3.4 Физика пәнін оқытуда электронды оқулықты қолдану
Қоғамның даму процестеріне еркін араласу ақпараттық технологияларды жетік түрде меңгеруін қажет етеді. Ал, ақпараттық технологияларды физиканы оқытуда қолданудың әдістемесін меңгеру орта мектептен басталып, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында тегеурінді түрде жалғасады.
Ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде және оқудан тысқары жұмыстарда пайдалану – оқып-үйренушінің сұранысына жауап беріп, оқытуды мотивациялау және жеке-даралаудың мазмұнын терең байытатын, шығармашылық қабілетті дамытатын, қолайлы эмоциялық әсер беретін өте бір тиімді тәсіл болып саналады [50].
Білім алу деңгейлерін сапалы ету мақсатында қолданылып жүрген ақпараттық технологияларды физика сабақтарында қолдану кезек күттірмейтін мәселеге айналды. Сабақты ақпараттық технологияларды пайдаланып, физикалық есепті де, зерханалық жұмыстарды да түсінікті және қызықты етуге болады. Оның – келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Осы мақсатта ақпараттық технологияларды қолданып құрылған электрондық оқулықтың алғашқы бет 7 суретте кескінделген.
Жасалған электрондық оқулық: оқу бағдарламасы, оқулық, нұсқау пайдаланған әдебиеттер сияқты қосымшалардан тұрады.(қосымша )
Сурет 7- электрондық оқулықтың алғашқы беті
Оқу бағдарламасы - бұл батырманы шерткенде тақырыптық жоспары қамтылған.
Құрастырған – дипломдық жұмысты құрастырушы туралы қысқаша мәлімет.
Нұсқау - электрондық қабықшадағы батырмаларды қолданылу нұсқаулары.
Пайдаланылған әдебиеттер- электрондық қабықшаны құруда және магистрлік диссертацияны жазғанда қолданылған әдебиеттер тізімі.
Оқулық батырмасын басып сурет 8ден аламыз.
Сурет 8 - оқулық терезесі
Оқулық терезесі: электромагниттік индукция, электромагниттік тербелістер, электромагниттік толқындар, жарық толқындар, салыстырмалық теориясының элементтері, жарық кванттары, атом және атом ядросы деген бөлімдерден тұрады, бұл бөлімдер өз құрылымдары бойынша дәрістер, зертханалық жұмыстар тобымен толтырылған. Және де терезенің жоғарғы бөлігінде жаттығулар мен есептер, бақылау жұмыстары, анықтама материалдары, ғалымдардың өмірбаяны, түсініктеме сөздік және қазақша-орысша сөздік бөліктерінен тұрады.
Бақылау жұмыстар батырмасын таңдап сурет 9дан аламыз.
Сурет 9 - бақылау жұмыстары
Сурет 10да көрсетілгендей бақылау жұмысы тест түрінде берілген. Бақылау жұмысындағы сұрақтарды ұяшықтардан таңдау арқылы келесі тест сұрағына көше аламыз.
Сурет 10 - бақылау жұмысын бастау терезесі
Анықтама материалдар терезесінен газдың сұйықтығы, туындылар және интегралдар кестесі, заттардың тығыздығы, диалектикалық өтілімдер және басқа материалдар енгізілген.
Сурет 11- анықтама материалдар
Сурет 12де физикалық шамалардың ғарыштық, дене күннің орташа радиусы, массасы, орташа тығыздығы мен ось маңындағы айналу периоды берілген.
Сурет 12 - астрономиялық шамалар
Сурет 13те физика құбылыстарын, заңдарын, болжамдарын ашқан ғалымдардың өмірбаян тізімдерін көруге болады.
Сурет 13 - ғалымдардың өмірбаяны
Ғалымдардың өмірбаяны мен қосымшасы алфавиттік рет бойынша толтырылған. Мысалы, сурет 14те Ампер Андре Мари өмірбаянын және жасаған еңбектері мен физикаға қосқан үлесін шола аламыз.
Сурет 14 - ғалымдар өмірбаяны терезесі
Түсініктеме сөздікте сөздің мағынасы ғылыми тұрғыдан ашып айтылған.
Сурет 15 - түсініктеме сөздік
Аталған бөлімдерге байланысты тәжірибелер Macromedia Flash ортасында жасалған денелердің әр түрлі құбылыстарын байқаймыз.
Сурет 16 - тәжірибе терезесі
Сурет 17 - индукция құбылысы
Сурет 18 - кернеу мен ток күші арасындағы байланыс
Жасалған электрондық оқулық орта мектептерде, орта арнаулы және жоғарғы оқу орындарында физиканы оқытуда қолдануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |