«гуманитарлық-заң» факультеті «ӘЛЕУМЕТТІК-гуманитарлық ЖӘне тілдік пәндер» кафедрасы 6В02301 – «Аударма ісі»


Біріншіден, мазмұнның сәйкестігі, аударманың мазмұнындағы олқылықтар деректік қате деп саналып, оның сапасына үлкен нұқсан келтіреді. Екіншіден



бет2/4
Дата30.11.2022
өлшемі38,31 Kb.
#160583
1   2   3   4
Байланысты:
отчет аружан пд

Біріншіден, мазмұнның сәйкестігі, аударманың мазмұнындағы олқылықтар деректік қате деп саналып, оның сапасына үлкен нұқсан келтіреді.
Екіншіден, аудармаға деректік сәйкестіктен басқа да талап-
тар қойылады. Олардың негізгісі – аударма тілінің ереже, заңдылықтарына сай болу. Аударма мәтінде тілдік қателер болса (жазылым жағынан – орфографиялық, сөйлем құру жағынан – синтаксистік, сөздердің септелу, жіктелу жағынан – морфологиялық, сөздерді қолдану жағынан – лексикалық т.б.), ондай аударма да қанағаттанарлық деп саналмайды.
Үшіншіден, жоғарыдағы екі көрсеткіш орындалған күнде түпнұсқа авторының коммуникативтік мақсаты аудармада дәлме-дәл болып шықпаса, оның сапасы төмендейді. Мұндай олқылықтар (түпнұсқа жарық көргенде автордың алға қойған негізгі мақсаты аудармада сәл өзгеріп кетсе) кейбір сөздердің, сөз тіркестерінің, идиомалар мен қанатты сөздердің астарлы мағыналарын түсінбегендіктен, яғни екінші тілді жаратқан халықтың ұлттық
мәдениетін жете білмегендіктен пайда болады.
Төртіншіден, аудармада түпнұсқа тілінің нейтралды, қалжың, ысқақ т.б. реңін сақтауды көздеген жөн. Ол үшін мәтіннің коннотацияларын жеткізу қажет.
Бесіншіден, аударма түпнұсқада белгіленген автордың көзқарасын аудармашы онымен келіспесе де сақтап қалу керек. Олай болмай, мәтіннің жалпы идеясы түпнұсқаға сай болмай, сәл де болса, бұрылып кетсе, оны аударма деп санауға болмайды.
Бұл талаптар, әрине, жалпы, негізгі, аударманың барлық түріне ортақ. Ілеспе аударманың тағы бір жалпы талабы бар. Ол ілеспенің ауызекі тілге негізделетініне байланысты. Нақты айтсақ, ауызекі тіл арқылы қатынас құру дегеніміз сөйлеуші мен қабылдаушының сөйлеу кезінде бірімен бірі байланыста болып, сөйлеуден әсер алуы. Түпнұсқа авторы тыңдаушыларына сөйлеу арқылы қандай әсер етсе, ілеспе аудармашы да өз тыңдаушыларына (аударма тілін қабылдаушыларға) сондай әсер етуі керек.

Біз аударма жанрларының барлық түріне қатысты талаптарды төмендегіше топтастырамыз:


1. Дәлдік. Аудармашы автордың ойын толығымен аудармада жеткізуі тиіс. Мәтіндегі ойлардың негізгі сипаты ғана сақталмауы тиіс, сонымен бірге айтылған ойдың ньюанстары мен белгілері де сақталуы тиіс. Автордың айтқан ойларын жеткізе отырып, сонымен бірге аудармашы өз жанынан ештеңе қосуға, толықтыруға және оны түсіндіруге тиіс емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет