Х. С. Муханбеткалиев 20 ж

бет5/10
Дата25.11.2019
өлшемі1,04 Mb.
#52408
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Исмагулова ЖС менеджмент 4 курс

Әдебиеттер:

  1. Абайдың дүниетанымы мен философиясы.- Алматы: Ғылым, 1995.-1846.

  2. Жұмабаев М."Педагогика" Алматы, Ана тілі, 1992.-1066.

  3. Байтұрсынов А."Ақжол: публ.мақалдар және әдеби зерттеу./ Құрастырған Р.Нұрғалиев.-Алматы:"Жалын". 1991.-4646.

  4. Аймауытұлы Ж."Психология", Алм., Рауан, 1995.-3126.

  5. Баймолдаев Т.М. Педогогический менеджмент и современное управление школой. -Алматы, 2001

  6. Лебедева Н.А.Білім беру мекемелерін басқаруды жетілдіру-Алматы, 1996

  7. Зигерт В., Ланг Л.Руководить без конфликтов. М.:Әкономика, 1990-25с.

  8. Попов А.В.Теория и организация американского менеджмента М –МГУ 1991, с19

9. Тезаурус менеджера социалистического предприятия, М.:1989, с.146

10. Ю.Файоль А.Общее и промышленное управление/Управление - это наука и искусство. М.,1992

11. Орлов А.А. Опыт изучения тенденции развития управления

общеобразовательной школы.М.Педагогика, 1994

12.Поташник М.М. Инновационные школы России: становление и развитие.

Опыт программно-целевого развития. Пособия для руководителей школМ, 1996-293с.

ІЗ.Конаржевский Ю.А.Концепция внутришкольного управления-Алма-Ата,1991.

14.Шәкәрім. Таңдамалы шығармалар, Алматы: Жазушы, 1988-5606. 15.Ыбырай Алтынсариннің таңдамалы педагогикалық мұралары-Алматы

Рауан, 1991.-2006.

Мектеп менеджері іс-әрекетінің теориялық негіздері

Мақсаты:

Мектеп басқарудағы менеджерлік іс-әрекеттің теориялық негіздерін меңгеру және оларды тәжірибеде пайдалану жолдарымен танысу

Міндеттері:

Курс соңында студенттерден күтілетін нәтижелер:

  1. Мектеп менеджері іс - әрекетінің жүйелік – функционалдық моделін меңгереді.

  2. Тәжірибелік іс-әрекеттегі мектеп менеджерінің құзырлық түрлерін ажырата алады.

  3. Мектеп менеджерінің атқаратын қызметтерін өз бетімен айқындай алады және тәжірибеде пайдалану жолдарын меңгереді.

Дәріс мазмұны:

Мектеп басқарудың әдіснамалық негізі ретінде әлеуметтік жүйелерді басқарудағы гуманистік көзқарастар, тұлғаның шығармашылық және кәсіби дербестігін дамыту туралы идеялар; отандық және шетелдік басқару теориясындағы, педагогика мен психологияда ізгіліктік дәстүрлер мен ой-пікірлер, бүгінгі менеджменттің адамға бағытталған әлеуметтік-психологиялық қырларын қарастырудың маңызы артып келеді. Адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатында сақтай отырып, басқаруды демократияландыру және ізгілендіру үрдісінде негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, рухани-адамгершілік қуатын қалыптастыруға назар аударудың маңызы зор.

Мектеп басқару теориясы туралы еңбектерде "тұлға ретінде адамға бағдарланған басқарудың мәні - басты назарды адамға аудару", -деген анықтама беріледі. Мысалы, американдық психолог А.Маслоудың пікірінше, тұлғаның ізгіліктігі мен дамуының бастауы, қайнар көзі қоғамның күшінде емес, тұлғаның өз бойында жатыр. Қоғам оның дамуына не көмектесе, не кедергі келтіре алады.

Оның идеясын зерттеуші, педагог, психолог Карл Роджерс әрі қарай дамыта отырып былай дейді: "Білім берудің басты міндеті - тұлғаның өзіндік танымына, өз проблемаларын айқындай алуына және оларды шешуге өзіндік мүмкіндіктерін пайдалана білуге, сөйтіп өзін-өзі дамытуына көмектесу".

"Тұлға" - адамдар арасындағы өзінің орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам тұлға болып туа алмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады. Тұлга ұғымы- психологиядағы негізгі ұғым, ал оқу-тәрбие үрдісінің ізгілендірілуіне орай педагогикада жиі қолданылатын санатқа айналды. Осыған сәйкес педагогикада "тұлғалық көзқарас тұрғысы" (личностный подход) түсінігі қалыптасты. Ол - педагогтың тәрбиеленушілерге тұлға ретінде бірізді көзқарасы және өзіндік саналы жауапкершілікті субъектіге тәрбиелік өзара қарым-қатынасы. Соңғы кездері Карл Роджерстің психологиялық даму сырттан келетін өзгерістер арқылы емес, тұлғалық қарым-қатынастар мазмұнын өзгерту, жетілдіру арқылы жүзеге асырылатын құбылыс ретінде қарастыратын теориясы кеңінен таралуда. "Тұлғалық-бағдарлы" ұғымы Роджерстің "реrsоп-сепtеrеd" (личностно-центрированное), немесе "риріl-сепtеrеd" (центрирование вокруг ученика), яғни оқушыға бағдарланған әрекеттер туралы еңбектерінен бастау алатыны және оның тұлғаға қатысты "психологиялық және педагогикалық қызметтердің жемісті болуы эмпатиялық қатынасты, яғни өзге адамның жан дүниесіне үңілуді, оны бойындағы барлық касиеттерімен қабылдай алуды, шынайы карым-қатынасты кажет етеді," деген идеялары мектептер тәжірибесінде.

Қазақ тіліндегі педагогикалық-психологиялық сөздіктерде "тұлға-(личность) ұғымы - отандық психологиядағы негізгі ұғымдардын бірі, сонымен қатар, оқу-тәрбие үрдісінің ізгілендірілуіне орай педагогикада да жиі қолданылады" деп көрсетілген, ал "тұлғалық бағдарлы" ұғымы "тұлғага субъектілік көзқарас негізіндегі қарым-қатынас" ретінде түсіндіріледі.

Мектеп басқару жүйесіне оқушы, мұғалім, әкімшілік мүшелерінен тұратын адам ресурстары, оқу-тәрбие үрдісі, түрлі әдістемелік бірлестіктер, өзін-өзі басқару ұйымдары, шығармашылық және ізденістік топтар жатқызылады. Дәстүрлі басқаруда аталған құрылым "басқару субъектілері" және "басқару объектілері" сипатында болып, басқару "субъектіден-объектіге" қарай бағытталады және жүйенің ішкі құрылымдарына сәйкес субъектілік және объектілік сипаттары өзгеріп отырады. Мысалы, оқыту мен тәрбие үрдісінде оқушы объект ретінде алынып, мұғалім оған сырттан ықпал ету субъектілері деп есептелсе, әкімшілік қатынастар барысына мұғалім - басқарылушы объект, ал әкімшілік-басқарушы субъект ретінде карастырылады. Бұл жағдайда дәстүрлі басқару әкімшілік - авторитарлық сипатта болғандықтан оқушы мен мұғалім "орындаушы" қызметін атқарады. Педагогикалық менеджмент теориялары екі негізгі топқа бөлінеді. Бірінші топқа алдын ала белгілеген нәтижеге бағытталған басқару технологиялары жатқызылады. Оларға қызметтік (функционалдык) басқару, жүйелі басқару, ситуациялық тиімділік тұрғысынан басқару, ізденістік адаптивтік басқару технологияларын жатқыза аламыз. Басқару теориясында өзара байланысты әрекеттер мен қызметтердің жиынтығын құрайтын қызметтік басқарудың өзі бірнеше бөліктерден тұрады. Басқару теориясының авторы А.Файоль оны алдын ала болжау, жоспарлау, ұйымдастыру, тәртіп беру, үйлестіру және бақылау деп бөледі. Н.В.Кузьмина оны педагогикалык жүйе ретінде карастырып: танымдық, жобалау, кұрастыру, ұйымдастыру, қарым-катынастық деген бөліктерін айқындай отырып, танымдык бөлікті барлық іс-әрекеттің негізі деп қарастырады.

Басқарудың қызметтік бағытын ұстанатын Ю.К.Бабанский,
В.С.Лазарев, М.М.Поташник еңбектерінде жоғарыда аталған жоспарлау,
ұйымдастыру, басқару, бақылау қызметтері өзіндік біртұтас кұрылымы бар күрделі цикл ретінде қарастырылады. Бүл зерттеулерде басқару қызметтері: ақпараттық талдау, мотивтік-мақсаттық, жоспарлау-жобалау, ұйымдастыру-орындау, бақылау-бағалау, реттеу-түзету болып бөлінеді.

Қызметтік басқаруға қатысты тұжырымдар мен технологиялардың сан алуандығын басқару қызметінің күрделілігінен туындайтын заңды құбылыс деп санауға болады. Біздің ойымызша, басқарудың бұл бағыты өзара байланысты объективті функционалдық қызметтерді орындаумен ғана шектеліп, білім берудегі субъективтік факторларды қамти алмайды. Менеджер басқарудың бұл бағытын негізге алған жағдайда, білім беру үрдісіне қатысушылардың субъектілігіне бағытталған шарттар қосымша түрде жасалуы қажет болады.

Басқарудың бұл тобына менеджердің жүйелік тұрғыдан басқаруы да жатады. Оқыту мен тәрбие жұмысын басқарудың жүйелік сипатын В.С.Ильин, В.В.Краевский, П.И.Пидкасистый, И.А.Колесникова т.б. ғалымдар зерттеген болатын. Осы кезеңде түрлі тұжырымдамалар, оқытудың тиімділігін арттыру жолдары ретінде педагогикалық технологиялар пайда болып, оқу жоспары мен бағдарламалары өзгерістерге ұшырады. А.М.Моисеев, В.М.Монахов педагогикалық жүйе - оқытудың әдістемелік жүйесі - оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері, формасы мен құралдары және оған сәйкестігі дидактикалық үрдістердің жиынтығы деп қарастырады. Жүйелік басқару теориясы бір мақсатқа бағытталып нәтижеге жетудің көп варианттылығы арқылы икемді және өзгерістерге ене алады.

Қызметтік және жүйелік бағыттар басқарудың нақты белгіленген құрылымына негізделіп, оның алгоритмдік тәртібін қатаң сақтауды көздейді. Олардың орындалу жолдары алдын-ала айқындалғандықтан, тәжірибедегі біртектес және қайталанып келетін мәселелерді тиімді жолдармен шешіп отыруға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда басқарудың назары негізінен ұйымдастыру-құрылымдық қызметтерге аударылып білім берудің тұлғалық мазмұны ескерілмейді; басқару қызметін орындау бакылауға бағытталып, педагогикалық үрдіс негізінен "субъектіден-объектіге" құрылады, басқару тәртібі белгілі құрылымнан шығарылмай, педагогикалық әрекеттерді жетілдіру тиісті деңгейден төмен болады.

Мектеп менеджері іс-әрекетінің жүйелік-фунщионалдық негізі -құзыреттілік (компетентность). Оның түрлері ретінде ықпалдастық, (интегративтік), эмоционалдық, перцептивтік, тұжырымдамалық, тәжірибелік сипаттары қарастырылады. Менеджер іс-әрекетіндегі кұзьіреттілік түрлерінің дербес және біркелкі емес көрінісін Н.В.Кузьмина гностикалық, жобалық, құрылымдық, ұйымдастырушылық, коммуникативтік деп көрсетсе, Ю.А.Конаржевский педагогикалық талдау, жоспарлау, мектепішілік бақылау, ұйымдастыру, реттеу қызметтері ретінде қарастырады. В.А.Якунин идеяларды құрау, болжау хабарламасын жинау, шешім қабылдау, орындалуын тексеру, коммуникация, нәтижені бақылау және бағалау, түзету әрекеттерін мектеп менеджерінің атқаратын кызметтері деп есептейді.

Мектеп басқарудың дәстүрлі көзкарасын ұстанушылар оның басты мүддесі ретінде ұжым мүшелерін бір мақсатқа жұмылдыруды, олардың біріккен іс-әрекеттерін ұйымдастыруды негізге алады. Бұл жерде басқару қызметі әр кезең бойынша нәтижелерді алдын-ала нақтылау, оқу жоспарын құрастыру, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыру, оны бақылау мен тексеру секілді әрекеттерден тұрады.

Адамның қоғам дамуына қосатын үлесі, ынта-жігерін ықыласпен жұмсауы басқару арқылы қалыптасқан қарым-қатынас үрдісіне тығыз байланысты. Сондықтан мектеп баскарушы менеджер төмендегі жағдайларды басшылыққа алуы нәтижелі болатыны сөзсіз:

1) адамдарды мақсатты түрде әрекетке жұмылдыру (өйткені ортақ мақсатсыз ұжым қалыптаспайды, адамдардың жай тобы ғана болады;

  1. ұжымның әр мүшесінің қажеттіктерін дамытып, мүмкіндігінше
    оны қанағаттандырып отыру;

  2. адамның дамып отыруына үнемі жағдай туғызу;

  3. өзара қарым-қатынастарды қалыптастыру және әркімнің жеке
    жауапкершілігін арттыру;

  4. басқару үрдісін нәтижесі мен материалдық базасы арқылы ғана
    емес, адамдардың денсаулығы мен қызмет істеуіне қолайлы
    жағдайлар туғызылуы арқылы бағалап отыру.

Ресейлік басқару теориялары мен тәжірибелерін зерделеу барысында менеджер қызметінің түрлі көзқарастар тұрғысынан қарастырылғанын көруге болады. М.М.Поташниктің айтуынша "Басқару - мектептің қалыптасуын, тиімді қызмет етуін және үнемі дамып отыруын қамтамасыз ететін барлық субъектілерінің мақсатты іс-әрекеті".

М.И.Кондаков мектеп басқарудын басқа салалардан өзіндік ерекшелігі бар екенін, өйткені оның барысында "оқу-тәрбие үрдісінің барлық жағын қамтитын ұйымдастырушылық-педагогикалық катынастар жүзеге асырылатынын" атап көрсетеді.

Педагогикалық үрдісті басқарудың аталған сипаты бірден қалыптасып кетпегенін XIX ғасырдағы педагогикалық еңбектерден көруге болады. К.Д.Ушинский педагогикалық үрдісті басқару, оқыту және тәрбиелеу сияқты мектептегі негізгі қызмет бөліктерінің біртұтастығы және өзара бірлігі ретінде қарастыруды ұсынады. Оның айтуынша, мектептің оқушы тұлғасын қалыптастыра алуына ондағы барлық құрамдас бөліктердің өзара қарым-қатынас мазмұны ықпал етеді.

Мектепті педагогикалық үрдіс ретінде басқаруды қарастырған Ю.А.Конаржевский менеджер қызметінің мазмұны оқушылар мен мұғалімдердің әрекеттерін бақылау мен оларға әкімшілік етуден тереңірек екенін дәлелдейді. Оның ойынша, "бүгінгі мектеп үнемі даму үстіндегі күрделі педагогикалық-психологиялық жүйе болып табылады. Баскару үрдісінде мектептің ішкі кұрылымындағы түрлі бірлестіктер мен топтардың өзара қарым-қатынасын, бірлескен қызметтерін, әр адамның мақсатты әрекеттерін реттеп отыру жүзеге асырылады".

Сөйтіп, аталған ғалымдар педагогикалық үрдісті басқару мазмұнын адамды құрметтеу, сенім арту арқылы оқушы мен мұғалімді табысқа жетелейтін, дамып отыруына жағдайлар туғызатын, сонымен қатар, басқарудың біртұтас және жеке бөліктеріндегі жүйелікті, үйлесімділікті қамтамасыз ететін өзара қарым-қатынастар тұрғысынан қарастырады.

Менеджмент негізінде басқару білім беру үрдісіне қатысушылардың интерактивті, субъектаралық қарым-қатынасқа бағытталған әрекеттері арқылы жүргізіледі. Оның бірнеше сипаттарын анықтауға болады. Ізгіліктік сипаты - адамды құрметтеу, оған сенім білдіру, оқушы мен мұғалімге деген тұтастық көзқарас және оларды дамыту бағытын мықтап ұстану.

Дамытушылық сипаты - мектептің үнемі дамып отыратын әлеуметтік-педагогикалық жүйесін көрсетеді, оны дамытудың басты құралы - басқарудың тұлғалық бағдарлылығы.

Демократиялық сипаты - оқушылар мен мұғалімдердің өзін-өзі басқару тетіктерін ұйымдастырудың жүйелі болуын талап етеді.

Сенімдік сипаты басқарудың ізгіліктік және демократиялық болуы педагогикалық ұжым мүшелерінің, оқушылардың өз шешімдері үшін жауапкершілігін арттыратын мазмұн береді.

Құндылықтық сипаты мектеп жағдайына өзінің кәсібилігін жетілдіруге жағдай жасау, оқушыға сапалы білім беруге ынталандыру қызметтері жатады.

Қазіргі білім беру үрдісін басқару менеджер бойындағы тұлғалық өзгерістер және оның кәсіби деңгейін дамыту әрекеттерімен тығыз байланысты. Өйткені, оған қойылатын талаптар оның жеке тұлғалық қасиеттерін, кәсібилігін қамтиды, оның тұлғалық сапасының жалпы адамдар үшін үлгі болуын күтеді. Мектеп басшысының басты міндеті -жоғары деңгейдегі адамгершіліктің иесі болу, өзінің білімі, еңбекқорлығы, адамдарға деген мейірбандығымен, жеке өнегесімен өзгеге үлгі болу.

Басқару қызметіне қажет болатын менеджердің сипаттары:

- педагогикалық білімі;

- психологиялық ұстанымдары;

- кәсіби білігі мен тұлғалық ерекшелігі.

Менеджердің педагогикалык сапаларын төмендегідей бөліктерге бөлуге болады:

Рефлексиялық қабілет - мұғалімнің оқушы тұлғасын, ерекшелігін, сонымен қатар, өзін-өзі тани білу қабілеті, оған өзге адамды түсіне алу, жан-дүниесімен қабылдай алу мен өзге адамның көзқарасы тұрғысынан өзіне сыни қарай алу қабілеттері кіреді.

Конструктивтік қабілет - жобалай, болжай, басқара алу арқылы өзгелерге ықпал ете алу қабілеті, оған өзге адамның әрекеттеріне, тәртібіне ықпал жасай алу және оқушыға оның өз ықыласы мен ынтасы негізінде ықпал ету қабілеттері жатады. Бұл сапалар білім беру үрдісіне қатысушылардың жеке стилін кұрап, өзара қарым-қатынастық, педагогикалық әрекеттердің тиімділігіне ықпал ететіндігі белгілі. Сондықтан менеджердің мектептегі әр мұғалімнің, әр оқушының өзіндік тұлғалық және кәсіби мумкіндіктерін тануы арқылы өзін-өзі дамытуға, жаңа әдістерді меңгеру негізінде оқу-тәрбие үрдісін жетілдіруге әсерін тигізеді.

Менеджмент негізінде басқару менеджер бойында төмендегі қасиеттердің пайда болуына ықпал етеді:

- кәсіби-педагогикалық сипаты: жаңашылдық, шығармашылық,

еңбекқорлық;

- интеллектуалдық сипаты: педагогикалық зейінділік пен бақылау қабілеті, ой биіктігі мен тіл байлығы, логикалық ой-өрісі, терең танымдық, педагогикалық болжау қабілеті, сыни ойлау қабілеті;

- эмоционалдық сипаты: оптимистік, ашықтық, сабырлылық, мейірбандық;

- оқушыға көзқарасының сипаты: ізгіліктік, сүйіспеншілік, талап қоя алушылық, көмек көрсетуге даярлық;

- педагогикалық қызметке көзқарасын білдіретін сипаттары: өз біліміне, тәжірибесіне, білігіне, шеберлігіне сыни көзқарас, өз жұмысы сапасына жоғары талап қоя білу, жауапкершілік, өзін-өзі кәсіби дамытуға, өздігінен білім алуға кажеттіктерінің болуы; оқушылар біліміндегі олқылықтарды зерттеп, түзетудің жолын табуға ұмтылуы; оқушыларға рефлексия арқылы өз білімдерін өзіндік бағалауға, өзіндік коррекциялауға ынталандыруы.
Студенттердің өзін - өзі бакылауға және тексеруге арналған сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Мектеп басқарудың әдіснамалық негіздері.

  2. Тұлға бойындагы ізгіліктік пен өзіндік дамуының қайнар көзі туралы идеялар мен теориялар авторлары?

  3. Менеджер үшін «тұлғалық қарым-қатынас» қаншалықты маңызды деп түсінесіңіз?

  4. Мектеп менеджері іс-әрекетінің жүйелік-функционалдық негізін және оның түрлерін атаңыз? Осы бағыттағы түрлі ғалымдар пікірлеріне шолу жасаңыз (Н.В.Кузьмина, В.ИЯкунин, Ю.А.Конаржевский т.б.)

  5. Мектеп басқарушы менеджердің нәтижелі әрекетін қамтамасыз ететін жағдайларды атаңыз?

  6. Мектепті педагогикалық үрдіс ретінде басқаруды қарастырған Ю.А.Конаржевскийдің пікірі бойынша менеджер қызметінің мазмұны нені қамтиды?

  7. Білім беру үрдісін менеджмент негізінде басқарудың маңызды сипаттарын атаңыз.

  8. Менеджмент негізінде басқару менеджер бойында қандай қасиеттердің пайда болуына ықпал етеді?

  9. Менеджер бойында қалыптастырылуы қажет педагогикалық сапалары қандай?

  10. Менеджер үшін рефлексиялық кабілет қаншалықты маңызды және оны дамытудың жолдарын қалай деп ұғынар едіңіз?

Әдебиеттер:

Баймолдаев Т.М. Педагогический менеджмент и современное управление школой. -Алматы, 2001

Бондаревская Е.В. Личностно-ориентированное образование: опыт, разработки, парадигмы. -Ростов на Дону, 1997.

Дьюи Д."Демократие и образование" Перевод с англ. -М.:Педагогика-Пресс,2001-224с.

Конаржевский Ю.А. Концепция внутришкольного управления. -Алма- Ата,1991.

МаслоуА. Самоактуализация // Психология личности. Тексты.-М., 1982.

Роджерс Карл. Эмпатия: Пер.с англ.// Психология эмоции: Тексты - М. 1984.

Краевский В.В. Проблемы научного обоснования обучения. М.:Педагогика, 1977

Колесникова И.А. О приоритетных направлениях в формировании,стратегии образования на научно-педагогическом уровне.//Образ, политика на рубеже 20-21 веков, часть 3.-СПб:1995.-С.53-.

Бейсенбаева А.А. Теория и практика гуманизации школьного образования: Монография. -Алматы:Гылым, 1998.-225с.

Мұханбетжанова А.М. Интеграцияланған білімдік кеңістікте тұлғалық бағдарлы білім беру технологиясы.//Қазақстан жоғарғы мектебі. 1999. №4. 40-43б.

Шиянов Б.Н. Теоретические основы гуманизации педагогического образования. Авт.дисс.д.п.н. М., 1991 - ЗЗс.

Менеджмент негізінде мектеп басқару принциптері (ұстанымдары)

Мақсаты:

Менеджмент негізінде мектеп басқару ұстанымдарын (принциптерін) меңгеру және оларды тәжірибеде пайдалану жолдарымен танысу

Курс соңында студенттерден күтілетін нәтижелер:

  1. Менеджменттің ортақ мақсатқа жету ісінде адамдардың ынтымақтастығы мен жеке мүмкіндіктерін дұрыс бағыттау идеясын
    терең түсінеді.

  2. Менеджмент ұстанымдарын біледі және оларға сай оқушы мен мұғалімнің қарым-катынасы түрлерін ажырата алады.

  3. Менеджменттегі әлеуметтік әділеттілік ұстанымдарын өз бетімен айқындай алады және тәжірибеде пайдалану жолдарын меңгереді.

Дәріс мазмұны:

Менеджмент негізінде мектеп басқару қызметінің мазмұны оның ықпал ететін объектісіне қатысты және олар басқару жүйесін құрастыру барысында жүргізілетін қызметтік әрекеттердін объектіге байланысты өзгере алады. Басқару қызметіне сай басқару міндеттері қойылады, бұл жерде басқару қызметі "нені орындау қажет? " деген сұрақтарға жауап берсе, басқару міндеттері оған қоса басқаруды іске асырудың шарттарын қарастырады, ол шарттар бір мерзім аралығында белгілі бір қызметті орындауға бағытталады.

М.С.Каган, Т.И.Шамова зерттеулерінде әрекеттерді менеджмент тарапынан басқарудың төмендегі түрлері көрсетілген:

Құндылықтық-мотивтік: тұлғаны инновациялық әрекеттерге әкелетін өз құндылыктары жүйесі, ынтасы, қажеттіктері, белсенділігі;

Мазмұндық-әдістемелік: оған тұлғалық және кәсіби дамуы арқылы игерілетін инновациялық білімі мен әдіс-тәсілдері;

Рефлексиялық: педагогикалық әрекет барысындағы талдау және нәтижені қорыту. Әрекет барысын, нәтижесін рефлексиялык талдай білу басқарудың жаңа бағыттарының инновациялық әрекеттердің іске асырылу деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.

М.М.Поташниктің айтуынша, қазіргі мектептердің демократиялық үрдіске бағыт алуы шын мәнінде демократияның қажеттігін мойындауына байланысты. Бул қажеттік қоғамның интеллектуалдық өрісі кең, ойлау деңгейі жоғары, өз бетімен аса жауапты проблемаларды шешуге қабілетті жаңа адамға сұранысынан туындайтыны белгілі.

Менеджмент негізінде мектеп басқару ұстанымдарын табиғатпен сәйкестік, мәдениетпен сәйкестік, синергетикалық, интеграциялық, шығармашылық-дамытушылық, диалогтык, кері байланыстық және рефлексиялық ұстанымдардан тұрады деп есептейміз.

Табиғатпен сәйкестік ұстанымы.

Мектеп басқару арқылы оқушы табиғатына сәйкес төмендегі әдістемелік тәсілдер жүзеге асырылады: мұғалім оқушыны өз тақырыбы бойынша қайшылыққа әкеліп, оны шешудін жолдарын табуды өздеріне ұсынады; қайшылықты практикалық іс-әрекетте көрсетеді; бір сұрақты жан-жақты қамтитын бірнеше жауаптар ұсынады; құбылысты әртүрлі позициядан қарастыруды тапсырады.

Мәдениетпен сәйкестік ұстанымы.

Бүгінгі мектептерге қойылып отырған мәдени-гуманитарлық талаптар оқушыларды адамзат құндылықтарын меңгеруге бағытталғандықтан басқаруда мәдениетпен сәйкестік ұстанымын негізге алу арқылы мектепте ұлттық, әлемдік негіздегі білім беру құндылықтары жүзеге асырылады. Басқарудың негізгі нысанасына адам алынып оның мазмұнының ізгілендірілуі, оқушылар, мұғалімдер, ата-аналардың мектеп өміріне белсенді араласуы арқылы ұлттық және адамзаттық құндылықтарды қалыптастыруға қолайлы орта пайда болады.

Синергетикалық ұстаным.

Менеджментте педагогикалық қызметті басқару өзін-өзі дамыта, басқара алатын жүйенің бір сапалық жағдайдан келесі сапалық жағдайға өту арқылы жүзеге асырылады. Белгілі бір құрылымның ішіндегі элементтердің өзара байланысын зерттейтін синергетика ұғымы біздің елімізде 80-жылдардан бері қолданыла бастады. Оның мәнін өзін-өзі ұйымдастыра алатын, өзін-өзі басқара алатын, өзін-өзі дамыта алатын құрылым деген түсініктер береді.

Интеграциялық ұстаным.

Мектептегі білім жүйесінің ашықтығы, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдардың интеграциялануы және түрлі теориялық, технологиялық әдістемелік бағыттардың бірін бірі толықтыра алатыны бұл ұстанымды әдіснамалық негізге алуды қажет етеді.

Дүниенің тұтастық бейнесін тұтас қалыптастыру идеясы көптеген зерттеушілер тарапынан дәлелденгенімен, бүгінгі білім мазмұнында оқулықтар мен пәндер түзілімі өз алдына бөлек салалар ретінде берілген. Мектептегі пәндердің әрқайсысы өз алдына белгілі бір білім жүйесін құрайды және оқушының терең меңгеруіне бағытталады.

Шығармашылық-дамытушылық ұстаным.

Менеджмент идеялары негізінде басқару барлық субъектілердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға түрткі болу, оқушыны мұғалім қоятын бағасы үшін емес өзі үшін құндылык әрекеттерге баулу, қолынан келетін әрекеттерін қолдау арқылы қиын проблемаларын шешуге көмектесу болып табылады. Оқу-тәрбие жұмысын дәстүрлі басқару барысында оқыту бір жақты оқушыға бағытталып, оқытудың, дамытудың объектісі болып табылады да мұғалім білімді беруші субъект болып есептелінеді.

Диалогтық (ашықтык) ұстаным.

Мектеп ашық әлеуметтік-педагогикалық жүйе ретінде өзін қоршаған әлеуметтік ортамен, ата-аналармен, мәдени т.б. орталықтармен, түрлі қоғамдық, жастар ұйымдарымен ашық, диалогтық әрекеттер ұйымдастыра алады. Сонымен қатар, диалогтық әрекеттер ішкі ортамен қатынас барысында да жүргізіледі. Бүл жағдайда басқару үрдісіне қатысушы субъектілердің өзара жағымды әсері нәтижесінде бір-біріне қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

Кері байланыс ұстанымы.

Басқару құрылымында мектептің мақсат-міндеттерімен қатар күтілетін нәтижелер белгіленеді. Сонымен қатар, нәтиженің бағаланбауымен қатар нәтижені орындаудың барысы, жолдары мен тәсілдері талданып, объективті баға беріледі. Үрдіс пен нәтижеге баға беру әкімшілік тұрғысынан ғана емес, үрдіске қатысушылар тарапынан өзіндік бақылауы мен бағалауы арқылы жүргізіледі. Өзіндік түзету, коррекциялау, өз әрекетіне өзгеріс енгізу арқылы нәтижелердің тиімділігі қамтамасыз етіледі. Бұл - басқару үрдісіне қатысушылардың құндылықтық көзқарасы мен өзіндік бағасын дұрыс қалыптастыруға әсер етеді.

Рефлексиялық ұстаным.

Рефлексиялық әрекеттердің енгізілуі басқарудың жаңа жолдарын қарастырады. Бұл жағдайда мектеп ұжымының тұлғалық бағдарлы педагогикалық үрдісті жүзеге асыруға дайындығы, педагогикалық рефлексия мен өзіндік рефлексияға дайындығы инварианттық талап ретінде алынып, оның вариативтік бөлігіне мектептегі ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыруға даярлығын, озық тәжірибені игеруге таратуға, пайдалануға даярлығын, педагогикалық ғылым мен тәжірибені байланыстыра білуі және оны практикаға енгізуге рефлексиялық даярлығын жатқызамыз.

Менеджмент негізінде басқару жүйесі төмендегі рефлексиялық логикаға құрылады.

  • Педагогтардың жеке тәжірибесі рефлексиясы

  • Әдістемелік рефлексия (пәндер ӘБ)

  • Технологиялық рефлексия (шығармашылық топтар)

  • Ғылыми-әдістемелік рефлексия (ғылыми-әдістемелік орталық)

Әдіснамалық рефлексия (педагогикалык зерттеулер орталығы)

Білім берудегі менеджердің психологиялық қарым- ңатынас

ерекшелік сипаттары.

Басқару үрдісінде менеджер-мұғалімнің оқушыға қатынасын көрсететін сипаттар алуан түрлі және олар өзгеріп отырады. Алайда, солардың ішінде еш уақытта өзгертуге болмайтын, педагогика теориясында "инварианттық" деген атауға ие түрлері бар. Френенің айтуынша, "инварианттық - бұл ақиқатқа негізделген, қайта қарауды, өзгертуді қажет етпейтін, сонымен бірге ешуақытта қателікке ұрындырмайтын", яғни жетістікке әкелетін сапалық бөлік. Білім беру үрдісінде міндетті түрде болуға тиіс, өзгермейтін қарым-қатынас сипаттары қатарына эмпатия (балаға жанашырлық сезім); қабылдау (қандай бала болса да қабылдай алу, түсіну арқылы оның өзін-өзі қабылдай алуына жағдай жасау); конгруэнттілік (ішкі және сыртқы дүниесінің сәйкес келуі, өзі айтып тұрғанын өзі мойындауы); шығармашылық (әр оқушының бойындағы мүмкіндік пен қабілетті ашу, дамыту); суггестивтілік (бала үшін эмоциялық қолайлы орта туғызу, өз табиғатына сай өзін еркін ұстай білуіне жағдай жасау); сонымен қатар, оқушымен гуманистік қарым-қатынаста рефлексиялық қабілетті дамыту аса маңызды. Кез келген жастағы оқушы өз өміріндегі оқиғалар мен ситуацияларды талдай білу, бағалау арқылы өзгертуге, өз өмірінің субъектісі болуына ықпал ету - тұлғалық бағдарлы педагогиканың басты мәселелерінің бірі.

Менеджмент идеясы адамдардың ынтымақтастығын көздейтін болғандықтан, ортақ мақсатқа жетудегі адамдардың күш-жігерін дұрыс бағыттауға басты назар аударып отырады. Менеджмент адамдармен қарым-қатынастың тәсілін үнемі жетілдіріп, соның ішінді білім берудегі ең маңызды буын - менеджменттегі оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасының субъектаралық мазмұнда болуын талап етеді. Бұл жағдайда педагогикалық басқарудың субъектілігі "субъектінің өзіндік өмір сүру ұстанымы" ретінде түсіндіріледі, мақсат қою, жоспарлау, оқу әрекеттері өзіндік бақылаудың саналы қызметі ретінде көрсетіледі, сол арқылы басқару төмендегі әрекеттерде жүзеге асырылады:

  • тұлғаның өзіндік құндылығын анықтау, өз бетіндік әрекетін
    ұйымдастыру;

  • тұлғаның жеке мәнді танымы негізінде білім беруді ұйымдастыру;

  • әр түрлі пәндер бойынша ұйымдастыру шараларында тұлғаның
    дербес және шығармашылық әрекетін ұйымдастыру;

- мектептегі білім беруді тұлғалық бағдарлы басқару мазмұны оған
қатысушылардың көзқарасын өзгерте алады.

Ал, "тұлғаны дамыту" - дәстүрлі педагогикада жан-жақты дамыған, белгілі бір әлеуметтік ортақ типті қалыптастыру үшін сырттан ықпал ету болса, менеджменттегі субъектілік ұғымда оны дамыту адамның өзіндік танымын, қажеттіктерін бағыттап отыру, қолдау көрсету, яғни өзіндік рефлексия арқылы таңдау, шешім қабылдау және нәтижесін өзі бағалау секілді ішкі, адамның өз бойындағы мүмкіндіктер арқылы өзіндік дамытуға бағыттау деп түсіндіріледі.

Басқарудағы субъектілік көзқарас оқушы және мұғалім тұлғасын басты орынға қояды. Бүл жағдайда "оқушы - дайын білімді игеруші" түсінігі орнына "адам - шындықты танушы тұлға" түсінігі қалыптасады. Сонымен қатар, бүл үрдіске қатынасушы мұғалім, тәрбиешілер "әкімшілік шешімін орындаушылар" емес "басқаруды жүзеге асырушылар" болып есептеледі. Сөйтіп, оқушы да, мұғалім де, мектеп басшылары да өзара диалогтық, ынтымақтастық, бірлескен шығармашылық негізінде өзара байланысты әрекеттер жасайды.

Менеджмент басқарудың ерекшелігі - нақты адамдармен карым-қатынас, оларды тұлғалык әрекеттерге тартудың ізгіліктік және демократиялық жолдары. Осы сипаттағы түрткі беру мотивация арқылы басқару адам баласының өзіндік мүмкіндіктерін түгелдей іске қосып, оны жүзеге асыру үшін өз қажеттігін қалыптастырады.

П.И.Третьяков тұжырымдамасында (мотивтің) түрткі жасаудың басталуы - өзіндік сананың оянуында, ал өзіндік сана өзіндік танымға, өзіндік бағытталуға, өзіндік қалпымен танылуға, өзіндік түзетілуге, өз мүмкіндігін жүзеге асыруға әкелетін мықты негіз болып табылады. Бұл психикалық қызметтер тұлғаның өзіндік дамуына мүмкіндік береді.

Мектеп басқару менеджменті педагогикалық проблемаларды шешудің жаңа жолдарын енгізуге, педагогикалық үрдісті жаңғырту арқылы жаңа нәтижелер алуға бағытталғандықтан мазмұны жөнінде инновациялық болып табылады. Инновациялық басқару жүйесінің құрамындағы бөліктер өзінің ішкі мүмкіндіктерін пайдалана отырып жаңа өзгерістерге түсе алады. Ол төмендегілерді қамтиды:

  • басқарудың мақсаты мен мазмұны;

  • педагогикалық үрдістің технологиясы, әдістері мен құралдары;

  • оқыту мен тәрбие беру әрекеттерінің формасы;

  • басқару жүйесі;

Сонымен қатар мынадай жайттар ескерілуі тиіс:

  • басқару технологиясындағы инновациялық үрдіс кездейсоқтық
    емес, белгілі бір күтілетін нәтижеге бағытталады;

  • инновациялар білім беруді тиімді басқару үшін енгізіледі;

  • жаңа түзілімдер ішкі мүмкіндіктерді жаңа тұрғыдан қарастыру
    негізінде жаңа жетістікке жету мақсатын қояды.

Жалпы басқару әрекеті - мақсатқа бағытталып, жоспарланып, нәтижемен аяқталатын, нақты бір мәселені шешуге арналатын үрдіс. "Күрделі нәрсені ылғи да құрамдас бөліктерге бөліп қарастыру кажет, тұтас нәрсе бөліктерден тұрады. "Әр бөлікте бүтінге тән негізгі қасиеттер сақталады" дейді Л.В.Выготский. Бірақ жалпы басқару сипатынан инновацияльіқ басқарудан айырмашылығы болады, оның бөліктерінде тұтас инновациялық талап болмауы мүмкін, олар түрлі сипаттардың өзара байланысына катысты қойылады. Инновациялық мектепті басқару қызметі жаңалықтарды жасау, игеру, қолдану және таратудан тұрады, оның мәнін жеке тұлғаның өзіндік дамуының бастауы деуге болады.

Мектепті менеджмент негізінде басқару жүйесіне оқушы, мұғалім (тәрбиеші), әкімшілік мүшелерінен тұратын адам ресурстары, оқу-тәрбие үрдісі, түрлі әдістемелік бірлестіктер, өзін-өзі басқару ұйымдары, шығармашылық және ізденістік топтар жатқызылады. Дәстүрлі басқаруда аталған құрылым "басқару субъектілері" және "басқару объектілері" сипатында болып, басқару "субъектіден-объектіге" қарай бағытталады және жүйенің ішкі құрылымдарына сәйкес субъектілік және объектілік сипаттары өзгеріп отырады.

Мектепішілік баскарудың жағдайын диагностикалау педагогикалық үрдісті ғылыми-практикалық тұрғыдан жүргізуге мүмкіндік береді. Диагностика - оқу процесінің жагдайларын объективті және жан-жақты зерттеуді қамтамасыз ететін оқытудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі; танымдық процесте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі. Диагностика бақылаудан (тексеру), бағалаудан, статистикалық деректердің жинакталуынан, олардың талдауынан, серпін мен беталысты айқындаудан және одан әрі дамудың болжауынан тұрады. Мектеп басқаруда орын алатын негізгі алатын ерекшеліктердің бірі ретінде басқарудың үнемі талданылып отыратынын атауға болады. Диагностикалау негізінде басқару мазмұнының тұтасынан алғанда мектеп жұмысына сәйкестігі айкындалады. Менеджменттік тұрғыдан қарастыру арқылы басқарудың гумандылығы, демократиялығы, басқарушылардың ұжымды үздіксіз қолдап отыру жағдайына басты назар аударылады. Диагностикалық әдістерге окушылар мен педагогтарды тестілеу, педагогикалық бакылау, интервью алу, әңгіме өткізу, рефлексиялық талдаулар, рефлексиялык практикумдар жатады.

Мектепішілік қалыптасқан жағдайды бақылау немесе тексеру үшін ең әуелі мақсатқа бағытталған ішкі және сыртқы диагностика, субъектілердің өзіндік рефлексия қызметін ұйымдастыру, объективті және субъективті талдау мен бағалау іске асырылады. Өзіндік рефлексия және сыртқы диагностика әдістері арқылы оқыту үрдісінің ерекшеліктері, педагогикалық іс-әрекеттерінің нәтижелілігі зерттеліп, соның негізінде одан әрі даму бағыттары нақтыланады, мектепті басқарудың тағы қандай мүмкіндіктері бар екені анықталды.

Диагностиканы төмендегі бағыттарды зерттеу үшін жүргізуге болады:

  1. бір мектеп көлемінде бір мақсатқа бағытталған ұжым мүшелерін басқару арқылы кәсіби және тұлғалық қажеттіктерін зерттеу және дамыту мүмкіндігі;

  2. басқару үрдісінде мұғалімдерді өз педагогикалық әрекеттерін талдай алуына көмектесіп, ізденістік жұмыстарына бағыт беру, кәсіби санатын көтеру мүмкіндігі;

  3. әдістемелік, педагогикалық кеңестер арқылы ұжымдық бірлескен әрекеттерді талдау, жобалау, модельдеу, қорытындысын саралау мүмкіндігі;

  4. оқыту мен тәрбие барысында оқушыларды бақылау арқылы өсу жолдарын айқындау;

Диагностика негізінде басқару әрекеттеріндегі олқылықтарды түзету (коррекциялау), жою жолдарын белгілеу арқылы мектептің мүмкіндіктерін, одан әрі қарай даму кезеңдерін жүйелеу арқылы басқару мазмұнын үнемі жетілдіріп отыруға болады.

Мектепішілік диагностикалау қызметі басқару үрдісіндегі педагогикалық, психологиялық, әлеуметтік үрдістерді қамтитын объективтік, субъективтік жағдайлардың біртұтас жүйесін құрайды. Оның мазмұны мектеп мүмкіндіктерін зерттеу және соған сай ұжым мүшелерінің ұсыныстары мен бастамашылдығын қолдау, ұйымдастыру міндеттерін айқындайды. Олар:

  1. ұжымда өзіндік танымға, рефлексиялык әрекеттерге түрткі жасалуы үшін қолайлы орта туғызу;

  2. түрлі педагогикалық және қоғамдық қызметтерге тарту арқылы әр педагогтың өзіндік танымына мүмкіндік беру және оны жүзеге асыруға
    көмектесу;

  3. тұлғаның өзіндік бағытталуына қажетті құндылықтарын дамытуға
    жағдай жасау;

  4. өзінің білім алу әрекетін өз өмірі үшін мәнділікке айналдыру көздерін
    анықтауға бағыттау.

Диагностикалық жұмыстар мектептегі оқу-тәрбие үрдісін нәтижелі ұйымдастыруда мұғалімнің кәсібилігіне, оқушының білім сапасына және педагогикалық-рефлексиялық әрекеттерге ықпал ететін факторларды қарастырады. Диагностика нәтижелерін талдау негізінде проблемалар мен мүмкіндіктер анықталып, оны орындаудың төмендегідей жолдары белгіленеді:

кері байланыс қызметі арқылы әр түрлі деңгейдегі педагогикалық әрекеттерді талдау деңгейін білу;

педагогикалық-коррекциялық қызмет негізінде олқылыктарды жоюдың жүйесін жасақтау;

ынталандыру мен стимул қызметтері, кәсіби-педагогикалық санатын көтеру, т.б.

шаралар;

бақылау қызметі арқылы нәтижелік деңгейін үнемі қадағалап отыру.

Мектепішілік диагностика барысында төмендегі менеджменттің

сипаттары басшылыққа алынды:

  1. нақты мақсатқа бағытталу;

  2. анықталған нәтижелерді мектеп басқару қызметінде орынды пайдалану;

  3. ұжымдық әрекеттерді ескере отырып зерттеу;

  4. тұлғалық бағдарлы технологияны жүзеге асырудағы жүйелілік, бірізділік және үздіксіздік;

  5. нәтижелердің педагогикалық ғылым мен практиканың соңғы жетістіктеріне сай болуы.

Осы талаптардың мазмұнына сәйкес білім беру үрдісіне қатысушы мұғалімдердің қызметі төмендегі диагностикалық әдістеме негізінде бағаланады:

Тұлғалық қасиеттері:

  • адамгершілік және педагогикалық мәдениеті;

  • кәсіби парызын сезінуі мен жауапкершілігі;

- гуманистік және демократиялық көзқарастары.
Кәсіби дайындығы:

  • пән бойынша арнайы мамандығы;

  • әдістемелік дайындығы;

  • психологиялық дайындығы;

  • тәрбие теориясы мен әдістемесін меңгеруі.
    Нәтижелік әрекеттері:

  • оқушының білім алуға жауапкершілігін қалыптастыруы;

  • оқушының еңбек етуге жауапкершілігін қалыптастыру;

  • саналы тәртіпке бағыт беруі;

  • өзін-өзі басқаруға, тәрбиелеуге бағыт беруі;

- ата-аналармен, ұстаздармен өзара түсіністік қарым-қатынасқа үйретуі.
Диагностика педагогикалық қызметтің төмендегі сипаттарын көрсете

алады:

Тұлғалық бағдарлы білім берудегі оқушылардың кызметі төмендегі диагностикалық әдістеме негізінде бағаланады:

  1. өзіндік білім алуға ынталылығы;

  2. шығармашылық жұмысқа ынтасы;

  3. адамгершілік тұлғалық ерекшеліктері;

  1. өзіндік білім алудағы ерік-жігері, киындықтардан жол таба білуі;

  2. өз мүмкіндігіне сай жеке жұмыс түрлерін таңдай білуі;

  3. өзін-өзі бақылауда, бағалауда өз жауапкершілігінің жоғары деңгейі.
    Диагностика корытындыларын талдау барысында оқытушылар мен

оқушылар өзіндік білімін жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзіндік коррекциялық әрекеттерге кеңінен тартылады. Осы жұмыстардың нәтижесінде танымдық, эмоционалдық, мінез-кұлықтық өзгерістері үшін психологиялық қолайлы орта жасалып, педагогикалық өзара ықпалдастық мүмкіндіктері туғызылады. Бұл қатынастар тек әдістемелік және технологиялық құралдар арқылы ғана емес, мұғалімнің тұлғалық ұстанымдары негізінде де жүзеге асырылады.

Мектепішілік басқару жүйесіне енетін бағыттардағы жетістіктер мен кемшіліктерді диагностика негізінде үнемі талдап, бағалап отыру менеджмент қызметінің сапасын арттырып, жоғары деңгейдегі нәтижелерге жетуге мүмкіндік жасайды. Олар:

1) білім беру сапасын қамтамасыз ету бағытындағы барлық
сыныптар және пәндер бойынша білімділік деңгейін, білім
сапасын тексеру қорытындысы:

  • оқу жылы басы және аяғындағы оқушылар саны, келім-кетімді
    бақылау динамикасы;

  • үздік оқушылар, екпінділер, үнемі орташа оқитындар,
    үлгермеушілер өзгеріс динамикасы;

  • ауруына байланысты, не себепсіз сабақ жіберу кестесі;

  • әртүрлі есепке алынғандар (отбасы жағдайы туралы, әлеуметтік, денсаулық деңгейі бойынша);

  • оқулықпен қамтамасыз етілу деңгейі;

  • ыстық тамақпен қамтылу деңгейі;

  • ұзартылған топқа қатынасатындар.

  1. сыныптан тыс және тәрбие жұмыстарының сапасы бойынша:

  • дене тәрбиесі керсеткіштерінін тиісті деңгейге сәйкестігін талдау,

  • жыл сайынғы өзгерістері;

  • еңбек практикасының өнімділігі, нәтижесі;

  • сыныптардағы және мектеп бойынша өткізілетін шаралар деңгейін

  • бағалау;

  • оқушылар палатасы қызметін өзіндік бағалау;

  • ата-аналардың мектептегі іс-шараларға қатысу деңгейі.

3) әлеуметтік-психологиялық қызмет сапасын талдау:

оқушылар арасындағы зерттеулер (мектепалды, бастауыш, жасөспірімдер деңгейлеріне сай жұмыстар);

педагогикалыкқ ұжымдағы ахуал деңгейі;

ата-аналармен "Отбасылық таным" қызметі;

мектепке дайындық деңгейі;

мұғалімдер мен оқушылардың, ата-аналардың өзіндік таным қызметі.

  1. әдістемелік бірлестіктер мен аттестациялық қызмет:

  • әдістемелік жұмыстың педагогтардын кәсіби және тұлғалық өсуіне ықпал ету факторлары;

  • педагогикалық шеберлікті арттыру, тәжірибе таратудың жаңа түрлері туралы ұсыныстар;

  • рефлексия арқылы әркімнің өзіндік даму аймағын белгілеуі негізінде ұжымның кәсіби өсу картасын жасау нәтижесі;

  1. мектепішілік басқарудың басты бағыттарын талдау:

білімдік-мазмұндық;

нормативті-құқықтық;

бағдарлық-әдістемелік;

материалдық-техникалық;

финанстық;

Басқару үнемі өзара байланыста, қозғалыста болатын, дамып және өзара дамытып отыратын іс-әрекеттер жиынтығы. Басқаруды диагностикалау бір жүйенің екінші жүйеге әсерін, субъектердің өзара байланысты әрекеттерінің нәтижесін көрсетеді. Осы жұмыстардың мектеп деңгейінде үнемі жүргізіліп талқылануы нәтижесінде жаңа даму деңгейіне өтуді қамтамасыз ететін жаңа мақсат-міндеттер мен күтілетін нәтижелерді нақтылау жолға қойылады және олар оқу жылы аяғында және басында өткізілетін педагогикалық кеңестер үшін ақпараттық база болып табылады. Сөйтіп, диагностикалық әрекеттер жалпы педагогикалық ұжым мақсаты мен тұжырымдамасына, басты мәселелері мен шараларға өзгерістер енгізіліп, оны қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет