«Дүние жүзін жаулап алушылардың» не мылтықтары, не киімдері болмады, киімдері жалба-жұлба, жалаңаяққа айналды, ал ең қиыны, тыйтығы жетіп шаршады.
Александрдың Индия жорығын сипаттаған ертедегі тарихшылардың (Арриан, Клитарх, Страбон және басқалар) Македония армиясының жорығын және халін тамаша суреттегені сақталған. Мысалы, солардың’ біреуінен (Клитархтан) мынаны оқыймыз: «Македониялықтардың азғантайы ғана тірі қалды, бұл қалғандарының өзі шектен шығуға жақын еді. Қөп жорықтарда аттардың тұяғы мүжілді, толып жатқан ұрыстар жауынгерлердің қаруларын мұқады. Әскерлердің бірінде де грек киімі қалмады. Варварлық және индиялық олжалардан әлде қалай құрастырған жалба-жұлба киімдер жауынгерлердің тыртық денелерін жабуға ғана жарады. Адамның зәресін алып, дауылдатып аспаннан судай құйған жаңбыр 70 күнге созылды» ./14/
Александр жорықты соза беру керектігін солдаттарға түсіндіруге барлык күшін салды, дүние жүзін түгел бағындырып болғаннан кейін қайтадан Македонияға алып келемін деп уәде берді. Бірақ Александр қандай уәде берсе де әскерлер талабынан қайтпады, сондықтан Александр шегінуге мәжбүр болды. Әскерлер кемеге мінгізіліп, Инд ағысымен төмен қарай жіберілді.
Экспедицияны Неархбасқарды, мұның мінез-құлқы Александрдың мінез-құлқына ұқсас, ержүрек, батыл моряк еді. Экспедиция құрамындағы әскерлердің әртүрлі ұлттан құралуы және көптігі жергілікті тайпаларды таң қалдырды, олар Александрды құдай деп санады.
Экспедиция тоғыз ай жол шегіп, Инд сағасына келіп жетті. Бұл жерде құрметті түрде құрбандық шалып, орасан үлкен той жасағаннан кейін әскерлер екіге бөлінді. Әскердің бір бөлігі Неархтың басшылығымен теңіз арқылы Евфраттың сағасына қарай, ал екінші бөлігі Александрдың басшылығымен Гедрозия шөлін (қазіргі Белуджистан), Карманияны, Персиданы басып, Вавилонға жол тартты. Александрдың елсіз және шөлді Гедрозияны басып жүруінің өзі оның Неарх флотилиясымен байланыс жасап тұруының, оны оқтын-оқтын азық-түлікпен жабдықтап отыруының қажеттілігінен болған еді.
Шөлді басып жүру өте ауыр болды. Македония армиясы бүл кездің өзінде-ақ ыдыраған болатын. Ал шелден өтер кезде солдаттар толып жатқан қыйыншылықтарды: судың жетіспеушілігін, аштықты, үйренбеген климаттан азап шегушілікті, әртүрлі ауруларды, жыланның шағуын, дұшпандар мен жабайы аңдардың шабуылын т. б. бастарынан кешірді. Тазалық бөлімдерінің жұмысы тоқталды. Аттар және жүк артқан жануарлар ыстық етіп және зорығудан өлумен болды. Солдаттар арасынан үнемі бүлік шығып, жорыққа наразылық пікірлер ашық түрде айтылатын болды. Армияның көңіл күйін көтеру үшін сауықтар, ойындар, жарыстар, мерекелер, ішімдіктер т. б. ұйымдастырылды.
«Мұнда не қалқан, не дулыға, не найза көруге мүмкін емес еді. Бүкіл жол бойы солдаттар бокал және коринф бақырашымен үлкен күбіден шарапты батырып алып, бір-бірінің денсаулығы үшін ішумен болды. Біреулер алға қарай жүрсе, енді кейбіреулер жығылып қалып жатты. Сыбызғылар мен флейталардың дауысы, арфа ойнап, өлең айту кез келген жерде естіліп жатты, бұлардың арасында мас әйелдер де болды. Осындай бейсауат жиһан кезушілердің арасында шегінен шыққан бейбастақтықтың қайсысын болса да көруге болатын еді.
Дионистің өзі осы сапардың ішінде болып, оны бастап келе жатқан сияқты еді».
325 ж. он жылға созылған жорық аяқталды. Александр Вавилонға келіп жетті. Енді оның алдында қарамағындағы орасан көп жерлерді, елдерді, халықтарды тәртіпке келтіру және ұйымдастыру жөнінде орасан зор міндеттер тұр еді. /15/
Александр жорықтарының нәтижесін шығара келе оны былайша тұжырымдауға болар еді.
Александр таққа отыруға тиісті заңды мұрагер деп танылғанмен Македонияда Александрдың билігі жариялана тұрса да, Македония бағындырған грек қалалары мен жергілікті тайпалар, орталық өкіметтің әлсіздігін пайдаланып, одан ажырап, бөлініп кетті.
Демосфен әсем киініп, венок тағып Афины халық жиналысына келіп, Филипптің масатта хабарлады. Афины Македониядан бөлініп шықты. Коринф конгресіне қатысқан басқа да грек қалалары, мысалы, Фивы қаласы, сондай-ақ фракийлер тайпалары, таудағы иллирий тайпалары да бөлініп кетті. Бірақ сол кездің өзінде — ақ Македония құл иеленуші күшті мемлекет болды, оның тамаша армиясы барды, сондықтан Александр бұрынғы иемденген жердің бәрін қайтарып ала алды.
Солтүстік жорығы. Б.ә.дейінгі 335-ші жылы Александр Македонский бөлініп кеткен фракий тайпаларын бағындыру үшін солтүстікке жорық жасауды ұйғарды. Жорық қиын болды. Таулықтар македон жауынгерлеріне таудан ауыр арбаларды домалатып жіберіп отырды, бірақ жауынгерлер жерге жатып, үстерін қалқандармен бүркеп қорғанды.
Македон армиясы фракий тайпаларын жеңіп шықты, тіпті II Филипптің тұсында Македонияға қарамаған жерлерді де ол басып алды.
Александрға Афины мен Фивы бастаған грек қалалары Македониядан бөлініп кетті деген хабар жетті. Бірақ ол ең әуелі Македонияға иллирийлік тайпаларды қайтаруды ұйғарып, Фракиядан Иллирияға жүріп кетті. Мұнда оның жорығы өте қиын болды. Таулар өте биік еді, ал тау тайпалары ержүрек келетін. Арып-шаршаған жорықтан соң Александрға Иллириктерді Македонияға қайтадан бағындыру сәті түсті.
Фивының құлауы. Көтеріліске шыққанан Фивыға қарсы Александр әскерімен беттеді де оларды қоршады. Фивылықтар дұшпанның тірі күшін жою үшін залымдық әрекет жасады. Бір жолы осындай залымдықтан кейін қайтып оралған фивылықтар қақпаны ашқан кезде Македондықтар фивылықтар мен бірге Фивыға басып кірді. Сұмдық қан төгістен кейін Фивы алынды. Фивы тұрғындары қүлдыққа салынды, ал қала тып-типыл қиратылды. Істің былайша болып кетуі басқа грек қалаларының зәресін ұшырды, сондықтан олар Македонияға бағынуды тілек білдіре бастады. Афины да қатты жазалау болады деп жұрт қорықты, бірақ Александр афинылықтарға ілтифатпен қарады, өйткені оның ұстазы философ Аристотель өз шәкіртіне грек мәдениетіне және оның орталығы — Афиныға құрметпен қарауды үйретті. Александр Афиныны көргісі келіп, сонда аттанды, оны жұрт толық бағынышты түрде, жалына — жалбарына қарсы алды.
Парсы жорығына әзірлік. Грецияға өз билігін толық қалпына келтіргеннен кейін, Александр парсыға қарсы жорыққа әзірлене бастады, бұл жорықты әкесі Филипптің жүзеге асыруға сәті түспегенді. Б.ә.дейінгі 334-ші жылы қыс бойы әскерлер жинаумен және оларды оқытумен өтті. Әскерлер фракийлер жағасындағы Амфиполь қаласында жиналды. Александр Македонский армиясының саны көп емес еді. Ол 30 мың жаяу әскерден және 5 мың атты әскерден құралды, бірақ армия жаңа әскери сапқа керемет үйретілген болатын, бұны Әпаминонд әскерін құрлысы негізінде II Филипп енгізген еді. Сонымен бірге Македон армиясының жол салушы арнаулы отрядтары, бекіністе
Достарыңызбен бөлісу: |