Жакыпбек Алтаев, Аманжол Ңасабек философия тарихы


Туркі тілді ислам философиясы


бет151/305
Дата20.11.2023
өлшемі
#192365
түріОқулық
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   305
Байланысты:
Философия тарихы Ж Алтай, Қасабек А. 3

Туркі тілді ислам философиясы
175
Белгілі тарихшы Құрбанғали Халидидың «Тауарих хамса» кітабында Асан 
қайғы туралы скіұдай дсрек берілген. Бірінде: «Асан қайғы ноғай емес, Шың- 
ғысханның бұғасары ұлан Майқы бидің алтыншы нсмересі дейді», - делінсе
екіншісінде Асанның ноғайлыдан шыққандығын дәлелдейтін дерек келтіріледі, 
Найман Құдабай ақыннан жазып алдым деп мына өлеңці жариялайды:
«Асанның асыл түбі ноғай деймін,
Үлкендердің айтуынша солай деймін.
Бұл сөзге анық-қанық емес едім,
Естігенім, тақсыр-ау, бұлай деймін.
Түбінде ногай, қазақ түбіміз бір,
Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір.
Ормамбет хан ордадан шыққан күнде
Асан ата қайғырып айтыпты жыр».
Халиди келтірген екінші дерек толық күйінде Сәкен Сейфуллиннің зерттеуін- 
де кездеседі.
Асан қайғы туралы көп орнықты, түбегейлі пікір айтқан ғалым - М. Әуезов. 
«Бұл тарихта болған адам, бірақ тірлік еткен заманы Жэнібек тұсы дегені болмаса, 
дэл кім екені, қай ортадан шығьш еді, қандайлық еңбек-әрекет етіп, қандай өмір ке- 
шіп өтіп еді - ол жайының ешқайсысынан дэл дерек жоқ. Тарихта болған адамдар 
ішінде өмір сорабы, іс-еңбегі халықтың нағыз ертегісі болып, тек сол қалыпта 
ғана ой-жадында сақталған адамның бірі - осы Асан қайғы», - деп жазады ол.
«Халық шежіресі бойынша, Асан ата Майқы бидің алтыншы әулеті еді деседі. 
Ол өзі Қорқыт сияқты жұрт қамын жеп өткен дана, батагөй кемеңгер кісі. Өзінің 
ұзақ жасында халықтың қамын көп ойлап, уайым жеп өткендіктен, «Асан қайғы» 
атанған», - деп жазады академик Ә. Марғұлан.
Асан қайғы 1361-1370 жылдардың аралығында Еділ бойында туылған. Тари- 
хи аңыздар Асанның әкесі саятшы екен дейді, Асан қайғы Алтын Орда ханы 
Ұлүғ-Мұхаммедтіц (Орманбеттің) ықпалды билерінің бірі болтан. XV ғасырдың 
20-жылдарында Ұлүғ-Мухаммсд Ордадан қуылған, Асан өз эміршісімен бірге ке- 
теді. Көп ұзамай Қазанда билік құрған ¥лұғ-Мұхаммедтің ақылгөйлері қатарында 
болған ақын, хан өлген соң Дешті-Қыпшаққа қайтып, 1450 жылдарда Әбілқайыр 
ұлысындағы тартыс кезінде Керей, Жэнібек султандарды жақтайды. 1456 жылы 
Шу алқабында Қазақ Ордасы құрылған кезде Асан жаңа мемлекеттің ұраншы- 
сына (идеологына) айналды.
Асан қайғы авторлығымен сақталған жырлар мен ол туралы айтылатын аңыз- 
әңгімелердің мазмұндарында пэлендей айырмашылық жоқ. Мдселен, сондай 
аңыздың бірінде: «Бұрынғы заманда Еділ мен Жайықтың арасында бір үлкен 
патшалы жұрт болтан. Ханы Жәнібек хан деген екен. Оның жұртында бір Асан 
қайғы деген жұрттың қамын ойлаған данышпан адам болыпты. Өзінің ақылды- 
лығы сондай екен, ілгеріде не болатынын болжап, күні бұрын халыққа айтады 
екен, сондай-сондай болады деп... Жәнібек хан дегеніне жетіп тұрған кезінде 
Асан қайғы 95-ке келген кезі екен...» делінеді де, одан әрмен Жэнібектің сарай 
салдыру үшін Ресейден ұсталар алдыртып, ғимаратты бітіртіп, той жасататынды- 
ғы, кейін Қарашаш атты күңін некелеп әйелдікке алып, құладын құсты баулып,


176

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   305




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет