І бөлім. Халық ауыз әдебиеті үлгілері 02. 09. 2013 ж. №1. Сабақтың тақырыбы



бет8/15
Дата06.07.2018
өлшемі421,86 Kb.
#47551
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15

ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақта біз не істедік? Әңгіме не жайлы еді? Не жайлы жаздық? Мәтін неге «Құмырсқалар» деп аталыпты? Қалай ойлайсың басқаша амалмен балды сақтап қалуға болар ма еді
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Өткенді қайталау.

ІІІ тарау. Балалық шаққа саяхат.
Тақырыбы: Менің атым Қожа. Бердібек Соқпақбаев 10.12.2013 жыл
Мақсаты:

  1. Оқушыларды бұл бөлімде балалар әдебиетінің негізін салған ақын жазушылардың туындыларымен таныстыра, Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты шығармасымен таныстыру;

  2. түсініп оқи отырып, әңгіменің түйінді ойды ашуға жағдай жасау;

  3. өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.

Түрі: жаңа сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.


ІІ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық.

Балалар, бұл бөлімде балалар әдебиетінің негізін салған ақын жазушылардың туындыларымен танысамыз.


ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Кіріспе. «Менің атым Қожа» атты киноны кім көрді? Ол не жайлы еді?

Балалар жазушысы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» атты шығармасын барлығың да біледі екенсіңдер. Ол туралы түсірілген киноны да көріпсіңдер. Енді жазушының сол шығармасымен жақынырақ танысу үшін бір үзіндісін оқып көрелік.

2.Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Әңгіме саған ұнады ма? Басты кейіпкер кім? Үйге қандай тапсырма берілген екен? Әңгімеден Қожаның ішкі ойын тауып оқы. Қожа Анфиса Михайловнаның сабақ сұрау тәсілін кіммен салыстырды? Сабаққа дайындалмай келгеніне Қожаның қатты өкінгенін неден байқауға болады? Әңгімеден сол жерлерін тауып бер.
ІҮ.Түсінгендерін тексеру: 1. Анфиса Михайловнаның Жантасқа айтқан ескертуін тауып оқы. Жантасты қандай бала деп ойлайсың? Оны Қожамен салыстыр.



Қожа

Жантас







Қорытынды:


Басты кейіпкер – көркем шығармадағы оқиғаға қатысатын негізгі басты адам. Жазушы оның жеке сипатын, іс – әрекетін, мінез-құлқын басқалардан гөрі анық танылатындай етіп суреттейді.




Ү. Қорыту. Өзіңде Қожаның басында болған оқиға болды ма? Болса, әңгімелеп айтыпбер.
ҮІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.
Тақырыбы: Компас. Бердібек Соқпақбаев 11.12.2013 жыл
Мақсаты:


  1. Оқушыларды Бердібек Соқпақбаевтың «Компас» атты шығармасымен таныстыру; түсініп оқи отырып, әңгіменің түйінді ойды ашуға жағдай жасау;

  2. өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1. Басты кейіпкер кім?

Үйге қандай тапсырма берілген екен?

Әңгімеден Қожаның ішкі ойын тауып оқы. Қожа Анфиса Михайловнаның сабақ сұрау тәсілін кіммен салыстырды?

Сабаққа дайындалмай келгеніне Қожаның қатты өкінгенін неден байқауға болады?

Жантасты қандай бала деп ойлайсың?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Анфиса Михайловнаның Жантасқа қандай ескерту берді? Басты кейіпкер деп нені айтамыз? Жантасты пен Қожа қандай балалар деп ойлайсың?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Кітаптағы суретке қараңдаршы? Мына балалар нені қызықтап тұр екен? Төмендегі әңгімені оқып көрейікші ...
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Компас деген не?

Дүниетану сабағынан білесіңдер ме?



Компас — жер бетін бағдарлауға, географиялық немесе магниттік меридианның бағытын анықтауға арналған аспап. Кішкене деңгелек қобдишаның ортасында орнатылған тік үшкір иненің үстіне қондырылған магнитті болат тілі болады. Тілдің бір жағы үнемі Солтүстікті, екінші жағы Оңтүстікті керсетіп тұрады. Қобдишаның сыртңы деңгелегі градустарға белінген (360°), горизонт жақтарында Солтүстікті, Шығысты, Оңтүстікті, Батысты көрсетеді (С. В. Ю. З.) әріптері жаэылған. Компастардың мынадай түрлері болады

  1. магниттік компас 2.механикалық немесе гироскоптік компас 3.радиокомлас

  2. астрокомпас.


Оқулықпен жұмыс.
Іштей оқу.Тізбектей оқу. Қанатқа әкесі сыйлаған компастың қандай ерекшелігі бар? Балалар қайда барды? Боданның компасқа қатты қызыққанын оның қай сөздерінен байқауға болады? Боданның компасты алғаннан кейінгі ойын тауып оқы.
ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
1. Оның өзін-өзі ақтамақ болған жерін дәптеріңе жаз. «Сау басына сақина тілеп» деген қандай мағына береді? Осы сөйлемді әңгімеге қатыстырып айтып көр.

2. Мына сөзжұмбақты әріп түстерінің ретімен оқысаң, мағыналы сөз шығады. Ол қандай сөз? Мағынасы қандай? (Тұс бағдар).

3. Әңгіменің соңғы бөлігін оқып, өз ойыңды жаз. «Егер мен болсам ...»
ҮІІ. Қорыту.

Бодан компасты не істеді?

Оның орнында болсаң, не істер едің?

Мына мақалдарды толықтырып жаз.

Жаман аттан аяғым артық, Жаман жолдастан таяғым артық.

Өтірік айтып жағынғанша, Шыныңды айтып жалынғаның артық


ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу.

Тақырыбы: Ағаштар неге ашуланды? Бердібек Соқпақбаев. 12.12.2013ж
Мақсаты:

  1. Оқушыларды Бердібек Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды» атты шығармасымен таныстыру;

  2. түсініп оқи отырып, әңгіменің түйінді ойын ашуға жағдай жасау;

  3. өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, адамгершілікке, жанашырлыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. «Жасырынбақ» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Көзім, көзім, көз. Көзімде бар шоңайна.

Шоңайнасы кіреді, Көзіңді жұм, абайла.
Ойын шарты бойынша оқушылар көзін жұмады. Бір оқушы ақырын барып, балалардың кітабының арасына қима қағазды жасырады. Қима қағазға қайықтың, ақсүйектің, машинаның суретін салуға болады. Қағазға үй тапсырмасы бойынша оқып келген шығарма негізіндегі сұрақ немесе тапсырма жазылады. Оқушы қағазды тауып, тапсырманы орындайды.
Қанатқа әкесі сыйлаған компастың қандай ерекшелігі бар?

Балалар қайда барды?

Боданның компасқа қатты қызыққанын оның қай сөздерінен байқауға болады? Бодан компасты не істеді?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Оның орнында болсаң, не істер едің? Сенің басыңда осындай жағдай болды ма?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

Балалар сендер көктемде қандай жұмыстар жүргізесіңдер?

Сол отырғызған ағаштарыңды қалай күтесіңдер?

Шынында, мына Бердібек Соқпақбаевтың «Ағаштар неге ашуланды» атты шығармасында ағаштарға не болды екен?

Ү. Жаңа сабақ:
Бердібек Соқпақбаев – атақты балалар жазушысы.1924-1991 жылдары өмір сүрген. «Он алты жасар чемпион», «Алыстағы ауылда», «Менің атым Қожа», «Балалық шаққа саяхат», «Дала жұлдыздары», «Аяжан» атты повестері мен «Өлгендер қайтып келмейді» романының авторы. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Алмабектің жіберген кемшілігі неде? Ағаштар Алмабекті қалай жазалады? Алмабек өз кемшілігін қалай түзеді?
ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
1. Кәрі еменнің сөзін тауып оқы. Ол туралы не айтасың?

2. Мәтіндегі ағаштардың Алмабекке қойған кінәсін мына үлгілік кесте бойынша жаз.

күтпеді

Алмабектің ағаштың түбін қопсытпады

айыбы суғарылмады

әкпен әктемеді
3.Мына мақалдарды дәптеріңе толықтырып жаз.
1. Ер еңбегімен озады. 2. Еріншектің ертеңі бітпейді.

Еріншек езілумен тозады.
Бұл мақалдардың мәтінге қандай қатысы барын дәлелде.

ҮІІ. Қорыту.

1. Егер Алмабек ағаштардан кешірім сұрамағанда не болар еді?

2. Мына сызбаға сүйеніп, Бердібек Соқпақбаевтың шығармашылығына талдау жасап көрейік.


ҮІІІ. Үйге тапсырма:

1. түсініп оқу. № 5 тапсырманы орындау.


2. Бағалау.

Тақырыбы: Мен қалай торғай болдым? Мырзабек Дүйсенов. 18.12.2013
Мақсаты:

  1. Оқушыларды Мырзабек Дүйсеновтың «Мен қалай торғай болдым» атты шығармасымен таныстыру;

  2. түсініп оқи отырып, әңгіменің түйінді ойды ашуға жағдай жасау;

  3. өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, адамгершілікке, қиялдай білуге, армандауға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабаққа әзірлік. Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Алмабектің жіберген кемшілігі неде?

Ағаштар Алмабекті қалай жазалады?

Алмабек өз кемшілігін қалай түзеді?

Ол туралы не айтасың?


ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер Алмабек ағаштардан кешірім сұрамағанда не болар еді?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар сендер өмірде адамнан басқа бірдеңе болуды армандап көрдіңдер ме?


Ү. Жаңа сабақ:

бүгінгі сабақта Мырзабек Дүйсеновтың «Мен қалай торғай болдым» атты шығармасымен танысамыз. Оқулықпен жұмыс. Дауыстап, іштей, тізбектей жалғастырып оқу. Баланың торғайға айналған кездегі қуанышы мен өкінішін тауып оқу. Бөктергінің торғай-баланы жемекші болған жерін тауып оқы. Қандай сезімде болдың?


ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
1. Бала не болуды армандады? Ол бір күні не тауып алды?

Торғайға айналып кетуіне кім көмектесті?

Торғай болып жүрген кезінде қандай қиындықтарды бастан кешірді?
2. Әңгімеде қандай мақал кездесетінін тап. Ондағы «Торғай» деген сөздің орнына «Бала» деген сөзді қойып жаз. ( « Аш торғай (бала) тоқ торғаймен (баламен) ойнамайды, тоқ торғай (бала) ештеңені ойламайды»)
ҮІІ. Қорыту.

Бүгін не жайлы өттік?

Қалай ойлайсың, торғай болған жақсы ма?

Сенің кімге айналып кеткің келеді? Неге?


ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, 2. Бағалау.
Тақырыбы: Мен қалай торғай болдым? Мырзабек Дүйсенов. 18.12.2013
Мақсаты:

  1. Оқушыларды Мырзабек Дүйсеновтың «Мен қалай торғай болдым» атты шығармасымен таныстыру;

  2. түсініп оқи отырып, әңгіменің түйінді ойды ашуға жағдай жасау;

  3. өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу, адамгершілікке, қиялдай білуге, армандауға тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.


ІІ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар сендер өмірде адамнан басқа бірдеңе болуды армандап көрдіңдер ме?
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Бала не болуды армандады?

Ол бір күні не тауып алды?

Торғайға айналып кетуіне кім көмектесті?

Әңгімеде қандай мақал кездесетінін тап.

Ол жайында не айта аласың? Қалай түсінесің?
ІҮ. Жаңа сабақ:
Оқулықпен жұмыс.
Дауыстап, іштей, тізбектей жалғастырып оқу. Баланың торғайға айналған кездегі қуанышы мен өкінішін тауып оқу. Бөктергінің торғай-баланы жемекші болған жерін тауып оқы. Қандай сезімде болдың?
ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
1. Бала не болуды армандады? Ол бір күні не тауып алды?

Торғайға айналып кетуіне кім көмектесті?

Торғай болып жүрген кезінде қандай қиындықтарды бастан кешірді?
2. «Шіркін, егер мен ... болсам» тақырыбына шағын эссе (арманыңды) жаз
ҮІІ. Қорыту.

Бүгін не жайлы өттік?

Қалай ойлайсың, торғай болған жақсы ма?

Сенің кімге айналып кеткің келеді? Неге?


ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу.
2. Бағалау.
Тақырыбы: Алтын балық. Жолтай Әлмашев. 19.12.2013
Мақсаты:

  1. әңгіме мазмұнын түсіндіре отырып, баланың арманы мен қиялына баға беруге үйрету:

  2. жазушының астарлы, айшықты сөздеріне баланың назарын аудара отырып, көркем сөздің адам ойын дәл жеткізудегі рөлін айқындау,

  3. сөздің құдіреттілігіне, әсерлілігіне көзін жеткізу; адамгершілікке, ізгілікке баулу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Әңгімені толық әңгімелету.

2. Бала не болуды армандады? Ол бір күні не тауып алды?

Торғайға айналып кетуіне кім көмектесті?

Торғай болып жүрген кезінде қандай қиындықтарды бастан кешірді?

ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Қалай ойлайсың, торғай болған жақсы ма? Сенің кімге айналып кеткің келеді? Неге?

ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2. Жаңа сабаққа даярлық. Сөзжұмбақ шешу арқылы баланың қызығушылығын арттыру. Мысалы:

ТА(..) ЛЫҚ жауабы: БАЛЫҚ. Бірінші сөз - «таба», екінші сөз – «балық» Жақша ішіндегі нүктелер саны әріп санымен сәйкес келеді.



Ү. Жаңа сабақ:

1. кіріспе. - Балалар, неліктен бұл әңгіме

«Алтын балық» деп аталады? Кім қалай ойлайды?

- Алтын балық туралы ертегі немесе мультфильм көргендерің бар ма? Онда не туралы айтылады?

- Жалпы ертегіде алтын балық адамның тілегін орындайды. Ал бұл ертегі емес, әңгіме. Ал алтын балықтың бұл әңгімеге қандай қатысы бар екенін оқып көрелік.

2. Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу. Әңгімедегі басты кейіпкер кім? Шөкі қандай бала деп ойлайсың? Ойыңды дәлелде.

Сөздік жұмыс.

Дерт – ауру.

Шетінеді – қайтыс болды.

Төсек тартып ауыру – төсектен тұра алмай ауырып жату.

Қолы жеңіл дәрігер – білгір дәрігер.

Қуанышы қойнына сыймай – қатты қуанып.

Сабасына түсті – көңілі орнына түсті.

ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1. Бала шешесінен А.С.Пушкиннің қандай ертегісін көп тыңдайтын еді? Шөкінің арманы не еді? Баланың атын неліктен Шөкі қойған? «Тіл тию» дегенді қалай түсінесің? Шөкі қармағына түскен балықтан қандай тілек тіледі? 2. Баланың атын «Шөкі» деп қою себебі жазылған жерді тауып оқы.3.Шөкінің «Алтын балыққа» айтқан сөзін тауып оқы.

ҮІІ. Қорыту. Баланың тілегі орындалды ма? (Баланың ойын жинақтау, жазбаша ойын жинақтау, шығармашылық ойлауын дамыту мақсатында № 3 тапсырманы орындау). Егер сен «Алтын балық» ұстап алсаң, не тілер едің? Тілегің болса, оны дәптеріңе былайша жаз:

«Қымбатты, су патшасы ...»



ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, сурет салу. 2. Бағалау.

Тақырыбы: Құмырсқалар. Кәдірбек Сегізбайұлы. 19.12.2013
Мақсаты:

  1. әңгіме мазмұнын түсіндіре отырып, әңгіме астарын таба білуге үйрету;

  2. жазушының күштілер мен әлсіздер арасындағы айқастыңәсеріне баланың назарын аудара отырып, көркем сөздің адам ойын дәл жеткізудегі рөлін айқындау, сөздің құдіреттілігіне, әсерлілігіне көзін жеткізу;

  3. адамгершілікке, ізгілікке баулу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер, кесте.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. Әңгімедегі басты кейіпкер кім? Шөкі қандай бала деп ойлайсың?

Шөкенің арманы не еді? Баланың атын неліктен Шөкі қойған?

«Тіл тию» дегенді қалай түсінесің? Шөкі қармағына түскен балықтан қандай тілек тіледі?
ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

Баланың тілегі орындалды ма? Сенің алтын балықтан сұраған арманың туралы білуге болады ма? Егер ол құпия болмаса.


ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, құмырсқа жайлы не білесің?
Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Құмырсқа илеуі бар сурет бойынша әңгіме құру.
Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей, жалғастырып оқу. оқушыларды 3топқа бөліп, мәтінді 3 бөлімге бөліп, түсінгенін айтып бір – біріне сұрақ қояды.
1 – бөлім. «Көрші қыз». Бұл бөлімде Ләйлә туралы, оның өсімдіктерді жақсы көретіні, ізденіп оқитыны сөз болады.

2 – бөлім. «Құмырсқалар шайқасы». Бұл бөлімде қоңыр құмырсқа мен қара құмырсқалардың арасында болған майдан туралы айтылады.

3 – бөлім. «Күш біріктіру». Бұл бөлімде құмырсқалардың күш біріктіріп, илеуді үлкейтуге кіріскені таралы айтылады.

Осы бөлімдер бойынша топ ішінде талдап, түсінігін бір-біріне айтады. Сонан соң 1-ден 4-ке дейінгі нөмір жазылған жетон беріледі. Сол жетон бойынша 1-ші номерлер бір жерге, 2-ші номерлер екінші жерге, т.с.с. жиналады.Жаңа шағын топ құрылады. Енді әрбір оқушы оқығанын осы топқа айтып беруі тиіс. Сонда тұтас мәтін толық түсінікті болады.


ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Әңгіменің бастапқы бөлігін қайта оқы. Ләйлә қандай қыз деп ойлайсың? Бір күні түс кезінде қандай оқиға болды? Ләйлә қандай құмырсқаға жақтасып жүрді? Неге?Ләйлә ертесіне неге мәз болды? Күш біріктіру не үшін не үшін қажет екен?
ҮІІ. Қорыту. Егер сен Ләйләнің орнында болсаң, не істер едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, № 3 тапсырма. 2. бағалау
Тақырыбы: Адасқан бала. Қабдеш Жұмаділов. 23.12.2013ж
Мақсаты:

  1. Оқушының Қабдеш Жұмаділовтің «Адасқан бала» әңгімесін оқи отырып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйене, әңгіменің түйінді ойын ашуға жағдай жасау;

  2. өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

Көрнекілігі: суреттер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

Мен бақытты баламын,

Жан дүниемде күн нұрлы

Жылуым мол бойымда.

Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: 1. «Жасырынбақ» ойыны арқылы үй тапсырмасын сұрау.

Көзім, көзім, көз Көзімде бар шоңайна.

Шоңайнасы кіреді, Көзіңді жұм, абайла.

Ойын шарты бойынша оқушылар көзін жұмады. Бір оқушы ақырын барып, балалардың кітабының арасына қима қағазды жасырады. Қима қағазға қайықтың, ақсүйектің, машинаның суретін салуға болады. Қағазға үй тапсырмасы бойынша оқып келген шығарма негізіндегі сұрақ немесе тапсырма жазылады. Оқушы қағазды тауып, тапсырманы орындайды.

Ләйлә қандай қыз деп ойлайсың? Бір күні түс кезінде қандай оқиға болды? Ләйлә қандай құмырсқаға жақтасып жүрді? Неге? Ләйлә ертесіне неге мәз болды? Күш біріктіру не үшін не үшін қажет екен?


ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Егер сен Ләйләнің орнында болсаң, не істер едің? Оның әрекетін дұрыс деп санайсың ба?
ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендердің ата-аналарыңнан адасып қалған кездерің болды ма? Ондай жағдайда не істедіңдер?
Ү. Жаңа сабақ:

Балалар, Қабдеш Жұмаділовтің «Адасқан бала» әңгімесіндегі жоғалып кеткен бала кім болды екен? Әңгімеден оқып біліп, табуға көмектесейік. Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей, түсініп оқу. Әңгіме кім туралы? Жаконың шын аты кім еді? Жако күннің қай уағында жоғалып кетті? Олар қандай ойын ойнады? Балалар бассейнге барарда Жаконы неге қалдырып кетті? Жако қандай оқиғаларды басынан кешірді? (3 топқа, 3 бөлімге бөліп сұрау..)


ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Жаконың өзіндік ерекшелігін айт. «Ат» болып ойнаған, «жем жеген» тұстарын тауып оқы. (Біраз уақыт Бедел деген балаға «ат» болып ойнады. ... Үй мен бассейіннің арасы арасы едәуір... « Аттар» шаршады. Бұларға енді жем ...).
ҮІІ. Қорыту. Егер саған адасқан бала кездессе, не істер едің?
ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.
Тақырыбы: Мектептен жырақ жол. Динара Мыңжасарқызы. 24.12.2013
Мақсаты:

  1. Оқушыны Динара Мыңжасарқызының «Мектептен жырақ жол» атты әңгімесін түсініп оқуға, әңгімелей білуге, негізгі түйінді ойды ашуға жағдай жасау;

  2. өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет