ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалану негізінде жаңа педагогикалық әдістерді қалыптастыруға бағытталған білім беру жүйесін ақпараттандыруды зерттеу істері оқулықтар шығарумен қатарласа атқарылуда.
Соңғы кезде ақпараттық технологиялар үдемелі түрде дамып келеді және бұл программалық қамсыздандырудың әсер етуде. Әр бір жарты жылда көптеген жаңа программалық өнімдер шығуда.
Қазіргі кезде мектептерде физикалық құрал-жабдықтардың жетіспеушілігіне байланысты физикадан сабақтарды жалаң сөзбен түсіндіру оқушылардың білім деңгейінің төмендеуіне, ой-өрісінің тарылуына әкеліп соғады. Осы қиыншылықтардан шығудың бір жолы – ақпараттық технологияларды қолдану.
Тәжірибе көрсеткендей мектептегі физика кабинетінде ақпараттық технологиялардың ақпараттық құралдары қойылған. Ақпараттық тәсілдегі көзқарас бойынша, оқыту үрдісі оқу ақпаратын қабылдау, өңдеу және сақтау үрдісі ретінде қарастырылады.
Сонымен бірге, физиканы оқуға қызығушылығы артады, өз жұмысын жоспарлау дағдысы қалыптасады, оқушы өзінің уақыты мен күшін өз қабілетіне қарай жұмсайды, яғни оқумен бірге зерттеу жұмысын жүргізу дағдысының негізі қаланады.
Физиканы оқытудың көрнекілік әдісі де ақпараттық технологияларды пайдаланып, физикалық құбылыстар мен нысандарды компьютерлік моделдеу арқылы көрсету арқылы байытылуда.
Компьютер оқушыларды жекелеген тәсіл арқылы оқыту ақпаратты өңдейді, компьютер жадында сақталатын электронды сынып журналы арқылы оқушылар бағасына жедел қолжеткізуді жүзеге асырады.
Оқушылардың білім алу деңгейлерін сапалы ету мақсатында қолданылып жүрген ақпараттық технологияларды физика сабақтарында қолдану кезек күттірмейтін мәселеге айналды. Сабақты ақпараттық технологияларды пайдаланып, физикалық есепті де, зерханалық жұмыстарды да түсінікті және қызықты етуге болады. Оның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Электрондық оқулық физика пәнінің мұғаліміне сабақты өткізуге шығармашылық тұрғыдан келуге мүмкіндік береді.
Жұмысты орындау барысында келесі нәтижелер қол жеткізілді:
білім беруді ақпараттандырудың даму тенденцияларына талдау жасалды;
– мектеп оқушыларына физика пәнін оқытуда ақпараттық технологияларды пайдаланудың ерекшеліктері айқындалды;
– оқушылардың білім сапасын арттыру үшін Delphi ортасында физика пәнінен 11-сыныпқа арналған электрондық оқулық жасалды.
Демек, ақпараттық технологиялар көмегімен физика пәнін оқыту әдістемесіне оқушылар мен мұғалімге шынайы болмыс нысандарын, бұрын қол жеткізе алмаған физикалық процестерді визуалдауға, алынған нәтижелерді өңдеу процесін автоматтандыруға, физикалық процестің өту барысын жоспарлауға, жоспардың дұрыстығын тексеруге мүмкіндік беретін жаңаша оқыту түрін енгізуге қол жеткіздік.
Қорытындылай келе, электрондық оқулық физика пәнін оқытуда қолданудың ерекшеліктері мен физиканы оқытуда ақпараттық технологияларды қолдану үшін жасалған оқулық мұғалімдер мен оқытушыларға сабақ беру барысында көмекші құрал ретінде септігін тигізеді деп сенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: |