Қазақстанның танымал спортшылары.
Мақсаты: Қазақстанның танымал спортшылары туралы түсінік беру,әңгімелеп айтуға жаттықтыру
1. Серік Қонақбаев (бокс) Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері. 1979 және 1981 жылдары Еуропа жеңімпазы, 1982 жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, 1979, 1981 жылдары әлем кубогының иегері,1980 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері.
Дәулет Тұрлыханов
(грек-римдік күрес)
Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО-ның жеті дүркін, 1987 жылғы және 1987 жылғы әлем кубоктарының жеңімпазы, 1988 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері, 1992 жылғы олимпиаданың қола жүлдегері. Дәулеттің грек-римдік күресте зор табыстарға жетуіне әрі бапкер, әрі тәрбиешісі болған әкесі Болат Тұрлыхановтың ықпалы зор. Өзінің спортпен айналысқан ғұмырында Дәулет әлем жеңімпаздарымен сайысқа түсіп, көптеген жеңістерге ие болған. Үш Олимпиадаға қатысты.
Сеулдегі Олимпиада Дәулет үшін біріншісі. Ол жүлдегер атанды.
Достарыңызбен бөлісу: |