Ішкі су көлігі саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы



бет11/12
Дата20.06.2018
өлшемі127,29 Kb.
#43353
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

      немесе хабарсыз жоғалып кетуіне, конструкциялық жағынан күйреуіне,

      қайта жасауына немесе басқа өзгерістер нәтижесінде кеменің сапасын

      жоғалтуына, кеменің "Iшкi су көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңының 24-бабының 3-тармағында көзделген талаптарға сәйкес

      келмеуіне) байланысты

      В связи

      ___________________________________________________________________

      (указать основание исключения судна из государственного судового

      реестра: гибель или пропажа без вести судна, конструктивная гибель

      судна, утрата качеств судна в результате перестройки или других

      изменений, несоответствие судна требованиям, предусмотренным пунктом

      3 статьи 24 Закона Республики Казахстан "О внутреннем водном

      транспорте")

      _____________________________ тиесілі, мынадай айырма белгілері бар

      кемені тіркеуден алып тастауды сұраймын:

      Прошу снять с регистрации судно, принадлежащее __________, имеющее

      следующие отличительные признаки:

      1. Атауы

      Название ___________________________________________________________

      2. Мемлекеттік тіркеу орны

      Место государственной регистрации __________________________________

      3. Tipкey нөмipi

      Регистрационный номер ______________________________________________

      4. Мемлекеттік тіркелген күні

      Дата государственной регистрации ___________________________________

      5. Кеменің түрі

      Тип судна __________________________________________________________

      6. Жасалған орны мен уақыты

      Место и время постройки ____________________________________________

      7. Ұзындығы

      Длина ______________________________________________________________

      8. Ені

      Ширина _____________________________________________________________

      9. Биіктігі

      Высота _____________________________________________________________

      10. Меншік иесі және оның мекенжайы

      Собственник и его адрес ____________________________________________

      Күні

      Дата

      Қолы

      Подпись

 

"Мемлекеттік кеме тізілімінде ішкі
суда жүзетін кемелерді, "өзен-теңіз"
суларында жүзетін кемелерді және
оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу"
мемлекеттік көрсетілген
қызмет стандартына
3-қосымша

      (Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты,

      болса әкесінің аты не ұйымының атауы)

      _____________________________________

      (көрсетілетін қызметті

      алушының мекенжайы)

Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат



      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып коммерциялық емес акционерлік қоғамы ""Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам филиалының №__ бөлімшесі (мекенжайын көрсету керек) "Ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді Мемлекеттік кеме тiзiлiмiнде мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеуден шығару және олардың мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттардың телнұсқасын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге құжаттарды қабылдаудан Сіздің мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбауыңызға байланысты бас тартады, атап айтқанда:

      Жоқ құжаттардың атауы:

      1) _______________________________;

      2) _______________________________;

      3)....

      Осы қолхат әрбір тарапқа бір-бірден екі данада жасалды.

      _____________________________________________________________________

      Т.А.Ә. ("Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"

      коммерциялық емес акционерлік қоғамының қызметкері) (қолы)

      Орындаушы. Т.А.Ә.

      Телефон.

      Алдым: Т.А.Ә./көрсетілетін қызмет алушының қолы

      20__жылғы "__" _________



 

Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі № 556 бұйрығына
10-қосымша

"Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде жалға алынған ішкі суда жүзетін
кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркеу"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер

      1. "Жалға алынған шетел кемелерінің тізілімінде жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

      2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі.

      3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Көлiк комитетiнiң аумақтық органы (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

      Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін өтініштерді қабылдау және мемлекеттік кызмет көрсету нәтижелерін беру:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғам (бұдан әрi – Мемлекеттік корпорация);

      2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы, "Е-лицензиялау" www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртiбi



      4. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзімі:

      1) көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға құжаттарды тапсырған кезден бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде - 7 (жеті) жұмыс күні;

      2) Мемлекеттік корпорацияда құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты - 15 (он бес) минут;

      3) Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут.

      Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды алған кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.

      Ұсынылған құжаттардың толық емес және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсыну фактісі анықталған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімдерде өтінішті одан әрі қарастырудан жазбаша дәлелді бас тарту береді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

      6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – шетел кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының 10-1-тармағында көрсетілген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту туралы жазбаша дәлелді жауабы.

      Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны: электрондық / қағаз түрінде.

      Портал арқылы жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алатын күні мен орны көрсетіле отырып, хабарлама немесе көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қойған электронды құжат нысанында мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап жіберіледі.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

      Ішкі суда жүзетін және "өзен-теңіз" суларында жүзетін жалға алынған кемелерді мемлекеттiк тіркеу үшін алым тіркеуді жүзеге асырған орын бойынша жергілікті бюджетке төленеді, алым мөлшерлемесі 2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексі) белгіленген және алымды төлеу күні қолданыстағы он бес еселенген айлық есептік көрсеткішті құрайды.

      Алым сомасын төлеу қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.

      Портал арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға электрондық сұрау салынған жағдайда ақы төлеу "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрi – ЭҮТШ) немесе екінші деңгейдегі банктер арқылы жүзеге асырылады.

      8. Жұмыс кестесi:

      1) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі-сенбі аралығында, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;

      көрсетілетін мемлекеттік қызмет (көрсетілетін қызметті алушының тіркелу орны бойынша) жеделдетілген қызмет көрсетусіз, "электрондық" кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы брондауға болады.

      2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (егер қызмет алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері өтініш берсе, өтініштерді қабылдау және мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні іске асырылады).

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

      1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркеу туралы өтiнiш;

      2) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);

      3) кемені мемлекеттік тіркеудің негізі болатын мынадай құқық белгілейтін құжаттар көшірмелерінің бірі (түпнұсқасы көрсетілетін қызметті берушіге ұсынылады):

      мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде шығарған актiлерi;

      кемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмілелер;

      мұраға құқық туралы куәлік;

      соттың заңды күшіне енген шешiмi;

      кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар;

      4) сыныптаушы куәліктің көшірмесі;

      5) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжат;

      6) кемені жалға алу шарт (құжаттардың түпнұсқалары көрсетілмеген жағдайда нотариат куәландырған);

      7) кеменің меншік иесінің және кеменің тіркелген ипотекасының немесе оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге кемені ауыстыруға ауыртпалықтың кепіл ұстаушысының жазбаша рұқсаты;

      8) кеме ту ауыстырылғанға дейін тікелей тіркелген және осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру мерзіміне тоқтатылғанын растайтын шетел мемлекетінің құзыретті билік орындары берген құжат;

      порталға:

      9) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы жалға алынған ішкі суда жүзетін кемелерді және "өзен-теңіз" суларында жүзетін кемелерді мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;

      10) кемені мемлекеттік тіркеудің негізі болатын мынадай құқық белгілейтін құжаттар көшірмесінің бірі (мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру кезінде мемлекеттік корпорацияға түпнұсқасы ұсынылады):

      мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде шығарған актiлерi;

      кемеге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жасалған шарттар мен басқа да мәмілелері;

      мұраға құқық туралы куәлігі;

      соттың заңды күшiне енген шешімі;

      кемеге меншік құқығын растайтын өзге де құжаттар;

      11) сыныптаушы куәліктің электронды көшірмесі;

      12) ЭҮТШ арқылы төлеуді қоспағанда, өзен кемелерін мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу, немесе кеме куәлігінің телнұсқасын беру үшін бюджетке алым сомасы төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;

      13) кемені жалға алу шартының электрондық көшірмесі;

      14) кеменің меншік иесінің және кеменің тіркелген ипотекасының немесе оған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзуге кемені ауыстыруға ауыртпалықтың кепіл ұстаушысының жазбаша рұқсатының электрондық көшірмесі;

      15) кеме ту ауыстырылғанға дейін тікелей тіркелген және осындай мемлекеттің туын көтеріп жүзу құқығы кемеге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын беру мерзіміне тоқтатылғанын растайтын шетел мемлекетінің құзыретті билік орындары берген құжаттың электрондық көшірмесі.

      Егер ұсынылатын құжаттар шет тілінде жасалса, оларға мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы қоса беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәландыратын құжаттың мәліметін Мемлекеттік корпорация қызметкері және көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

      Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісімін береді.

      Құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттардың түпнұсқасынан электрондық көшірмесін жасайды, одан кейін түпнұсқасын көрсетілетін қызмет алушыға қайтарады.

      Мемлекеттік корпорация арқылы құжаттарды қабылдау кезінде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.

      Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке куәлікті ұсынған кезде (немесе оның өкілі нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша) құжаттарды қабылдау туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік корпорация нәтиженің бір ай ішінде сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін көрсетілетін қызметті берушіге одан әрі сақтау үшін береді. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға бір ай өткен соң жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрауы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.

      Портал арқылы электрондық өтінім беру кезінде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінімді қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхатты береді.

      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз); 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.

      10-1. Көрсетілетін қызметті беруші мынадай негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады:

      1) көрсетілетін қызметті алушының ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;

      2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректердің және мәліметтердің Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 23 қаңтардағы № 51 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10400 болып тіркелген) кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидаларымен белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;

      3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген үкімінің болуы, оның негізінде көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алумен байланысты арнаулы құқығынан айырылуы бойынша мемлекеттік қызметтерді алумен байланысты.

      Ескерту. 2-тарау 10-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 12.07.2017 № 465 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорация және (немесе) оның қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі



      Ескерту. 3-бөлімнің атауы жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 № 45 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.

      11. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысының атына беріледі.

      Шағым жазбаша нысанда почта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.

      Шағымның қабылданғанын растау болып нөмірін, күнін, шағымды қабылдаған адамның тегін, байланыс деректерін, сонымен қатар берілген шағымға жауапты алу мерзімі мен орнын, және шағымды қарастырудың жағдайын білуге болатын лауазымды тұлғалардың байланыс деректерін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеумен қатар талонды беру (мөртаңба, кіріс нөмірі және күні) табылады.

      Мемлекеттік корпорация қызметкерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану үшін шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында көрсетілген мекен-жайлар және телефондар бойынша беріледі.

      Қолма-қол, сондай-ақ поштамен түскен шағымдардың мемлекеттік корпорация кеңсесінде қабылданғанын растау оны тіркеу болып табылады (мөртабан, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа койылады).

      Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы мәліметті бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.

      Портал арқылы шағымданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілетін қызметті берушінің, Министрліктің немесе Мемлекеттік корпорацияның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралады.

      Портал арқылы шағымданған кезде көрсетілетін қызметті алушыға "жеке кабинеттен" мемлекеттік қызметті берушінің шағымды өңдеу барысында (жеткені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) жаңартылатын шағым туралы ақпарат қолжетімді болады.

      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2018
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Комутова Айгуль Сериковна, кмм
2018 -> Сабақтың мақсаты: а/ Оқушылардың сөздік қорын молайту. Білім, білік дағдыларын қалыптастыру
2018 -> Сабақтың тақырыбы: Физика-табиғат туралы ғылым
2018 -> Сабақ мақсаты Тұздар гидролизін түсіну және тұздардың суда ерігенде қандай процестер жүретінін анықтау
2018 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: Көміртек және оның қосылыстары туралымәлімет алады
2018 -> 5В011700- Қазақ тілі мен әдебиет мамандығы бойынша 3-курс студенттердің элективті пәндер каталогы 2017-2018 оқу жылы
2018 -> Сабақтың тақырыбы Салынған циклдер. Мақсаты Қайталау операторлары туралы білімнің кеңеюі
2018 -> Сабақ тақырыбы: Теңдеулер жүйесін қолданып есептер шығару Мерзімі
2018 -> Даулетиярова Зауре Ермаханқызы А. Пушкин атындағы №41 көпсалалы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Тараз қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет