Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.
Мен бақытты баламын, Жан дүниемде күн нұрлы
Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.
Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Жаконың шын аты кім еді? Жако күннің қай уағында жоғалып кетті? Олар қандай ойын ойнады? Балалар бассейнге барарда Жаконы неге қалдырып кетті? Жако қандай оқиғаларды басынан кешірді? Жаконың өзіндік ерекшелігін айт.
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өзің үшін қандай сабақ немесе үлгі алдың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер «Ойын автоматына» барып ойнадыңдар ма? Онда қалай?
Ү. Жаңа сабақ: Динара Мыңжасарқызының «Мектептен жырақ жол» атты әңгімесінен осы «Ойын автоматына» ойнаған баланың жағдайы немен аяқталғаныны жайлы білеміз. Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей, түсініп оқу.
Сөздік жұмыс.
Жырақ – алыс, қашық.
Төбесінен жай түскендей етті – қатты таңдандырды.
Құдды – кәдімгі.
Қуыстану – ыңғайсыздану.
2. Бақытжанның, оның Кәмила апайының және анасының ішкі ойларын әңгімеден тауып оқы.
3. Бақытжан қандай бала? Оған мінездеме жаз.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
1. Үшінші тоқсанда Бақытжанның сабағы неге төмендеп кетті?
Телефоннан естілген хабар Бақытжанның анасына қалай әсер етті?
«Бармағын тістеу» дегенді қалай түсінесің?
Бақытжанның анасы неге бармағын тістеп түрып қалды?
2. Бақытжан қандай бала? Оған мінездеме жаз.
ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Әңгімеден қандай қорытынды жасауға болады? Әңгімені өз ойыңмен аяқта.
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, № 4 тапсырма. 2. Бағалау.
Тақырыбы: Әскербектің әтеші. Роза Әбілқадырова. 25.12.2013 ж.
Мақсаты:
Оқушыны Роза Әбілқадырованың «Әскербектің әтеші» атты әңгімесін түсініп оқу арқылы, әңгіменің түйінін ашуға жағдай жасау,
өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Үшінші тоқсанда Бақытжанның сабағы неге төмендеп кетті?
Телефоннан естілген хабар Бақытжанның анасына қалай әсер етті?
«Бармағын тістеу» дегенді қалай түсінесің? Бақытжанның анасы неге бармағын тістеп түрып қалды? 2. Бақытжан қандай бала?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
Әңгімеден қандай қорытынды жасауға болады?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендердің үйлеріңде тауықтарың, әтештерің бар ма? Сендер оларға қандай қамқорлық көрсетесіңдер?
Ү. Жаңа сабақ: бүгінгі сабақта біз сендермен Роза Әбілқадырованың «Әскербектің әтеші» атты әңгімесінен Әскербектің кішкене жүрегінің дарқан мейрімділігі жайлы білеміз.
Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей, жалғастырып оқу. Әскербектің әкесі Көпіштің алғашқы сөзін әңгімеден тауып оқы. Амангелді мен Әскербек әтешке емді қалай қолданғанын өз сөзіңмен айтып бер.
Сөздік жұмыс.
Қиқым – бұл жерде: киімнен кесіп алынған кішкентай қиынды.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
1. Әскербектің әтеші туралы ауылдастары не дейді? Әскербек әтешін «көз тигеннен» қалай емдеп алмақшы болды? Амангелді Әскербек досына тағы қандай ақыл айтты? Әкесі бұрынғы ойынан неге қайтып қалды? Соңғы сөйлемді оқығанда қандай қорытындыға келдің?
2. Әскербектің әтеші қалай шақырады? Әңгімеден тауып, үлгілік сызба бойынша толықтырып жаз.
Әңгіменің басында
|
Әңгіменің ортасында
|
Әңгіменің соңында
|
өте маңғазданып
|
Қырылдап
|
Қинала қырылдап
|
3.Әскербектің әкесінің соңғы сөзін көшіріп жаз. Бұл сөйлемнен нені түсіндің?
ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Егер Әскербектің орнында болсаң, әтешті қалай емдер едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, № 5 тапсырма. 2. Бағалау.
Тақырыбы: Балмұздақ. Ермек Өтетілеуұлы. 26.12.2013ж
Мақсаты:
Оқушыны Ермек Өтетілеуұлының «Балмұздақ» атты әңгімесімен таныстыра отырып, әңгіменің түйінін ашуға жағдай жасау,
өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әскербектің әтеші туралы ауылдастары не дейді? Әскербек әтешін «көз тигеннен» қалай емдеп алмақшы болды? Амангелді Әскербек досына тағы қандай ақыл айтты? Әкесі бұрынғы ойынан неге қайтып қалды? Соңғы сөйлемді оқығанда қандай қорытындыға келдің?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер Әскербектің орнында болсаң, әтешті қалай емдер едің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.
Жұмбақ шешу арқылы баланың қызығушылығын арттыру.
Ұнатары баланың –
Балдай тәтті тағаммын.
Ортаңғы буын алынса,
Сүйеніш боп қаламын. ( бал-мұз-дақ)
Ү. Жаңа сабақ: Ермек Өтетілеуұлы – балаларға арнап көптеген әңгімелер, өлеңдер жазған жазушы. Оның «Өсіп келе жатырмыз» деген өлеңдер жинағы, «Жанашыр» деген әңгімелер жинағы, т.б. кітаптары бар.
Ермек Өтетілеуұлының «Балмұздақ» атты әңгімесінен Мирастың балмұздақтан неліктен бас тартқаны жайлы білеміз. Әңгімені іштей, тізбектей жалғастырып оқу.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Балалар не тауып алды? Мирас не істеді? Бейтаныс ағай оларға қалай рахмет айтты? Мирас балмұздақты жеуден неге бас тартты? Әңгімені өз ойыңмен аяқта.
ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Егер сен біреудің ақшасын тауып алсаң, не істер едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу.
2. Бағалау.
Тақырыбы: Көксерек. Мұхтар Әуезов. (повестен үзінді) 27.12.2013ж
Мақсаты:
Оқушыларды Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты повестен үзіндісімен таныстыру, үзіндінің өзекті түйінін ашуға жағдай жасау;
өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Балалар не тауып алды? Мирас не істеді?
Бейтаныс ағай оларға қалай рахмет айтты? Мирас балмұздақты жеуден неге бас тартты?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен біреудің ақшасын тауып алсаң, не істер едің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық.
Балалар, сендер «Көксерек» атты киноны көрдіңдер ме?
Онда не жайлы еді? Мұхтар Әуезов кім?
Өткен тарауда оның қандай әңгімесімен танысып едік?
Ү. Жаңа сабақ:
Мына «Бөлтірікті қанша асырасаң да, орманға қарап ұлиды» деген мақалды қалай түсінесің? Ол үшін Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» атты повесіндегі Құрмаштың өмірімен таныссақ, осы әңгіменің түйінін табамыз.
Оқулықпен жұмыс
. Іштей, жалғастырып тізбектей оқу. Әңгімедегі басты кейіпкер кім деп ойлайсың? Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікірлер айтты?
Көксерек «ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады» дегенді қалай түсінесің?
ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
1. Ауыл иттерінің Көксеректі жек көретіні туралы жазылған жерді тауып оқы. Көксеректің ашқарақтығын суреттейтін тұсты тауып оқы. 2. Әңгімені мұқият оқып, мына үлгілік кесте бойынша Көксерекке сипаттама бер.
Көксеректің күшік кезі
|
Көксеректің көк шолақ қасқыр болған кезі
|
Жүні – үрпиіп ,үдірейіп
Езуі – ыржитады
Бойы – үлкен емес
|
Жота жүні – үрпиіп
Көзі – жасылданып
Азуы – ақситып ашып, тістерін көрсетіп
|
ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? Әңгіме немен аяқталды деп ойлайсың?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.
ІІІ тоқсан Ана тілі 4 класс 09.01.2014ж
Тақырыбы: Дүрбелең. Оспанхан Әубәкіров.
Мақсаты:
Оқушыны Оспанхан Әубәкіровтың «Дүрбелең» атты өлеңімен таныстырып, мәнерлеп оқуға, мәтінге сүйене отырып Бектайдың ісіне баға бере білуге баулу;
өлеңнің түйінін ашуға жағдай жасау; өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
- Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.
- Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Әңгімедегі басты кейіпкер кім деп ойлайсың? Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікірлер айтты? Көксерек «ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады» дегенді қалай түсінесің?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әңгіме немен аяқталды деп ойлайсың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер өтірік ауырып көрдіңдер ме? Көрсеңдер оның жағдайы қалай болды?
Ү. Жаңа сабақ: 2 класта Оспанхан Әубәкіровтің қандай ертегісін оқып едік? (Сүт қалай ұйықтады?) Бүгін, Оспанхан Әубәкіровтың «Дүрбелең» атты өлең оқи отырып Бектайдың қылжағы жайлы білеміз. Оқулықпен жұмыс. түсініп, жалғастырып, рөлмен оқу.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Бектай неге үй ішін әуреге салды? Үйге кім келді? Дәрігер не деді? Дәрігер Бектайдың істеген қулығын білді ме? Оны өлеңнің қай жолынан аңғаруға болады? («Үндеме» дегендей, Ол бізге ымдады. ...). 2. Мәтінге сүйеніп, Бектайдың ісіне баға бер.
ҮІІ. Қорыту. Бүгін не жайлы өттік? 1.
Сатира – күлкіге, әзіл – сықаққа құрылған шығарма. Мұндай сипатта жазатын ақын-жазушыны «сатирик» деп атайды. Оспанхан Әубәкіров әзіл-сықақ жазудың асқан шебері, сатирик жазушы.
Мына сызба бойынша талдау жаса. Есіңе түспесе, оқулықтан ізде.
Автор туралы
Оспанхан Әубәкіров
Шығармалары
Басты кейіпкерлері
Автордың негізгі ойы (идеясы)
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу. 2. Бағалау.
ІІІ тоқсан Ана тілі 4 класс 13.01.2014ж
Тақырыбы: Мен не үйрендім?
Мақсаты:
Оқушылардың «Балалық шаққа саяхат» атты бөлімінен алған білімін тұжырымдау, ой қорытындысын жасау арқылы баланың ойын нақтылау, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу,
жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету;
логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын. Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Өлеңді мәнерлеп, рөлмен оқу. Бектай неге үй ішін әуреге салды? Үйге кім келді? Дәрігер не деді? Дәрігер Бектайдың істеген қулығын білді ме?
ІІІ . Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, біз қандай бөлімді оқып аяқтадық? Онда не жайлы білдік? Кімдермен таныстық? Өзімізге қандай әсер алдық?
ІҮ. Қайталау. Әр оқушы жеке жұмыс парағымен істейді.
Балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың қандай шығармаларын білесің? ( «Менің атым Қожа», «Компас», «Ағаштар неге ашуланды?»)
«Аш бала тоқ баламен ойнамайды» деп басталатын мақал қай әңгімедегі оқиғаға сәйкестендіріледі? Онда қалай жазылған? (Мырзабек Дүйсеновтың «Мен қалай торғай болдым» атты шығармасынан; «Аш торғай (бала) тоқ торғаймен (баламен) ойнамайды, тоқ торғай (бала) ештеңені ойламайды»)
Шөкі қай әңгіменің басты кейіпкері? (« Алтын балық» атты Жолтай Әлмашевтің шығармасының басты кейіпкері).
«Шөкі» деген атты неге қойған?
А). Кішкентай болған үшін Ә). Түрі сары болғандықтан В). Тіл, көз тимеу үшін.
5. «Бұл да – табиғаттың заңы. Осылай тәсіл қолданбаса, күш біріктірмесе ...». Бұл жерде қай шығармадағы қандай заңдылықты айтып отыр?
А). М. Төрежанов. Қолғабыс. Б).М. Қалдыбаев. Үлек.
Ә). М.Әуезов. Көксерек. В). К. Сегізбайұлы. Құмырсқалар.
6. «Жота жүні үрпиіп, көздері жасылданып, бар тістерін көрсетіп, аузын ақситып ашып жіберіп, тап бергенде...» не бодатын еді? Үзіндіні аяқта. Шығарма авторы кім?
(Мұхтар Әуезовтың «Көксерек» повестінен үзінді. ... талай бұралқы төбет, быжыл қаншық қаңсылай, шәуілдей қашатын болды.
Мынадай кезде Құрмаштың өзі де қорқақтай барып, қой-қойлайтын еді.)
7.Сатира дегеніміз – күлкіге, әзіл – сықаққа құрылған шығарма. Мұндай сипатта жазатын ақын-жазушыны «сатирик» деп атайды.
8. Мына кесте бойынша жазушыға талдау жаса.
Мұхтар Әуезов кім?
|
Шығармасының аты
|
Мұхтар Әуезов (1897-1961). Семей облысында, Абай ауданында туған. Шебер жазушы.
|
«Абай жолы» романын жазған. 2 – 3 кластарда «Әбілмансұр», «Бала Абай», «Әке арманы», «Боран», «Кешкі дөң басында», «Жетім», «Көксерек»
|
9. «Ертеңіне ертемен оянған әкесі етігін алып киейін десе, баласының аяғына қосақталып байлаулы тұр». Бұл үзінді қай әңгімеден алынған? Басты кейіпкері кім?
Роза Әбілқадырованың «Әскербектің әтеші» атты әңгімесінен. Басты кейіпкері Әскербек.
10. Табиғат құбылысын жандандырып, адам сияқты билетіп, қуантып, жылатып, т.б. суреттеуді не деп атайды? «Кейіптеу дегеніміз табиғат құбылысын жандандырып, адам сияқты күлдіріп, билетіп, қуантып, жылатып,т.б. кейіпте суреттеуді айтады.»
11. «Алтын балық» әңгімесіндегі басты кейіпкер кім? Шөкі .
ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақта біз не істедік?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1.өткенді қайталау. 2. Бағалау.
ІІІ тоқсан Ана тілі 4 класс 14.01.2014ж
Тақырыбы: Ақ боран. Жекен Жұмаханов.
Мақсаты:
Оқушыны Жекен Жұмахановтың «Ақ боран» атты әңгімесімен таныстырып, түсініп оқуға, мәтінге сүйене отырып табиғат апатының әсері жайлы әңгіменің түйінін ашуға жағдай жасау;
өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар
ІІ. Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2. Жаңа сабаққа даярлық.
«Кейіптеу дегеніміз табиғат құбылысын жандандырып, адам сияқты күлдіріп, билетіп, қуантып, жылатып,т.б. кейіпте суреттеуді айтады» деген ұғыммен Жекен Жұмахановтың «Ақ боран» атты әңгімесімен танысқанда білеміз.
ІІІ. Жаңа сабақ: кіріспе. Балалар, қыста қандай өзгерістер болады? Сенің есіңде қалған оқиға жайлы айта аласың ба? Міне, бүгін Қасымның басынан өткен қаһарлы суық күннің ызғырығы жайлы білеміз. Оқулықпен жұмыс. Іштей, түсініп тізбектей оқу. Жазушының боранды адам кейпінде суреттеген жерін (кейіптеуді) тауып оқы.
Сөздік жұмыс.
Ышқынады – мұнда: қатты соғады.
Екілене – желдің екпіндей соғуы.
Бүлкек – аттың желіп жүруі.
ІҮ.Түсінгендерін тексеру:
1.Әңгіменің басында қыстың қатал мінезі қалай берілген? Қасымның боранда адасып қалмауына не көмектесті? Жерге құлағын тосқан кезде Қасым не істеді? Қасымның аты қандай белгі берді? 2. Дәптермен жұмыс. Қасымның жолда келе жатқан кездегі ішкі ойын мәтіннін тауып жаз. «Ферма орталығы қарасын көрсетіп қалса керек еді. Бұл қалай,ыққа қарай ойыстап, өзге жаққа кетпедім бе, боранның ырқына көне берсек, ат та мен де үситін болармыз ...». Әңгімеден Қасымның қандай бала екенін аңғаруға бола ма? Оны мына кесте бойынша дәлелдеп айтып бер.
Қасым
|
Дәлел
|
1.Үлкеннің сөзін тыңдайтыны
2. Байқағыштығы
3. Шыдамдылығы
|
1.«Үсік аяқтан басталады» деуші еді үлкендер.
2. ат тұмсығын қар астында қалған бір мая пішенге тірепті...
3. Алдан соққан боранды елемей, Қасым жиренге қамшы басты ...
|
Ү. Қорыту. Бүгінгі сабақта не жайлы өттік? Осы әңгімені оқығанда өздерің қандай әсер алдыңдар?
ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, құмырсқа сызбасын толтыр 4
ІІІ тоқсан Ана тілі 4 класс 15.01.2014ж
Тақырыбы: Суықторғай. Максим Зверев.
Мақсаты:
Оқушыны Максим Зверевтің «Суықторғай» атты әңгімесін түсініп оқи отырып,құстардың қыстағы өмірімен таныстыру; әңгіменің түйінді ойын ашуға жағдай жасау;
өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту;
аяушылық, қамқоршылық сезімін қалыптастыру.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Әңгіменің басында қыстың қатал мінезі қалай берілген? Қасымның боранда адасып қалмауына не көмектесті? Жерге құлағын тосқан кезде Қасым не істеді? Қасымның аты қандай белгі берді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Әңгімеден Қасымның қандай бала екенін аңғаруға бола ма?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1. Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
2.Жаңа сабаққа даярлық. Қалай ойлайсың, қыс мезгілінде құстар қалай өмір сүреді?
Ү. Жаңа сабақ:
1. Максим Зверев «Саусағымды бір нәрсе шым еткізіп тістеп алғандай болды» дейді. Ол не нәрсе екен? Әңгімені оқып көрейік.
2. Оқулықпен жұмыс.түсініп, іштей, тізбектей оқу. Мәтін қандай үлгіде жазылған деп ойлайсың (хабарлау ма, сипаттау ма, дәлелдеу ме)?
Суықторғайды тауып алған кісі оны қайда алып келді?
Сөздік жұмыс.
Бедері – ізі, белгісі.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
1.«Аш өзегіне түсіп кетпесін» деген сөздің мән-мағынасын қалай түсінесің? Суықторғайдың аянышты халі суреттелген тұсты тауып оқы. 2. Сызбаны толықтыр.
көздері қорқыныш тұнып тұр.
жүрегі тулап алақанына ап-анық сезілді
денесі қызғылт түсті, ұзын құйрық, салмақсыз нәрсе сияқты.
Торғайдың дәнді жеп болғаннан кейінгі әрекетін сипатта. ( Рахаттанғаны сондай, ...).
ҮІІ. Қорыту. Әңгімеге жоспар құр. Торғай туралы қандай өлең, тақпақ білесіңдер?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сурет салу. 2. Бағалау.
5
ІІІ тоқсан Ана тілі 4 класс 16.01.2014ж
Тақырыбы: Аппақ қыс. Төлеген Айбергенов.
Мақсаты:
Оқушыны Төлеген Айбергеновтың «Аппақ құс» атты өлеңін мәнерлеп ырғағына келтіріп оқуға, түсінгенін әңгімелей білуге үйрету;
ақынның кейіптеу кезіндегі пайдаланған әсерлі сөздерінің түйінін ашуға жағдай жасау;
өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Түрі: аралас сабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену
Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.
Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.
-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.
Достарыңызбен бөлісу: |