І бөлім. Халық ауыз әдебиеті үлгілері 02. 09. 2013 ж. №1. Сабақтың тақырыбы



бет12/15
Дата06.07.2018
өлшемі421,86 Kb.
#47551
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

Ақын нені ұмытпаспын дейді?

  • Неге тозбайтын асыл сөз?

  • Мыңдаған ақын сен туралы жазса да тауыса алар ма екен? – деп не жайлы айтады?



    ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

    Өлең жолдарында қазақ тілінің байлығы мен ұлылығы туралы ақын не дейді? Өлеңнің соңғы жолдары бойынша қандай қорытынды шығаруға болады?


    ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
    1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

    2.Жаңа сабаққа даярлық.


    Ү. Жаңа сабақ:

    Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» атты әңгімесін оқи отырып, әр баланың асылы «апасы» жайлы әңгімелеу.


    Оқулықпен жұмыс. Іштей оқу. Тізбектей оқу.
    Сөздік жұмыс.

    Келі – тары, бидай, т.б. дәнді дақылдарды түйетін, ұнтақтайтын ағаштан жасалған құрал.

    Астау – ағаштан ойылып жасалған ас салатын ыдыс.
    Әңгімешінің (автордың) балалық шақта ойнаған ойындары қандай екен?

    Әңгімені оқып отырып, Апаны көз алдына қалай елестеттің?


    ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

    Әңгімешінің Апасына берген мінездемесіне және мына үлгілік сызбаға сүйеніп, Қандай? Сұрағына жауаптар жаз. 1.


    Қандай?


    Арық ашаң кемпір

    Тарамысты мықты саусақтар

    Тыртықтанған әдемі ажар

    Қара бұйра шаш


    1. Жазушының апасын сағынған,аңсаған сезімі айтылатын жолдарды тауып, дәптеріңе жаз. (Дүние жүзінде апамның қойнынан аңқып шығар әжелік иістен жағымды не бар екен жалғанда! Бұл жалғанда қас қарая ...)


    ҮІІ. Қорыту.

    Үйден алыста болсаң, өз анаңды немесе әжеңді сағынған кезде не деп хат жазар едің? Хат жазып көр.




    Мінездеу дегеніміз адамның сыртқы келбеті, жүріс-тұрысымен бірге ішкі жан-дүниесін, мінезін, жақсы-жаман қылықтарын суреттеу.


    ҮІІІ. Үйге тапсырма:

    1. түсініп оқу, әңгімелеу, хат жазу.


    2. Бағалау.

    Ана тілі 4-сынып
    Тақырыбы: Ана. Баубек Бұлқышев. 04.03.2014 ж
    Мақсаты:

    1. Оқушыны Баубек Бұлқышевтің «Ана» мәтінін түсініп оқуға үйрету, ана туралы жазған жазушының жалынды, көркем, әсерлі сөздері арқылы баланың анаға деген махаббат сезімін сезінуге баулу;

    2. сөздік қорын байыта отырып, дұрыс сөйлеуге, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

    3. Анаы сыйлауға тәрбиелеу.

    Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

    Көрнекілігі: суреттер, кесте.
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі.

    Сабаққа әзірлік.


    Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.
    Барлығы: Күн жарығын алақанға саламыз. Жүрегіме басып ұстай қаламын.

    Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.


    -Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
    1. Әңгімешінің (автордың) балалық шақта ойнаған ойындары қандай екен?

    Әңгімені оқып отырып, Апаны көз алдына қалай елестеттің?

    Жазушының апасын сағынған, аңсаған сезімі айтылатын жері саған қандай әсер етті?
    ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
    Сенің сезімің?

    Өз анаңды, апаңды, әжеңді қалай сипаттап айтар едің?


    ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
    1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

    2. Жаңа сабаққа даярлық.

    Ана жайлы қандай мақалдарды білесің? (Күннің шуағы – жылы, Ананың құшағы – жылы.).

    2. Ақынның сұрағына жауап бер.



    Бұл кім?

    «Бала, бала, бала!»деп,

    Түнде шошып оянған.

    Түн ұйқысын төрт бөліп,

    Түнде бесік таянған. (Ана)
    Ү. Жаңа сабақ:

    кіріспе. Баубек Бұлқышевтің «Ана» мәтінін мәнерлеп оқу, компьютерден немесе интерактивті тақтадан тыңдау. Бұл мәтін кім туралы?
    Сөздік жұмыс.

    Уанбай – жуанбай, мазасы кету.


    Мәтінді оқыған кезде автордың ішкі толғанысын, тебіренісін сезіндің бе?
    ҮІ.Түсінгендерін тексеру: Ана кім? Сұрағына жауап берелік.

    Ең бір жақының

    Ең бір ұстазың.



    Ана



    Ең бір досың

    Дүниедегі ең қымбат адамың.



    2.Мәтіндегі екінші абзацты дауыс ырғағына келтіріп оқы. (Шырылдап жерге түскеннен-ақ сенің бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол – ана: қара жерді баспай жатып, ...)

    3. Мына тіркес сөздерді пайдаланып, «Ана» немесе «Асыл әжем» тақырыбына шағын әңгіме жаз. Тірек сөздер: жақын жан, ыстық алақаны, жұмсақ даусы, айналып-толғанғаны.
    ҮІІ. Қорыту. Мәтінді дауыс ырғағына келтіріп жатқа айтуға үйрен.
    ҮІІІ. Үйге тапсырма:

    1. түсініп оқу, жаттау.


    2. Бағалау.

    Ана тілі 4-сынып
    Тақырыбы: Қанат туралы хикая 05.03.2014 ж
    Мақсаты:

    1. Оқушыны Фариза Оңғарсынованың «Қанат туралы хикая» атты өлеңін түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау,

    2. өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту,

    3. мейрімділікке, адамгершілікке баулу.

    Түрі: аралас сабақ.

    Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

    Көрнекілігі: суреттер.
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі.
    Сабаққа әзірлік.

    Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

    Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

    Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

    -Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

    1. Жатқа сұрау. Ана деген сөзбен қандай сөздердің байланысы бар?

    Ақын ананы кімге теңейді?
    ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

    Сенің ойың? Ана кім?


    ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
    1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

    2.Жаңа сабаққа даярлық.


    Ү. Жаңа сабақ:
    1. Фариза Оңғарсынова – ана тақырыбына лирикалық өлеңдер жазған қазақтың дарынды ақындарының бірі. Ол көптеген өлең кітаптарының авторы.
    2. Оқулықпен жұмыс.

    Өлеңді мәнерлеп оқу. Әр шумақтың мәніне көңіл бөлу.


    3. Сөздік жұмыс.
    Хикая – сюжетке құрылған оқиға желісі. Әдебиет жанрының бір түрі.
    4. Өлең не жайында жазылған?

    Ақын балапан қанатының сынғанын көріп, қандай ойға келеді?


    ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
    Ата-анаңа қандай тілек тілегің келеді?

    Тілегіңді дәптеріңе жаз. ?

    Балапанға ол қандай көмек көрсетті?

    Неге меніңде екі қанатым бар екен деді?

    Ақын өзінің қанатым деп кімдерді айтты?

    Ақынның қандай тілегі бар еді?


    ҮІІ. Қорыту. Ана туралы мына мақал-мәтелдердің екінші жолын тауып жаз.


    1. Ана сүтін ақтамағанды, алла жақтамайды.

    2. Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.


    ҮІІІ. Үйге тапсырма:

    1. түсініп оқу, (жаттап ал),

    3 – 4 мақал жазып кел.
    2. Бағалау.

    Ана тілі 4-сынып
    Тақырыбы: Бақшада. Машқар Гумеров.

    Мақсаты:


    1. Оқушыны Машқар Гумеровтың «Бақшада» әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау,

    2. өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту,

    3. оқушыны адалдыққа, батылдыққа тәрбиелеу;

    Түрі: аралас сабақ.

    Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

    Көрнекілігі: суреттер
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
    Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.
    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
    1. Өлең не жайында жазылған? Ақын балапан қанатының сынғанын көріп, қандай ойға келеді? Балапанға ол қандай көмек көрсетті? Неге меніңде екі қанатым бар екен деді? Ақын өзінің қанатым деп кімдерді айтты? Ақынның қандай тілегі бар еді?
    ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
    Сенің ойың?

    Қалай ойлайсың сенің қанатың бар ма?


    ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
    1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

    2.Жаңа сабаққа даярлық.

    Балалар, сендер бақшада жұмыс істедіңдер ме? Онда қандай жұмыстарды атқардыңдар?
    Ү. Жаңа сабақ:
    кіріспе.

    Машқар Гумеровтың «Бақшада» әңгімесін түсініп оқып, Серіктің картоптың кеселін қалай тапқаны жайлы білейік.



    Оқулықпен жұмыс.
    Әңгімені түсіндіріп, жалғастырып оқу. Балалар бақшада не істеді?

    Серік не нәрсеге таңданды? Картоп ауруы қалай аталады екен?

    Оны қалай емдеуге болады?

    Картоп ауруын емдейтін сұйық қалай аталады? («Бордос» ).


    ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
    1. Мына жоспарды әңгіме мазмұнына сәйкестендіріп қайта құрап жаз.

    1. Кәрімнің картоп ауруын анықтауы. (3)

    2. Балалардың бақшаға келуі. (1)

    3. Серіктің байқағыштығы. (2)

    2.Әңгімедегі Кәрімнің портретін көрсететін тіркестерді тауып жаз. (ақ сұр жүзді, ат жақты, қою қара шашын кейін қайырған бір жігіт ...). Өсімдікті емдеудің тағы қандай жолын білесің?


    ҮІІ. Қорыту. Портрет пен мінездеудің қандай айырмасы барын білесің бе?


    Портрет тек кейіпкердің сыртқы бейнесін суреттеп көрсетсе, мінездеуде кейіпкердің ішкі мінез-құлқы мен сыртқы бейнесі, іс-әрекеті бір-бірімен байланыстыра көрсетіледі.



    ҮІІІ. Үйге тапсырма:

    1. түсініп оқу, әңгімелеу.


    2. Бағалау.


    Ана тілі 4-сынып 10.03.2014 ж
    Тақырыбы: Жылқы. Сәбит Мұқанов.
    Мақсаты:

    1. Оқушыны Сәбит Мұқановтың «Жылқы» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету,

    2. өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отыры

    3. Адамгершілікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.

    Түрі: аралас сабақ.

    Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

    Көрнекілігі: суреттер, кесте.
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі.
    Сабаққа әзірлік.

    Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.


    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
    1. Портрет дегеніміз не?

    Мінездеумен қандай айырмашылығы бар?

    Балалар бақшада не істеді?

    Серік не нәрсеге таңданды?

    Картоп ауруы қалай аталады екен?

    Оны қалай емдеуге болады?

    Картоп ауруын емдейтін сұйық қалай аталады? («Бордос» ).
    ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

    Өсімдікті емдеудің тағы қандай жолын білесің?


    ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
    1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

    2. Жаңа сабаққа даярлық.

    Жылқы қандай мал? Оның адамға қандай пайдасы бар? Өзің жылқы бағып көрдің бе?
    Ү. Жаңа сабақ:

    кіріспе. Сәбит Мұқановтың «Жылқы» атты әңгімесінен жықы малының пайдасы жайлы керекті мәліметтер алайық.

    Оқулықпен жұмыс.
    Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу. Әңгімеден Мақаңның сөзін тауып оқы. Оның сөзіне сүйеніп, өзіңше қорытынды жаса.
    Сөздік жұмыс.
    Қос – шөп шабу, егін салу, егін жинау, жылқыны қысқы отарда бағу кезінде көшіп-қонуға ыңғайлы, тігуі, жығуы оңай баспана.
    Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылады? Жылқының адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсың? Батырлар жырындағы жылқының қасиеттерін есіңе түсір.
    ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
    1. Әңгімені оқып шыққанда қандай сезімде болдың? Сені таңғалдырған жайт болды ма?

    2. Жылқының пайдасы жөнінде айтқан пікіріңді дәлелде.




    Жылқының пайдасы

    Дәлел

    1. Еті

    Өзге малдың етінен күшті, қуатты, құрттаса таза етіне жеткенде өліп қалады.

    1. Қымызы

    Өкпе ауруына ем, ол сүтінің өте күштілігінен.

    1. Терісі

    Жылқының терісінің исіне жылан жоламайды, жылан шаққан адамға аттың аттың терін ішкізсе, мың да бір ем, терісі асыл болғаны.


    ҮІІ. Қорыту.
    Жылқы жасына қарай қалай аталатынын тауып, мына үлгі бойынша дәптеріңе жаз.

    1 жаста – құлын, 2 жаста – тай, 3 жаста – құнан, 4 жаста – дөнен, 5 жаста – бесті, (ат)


    ҮІІІ. Үйге тапсырма:
    1. түсініп оқу, жылқының тағы қандай пайдасы бар ?
    2. Бағалау.


    Ана тілі 4-сынып 11.03.2014 ж
    Тақырыбы: Еріншек. Шәкәрім Құдайбердіұлы.
    Мақсаты:

    1. Оқушыны Шәкәрім Құдайбердіұлының «Еріншек» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау,

    2. өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту;

    3. тазалыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

    Түрі: аралас сабақ.

    Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

    Көрнекілігі: суреттер, кесте.
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
    Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы. Бәрін ұғып алыңдар, сабаққа зер салыңдар.
    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

    1. Әңгімеде жылқының аналық мейірімі туралы не айтылады? Жылқының адамға қандай пайдасы бар деп ойлайсың?
    ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

    Сенің ойың? Әңгімені оқып шыққанда қандай сезімде болдың?

    Сені таңғалдырған жайт болды ма?
    ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

    1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

    2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендердің араларыңда еріншектер бар ма? Олар қандай балалар деп ойлайсың?
    Ү. Жаңа сабақ:
    кіріспе.

    Шәкәрім Құдайбердіұлы – қазақтың аса көрнекті ақындарының бірі. Жастайынан әкесінен жетім қалған Шәкәрім немере ағасы Абай өз қамқорлығына алады. Ол өз бетінше оқып, араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгереді. Шәкәрімнің әдеби мұралары қазақ әдебиеті үшін асыл қазына болып есептеледі.


    Оқулықпен жұмыс.
    Өлеңді мәнерлеп, түсініп, жалғастырып оқу. Әр шумаққа көңіл бөліп, түсінігін әңгімелеу.

    ҮІ.Түсінгендерін тексеру:


    1. Өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтар сыналады?

    2. Автордың қорытынды ойы қандай?

    3. Ол өлеңнің қай шумақтарында жазылған?

    2. Өлеңге және мына кестеге сүйеніп, еріншек адамның бойындағы жағымсыз қылықтарды дәптеріңе толтырып жаз.




    Еріншек адам қандай болады?

    1. Салақ

    2. Надан

    3. Адамдығы жоқ



    ҮІІ. Қорыту.
    Қалай ойлайсың, еріншектік жақсы қылық па?

    Сенің жалқау, еріншек болғың келеді ме?


    ҮІІІ. Үйге тапсырма:

    1. Мәнерлеп, түсініп оқу, әңгімелеу.


    2. Бағалау.

    Ана тілі 4-сынып 12.03.2014 ж
    Тақырыбы: Жаз келер. Шәкәрім Құдайбердіұлы.
    Мақсаты:

    1. Оқушыны Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жаз келер» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау,

    2. өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

    Түрі: аралас сабақ.

    Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

    Көрнекілігі: суреттер, кесте.
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі.

    Сабаққа әзірлік.

    Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.

    Мен бақытты баламын,

    Жан дүниемде күн нұрлы

    Жылуым мол бойымда.

    Осы жылуды Жер бетіндегі барлық адамдарға жолдаймын.

    Менің оқығым келеді! Білімді, алғыр болғым келеді!


    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:


    1. Өлеңді мәнерлеп оқу. Өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтар сыналады?

    2. Автордың қорытынды ойы қандай?

    3. Ол өлеңнің қай шумақтарында жазылған?


    ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

    Қалай ойлайсың, еріншектік жақсы қылық па?


    ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

    1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

    2.Жаңа сабаққа даярлық.
    Ү. Жаңа сабақ:

    кіріспе.

    Шәкәрім Құдайбердіұлының «Жаз келер» атты өлеңінен табиғат байлығының көркемдігімен, ондағы көбею, бота, құлын, бұзау, лақ, қозылардың ойнақтап, адам көзінің тойюы, қуанышы жайлы білейік.



    Оқулықпен жұмыс. Мәнерлеп, түсініп оқу.
    Сөздік жұмыс.
    Харекет – әрекет (тіршілік мағынасында).

    Несіп – ырыс, ризық, береке. Ақын жаз көрінісін қалай суреттеген? Өлең шумақтарын оқыған кезде көз алдыңа нелер елестейді?
    ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

    Адамдар туралы қай шумақта айтылған?

    Тауып оқы. Мына сызбаға сүйеніп, Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы (3 класта оқығаның бойынша) деректер жаз.

    Шәкәрім Құдайбердіұлы




    Қай жылы туған?

    (1858-1931)





    Қандай шығармалары бар?

    («Аманат», «өлеңдер мен шығармалар жинағы», «Қазақ айнасы» ө/ж. т.б.)



    Шәкәрім жөнінде мен не білдім?

    ҮІІ. Қорыту.
    3 класта Шәкәрімнің қандай өлеңімен таныстың?

    Есіңе түсір. «Адамдық борышың», «Бостандықтың таңы атты», «Бір кесе меруерт»).


    ҮІІІ. Үйге тапсырма:
    1. түсініп оқу, жаттау.
    2. Бағалау.

    Ана тілі 4-сынып 13.03.2014 ж
    Тақырыбы: Наурыз. Міржақып Дулатов.
    Мақсаты:

    1. Оқушыны Міржақып Дулатовтың «Наурыз» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету,

    2. өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау,

    3. өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

    Түрі: аралас сабақ.

    Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

    Көрнекілігі: суреттер, кесте.
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі.
    Сабаққа әзірлік.

    Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.


    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

    1. Өлеңді жатқа айту. Ақын жаз көрінісін қалай суреттеген?

    2. Өлең шумақтарын оқыған кезде көз алдыңа нелер елестейді?


    ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

    Адамдар туралы қай шумақта айтылған? Шәкәрім туралы не білеміз?


    ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

    1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

    2.Жаңа сабаққа даярлық. Наурыз қандай мереке?

    Ол мерекеге сендер қалай дайындаласыңдар?


    Ү. Жаңа сабақ:
    кіріспе.

    Міржақып Дулатов – қазақтың белгілі ақыны, жазушы, ағартушы-педагог. Жастайынан жетім қалып, ағасының қамқорлығында өседі. 1928 жылы халық жауы деген жалған жаламен 10 жылға абақты жазасына кесіледі. Абақтыда жатып, ауыр науқастан қайтыс болады. Қазақ әдебиетінің алғашқы романы болып саналатын «Бақытсыз Жамал» атты романы бар.


    Оқулықпен жұмыс.

    Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.



    ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
    1. Бірінші шумақтың соңғы жолын қалай түсінесің? «Қыс шыққан өлмей тірі» деген жолдан өлеңнің қай кезде жазылғанын аңғарасың?

    2.«Өшпес өмір өнегелері» деген тарауда М. Дулатовтың қандай шығармасымен таныстың. Есіңе түсір. («Шешенің балаларын сүюі»)


    ҮІІ. Қорыту. Ұйқасы бойынша екінші шумақтың сызбасын дәптеріңе сал.


    І шумақ

    ІІ шумақ







    ҮІІІ. Үйге тапсырма:

    1. Мәнерлеп, түсініп оқу.


    2. Бағалау.

    Ана тілі 4-сынып 17.03.2014 ж
    Тақырыбы: Наурыз. Сәкен Сейфуллин

    .

    Мақсаты:

    1. Оқушыны Сәкен Сейфуллиннің «Наурыз» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау,

    2. өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

    Түрі: аралас сабақ.

    Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

    Көрнекілігі: суреттер, кесте.
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі.
    Сабаққа әзірлік.

    Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.


    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
    .Міржақып Дулатовтың «Наурыз» атты өлеңін жатқа сұрау. Бірінші шумақтың соңғы жолын қалай түсінесің? «Қыс шыққан өлмей тірі» деген жолдан өлеңнің қай кезде жазылғанын аңғарасың?
    ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

    Наурыз тойы жайлы не білесіңдер?

    Ол қай уақытта тойланады?
    ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
    1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

    2.Жаңа сабаққа даярлық.


    Ү. Жаңа сабақ:

    Сәкен Сейфуллин (1894-1938) – қазақтың көрнекті ақын, драматург және қоғам қайраткері. Қарағанды облысында туған, «Көкшетау» , «Қызыл сұңқарлар», «Тар жол тайғақ кешу», «Қыр балалары» т.б. шығармалары бар.


    Оқулықпен жұмыс. Мәнерлеп, түсініп оқу. Әр шумақты кезекпен жалғастырып оқу. түсінігін айту. Өлеңге сүйеніп, Наурыз айында болатын табиғаттағы өзгерістер туралы айтып бер.

    ҮІ.Түсінгендерін тексеру:

    Өлеңде адам кейпінде бейнеленген табиғат құбылыстарын (кейіптеуді) мына үлгі бойынша жазып шық.

    Қайтеді?

    Жаз құшақтайды, беттен сүйеді.

    Су асығып,қар еріп жатыр сылқылдап

    Құстар жүр, шаттанып, жырлап сұңқылдап

    Мал өзінше, жүр жадырап далада.
    Әрбір шумақты жеке-жеке оқып, М.Дулатұлының «Наурыз» өлеңімен салыстыр.

    Екі өлең мазмұнында қандай ұқсастық бар?


    Ортақ тақырыптарды дәптеріңе жаз.


    Сәкен Сейфуллин. «Наурыз»

    Міржақып Дулатұлы. «Наурыз»

    Адам да, мал да жадырап жүр.

    Мал мен жан қуанып жүр.








    ҮІІ. Қорыту.
    Бүгін не жайлы өттік?

    Наурыз айында болатын табиғаттағы өзгерістер туралы айтып бер.


    ҮІІІ. Үйге тапсырма:
    1. Мәнерлеп, түсініп оқу.
    2. Бағалау.


    Ана тілі 4-сынып 18.03.2014 ж
    Тақырыбы: Мен не үйрендім?
    Мақсаты:

    1. Оқушылардың «Туған өлкем - тұғырым» атты бөлімінен алған білімін тұжырымдау, ой қорытындысын жасау арқылы баланың ойын нақтылау, өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу,

    2. жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету;

    3. логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.

    Түрі: аралас сабақ.

    Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

    Көрнекілігі: суреттер, кесте.
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі.
    Сабаққа әзірлік.
    Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

    Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

    Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

    -Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.


    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:


    1. , Наурыз айында болатын табиғаттағы өзгерістер туралы айтып бер.

    ІІІ . Мақсат қою кезеңі:

    1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

    2. Жаңа сабаққа даярлық.
    ІҮ. Қайталау. Әр оқушы жеке жұмыс парағымен істейді.


    1. «Өз елім – өлең төсегім» деген мақал қай шығармада кездесті?

    А). Туған жер. Қ. Аманжолов Б). Ұшып келем. С. Жиенбаев Ә). Туған жердің ыстығы-ай. Қ. Сапарбаев

    В). Елтаңба мен Ту туралы жыр. К. Оразбекұлы.


    2. Берілген анықтаманы аяқтап жаз. «Мінездеу дегеніміз адамның сыртқы келбеті, жүріс-тұрысымен бірге ішкі жан-дүниесін, мінезін, жақсы-жаман қылықтарын суреттеу
    3. берілген үзінді қай шығармадан алынғанын анықта. « - Құлыным, Қайрошым... Қайда жоғалып кеттің.. – деп, әлсіз ғана шыққан дауыс естілді.»

    А). С.Мұқанов. Жылқы. Б). Н.Айтов. Алтын сөз.

    Ә). М.Қалдыбаев. Үлек. В). Ғ. Мүсірепов. Ана құшағында.

    4. Тақырыбы бірдей екі шығарманың аты мен авторларын тауып жаз.

    Міржақып Дулатовтың «Наурыз» атты өлеңімен, Сәкен Сейфуллиннің «Наурыз» атты өлеңі.



    1. «Туған өлкем», «Туған жер» өлеңдеріндегі ортақ идея не? 1. Туған елге деген көңіл кұй мен ықылас. 2. Туған өлкеге деген мақтаныш.

    2. Көркем шығарманың қандай түрлерін білесің?

    1). Көркем шығармада кездесетін адамның сыртқы түрін, кескін-келбетін,



    жүріс-тұрысын суреттеуді портрет дейді.

    2). Мінездеу дегеніміз адамның сыртқы келбеті, жүріс-тұрысымен бірге ішкі жан-дүниесін, мінезін, жақсы-жаман қылықтарын суреттеу

    3). Лирика дегеніміз көркем әдебиет жанрының бірі. Лириканың басты ерекшелігі – адамның көңіл күйін, сезімін, ішкі сырын сөзбен бейнелеп көрсетеді.

    4) Шығармадағы кейіпкерлердің кезектесіп сөйлеуін диалог деп атайды.

    5). Кейіптеу дегеніміз табиғат құбылысын жандандырып, адам сияқты күлдіріп, билетіп, қуантып, жылатып,т.б. кейіпте суреттеуді айтады

    6). Сатира – күлкіге, әзіл – сықаққа құрылған шығарма. Мұндай сипатта жазатын ақын-жазушыны «сатирик» деп атайды.

    7 ). Басты кейіпкер – көркем шығармадағы оқиғаға қатысатын негізгі басты адам. Жазушы оның жеке сипатын, іс – әрекетін, мінез-құлқын басқалардан гөрі анық танылатындай етіп суреттейді.

    8). Автор көзқарасы дегеніміз шығармада суреттеліп отырған кейіпкерге, оқиғаға, өмір құбылысына автордың беретін бағасы, оның өз ойы мен пікірі.

    9). Оқиғаның шиеленісуі дегеніміз адамдар арасындағы қарым-қатынастың, қимыл-әрекеттің, яғни тартыстың қиындауы.
    10). Кейіпкерлердің ішкі сезімін білдіру үшін өзімен-өзі сөйлескен сөзін монолог деп атайды.
    11). Шығармадағы кейіпкерлердің кезектесіп сөйлесуін диалог деп атайды
    12). Кейбір ертегінің шығарушы авторы белгілі болғандықтан, оны әдеби ертегі деп атайды. Әдеби ертегілер туған елді сүюді, адамгершілікті, шыншыл болуды уағыздайды.

    13). Айтыс – халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Айтыс дегеніміз екі ақынның арасындағы сөз жарысы. Айтыстың бірнеше түрі болады
    14). Теңеу дегеніміз екі нәрсенің ортақ сипатын, белгілерін табу, ұқсату
    7. «Елтаңба мен Ту туралы жыр» әңгімесіндегі Отан, ел, жер жөнінде жазылған мақалдардан 3-4 мақалды есіңе түсіріп, жатқа жаз.

    А). «Ат – ердің қанаты», «Бергенін қолынан, бермегенін жолынан», «Ел аралаған сыншы болар», «Отан – оттан да ыстық», «Өз елім – өлең төсегім», «Туған жер – тұғырың, туған ел - қыдырың», «Кісі елінде күркірегенше, өз еліңде дүркірегенше», «Төртеу түгел болса, төбедегі келеді», «Ынтымақ түбі – игілік»

    8. «Шыбын жаны көзіне көріну» деген сөз тіркесін қолданып, сөйлем құрап жаз.
    ҮІІ. Қорыту. Бүгінгі сабақта біз не істедік? Өздік жұмыс саған қиындық әкелді ме?
    ҮІІІ. Үйге тапсырма:
    1. Өткенді қайталау.

    Ана тілі 4-сынып 19.03.2014 ж
    Тақырыбы: Мен не үйрендім? Тест.
    Мақсаты:


    1. Оқушылардың «Туған өлкем - тұғырым» атты бөлімінен алған білімін тұжырымдау, ой қорытындысын жасау арқылы баланың ойын нақтылау,

    2. өздігінен ізденіп жұмыс істеуге баулу, жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету;

    3. логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру.

    Түрі: аралас сабақ.

    Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

    Көрнекілігі: суреттер, кесте.
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік. Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

    Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын, Жүрегіме басып ұстай қаламын.

    Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

    -Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.


    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

    1. , Наурыз айында болатын табиғаттағы өзгерістер туралы айтып бер.
    ІІІ . Мақсат қою кезеңі:

    1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

    2. Жаңа сабаққа даярлық.
    ІҮ. Қайталау. (Әр оқушы жеке жұмыс парағымен істейді)

    «Туған өлкем - тұғырым» тарауына арналған тапсырмалар мен тест сұрақтары.



    1. Мына мақалдарды аяқтап жаз.

    1). «Туған жер – тұғырың, туған ел - қыдырың».

    2). Әркімнің өз жері – ұжымақ.

    2. Шатасқан шумақтарды реттеп, өлең үзінділерді қай автордікі екенін тауып жаз.

    Қасым Аманжолов. «Шықшы тауға, қарашы кең далаға,

    Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға.»

    Мұқағали Мақатаев. «Сүйемін мен жерімнің

    Топырағын, тасын да»

    3. Қ. Сапарбаевтың «Туған жердің ыстығы - ай» әңгімесінің негізгі ойы қандай?

    А). Туған жерді қорғау
    Ә). Туған жерге деген сағыныш

    Б). Ерлік жасау.


    4. Көкшетаудың әсемдігі мен көркемдігін суреттеген ақын кім?

    А). А.С.Жиенбаев

    Ә). Ә.Ж. Әбдірашев

    Б.І. Жансүгіров
    5. Тірек сөздерді пайдаланып, «Ана тілі» жайлы өлең шығарып жаз.

    Ана тілім, қуатым, жүрегімнен туатын, мың ақын.


    6.Туған жер, Отан, туған ел жайлы жазылған лирикалық өлеңдердің авторын жаз.

    Қасым Аманжолов, Мұқағали Мақатаев, Қайрат Жұмағалиев.



    1. Осы бөлімде бір тақырыпқа өлең жазған авторларды белгіле.

    А). С.Сейфуллин, М. Дулатұлы

    Ә). Т.Молдағалиев, Ф. Оңғарсынова

    Б). О.Бөкей, Б.Бұлқышев

    8. Ақын оқырман назарын бір нәрсеге айрықша аудару үшін, сөз әсерін күшейту үшін нені қолданған?



    А). Қайталау

    Ә). Мінездеу

    Б). Кейіптеу

    Қайталау – сөз әсерін күшейту. Ақын оқырман назарын өзіне айрықша аудару үшін бір нәрсені немесе құбылысты бірнеше мәрте қайталау әдісін қолданады.


    1. Қ.Аманжоловтың «Көктем» өлеңін өз ойыңмен аяқта.

    Сансыз көкек сұңқылдап,

    Көктем келді ертелеп,



    ... (Нәзік үнмен сыңқылдап,

    ... Бұйра бұлақ еркелеп. )


    1. Төмендегі сұрақтарға дұрыс жауап жазсаң, қарамен сызылған торкөзден Кеңес Одағы Батырының есімі шығады.

    1. Ұлы Отан соғысы жайлы жазған жазушы-ғалымның аты.

    2. «Тау қыраны» әңгімесінің басты кейіпкері

    3. Т.Алшынбаев әңгімесінің аты

    4. Мәншүктің шын есімі. («Әлия»)



    ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік?
    Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайталау
    ІҮ-тоқсан Ана тілі 4-сынып 01.04.2014 ж
    Тақырыбы: Білімді тиянақтау. Шығарма.
    Мақсаты:

    1. Оқушыларды жазбаша байланыстырып сөйлеуге, жазбаша тілін қалыптастыру, өзне таныс мәтіннің мазмұнын, негізгі кезеңдерін қалдырмай жазуға үйрету;

    2. логикалық ойлау қабілетін, есте сақтау, зейінін жетілдіру;

    3. ойын жүйелі жеткізуге, сауаттылыққа дағдыландыру.

    Түрі: жазбаша өздік жұмыс

    Әдісі: қорыту

    Керекті құрал – саймандар: сын жұмыстар жинағы, дәптер.
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру. Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
    ІІ. Мақсатын қою кезеңі:

    1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

    2.Жаңа сабаққа даярлық, жазбаша жұмыс алдында нақты талап қою: мәтіннің мазмұнын толық жазу; кейіпкелерді анықтау; қай жақта жазу керектігін нақтылау;
    ІІІ. Жаңа сабақ:
    Мұғалімнің тақырып бойынша оқушы ойын қорытуға көмектесуі. Оның басы, негізгі бөлімі, соңын анықтау. Мазмұны бойынша сұрақ қою арқылы оқушылардың түсінгенін анықтау; содан кейін мәтінді қайталап жоспар құру. Міндетті түрде жазуға тиісті тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазып қою; түсініксіз сөздерді тақтаға жазып қою. ( міндетті түрде істелетін жұмыстар)
    Түйе
    Түйе – шөл даланың ең төзімді көлігі.

    Адам баласына түйенің пайдасы аса зор. Алдымен, ол күшті, шөлге, суыққа, желге төзімді. Бірнеше күндік шөлдерден үстіндегі жүгін ауырсынбай жүре береді.

    Түйенің сүті қою болады. Оның сүтінен қымыз сияқты сусын ашытады. Мұны шұбат деп атайды. Түйенің жүні шуда, жүн болып екіге бөлінеді. Шуда дегеніміз – түйенің мойын астына, желкесіне, екі тізесінің жоғарғы жағына шығатын ұзын қылшықты жүн. Түйенің жүні ешкінің түбітіндей биязы, жұмсақ болады. Бұл жүннен жіп иіреді, алаша, қап, қолғап тоқиды. Түйе жүні жылы болады.

    Айыр түйе екі өркешті болады. Нар түйе жалғыз өркешті болады.

    Нар түйелердің жүрік, жүрдек тұқымы болады. Мұны желмая дейді. Олар күніне жүз қырық километр жер алады.Түйе суда да жүзе біледі. Бірақ ол бір жақ бүйіріне көлбеп жүзеді.
    Мазмұндау жоспары:


    1. Әңгіменің басы.

    2. Әңгіменің негізі

    3. Әңгіменің соңы. (мағынасында жазылады) Оқушының жазба жұмысты өздігінен орындауы.


    ІҮ. Сабақты қорыту: Бүгінгі сабақта не істедік?
    Ү. Үйге тапсырма: өткенді қайтала

    ІҮ тоқсан Ана тілі 4-сынып 02.04.2014 ж


    Тақырыбы: Гүлдер. Тұманбай Молдағалиев.
    Мақсаты:

    1. Оқушыны Тұманбай Молдағалиевтың «Гүлдер» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің көркемдік ерекшелігі мен тәрбиелік мәнін ашу;

    2. өлең мәтіні арқылы сөздік қорын байытуға, өз ойын қорытындылай алуға, әсемдікке, адамгершілікке баулу.

    Түрі: аралас сабақ.

    Көрнекілігі: суреттер, кесте.

    Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, ой қорытындысын жасау, ойын әдісі.
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

    Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

    Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын Жүрегіме басып ұстай қаламын.

    Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді, Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

    -Міне, жүрегіміздегі осындай жылумен сабағымызды бастаймыз.
    ІІ. Мақсат қою кезеңі:

    1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

    2.Жаңа сабаққа даярлық.

    Табиғат көрінісі, жайқалған гүлдердің суреті интерактивті тақтадан немесе жай тақтадан дайын пейзаж көрсетіледі.


    ІІІ. Жаңа сабақ:
    кіріспе.

    1. Тұманбай Молдағалиев – қазақтың белгілі ақыны. Ол табиғат сұлулығын суреттеудің аса шебері. Сондай өлеңдердің бірі – «Гүлдер». Өлеңде ақын өз сезімін қалай жеткізгенін байқаңдар. 2. Оқушыларды 3 топқа бөлу. Топқа бөлу үшін мұғалім балаларға гүлдің суретін таратып береді. Қызғалдақтар бір топқа, Түймедақтар екінші топқа, Раушангүлдер үшінші топқа топтасып отырады.


    І тапсырма:
    «Ой қозғау» ойыны. Жасырынған топтың атын табуы тиіс.

    1 топтың аты: түбірі «тапты» деген сөзде, жұрнағы «қасқыр» деген сөзде, жалғауы «балалар» деген сөзде кездеседі. (Тапқырлар).

    2 топтың аты: түбірі «ойын» деген сөзде, жұрнағы «сыншыл» деген сөзде, жалғауы «қаздар» деген сөзде кездеседі. (Ойшылдар)

    3 топтың аты: түбірі «қолөнер» деген сөзде, жұрнағы «аспаз» деген сөзде, жалғауы «қыздар» деген сөзде кездеседі. (Өнерпаздар)

    Топ атын анықтап алғаннан кейін әр топқа әр түрлі тапсырма беріледі.
    ІІ тапсырма:

    1 топ – «Тапқырлар» тобы гүл күлтелеріне гүлге қатысты сипаттау сөздерін тауып жазады. 2 топ – «Ойшылдар» тобы өлең ішінен қайталанып тұрған сөзді тауып, ақын не үшін бұл тәсілді қолданғанын анықтауы керек. 3 топ – «Ойшылдар» тобы гүлдің суретін салып, бір шумақ өлең шығарады.



    ІІІ тапсырма:

    «Шатасқан шумақтар» ойыны.


    Өлеңжолдарының орны ауысып кеткен екі өлең беріледі. Оқушыға сол өлең жолдарын мағынасына, ұйқасына қарап, қайта жазып шығу тапсырылады. Мұндай тапсырмалар оқушыны байқағыштыққа, сөздің мән-мағынасын, ұйқасу жолдарын түсінуге үйретеді.

    Гүлдер, гүлдер не түрлі

    Бастады той думанын жазық дала,

    Құлпырды да жетілді

    Күркіреп жатыр тулап сай мен сала.

    Барлық дала өртеніп

    Малшылыр өрісінен қозы терсе,

    Бара жатқан секілді.

    Мәз боп жүр соны тасып бір топ бала.
    І. Бастады той думанын жазық дала,

    Күркіреп жатыр тулап сай мен сала

    Малшылыр өрісінен қозы терсе,

    Мәз боп жүр соны тасып бір топ бала. («Көктем жыры» Мәриям Хакімжанова)

    ІІ. Гүлдер, гүлдер не түрлі

    Құлпырды да жетілді

    Барлық дала өртеніп

    Бара жатқан секілді. ( «Гүлдер» Тұманбай Молдағалиев)
    Тапсырма: ұйқассөздерді пайдаланып, гүл туралы бір шумақ өлең құрастыру.

    Гүлдер, гүлдер, көп гүлдер,

    Қызыл гүлдер, көк гүлдер,

    Күлімдейді қарап балаға,

    Жүгіріп шыққан далаға.

    Жұлып алды біреуін,

    Сыйлаймын деп анама
    Ү. Қорыту. Бүгін не өттік?
    ҮІ. Үйге тапсырма:

    1. Түсініп, мәнерлеп оқу.


    2. Бағалау.

    ІҮ тоқсан Ана тілі 4-сынып 03.04.2014 ж


    Тақырыбы: Көктем. Қасым Аманжолов.
    Мақсаты:

    1. Оқушыны Қасым Аманжоловтың «Көктем» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету,

    2. өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау,

    3. өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

    Түрі: аралас сабақ.

    Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

    Көрнекілігі: суреттер, кесте.
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі.
    Сабаққа әзірлік.
    - Балалар, терезеге қараңдаршы. Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр. Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

    - Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.


    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

    1. Қайталау дегеніміз не?

    2. Өлеңді мәнерлеп оқу. гүл туралы не айтасың? Ақын гүлді неге теңейді? (көрік берген далаға; өртенген секілді;отқа ұқсап; ...)
    ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Көктем жайлы не блесің? Қандай өлеңдер жаттадың?

    ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

    1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

    2.Жаңа сабаққа даярлық.
    Ү. Жаңа сабақ:
    Қасым Аманжолов – Отан, туған жер, өскен ел тақырыбына көптеген өлеңдер жазған дарынды ақындардың бірі. Оның төмендегі «Көктем» атты лирикалық өлеңі автордың адам кейпінде көктемді суреттегенімен танысамыз. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу. Өлеңнің 1-ші және соңғы шумағында ақын нелерді адам кейпінде (адамға ұқсатып) суреттеген. Кейіптеу дегеніміз не? Есіңе түсір.

    Кейіптеу дегеніміз табиғат құбылысын жандандырып, адам сияқты күлдіріп, билетіп, қуантып, жылатып,т.б. кейіпте суреттеуді айтады.
    ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
    1. Өлеңнің соңғы жолдарындағы «Балғын өмір ғажайып, Жас дауыспен жамырап» дегенді қалай түсінесің?
    2. Көктем мезгіліндегі табиғат (өзен, тау, дала, ағаш) өзгерістеріне қарап, мына жолдар бойынша өлең құрастырып жаз.

    Өзен жатар ... (арқырап)

    Айдын жатыр ... (жарқырап)

    Көкте бұлттар ... (күркіреп)

    Жауды жаңбыр ... (сіркіреп)
    ҮІІ. Қорыту.
    1. Оқулықта Қасым Аманжоловтың тағы қандай өлеңімен таныстың? Есіңе түсір. («Туған жер»).

    2. Өлеңдегі асау өзен, айдын көл, асқар тау, жас ағаш, т.б. өзіңе қажетті сөздерді пайдаланып, көктем туралы шағын әңгіме құрастырып жаз.


    ҮІІІ. Үйге тапсырма:

    1. Мәнерлеп, түсініп оқу. әңгімелеу.


    2. Бағалау.

    ІҮ тоқсан Ана тілі 4-сынып 07.04.2014 ж


    Тақырыбы: Көктем. Мәриям Хакімжанова
    Мақсаты:

    1. Оқушыны Мәриям Хакімжанованың « Көктем жыры» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау,

    2. өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

    Түрі: аралас сабақ.

    Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

    Көрнекілігі: Суреттер
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі.
    Сабаққа әзірлік.
    - Балалар, терезеге қараңдаршы.

    Далада күн сәулесі жарқырап тұр. Бізге сәулесін шашып тұр.

    Сәуле сендердің тұла бойларыңа тарап, жандарыңды жадыратып тұр.

    - Кәне, айналамызға жылу сыйлайық, жүздеріңнен күннің көзіндей күлкі кетпесін.


    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
    1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

    Қайталау дегеніміз не? Кейіптеу дегеніміз ше?


    Кейіптеу дегеніміз табиғат құбылысын жандандырып, адам сияқты күлдіріп, билетіп, қуантып, жылатып,т.б. кейіпте суреттеуді айтады.
    ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

    Көктем жайлы не блесің? Қандай өлеңдер жаттадың?


    ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
    1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

    2.Жаңа сабаққа даярлық.


    Ү. Жаңа сабақ:
    кіріспе:

    Мәриям Хакімжанованың « Көктем жыры» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу. Ақын көктемдегі қандай өзгерістерді жырлайды? Өлеңнің әрбір шумағын мұқият оқып, сөздердің ұйқасуын байқа.


    ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
    Логикалық екпін дегеніміз не? Өлеңді мәнерлеп, екпінмен анықтап оқу.

    Логикалық екпін – сөз ішінде белгілі бір буынның күшті, көтеріңкі айтылып,

    айқын естілуі.




    ҮІІ. Қорыту.
    Өлеңді мәнерлеп оқуға дайындал: үзілісті, екпінді, логикалық екпінді анықтап, оқуға жаттық.
    ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Жаттау.
    2. бағалау.

    ІҮ тоқсан Ана тілі 4-сынып 08.04.2014 ж


    Тақырыбы: Жаралы торғай. Өтебай Тұрманжанов.
    Мақсаты:

    1. Оқушыны Өтебай Тұрманжановтың «Жаралы торғай» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету,

    2. өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау,

    3. өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

    Түрі: аралас сабақ.

    Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.

    Көрнекілігі: суреттер, кесте.
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
    Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.
    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
    1. Мәриям Хакімжанованың

    « Көктем жыры» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқу. Ақын көктемдегі қандай өзгерістерді жырлайды?


    ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

    Логикалық екпін дегеніміз не?


    ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

    1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

    2.Жаңа сабаққа даярлық.
    Жұмбақ шешу. Суреттер топтамасымен жұмыс.
    Ү. Жаңа сабақ:
    Кіріспе.
    Өтебай Тұрманжанов – қырыққа жуық кітаптың авторы. Ол балаларға арнап көптеген шығармалар жазған. Оның тақырыптары да әр түрлі. Өтебай Тұрманжановтың «Жаралы торғай» атты өлеңін мәнерлеп оқу. Торғай не үшін ән салуға зауқы болмады? Торғайдың қасына жақындаған кезде, ол не істеді?
    ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
    Торғайға не болғанын, неліктен ұша алмай қалғанын өзің ойлап айт. Төртінші шумақтағы теңеу сөздерді теріп жаз. Тағы қандай теңеу қосар едің? Осы теңеу сөздерді қолданып, әңгіме құрап көр. Бұл өлеңнің М. Хакімжанованың «Көктем жыры» өлеңінен айырмашылығы бар ма? Қайсысында сюжет бар? ( Жаралы торғай)
    ҮІІ. Қорыту. Автордың айтайын деген негізгі ойы қандай?


    Сюжет дегеніміз өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, оқиғаның тұтас желісі.



    ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Мәнерлеп, түсініп оқу. 2. Бағалау.

    ІҮ тоқсан Ана тілі 4-сынып 09.04.2014 ж


    Тақырыбы: Қарлығаш. Өтебай Тұрманжанов.
    Мақсаты:

    1. Оқушыны Өтебай Тұрманжановтың «Қарлығаш» атты өлеңін мәнерлеп, түсініп оқуға үйрету, өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау,

    2. өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін,

    3. шығармашылық ойлауын дамыту.

    Түрі: аралас сабақ.

    Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, талдау, іздену.

    Көрнекілігі: суреттер, кесте.
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
    Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.
    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

    1. Торғай не үшін ән салуға зауқы болмады?

    2. Торғайдың қасына жақындаған кезде, ол не істеді? Торғайға не болғанын, неліктен ұша алмай қалғанын сен өзің қалай деп ойлайсың?


    ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау: Сюжет дегеніміз не? ( Сюжет дегеніміз өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, оқиғаның тұтас желісі.). Осы өлеңді оқығанда сен өзіңді қалай сезіндің?
    ІҮ. Мақсат қою кезеңі: 1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. 2.Жаңа сабаққа даярлық.
    Ү. Жаңа сабақ: кіріспе. Өтебай Тұрманжановтың «Қарлығаш» атты өлеңін мәнерлеп оқу. сөздік жұмыс. Дәуіт – шегірткеге ұқсас, алдыңғы екі аяғы ұзын жәндік. Қарлығаш балапанын қалай басып шығарады? Ұяда қанша балапан бар дейді? Бір күні қарлығаш ұяға жақындап қалған нені көрді? Қарлығаш жыланнан қалай құтылады?
    ҮІ.Түсінгендерін тексеру: 1.Жыланды көргенде қарлығаштың қатты қиналған жерін тауып оқы. Оқыған кезіңде қандай сезім пайда болды? (Жыланды түсі суық танып тұрды.

    Көзінен мөлт-мөлт жасы тамып тұрды.

    Анаға бала деген қандай қымбат!

    Жүрегі алас ұрып жанып тұрды. ...)



    1. Өлеңде кездесетін жәндіктер мен құстардың аттарын былайша жаз.

    Жәндіктер: инелік, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқа, бал ара, шегіртке, жылан, қоңыз, есекқұрт, шылаушын, көбелек, дәуіт.

    Құстар: бозторғай, ала қаз, көк ала үйрек, қарлығаш.



    1. Өлеңнен автордың жыланды жек көргенін қалай білуге болады? Ол үшін жыланға байланысты айтылған сипаттау сөздерін мына үлгі бойынша теріп жазсаңдар, автордың көзқарасын анық байқауға болады.

    сұр

    Жылан түсі суық

    қу, сұм

    шұбар


    ҮІІ. Қорыту. Автордың көзқарасы жайлы білгендеріңді жүйелеп айт. Сурет бойынша әңгіме құрап жаз.
    ҮІІІ. Үйге тапсырма:
    1. түсініп оқу, әңгімелеу.
    2. Бағалау.

    ІҮ тоқсан Ана тілі 4-сынып 10.04.2014 ж


    Тақырыбы: Шыбық. Сансызбай Сарғасқаев.
    Мақсаты:

    1. Оқушыны Сансызбай Сарғасқаевтың «Шыбық» атты әңгімесін түсініп оқуға үйрету, өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау,

    2. Бақыттың еңбекқорлығын айта отырып, баланы еңбекке, табиғатты сүюге, өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.

    3. байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

    Түрі: аралас сабақ.

    Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, іздену.

    Көрнекілігі: суреттер.
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.
    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

    1. Қарлығаш балапанын қалай басып шығарады?

    Ұяда қанша балапан бар дейді?

    Бір күні қарлығаш ұяға жақындап қалған нені көрді?

    Қарлығаш жыланнан қалай құтылады?


    ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:
    Сенің ойың? Автордың көзқарасы жайлы білгендеріңді жүйелеп айт.

    Қарлығаштың балапандарына деген сүйіспеншілігін қалай өз сөзіңмен айтар едің?

    Сұр жыланның соңы немен аяқталды?

    Әңгіменің осылай аяқталуына не көмектесті?


    ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
    1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
    2.Жаңа сабаққа даярлық.

    Балалар, сендер көктемде ағаш отырғызып көрдіңдер ме?


    Ү. Жаңа сабақ:
    кіріспе.

    Сансызбай Сарғасқаев – белгілі балалар жазушысы. Оның «Достар», «Көңілді балалар», «Бір көшенің балалары», «Тәмпіш танау», т.б. кітаптары бар. Бүгінгі сабақта осы Сансызбай Сарғасқаевтың «Шыбық» атты әңгімесін оқып, Бақыттың өз еркімен көктемде қалай шыбық отырғызғаны жайлы білейік. Оқулықпен жұмыс. Әңгімені түсініп, жалғастырып оқу.



    сөздік жұмыс.
    Тесе – кетпеннің кішкене түрі. Бақыт Темірге қандай ұсыныс жасады? Оның бұл ұсынысына келісе қоймағанын Темірдің қандай сөзінен байқауға болады? Бақыттың табанды, еңбекқор екендігін оның қандай әрекетінен байқайсың?
    ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
    Еңбек тақырыбына жазылған мақал-мәтелдерді дәптеріңе толықтырып жаз. Осы мақалдардың қайсысы мәтін мазмұнына сәйкес келеді.


    1. Еңбегің қатты болса, 3. Еңбек етсең ерінбей,

    Жегенің тәтті болады. Тояды қарның тіленбей.

    1. Еріншектің ертеңі бітпейді.


    ҮІІ. Қорыту.

    Темірдің көңілін неліктен өкініш кернеді?

    Сенің басыңда осындай жағдай болды ма?
    ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу. 2. Бағалау.

    ІҮ тоқсан Ана тілі 4-сынып 14.04.2014 ж


    Тақырыбы: Қараторғай. Жүсіпбек Аймауытов.

    Мақсаты: Оқушыны Жүсіпбек


    1. Аймауытовтың «Қараторғай» атты әңгімесін түсініп, жалғастырып оқуға үйрету, оқиғаның өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, яғни көктемде келетін «Қараторғай» қонағымен таныстыру,

    2. өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту,

    3. қамқоршылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

    Түрі: аралас сабақ.

    Әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, талдау, іздену.

    Көрнекілігі: суреттер, кесте.
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

    • Балалар, бір – біріңе қарап жымиыңдар, жайланып отырып, көздеріңді жұмыңдар. Менің айтқанымды іштеріңнен қайталаңдар.


    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

    1. Бақыт Темірге қандай ұсыныс жасады?

    Оның бұл ұсынысына келісе қоймағанын Темірдің қандай сөзінен байқауға болады? Бақыттың табанды, еңбекқор екендігін оның қандай әрекетінен байқайсың?


    ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

    Темірдің көңілін неліктен өкініш кернеді? Сенің басыңда осындай жағдай болды ма?


    ІҮ. Мақсат қою кезеңі:
    1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.
    2. Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, сендер көктемде құстарға қандай көмек көрсетесіңдер? Құстардың көктемде ұшып келуі жайлы фильмнен үзінді көрсету.
    Ү. Жаңа сабақ:

    кіріспе.
    Жүсіпбек Аймауытов – қазақтың аса көрнекті жазушысы (1889 – 1931). Оның «Шығармалар топтамасы», «Шернияз», «Жаман тымақ», «Ақбілек», «Психология» атты кітаптары бар. Жүсіпбек Аймауытовтың «Қараторғай» атты әңгімесін түсініп оқып көрелік. Оқулықпен жұмыс. Түсініп, жалғастырып оқу. Қамбар ата не жасады? Балалар қандай сөзге түсінбей қалды? ( «Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай»). Бұл сөзді сен қалай түсінесің?

    ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
    1. «Қараторғай» әңгімесімен тақырыбы ұқсас тағы қандай шығарма оқыдың? Есіңе түсір.( «Суықторғай» Максим Зверев).
    2. Қамбар атаның қараторғайға қатысты айтқан сөзін дәптеріңе жазып ал. (Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай»).
    ҮІІ. Қорыту.

    Мәтін мазмұны бойынша сурет салып көр.

    Сен көктемгі құстардың ұшып келіне қандай жұмыстар істедің?
    ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. түсініп оқу, әңгімелеу.
    2. Бағалау.

    ІҮ тоқсан Ана тілі 4-сынып 15.04.2014 ж


    Тақырыбы: Түлік туралы сабақ. Асқар Тоқмағамбетов.
    Мақсаты:

    1. Оқушыны Асқар Тоқмағамбетовтың «Түлік туралы сабақ» атты өлеңді түсініп оқуға үйрету,

    2. өлеңнің өзекті түйінді ойын ашуға жағдай жасау, балаларды төрт түлік атауларымен таныстыру,

    3. өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баули отырып, байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.

    Түрі: аралас сабақ.

    Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, іздену.
    Сабақтың барысы:
    І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа әзірлік.

    Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір - біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.


    ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

    1. Қамбар ата не жасады? Балалар қандай сөзге түсінбей қалды?

    («Қонағым қол басындай, мінезі қорғасындай»).

    Бұл сөзді сен қалай түсінесің? Атаның қонағы кім болып шықты?
    ІІІ. Үй тапсырмасын пысықтау:

    Сен көктемгі құстардың ұшып келіне қандай жұмыстар істедің? Өзің салған суретің бойынша не айтар едің?


    ІҮ. Мақсат қою кезеңі:

    1.Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

    2.Жаңа сабаққа даярлық. Балалар, төрт түлік туралы не білесің?
    Ү. Жаңа сабақ:

    кіріспе. Асқар Тоқмағамбетовтың «Түлік туралы сабақ» атты өлеңін мәнерлеп, нақышына келтіріп, түсініп оқу.
    оқулықпен жұмыс.

    Жалғастырып, түсініп оқу. әр шумақтан керекті өзегін табу.


    Сөздік жұмыс.

    Сөзуар – сөзшең. Болат пен Марат неге таласты? Оларға кім қосылды?
    ҮІ.Түсінгендерін тексеру:
    1. Болаттың сұрағына сен қалай жауап берер едің?

    Қойдың неше түрі бар?


    Болаттың сұрақтары

    Сиырдың неше түрі бар?

    Жылқының неше түрі бар?


    1. Өлеңге және мына үлгіге сүйеніп, Болаттың сұрағына жауап жаз.

    Қой атаулары: қой, қозы, тоқты, тұсақ, саулық; (ешкі – лақ, серке, теке).

    Сиыр атаулары: бұзау, тайынша, торпақ, баспақ, дөнежін, құнажын).

    Жылқы атаулары: (жабағы, тай, құнан, дөнен, бесті).
    ҮІІ. Қорыту:
    төрт түлік жайлы қандай мақал – мәтел, жұмбақтар білесің?


    1. Кішкентай ғана бойы бар,

    Айналдырып киген тоны бар. (қой)

    2.Иір-иір денесі, Сахараның кемесі.

    Ащы шөптер – тамағы, Шөлге шыдап бағады. (түйе)

    Мақал – мәтелдер: «Мал өсірсең қой өсір, Өнімі оның көл-көсір.», «Тұяқ тайға жеткізер, тай құнанға жеткізер», «Тұлпар – ер қанаты», «Сиырлының үйі- айран, сиырсыздың үйі - сырдаң», «Нар жолында жүк қалмас» құнан,


    ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. Түсініп, мәнерлеп оқу.
    2. Бағалау.

    Ана тілі 4-сынып 23.02.2015


    Тақырыбы: Нан туралы өлең. Кәрім Сауғабаев.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет