І бөлім. Халық ауыз әдебиеті үлгілері 02. 09. 2013 ж. №1. Сабақтың тақырыбы


Қамау көше – тұйық көше. Кадет корпусы



бет7/15
Дата06.07.2018
өлшемі421,86 Kb.
#47551
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15

Қамау көше – тұйық көше.

Кадет корпусы – патша ұкіметі заманындағы әскери оқу орны.

Жатақ – жатақхана.
Дәптермен жұмыс. 2 -3 кластарда оқыған әңгіме мен үлгілік сызбаға сүйеніп, Шоқан Уәлиханов туралы жаз.
Сызбаны толтыру.

Шоқан Уәлиханов



Кім, қайда туған?

Шоқан Уәлиханов – ғалым, саяхатшы.


Қандай шығармалары бар?


Ғалым туралы мен не білемін?


ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
3 - класта Шоқан туралы қандай әңгіме оқығаныңды есіңе түсір.

Ертіс бойында не болады?

Шоқанның тәтті сезімі қандай еді?

Шоқан нені аңсады?

Әңгімеде Шоқан оқыған класта неліктен түгелдей жазалады?

«Қорқақ бар қораға кірме» дегенді қалай түсінесің?

Анатолийдің қылығы дұрыс па?
ҮІІ. Қорыту. Егер офицердің орнында сен болсаң, не істер едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу,
бағалау.

Тақырыбы: Екі шыбын. Ахмет Байтұрсынұлы. 26.11.2013 жыл
Мақсаты:


  1. Оқушыны Ахмет Байтұрсынұлының өмірімен таныстыра отырып, «Екі шыбын» өлеңін мәнерлеп оқуға, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, өлеңдегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау,

  2. өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Ертіс бойында не болады?

Шоқанның тәтті сезімі қандай еді?

Шоқан нені аңсады?

Әңгімеде Шоқан оқыған класта неліктен түгелдей жазалады?

«Қорқақ бар қораға кірме» дегенді қалай түсінесің?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Анатолийдің қылығы дұрыс па? Сенің класыңда осындай балалар бар ма?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

Мына сөздерді кім айтты?

«... Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық. Жүріңдер,іздеп тауып алалық та!» . (Ахмет Байтұрсынұлы).
Ү. Жаңа сабақ:

Кіріспе.

Ахмет Байтұрсынұлы – ақын, ағартушы, ғалым. (1873-1938). «Қазақ» газетін 1913 жылы шығарған. «Маса», «Қырық мысал», «Тіл тағылымы» атты кітаптары бар. . Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Мысал өлеңді түсініп, мәнерлеп оқу. Автордың негізгі ойы жазылған өлең жолдарын тап. Мысалды сахналап көру.
Сөздік жұмыс.

Шылауында – біреудің ырқында, жетегінде.
Дәптермен жұмыс. Сызбаларды толтыру.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

Өгіз қайдан келе жатты, арбада не бар?

Шыбынға кім кездесті?

Танысы оған не деді?

Бұл шығарманың қай түріне жатады? (мысал өлеңге) Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары оның қай кітабына енгізілген?

Оның қандай мысалын оқығаныңды есіңе түсір.



ҮІІ. Қорыту. Екі шыбынның сөйлеген сөздеріне, іс-әрекетіне қарап, оларды мына үлгілік сызба бойынша жаз.

1-ші шыбын қандай?

2-ші шыбын қандай?








ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сызбаны толтыр

Тақырыбы:А.Байтұрсынұлы туралы.Ақкөл жағасында.Әмірхан Абдуллин. 27.11.2013
Мақсаты:

  1. Оқушыны Әмірхан Абдуллиннің «Ақкөл жағасында» атты шығармасы бойынша Ахмет Байтұрсынұлы өмірімен таныстыру, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау.

  2. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлігін тексеру. Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Өгіз қайдан келе жатты, арбада не бар?

Шыбынға кім кездесті? Танысы оған не деді? Бұл шығарманың қай түріне жатады? (мысал өлеңге) Ахмет Байтұрсынұлының мысалдары оның қай кітабына енгізілген?


ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Бұл мысал кімдер жайлы деп ойлайсың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Ахмет Байтұрсынұлы жайлы не білеміз?


Ү. Жаңа сабақ:

кіріспе. «... Көп күлкіден болар, көзілдірігін қолына алып, жасаураған көзін орамалмен сүртіп тұрып Ахмет балалардан:

- Мұның бәрін қайдан жаттап жүрсіңдер?» деп сұрады.

- Өзіңіз жазған оқулықтардан ...

- «Әліпбиден»

- «Тіл құралдан» ...

Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Дәптермен жұмыс. Әңгімені бөліктерге бөліп, дәптеріңе жоспар құрып жаз. (І. Балалардың Ахмет Байтұрсынұлын қарсы алуы. ІІ. Ақкөл жағасындағы кездесу. ІІІ. Ахмет Байтұрсынұлының риза болуы.) Сызбаны толтыру.



Ахмет Байтұрсынұлы



Ол кім, қайда туған?



Қандай кітаптары бар?


Сен қандай шығармасын оқыдың?



ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

Әңгіме кім туралы айтылады?

Ахмет Байтұрсынұлының сөйлеген сөзінен, іс-әрекетінең қандай адам екенін байқауға бола ма ? Балалардың айтқан жұмбақтары мен жаңылтпаштары ұнады ма? Сөзжұмбақты шешу.
ҮІІ. Қорыту. Өзің қандай жұмбақтар, жаңылтпаштар білесің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, бағалау.
Тақырыбы: Шешенің балаларын сүюі. Міржақып Дулатов. 28.11.2013 ж
Мақсаты:


  1. Оқушыны Міржақып Дулатовтың «Шешенің балаларын сүюі» атты шығармасынан үзіндімен таныстыру, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, үзіндідегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау.

  2. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әңгіме кім туралы айтылады? Ахмет Байтұрсынұлының сөйлеген сөзінен, іс-әрекетінен қандай адам екенін байқауға бола ма ? Балалар Ахмет Байтұрсынұлын қалай қарсы алды. Ақкөл жағасындағы балалар не істеді? Ахмет Байтұрсынұлы неге риза болды?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: сонымен, Ахмет Байтұрсынұлы туралы не білетін болдық?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Балалар, сендердің аналарың қалай жақсы көреді? Ал, сендер ше?


Ү. Жаңа сабақ: Кіріспе. Өз анаң туралы не айтар едің?
Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей жалғастырып оқу. Өлеңде ананың баласына деген қамқорлығы айтылған тұстарды тауып оқы.
Сөздік жұмыс.

Көз жасын көлдету – қатты жылау.
ҮІ. Түсінгендерін тексеру:

Міржақып Дулатовтың жоғарыдағы сөзі қай өлеңінен алынған?

Өлең сұрақ-жауап үлгісінде жазылғанына назар аудар. Ана баласын қалай сүйеді?

Ана неге көз жасымен бетін жуады деп ойлайсың? Ана неге қуанады?


ҮІІ. Қорыту.

Бүгін не жайлы өттік?

Қандай ана туралы өлең, тақпақтар білесің? Оларды кімдер жазады?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, бағалау.

Тақырыбы: Міржақып туралы. Аяулы Жақаң. Асқар Дулатов. 02.12.2013
Мақсаты:


  1. Оқушыны Асқар Дулатовтың «Аяулы Жақаң» атты Міржақып Дулатов жайлы естелікпен таныстыра отырып, түсініп оқып, оқушының жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, әңгімедегі түйінді ойды ашуға жағдай жасау.

  2. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар. Мен бақытты балам, Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда. Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Өлеңді жатқа айту. Ана баласын қалай сүйеді? Ана неге көз жасымен бетін жуады деп ойлайсың? Ана неге қуанады?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Өзіңнің анаң, апаң жайлы айта ғой.

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық. Міржақып Дулатовтың қандай шығармаларын білесің? (Қырдан келген жас қазақ,Қоян). Есіңде ме не жайлы еді?
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Міржақып Дулатов (1885-1935) – ақын, жазушы. Қостанай өңірінде туылған. «Оян, қазақ» атты кітабы бар. Автордан алғы сөз. Міржақып «Оян, қазақ» кітабында ұран салып халқын өнер-білімге шақырған. Қазақ елінің басқа жұртпен терезесі теңеліп, іргелі ел болуын көксеген. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Мәтіннен Міржақыпты сипаттайтын жерін тауып оқы. (Міржақып өзі қатарлас балалардан бойы аласалау ...). Дәптермен жұмыс. «Қуанышы қойнына сыймай» деген тіркесті сөздерді пайдаланып, сөйлем құрап жаз.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Естелікті кім жазды? Міржақып Дулатов нені армандаған екен? Міржақып Дулатовтың алғашқы кітабының «Оян, қазақ» деп аталу себебі неде? «Кәмпескелеу» дегенді қалай түсінесің? 2. Мәтінге сүйеніп, төмендегі сызба бойынша Міржақып Дулатовқа сипаттама жаз.


Міржақып



Сыртқы түр-әлпеті:

Денесі тығыршықтай жұмыр

Бойы аласалау,

Киімі таза, жинақы

Қимылы шапшаң

Ерекшелігі:

Үздік оқуы,өжеттігі,

Ізденімпаздығы ...



Автордың көзқарасы, ойы:

Ұран салып халқын өнер-білімге шақырды; елінің терезесі теңеліп, іргелі ел болуын көксеген; патша үкіметіне қарсылық...




ҮІІ. Қорыту. Автор көзқарасы дегеніміз шығармада суреттеліп отырған кейіпкерге, оқиғаға, өмір құбылысына автордың беретін бағасы, оның өз ойы мен пікірі. 2. Мәтіннен анасының сөзін тауып оқы. Қалай ойлайсың, анасының үміті мен сенімі ақталды ма?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.
Тақырыбы: Жетім. Мұхтар Әуезов. 03.12.2013 жыл
Мақсаты:

  1. Мұхтар Әуезовтің өмірімен таныстыру, «Жетім» әңгімесін оқыту, түсінік беру;

  2. бұрынғы оқыған шығармаларын еске түсіре отырып, ой-өрісі мен сөздік қорларын кеңейту;

  3. дұрыс түсініп оқуға үйрету, адамгершілікке, мейрімділікке тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: түсіндіру, әңгімелеу, жұптастыру, ой толғау, сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: Мұхтар Әуезовтің суреті, мақал-мәтелдер, плакаттар, кесте
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.


Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. Әңгімелеу. Естелікті кім жазды? Міржақып Дулатов нені армандаған екен? Міржақып Дулатовтың алғашқы кітабының «Оян, қазақ» деп аталу себебі неде? «Кәмпескелеу» дегенді қалай түсінесің?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қалай ойлайсың, анасының үміті мен сенімі ақталды ма?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.

Мұхтар Әуезов туралы не білеміз? Мұхтар Әуезов (1897-1961). Семей облысында, Абай ауданында туған. Шебер жазушы. «Абай жолы» романын жазған. 2 – 3 кластарда «Әбілмансұр», «Бала Абай», «Әке арманы», «Боран», «Кешкі дөң басында» атты шығармаларымен таныстық.


Ү. Жаңа сабақ:
1. кіріспе. «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді адам емес» - деген екен Мұхтар Әуезов.

Мұхтар Әуезов қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеуші, драматург және қоғам қайраткері. Ол Абайтану ғылымының негізін сала отырып, қазақ әдебиеті тарихына орасан қызмет сіңірді. Оның әлемге тараған «Абай жолы» роман-эпопеясы – ұлтымыздың рухани қазынасына қосылған ұлы мұра. Балаларға арналған шығармалары да баршылық, мысалы: «Көксерек», «Жетім», «Қорғансыздың күні» т.б.

2. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу.
Әңгіме қалай басталады? Жападан-жалғыз келе жатқан бала кім? Әңгімеде Қасым жетімдіктің қорлығын қалай көрген? Сол тұсты тауып оқы. Қасымның әжесінен айрылған кезде жоқтау айтып жылаған сөзін мазмұнына сай ырғақпен оқы. 3.
Сөздік жұмыс.

Қиянат – әділетсіздік, зорлық, өктемдік.

Қаға беріс – шеттеу, бұрылыс, тасалау жер.
4. Дәптермен жұмыс. Сызбаларды толтыру.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
1. Әңгімеде қараңғы түндегі қорқыныш елесі қалай берілген? Сенің көз алдыңа нелер елестеді? Егер сен Қасымның орнында болсаң, не істер едің? Қасымға жетімдіктен құтылудың қандай амалын айтар едің? 2. Табиғат пен баланың көңіл күйін суреттеуде қандай байланыс барын мәтіннен тауып, мына кестені дәптеріңе толықтырып жаз.


Табиғаттағы өзгеріс

Баланың көңіл күйі

1. қалың қара бұлт

2. бұлт жиі-жиі күркіреп,күн жарқылдайды;

3. ымырт жабылып, қас қарайған шақта ...


1. жалғыз жаяу бала

2. түсі де, көңілі де қартайып, жүдеп

3. жүрегі қалтырап, шошынып, елеңдеп...



ҮІІ. Қорыту. Әңгіме бойынша құрылған мына жоспарды оның мазмұнына қарай қайта реттеп жазып шық.


  1. Ағашқа сүйеніп қатып қалған бала. (4)

  2. Қасымның әжесінен айырылуы. (1)

  3. Тау ішіндегі қорқыныш. (3)

  4. Иса мен Қадишадан көрген қорлығы. (2)


ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

Тақырыбы: Мұхтар туралы. Жас Мұхтар. Ахмет Әуезов. 04.12.2013 жыл
Мақсаты:

  1. Оқушыны Мұхтар Әуезовтің жастық шақтағы өмірімен таныстыра отырып, оқып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ой-өрісі мен сөздік қорларын кеңейту;

  2. адамгершілікке, мейрімділікке тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, әр сөзге зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Әңгіме қалай басталады? Жападан-жалғыз келе жатқан бала кім? Әңгімеде Қасым жетімдіктің қорлығын қалай көрген? Әңгімеде қараңғы түндегі қорқыныш елесі қалай берілген? Сенің көз алдыңа нелер елестеді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен Қасымның орнында болсаң, не істер едің? Қасымға жетімдіктен құтылудың қандай амалын айтар едің?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.
Ү. Жаңа сабақ: 1. Кіріспе .

Мұхтар Әуезов туралы Ахмет Әуезовтың естелігінен:



Мұхтар ес білгелі Абайдан үлкен тәрбие алды, үлгі-өнеге алды.

Атам ескіше оқып, хат танып, әріпті жаза бастаған соң, Мұхтарға, бәрімізге Абай өлеңін, қарасөзін үйрете бастады.

Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Мәтіннің негізгі ойын табу, кейіпкерлерін атау. Мұхтар Әуезов бала кезінен бастап нені оқып үйренді? Абайдың қарасөзі бойынша естіген нәрсені ұмытпас үшін не істеу керек? Кітаптан тауып оқы. Дәптермен жұмыс.

  1. Сызбаны дәптеріңе жазып ал.

1 – ші мұқият тыңдау
Есте сақтау жолдары

2 – ші ынтамен ұғу

3 – ші бірнеше рет қайталау

4 – ші басқа ойдан қашық болу



  1. Дәптерге Мұхтарлар тыңдаған жырлардың атын жаз.

«Еңлік - Кебек», «Айман - Шолпан» эпостық жырлар, «Алпамыс», «Қобыланды» жырлары.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Мұхтарды кішкентай кезінде кім деп атаған? (Қоңыр қозы). Мұхтардың атасының аты кім? (атасы Әуез, әжесі Дінәсіл). Атасы қандай жырлар мен ертегілер айтып берді? («Еңлік - Кебек», «Айман - Шолпан» эпостық жырлар, «Алпамыс», «Қобыланды» жырларын, «Күн астындағы Күнікей қыз» атты қиял-ғажайып ертегісін).
ҮІІ. Қорыту. Мұхтар Әуезов туралы деректерді ізде (2 – 3 кластардағы оқулықтар мен кітапханадан қара) және оларды мына сызба бойынша жаз.


Мұхтар Әуезов кім?

Мен Мұхтар Әуезов туралы не білдім?


ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, № 3 тапсырма. 2. Бағалау.
Тақырыбы: Мен не үйрендім? 05.12.2013 жыл
Мақсаты:

  1. Оқушылардың «Өшпес өмір өнегелері» атты бөлімінен алған білімін тұжырымдау, ой қорытындысын жасау арқылы баланың ойын нақтылау,

  2. өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету;

  3. логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.


Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Мұхтар Әуезов бала кезінен бастап нені оқып үйренді?

Абайдың қарасөзі бойынша естіген нәрсені ұмытпас үшін не істеу керек?

Мұхтарды кішкентай кезінде кім деп атаған? Мұхтардың атасының аты кім?

Атасы қандай жырлар мен ертегілер айтып берді?


ІІІ . Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық.
ІҮ. Қайталау. Әр оқушы жеке жұмыс парағымен істейді.


  1. Тұңғыш өлеңдер жинағы «Оян, қазақ» деген атпен жарық көрген ақын кім?

А). Ыбырай Алтынсарин Б). Мағжан Жұмабаев

Ә). Ахмет Байтұрсынұлы В). Міржақып Дулатов
2. «Қорқарың бар, қораға кірме» деген нақыл сөз кімнің шығармасында кездеседі?
А). Абай. «Сабырсыз, арсыз, еріншек»

Б). Ш. Уалиханов. «Абылай хан»

Ә). М. Әуезов «Жолда»

В). С. Бегалин. «Қырдың жас түлегі»


3. С. Бегалиннің «Қырдың жас түлегі» мен 2 кластағы оқыған «Бала Шоқан» әңгімесін салыстыр. Бұл шығармада қандай ұқсастық бар?
4. Ахмет Дулатов «Аяулы Жақаң» әңгімесін кімге арнап жазған?

А). Ыбырайға Б). Шоқанға

Ә). Абайға В). Міржақыпқа

5. Бұл бөлімде қандай өнегелі адамдардың шығармаларымен таныстың? Сызбадағы сұрақтың орнына шығарманың атын қойып жаз.

Ыбырай Алтынсарин

Ахмет Байтұрсынұлы

Абай Құнанбаев



Дүниеде жамандық неден?

Екі шыбын

Сабырсыз, арсыз, еріншек

6.Мұхтар Әуезовтың Абай туралы жазған шығармасы қалай аталады?

«Жолда»
7.Мұхтар Әуезовтың «Жетім» әңгімесінде жазушы Қасымның көңіл күйін немен сәйкестендіреді?

А). Күнмен Ә). Табиғатпен. Б). Қыс мезгілімен.
Ү. Қорыту.

Бүгінгі сабақта біз не істедік?

Осы бөлімнен өзіңе қандай әсер алдың?
ҮІ. Үйге тапсырма: 1. Мазмұндама жазуға дайындалып келу.

Тақырыбы: Мазмұндама. «Құмырсқалар» 09.12.2013 жыл
Мақсаты:


  1. Оқушылардың алған білімін тұжырымдау, ой қорытындысын жасау арқылы баланың ойын нақтылау, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу,

  2. жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету;

  3. логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: өз бетінше жазбаша жұмыс.

Көрнекілігі: мәтін, дәптер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік
ІІ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.
ІІІ. 1. Кіріспе:

жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкерлерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;


2. Мұғалімнің мәтінді дауыстап оқуы; Оның негізгі бөлімдерін кідіріс жасап оқуы; мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап оқу. Жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою.( міндетті түрде істелетін жұмыстар).
Құмырсқалар

Шәріп атаның бір құмыра балы болатын. Ол сарайда тұратын еді. Бір күні балын құмырсқалар жеп жатқанын көрді. Қараса, сарайда құмырсқаның илеуі бар екен. Құмырсқаның илеуін құрту өте қиын. Илеудегі құмырсқа өте көп. Ата ойланып қалды.

Шәріп ата айла ойлап тапты. Ол қыш құмыраны сыртынан шандып байлап, сарайдың төбесіне іліп қойды. Құмыраның ішінде бір құмырсқа қалып қойыпты. Құмырсқа илеуіне жол іздейді. Ол алдымен жіпке, одан төбеге өрмелейді. Төбеден қабырғаға одан еденге түседі.

Бір күні атай өрмелеп жүрген құмырсқаларды көреді. Олар құмыраға кіріп-шығып жатыр. Құмырасын қараса, құмырсқалар бәрін жеп қойыпты.

Бір құмырсқа барлық құмырсқаға жол көрсетіп берген екен. Шәріп атай құмырсқада да ақыл болатынын білмесе керек.
Тіректі сөздер мен сөз тіркестері: құмырсқалар жеп жатқанын көрді, құмыраны сыртынан шандып байлап; өрмелеп жүрген құмырсқаларды көреді; барлық құмырсқаға жол көрсетіп берген екен; ақыл болатынын білмесе.

Мазмұндау жоспары:



  1. Шәріп атайдың балы.

  2. Сарайдағы құмырсқаның илеуі.

  3. Атайдың айласы.

  4. Бір құмырсқаның әрекеті.

  5. Шәріп атайдың білместігі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет