Біріншіден, IT-технологияларды кешенін пайдаланып оқу үрдісін дайындау біз ойлағаннан да күрделі және тек заманауи техниканы пайдалануды ғана емес, шығармашылықты да қажет етеді. Автоматтандырылған техника кешені ұсынған сабақтарды тіпті оны тікелей мұғалім дайындаса да көшіре салуға болмайды. Оқытудың жаңа оқушылар құрамымен жүргізілетіндігін және бұл кешенге олардың жеке қасиеттерін енгізу қажеттігін, оларды сабаққа дайындық барысында ескеру керектігін естен шығармаған жөн.
Екіншіден, IT-технологияларды пайдаланып сабақ өткізудің артықшылығы терең және жеке қабілетке негізделген білім беру болып табылады. Мұғалім өзінің техникалық көмекшілерін жақсы басқара алуы тиіс. Мысалы, оқушылар тобында негізгі телефон арқылы физикалық диктант жүгізе отырып, осы уақытта оқушылардың бір бөлігі компьютерлік минитерминал арқылы оқып жатқандығын, ал тағы бір бөлігі қысқамерзімді өзіндік практикалық жұмыс жасап жатқандығын естен шығармауы тиіс. Мұғалімге бұлардың барлығын бір уақытта қамту қиындық тудырады. Сондықтан сабақты жүргізуге лаборанттар және көмекші лаборант қызметін атқаратын оқушылар тартылады. Әр сыныпта мұндай оқушылардың саны екіден кем болмауы тиіс. Олардың қызметі жылдам лазерлік дискті ауыстыру, табу және компьютерлік бағдарламаға енгізу, зертханалық құралдарды таратуды ұйымдастыру, сабақ фрагментінің видеожазбасын жасау.
Үшіншіден, бір ғана IT-технологияларды оқу үрдісінің әр сатысында қолданылуы мүмкін. Жаңа IT-технологиялардың белгілі бір сабақ сатысында атқаратын қызметін мұғалімнің өзі анықтайды.
3 КОМПЬЮТЕРЛІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҚОЛДАНЫП ФИЗИКАДАН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ ДАЙЫНДАУДЫҢ СИПАТТАМАСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ
3.1 Білім беру саласында электрондық оқулықтың рөлі
Электрондық басылым (ЭБ) - бұл графикалық, тексттік, цифрлік, тілдік, музыкалық, видео, фото және ақпараттар, сонымен қатар қолданушының басылымдық құжаттардың жиынтығы. Электрондық басылымдар кез келген электрондық тасымалдаушыларда - магниттік оптикалық дискілерде орындалуы және электрондық компьютерлік желілерде жариялануы мүмкін.
Оқу электрондық басылымы (ОЭБ) - білімнің сәйкес ғылыми-практикалық саласы бойынша жүйеленген материалдарды қамтуы керек және студенттер мен оқушылар осы саладағы білімдер, біліктер және дағдыларды белсенді түрде меңгеруі керек.
Оқулық (О) - мемлекеттік стандартқа және оқу программасына сәйкес оқу пәнінің немесе оның тарауын жүйелі мазмұндаудан тұратын оқу басылымы.
Электрондық оқулық (ЭО) немесе әдістемелік кешен (ЭК) - өз бетімен немесе оқытушының қатысуымен оқу курсын немесе оның бір бөлімін компьютердің көмегімен меңгеруді қамтамасыз ететін программалық- әдістемелік кешенді айтады.
Оқу құралы (ОҚ) - бұл берілген басылымның түрі ретінде ресми түрде бекітілген және оқулықты толықтыратын немесе оны бөлшектеп немесе толық алмастыратын оқулық.
Электрондық оқу құралы (ЭОҚ) - оқулықты толығымен немесе жартылай ауыстыратын немесе толықтыратын және берілген түрдегі басылым ретінде бекітілген электрондық басылым.
Гипертекст - электрондық формада ұсынылған және оның бір фрагментінен басқа фрагментіне дер кезінде өтуді қамтамасыз ететін тармақталған байланыстар жүйесімен жабдықталған текст.
Визуализация - суреттердің, графиктердің және анимацияның көмегімен көрнекі түрде көрсетілуі.
Білім беруді ақпараттандырудың президенттік бағдарламасы электронды оқулықтарды жасауға себепші болды. Бүгінгі күнде мектептегі білім берудің мазмұнының 60%-ы және кәсіби білім берудің 10%-ы түрлі сандық интерактивті мультимедиалық білім беру ресурстарын (СИМБР): электронды оқулықтарды (ЭУ); мультимедиалық оқыту бағдарламасын (МОБ); виртуалды саяхаттарды (ВС); электронды дидактикалық құралдарды (ЭДҚ) және т.б. жасау жолымен сандық форматқа көшірілгені бізді қуантады.
Электронды оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді және педагогика ғылымдарының негізін салушы Ян Амос Каменский тұжырымдаған: «Барлық мүмкін деген нәрселерді қабылдауды сезіммен жүзеге асыру керек, атап айтқанда: қабылдау үшін көруді, көзбен; естуді есту қабілетімен; иістерді иіс түйсігімен; дәмге тиістіні дәммен; түйсікке қатыстыны түйсіну жолымен. Егер қандайда болмасын затты бірнеше сезіммен қабылдау керек болса, бірнеше сезімді салу» дидактиканың алтын ережелеріне сәйкес келеді.
Оқылатын пәннің әр тақырыбын авторлар көзбен көру арқылы ұсынған. Мектеп оқушылары оқу материалын көру арқылы қабылдауды қамтамасыз ететін түрлі суреттер, сызбалар, фотосуреттерді көре алады, тарихи және географиялық карталарды, көркем экспонаттарды және тағы басқа көптеген нәрселерді қарастыра алады. Электронды оқулықта, қарастырылып жатқан құбылыстардың өзара байланысын және олардың түпкі мағыналарын ашатын жан бітірімдер ерекше орын алады. Мысалы, оқушы физика, химия, биология пәнінен тәжірибелер жүргізіп және зертханалық жұмыстарын үйінде отырып компьютерде орындай алады.
Оқу материалын бірнеше рет көре алу мүмкіндігі балалардың жеке басының ерекшелігіне сай: біреулеріне өмір бойы есте сақтап қалу үшін бірақ рет қарап шығу жеткілікті, екіншілеріне – материалды бірнеше рет қарап шығу қажет. Бұның барлығы мүмкін, өйткені оқушы электронды оқулықпен жеке жұмыс жасайды.
Ал бұның мұғалімге қандай көмегі бар! Оқу материалы түгелдей көркемделген. Мұғалімге көрнекі дидактикалық құралдарды даярлау қажет емес. Көркемделуі кәсіби деңгейде орындалған. Слайдтар – бұл принтер арқылы қағазға басып шығаруға болатын қолайлы таратылым материалы..
Электронды оқулықтар және СИМБҚ-ның басқа да түрлері интерактивті, олар дыбысталған, оларда оқушының жауаптары елеусіз қалмайтын шынайы қарым-қатынастың элементтері бар. Оқушы мәтінді оқып қана қоймай, сонымен қатар тапсырмаларды орындай және сұрақтарға жауап бере отырып оқу үрдісінің белсенді қатысушысы болады.
Барлық электронды оқулықтар қазақстандық білім беру стандартына сәйкес жасалған. Олар нақты бір сабаққа бағытталып қана қоймай, сондай-ақ жалпы оқытылу пәнінің мазмұнына бағытталған, бұл оқушыға оқу материалын біртұтас етіп және олардың өзара байланысын көрсете алады. Оқытудың педагогикалық маңыздылығы бар интерактивті орта пайда болады.
Әрбір электронды оқулық үлкен авторлық ұжыммен даярланады, біріншіден ғылым докторлар мен кандидаттар, профессорлар мен доценттер, республикамыздағы қандай да болмасын пән саласындағы ең жақсы мамандар. Сонымен қатар, авторлық ұжымға педагог-технолог, әдіскер және міндетті түрде бағдарламалаушы, жан бітіруші, дизайнер дыбыс операторлары және басқалар кіреді.
Біздің электронды оқулыққа көптеген шетел қонақтары қызығушылық танытты: ЮНЕСКО-ның бас директорының орынбасары Абдул Вахид Хан, Азия-Тынық мұхиты аймағындағы білімді халықаралық дамыту бойынша ЮНЕСКО бағдарламасының координаторы Жу Нан Жао мырза, білім берудегі АКТ бағдарламасының менеджері Фуминхико Шинохара мырза, Еуропалық білім беру қорының (ЕБҚ) халықаралық сарапшысы Боб Мэнсфилд мырза электронды оқулықтарға жоғарғы баға берді.
Мектептегі білім беруде АКТ-ны пайдалану бойынша, 6 мемлекет (Әзірбайжан, Қазақстан, Кырғызстан, Моңғолия, Өзбекстан, Тәжікстан) негізінде Азиялық Даму Банкі (АДБ) жүргізген салыстырмалы саралау көрсеткендей, оқушыларға СИМБҚ жасауда Қазақстан бұл мемлекеттерден әлдеқайда озық [40].
Электрондық оқулықтың тиімділігі зор. Электрондық оқу құралы – бұл оқу курсының ең маңызды бөлімдерін, сонымен бірге есептер жинағы, анықтамалар, энциклопедиялар, карталар, атластар, оқу эксперименттерін жүргізу нұсқаулары, практикумға, курстық және дипломдық жобаларға нұсқау және т.б. білім беруді басқаратын мемлекеттік органдар тағайындаған арнайы статусы бар берілген түрдегі баспаларды қамтитын электрондық оқу басылымы.
Оқытушы үшін электрондық оқулық – бұл күнбе - күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әрбір оқытушы өз педагогикалық тәжірибесіндегі материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.
Пән оқытушылары білім беру жүйесін ақпараттандыруды дамыту бағытында кәсіптік лицейдің оқу - тәрбие үрдісін ақпараттандыру мен барлық пәндерге ақпараттық – коммуникациялық технологияның мүмкіндіктерін пайдалану және өз пәнін оқытудың сапасын арттыру жағдайында олардың ақпараттық құзырлылығы қалыптасқан тұлға болуы қажет.
Басқаша айтқанда, бұл кеңістікке ең алғаш еніп, оны жүйелі және кәсіби бағытта енуін қамтамасыз ететін мұғалім. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп. Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс.
Кәсіптік білім беруде ақпараттық технологияларды пайдалану мен оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін қалыптастыру атты баяндамамды қорытындылай келе төмендегідей ұсыныстарға тоқталамын:
• кәсіптік білім беретін оқу орындарын қазіргі заманға сай жаңа ақпараттық құрал – жабдықтармен жабдықтау, интерактивті тақталар мен мультимедиялық кабинеттермен және арнаулы пәндер бойынша электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету;
• кәсіптік білім саласында оқытудың жаңа ақпараттық технологияларын пайдалану бойынша білім жетілдіру курстарын жиі ұйымдастыру;
Ақпараттық құзіреттілікті қалыптастырудан күтілетін нәтиже жаңа заманға сай ақпараттық мәдениеті мен құзіреттілігі қалыптасқан, теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алатын, физика пәнін басқа пәндермен байланыстыра алатын жеке тұлға қалыптастыру.
«Қазіргі заманда болашақ жұмысшы мамандарды ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру мен ақпараттық - коммуникациялық технологияны оқу - тәрбие үрдісінде пайдалану оқушының өз мамандығына қызығушылығы мен мамандық сапасын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз.
Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі - оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда да елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру еніп, көкейкесті мәселе ретінде күн тәртібінен түспей отырғандығы мәлім.
Ақпараттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Мектептің білім беру саласында ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы білімнің сапасын арттыру, білім беру үрдісін интенсификациялау мен модернизациялаудың тиімді тәсілдерін іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыстардың тиімділігі мен нәтижелілігі бірнеше оқу-әдістемелік, психологиялық-педагогикалық мәселелердің шешімін ғылыми түрде негіздеуді талап етеді. Оларды бірнеше бағыттарға бөлуге болады:
- оқу үрдісінде ақпараттың технологияларды іске асырудың жүйелі ғылыми-әдістемелік жолын анықтау;
- оқушылардың тәжірибелік іс-әрекетінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың әдістемесін жасау;
- мұғалімдердің ақпараттық технологияларды меңгеру және оқу үрдісінде пайдалану бойынша кәсіби біліктерін жетілдіру;
- оқушыларды білім, білік, дағдыны меңгеру үшін ақпараттық технологияларды пайдалануға үйрету;
- мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту.
1. Оқу үрдісінде компьютерді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмыстарын ақпараттық-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге де елеулі өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді, мұндай жаңашыл өзгерісті оқулықтардан бастауға болады. Мұнда дәстүрлі баспа оқулықтарымен қатар оқу үрдісінде электронды оқулықтарды пайдалану көзделеді.
Электронды оқулықтың автоматтандырылған оқу үрдісі ашық дамитын әдістемелік жүйе екендігі белгілі. Сонымен бірге электронды оқулық оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және тақырыптық ресурстарға сілтемелер беріледі.
Электронды оқулықтың жетістіктері мыналар болып табылады:
- шұғыл кері байланысты қамтамасыз етеді;
- дәстүрлі оқулықта көп іздеуді қажет ететін тиісті ақпаратты тез табуға көмектеседі;
- гипермәтінді түсіндірмелерді бірнеше рет қарап шығу барысында уақытты анағұрлым үнемдеуге мүмкіндік береді;
- қысқа мәтіндермен қатар көрсетеді, әңгімелейді, жобалайды, т.с.с. (мультимедиа-технологияның мүмкіндігі мен артықшылығы тура осы жерде көрінеді);
- әрбір студентке дербестік тұрғыдан қатынас жасауға мүмкіндік беріп, олардың өз бетінше білім алуын қамтамасыз етеді;
- белгілі бір бөлім бойынша білімді тексеруге мүмкіндік туады.
2. Моделдеу. Моделдеу идеясы оқыту үрдісінде жаңа мүмкіндіктер береді. Атап айтқанда, оқу үрдісінде компьютерлік моделдеуді қолдану ойға негізделген болжамдарды тексеруге, сонымен қатар оқушының қоршаған ортамен байланысын анықтап, адамзат санасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етеді, компьютерлік графика адамның айтар ойын белгілі бір графикалық жүйеге келтіріп, адамның шығармашылық болжамын шыңдауға көмектеседі. Бұл моделдеу әдістемесі оқу бағдарламасының сапасын бағалау жолымен оқушылардың шығармашылық қасиеттерін және ғылыми зердесін дамытудың құралы болып табылады.
Компьютер ақпаратпен жұмыс істейді, нысандық жағдайлар жөніндегі мәліметтер модел ретінде оның сөздік, сандық "сипаттамасы" қаралады. Сондықтан да ақпараттық моделді күрделі жүйе ақпаратының көзі ретінде қарауға болады.
3. Компьютерлік оқыту бағдарламалары. Олар интерактивті тәртіппен компьютер арқылы қандай да болсын пәнді оқып-үйренуді көздейтін бағдарламалар болып табылады. Бұл бағдарламаларда теориялық материал мен блоктар болады, олар оқушылардың берілген білім көлемін меңгеруінің сапасын анықтауға мүмкіндік береді.
Электрондық оқулықтар негізінен білім берудің электрондық басылымдары болып табылады. Электрондық оқулықтар жоғары ғылыми және әдістемелік деңгейде жасалады және бағдарлама мен стандарттың дидактикалық бірліктерін анықтайтын, мамандықтың білім беру стандарттарына толығымен сәйкес келуі керек. Одан басқа, электрондық оқулықтар интерактивті кері байланысты жүзеге асыратын информатиканы оқыту барысында дидактикалық жүйенің үздіксіздігін және толықтығын қамтамасыз ету керек. Электрондық оқулықтардың негізгі қасиеттерінің бірі оның мазмұнын қағаз жүзінде шығаруға мүмкіндік жасау болып табылады [41].
Әр түрлі біліктіліктегі мамандар дайындау жүйесінде білім алушыларға кәсіби қызметте ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды қолдану ерекшеліктерін оқытатын пәндер мен физика пәні негізгі орындардың бірін алады. Бұл пәндер мамандар жұмысының практикасына жақындығымен, жоғары оқу орындарында дайындаудың барлық бағыттарында кеңінен қолданылуымен, ғылыммен тығыз байлыныстылығымен және ғылыми-техникалық прогресстің қазіргі заманғы жаңа жетістіктеріне қол жеткізуімен қызықты. Информатика мен басқа да ұқсас пәндер ғылыми педагогикалық зерттеулер пәніне жиі айналып келеді. Мұндай бағытта А.П.Ершов, В.М.Монахов, А.А.Кузнецов, М.П.Лапчик, А.Г.Кушниренко, А.ААбдукадыров, Е.Ы.Бидайбеков, Беркімбаев М.К. Усенов С.С..В.Гриншкун, Ж.А.Караев, С.Кариев, Э.И.Кузнецов және басқа да көптеген ғалымдардың еңбектерін атап айтуға болады.
Е.Ы.Бидайбеков, С.Г.Григорьев және В.В.Гриншкун ұсынған білім беру электрондық ресурстарын тек білім саласында ғана емес, барлық салада қолданылатын электрондық ресурстардың жалпы түсінігі арқылы екі кезеңмен анықтаудың тәсілдері бар. Бұл жағдайда электрондық ресурстар ретінде графикалық, мәтіндік, сандық, сөйлеу, музыкалық, видео-, фото- және басқа да ақпараттардың жиынтығы деп қарастыру ұсынылған. Бір электрондық ресурста ақпараттық немесе ақпаратты-анықтамалық көздер, ақпаратты құру және өңдеу құралдары, басқару құрылымдары бөліп көрсетілуі мүмкін. Электрондық ресурс кез-келген электрондық тасымалдағышта орындалуы, сонымен бірге электрондық компьютерлік жүйеде жариялануы мүмкін.
Білім берудің электрондық ресурсы жоғарыда айтылған электрондық ресурстың білім беру саласында қолданылуының нақты бір шартына негізделеді. Негізінен, білім беру электрондық ресурсы білімнің ғылыми-практикалық саласына сәйкес жүйелендірілген материалдардан тұруы керек, білім алушының білімді игеруінің шығармашылық және белсенділік қасиеттерін, білім саласындағы іскерлігі мен дағдылығын қамтамасыз етуі керек. Жоғары оқу орындарында қолданылатын білім беру электрондық ресурстары жоғары деңгейімен және көркемдік безендірілуімен, ақпараттардың толықтығымен, әдістемелік нұсқаулардың сапалылығымен, техникалық орындалуының сапалылығымен, көрнекілігімен, баяндаудың қыйсындылығы мен жүйелілігімен ерекшеленуі тиіс. Аталған авторлардың зерттеулеріне сәйкес мұндай электрондық ресурстар дидактикалық қасиеттерін жоғалтатын қағаз жүзінде қысқартылмауы керек.
Білім беру электрондық ресурсы жоғарыда айтылған электрондық ресурстың білім беру саласында қолданылуының нақты бір шартына негізделеді. Негізінен, білім беру электрондық ресурсы білімнің ғылыми-практикалық саласына сәйкес жүйелендірілген материалдардан тұруы керек, білім алушының білімді игеруінің шығармашылық және белсенділік қасиеттерін, білім саласындағы іскерлігі мен дағдылығын қамтамасыз етуі керек. Кәсіптік оқу орындарында қолданылатын білім беру электрондық ресурстары қолданылуының жоғары деңгейімен және көркемдік безендірілуімен, ақпараттардың толықтығымен, әдістемелік нұсқаулардың сапалылығымен, техникалық орындалуының сапалылығымен, көрнекілігімен, баяндаудың қыйсындылығы мен жүйелілігімен ерекшеленуі тиіс. Аталған авторлардың зерттеулеріне сәйкес бұндай электрондық ресурстар дидактикалық қасиеттерін жоғалтатын қағаз жүзінде қысқартылмауы керек.
Информатиканы оқытуда қолданылатын электрондық ресурстар кәсіби оқу орындарындағы сәйкес пәндердің тиімділігін көтеріп қана қоймайды, білімгердің ақпаратпен жұмыс істеу технологиясы мен әдістерін жақсартады. И.Бабкин, Е.Ы.Бидайбеков, Т.Б.Захарова, С.Ю.Калюга, А.А.Кузнецов, Ж.Р.Орынбаева, В.В.Чешев және басқа да ғалымдардың жасаған зерттеулерінде әлемнің техникалық жаңа суретін қалыптастыру техника жайлы білім, оны құрудың ерекшеліктері мен негізгі пікірлері, қоғам мен табиғат үшін шығынсыз пайдалану болып табылатындығы атап көрсетілген [42].
Кәсіптік білім беру жүй есінде ақпараттық құралдар мен телекоммуникациялық технологияларды қолдану жаңа қоғамның дамуындағы практикалар мен негізгі тенденцияларға сәйкес болғандықтан заңды болып табылады. Қазіргі заманғы мамандардың кәсіби ортасында жүргізілетін өзгерістерді талдау, келесідей нәтижелерге қол жеткізеді:
біріншіден, жаңа қоғам, ақпараттық мәдениеттің жоғары деңгейін меңгерген және ақпараттық орта жағдайында шешім қабылдауға қабілетті мамандардың жаңа түрлерін қажет етеді;
екіншіден, осы шарттарды жүзеге асыру үшін, бүгінгі күні қоғамның әлеуметтік тапсырысын толық орындауға қабілетсіз болып отырған, жоғары оқу орындарында бакалаврлар мен магистрлерді дайындау жүйесіне өзгеріс енгізу керек.
Бұл мәселені шешуде, жоғары оқу орындарында мамандар дайындау үдерісіне оқытуды жекелендіруге, білім алушының оқу-танымдық қызметін белсенді етуге, кәсібилікке жақындатуға көмегін тигізетін, ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды енгізу керектігін зерттеулер нәтижесі көрсетіп отыр.
Кәсіптік оқу орындарында электрондық ресурстарды қолданып физиканы оқыту білім алушыларда ақпараттық мәдениетті қалыптастыруға сәйкес болуы керек. Авторлар бұл түсінікті әр түрлі мағынада анықтап отыр. Жалпы алғанда, Ю.А.Шрейдердің ойымен келісуге болады. Ол «ақпараттық мәдениет, осы күні біз кітаптан білімді қалай алсақ, электронды есептеуіш машина арқылы да солай білім алумен, дәптерге алған білімді қалай жазсақ, электронды есептеуіш машинаға да солай жазу арқылы қалыптасады» деп көрсетеді .
Біздін елімізде электрондық оқулықтар жасауда әлі де көп жұмыстар атқарылуы тиіс, яғни орта, жоғары мектептің және қосымша білім беретін курстар пәндеріне байланысты көптеген оқулықтар жасалуы керек. Бұл окулықтар қазіргі компьютерлік, коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін қамтамасыз етеді.
Білім берудің кез-келген саласында "Электрондык оқулықтарды" пайдалану оқушылар мен студенттердің танымдық белсенділігін арттырып кана коймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі ақпараттандыру қоғамында бұл оқулыктарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес. Осы бағытта "Білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығының" "Білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын" жүзеге асырудағы атқарып жатқан көп салалы жүмыстарының бір сатысы "Электрондык оқулықтар" шығару болып табылады. Бүгінгі танда бұл орталықтан 11 пәннен электрондық оқулықтар жасалып, оқу жүйесіне енгізіле бастады.
Электрондық окулықтарды дайындаудың бір жүйеге келтірілген заңдылығы болуы керек. Осыған байланысты электрондық оқулықтарды дайындауда мынадай дидактикалық шарттарды ескеру керек:
белгілі бір пәнге байланысты дайындалған электрондык оқулықтың сол пәннің типтік бағдарламасына сәйкес болуын;
электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен тақырыптарға қатысты лекция конспектісін қамтитын негізгі; зертханалық және практикалық тапсырмаларды орындауға арналған қосымша; материалға қатысты анықтама, библиографиядан түратын көмекші; аралық және қорытынды бақылау сұрақтарынан түратын тест; материалдарды дайындауда пайдаланылған әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуын;
электрондық оқулықтың кәдімгі оқулықтар мазмүнын қайталамауын, яғни берілетін тақырыпка қатысты ақпараттың нақты әрі қысқа берілуін ескеру керек;
белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен артық болмауы тиіс. Егер мәтін көлемі бірнеше экрандық бетті қамтитын болса онда экранда пайда болатын оң жақ тік, төменгі көлденең жылжыту сызықтарын электрондық оқулықты пайдаланушының көп пайдалануына тура келеді. Мұның өзі пайдаланушының материалға қатысты ойын бөледі және мәтінді жоғары-төмен, оңға-солға жылжыта беру пайдаланушының шыдамдылығына да әсер етеді;
оқулықты шектен тыс иллюстрациялық, анимациялық түрғыдан көркемдеу пайдаланушыға кері әсерін тигізуі мүмкін, бірақ, кейбір пәндерге, атап айтқанда, физика, химия, биология сияқты пәндерге қатысты процестерді анимациялап көрсету, тіпті, кинофильмдер мен диафильмдер үзінділерін МРЕG, АVІ типті файлдар ретінде сақтап, оларды гипермәтінді формат арқылы электрондык оқулыққа кірістіру оқулықтың көркемдік, әдістемелік деңгейін арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |