Қысқаша көбейту формулалары



бет1/9
Дата27.01.2023
өлшемі0,72 Mb.
#166597
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
user file 539de82d96175

Қысқаша көбейту формулалары

  • Ақтөбе қалалық №24 лингвистикалық мектеп-гимназиясының математика пәнінің мұғалімі Алматова Г. Ж.

Қысқаша көбейту формулалары

Екі өрнектің квадраттарының айырымы

  • a-b екімүшесін a+b екімүшесіне көбейтуді, яғни (a-b)*(a+b) көбейтіндісін қарастырайық.
  • Аталған амалдарды орындау үшін көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін қолданамыз, яғни бірінші мүшенің әрбір мүшесін екінші мүшенің әрбір мүшесіне көбейтеміз:
  • (a-b)*(a+b)=a2+ab-ab-b2.
  • Теңдіктің оң жағындағы ұқсас мүшелерді біріктіріп, мына теңдікті аламыз:
  • (a-b)(a+b)=a2-b2
  • немесе
  • a2-b2=(a-b)(a+b). (1)
  • формула былай оқылады:
  • екі өрнектің квадраттарының айырымы олардың айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең.
  • МЫСАЛДАР ЕСЕПТЕР ӨЗІНДІК ЖҰМЫС

Екі өрнектің қосындысының және айырымының квадраты

  • (a+b) *(a+b) көбейтіндісін қарастырайық.
  • Екі бірдей көбейткіштің көбейтіндісі осы көбейткіштің квадратына тең екені сендерге белгілі, яғни
  • (a+b)*(a+b)=(a+b)2. (A)
  • Екінші жағынан, бұл көбейтіндіні (a+b) екімүшесін (a+b) екімүшесіне көбейту арқылы көпмүше түрінде жазуға болады. Яғни көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін қолданамыз:
  • (a+b) *(a+b)=a2+ab+ab+b2=a2+2ab+b2. (B)
  • (A) және (В) теңдіктерінің сол жақтары бірдей болғандықтан, олардың оң жақтары да тең болуы керек:
  • (a+b)2=а2+2ab+b2. (1)
  • формула екі өрнектің қосындысының квадратын үш бірмүшенің(үшмүшенің) қосындысы түрінде жазуға мүмкіндік береді.
  • Формуланың тұжырымдамасы: екі өрнектің қосындысының квадраты бірінші өрнектің квадраты, екі еселенген екі өрнектің көбейтіндісі мен екінші өрнектің квадратының қосындысына тең.
  • МЫСАЛДАР ЕСЕПТЕР ӨЗІНДІК ЖҰМЫС


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет