Іскер адамның имиджін құрайтын элементтер және оның сыртқы әсері. Стиль және имидж
Даму мақсатына сай әрбір кәсіпорын өз имиджін қалыптастыру стратегиясын таңдайды.
Қазіргі уақытта кәсіпорындарда әртүрлі имидж стратегиялары қолданылуда. Мысалы:
- «ерекше бірегей тауар» стратегиясы тауар туралы жағымды ой қалыптастыру үшін оның тұтыну қаситеттері мен сапа деңгейіне басты назар аударады;
- «тұтынушыны жақсы білу» стратегиясы тұтынушы имиджін зерттеуге және алынған мәліметтерді тауар өткізу бағдарламасында қолдануға бағытталады;
- «таңдаулы, үздік кәсіпорын» стратегиясы фирманың ішкі имиджін басшы мен қызметкерлердің жұмысын жақсарту арқылы жүзеге асыруға бағытталады;
- «керемет басшы» стратегиясы басшы қабілеті, құндылықтары, психологиялық сипаттамасы, келбеті және т.б. факторлардың көмегімен қалыптасады;
- «персонал – фирманың бет-бейнесі» стратегиясы қызметкерлер туралы жинақталған бейнені елестетеді. Ең алдымен бұл ұжым мүшелері арасындағы тікелей байланыс, ынтымақтастық және жақсы қарым-қатынастар;
- «біздің ұйымды барлығы біледі» стратегиясы фирманың визуалды имиджін қалыптастыруға бағытталады. Ол үшін жұртшылық назарына кеңсе интерьері, сауда және демонстрация залдары, қызметкерлердің бет-бейнесі және фирмалық белгілер, стильдер туралы ақпараттар таратылуы қажет;
«Әлеуметтік өмір» стратегиясы жұршылық назарына фирманың әлеуметтік мақсаттары, оның қоғамдағы алатын орны туралы ақпараттар ұсынуға арналады.
Тартымды имидж тұтынушылар санасында фирма туралы жағымды ақпараттарды қалыптастыруға және фирма тауарларын сату көлемінің артуына әсер етеді. Ал тауар өндіретін фирманың имиджі ең алдымен оның тауар таңбасының нарықта және тұтынушылар арасында қалай бағаланып, қадірленуіне байланысты болады. Сол сияқты тауар өндіруші фирманың тауарын сатуға, өткізуге жәрдемдесетін әріптестерінің абырой-беделі, оған қоса олардың іскерлік қарым-қатынастарының өркениеттілік және мәдениеттілік дәрежесіне қарай қалыптасады. Мұндай қарым-қатынас бүкіл халықтың, мемлекеттің имиджін көтеріп, мәдениеті мен экономикасының негізін құрайды.
Іскери адамның имиджі деп, әдетте, айналасындағыларға белгілі бір әсер ететін құндылықтық сипаттамалар мен қасиеттерді білдіретін қалыптасқан бейнені түсінеді. Имидж адамның жеке байланыстары барысында, ол туралы қоршаған адамдар айтқан пікірлер негізінде қалыптасады. Осыған байланысты, іскер адам имиджінің келесі негізгі компоненттерін қалыптастыруға болады:
1. Сыртқы келбеті (киім үлгісі);
2. Қарым-қатынас тактикасы (нақты жағдайда шебер бағдар, психологиялық әсер ету механизмдерін және т. б.).);
3. Іскерлік этикет және хаттама.
4. Іскерлік қарым-қатынас этикасы.
2.1. Сыртқы келбеті.
Киім-кешек даралықты көрсетеді және ерекшелейді, іскерлік адамды жеке тұлға ретінде сипаттайды. Іскер адамның сыртқы келбеті-табысқа алғашқы қадам, өйткені әлеуетті серіктес үшін костюм сенімділік, құрмет және істердегі табыс деңгейін куәландыратын код болып табылады. Сонымен қатар серіктестерді өз келбетінің байлығымен басуға тырысудың қажеті жоқ: байлықтың имитациясы Батыс бизнесіндегі өте әдепсіз құбылыс болып саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |