Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндердің, таңдау курстарының және факультативтердің үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы


Требования к уровню подготовки учащихся



бет38/76
Дата23.10.2016
өлшемі12,18 Mb.
#77
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76

19. Требования к уровню подготовки учащихся

      98. Уровень подготовки обучающихся оценивается с учетом предметных, личностных и системно-деятельностных результатов.


      99. Предметные результаты отражены в двух аспектах: должны знать и уметь.
      100. Учащиеся 5 класса должны знать:
      1) основные правила чтения;
      2) cтруктуру построения утвердительного, вопросительного, отрицательного предложений;
      3) спряжение глаголов I, II, III групп, местоименных глаголов в Prйsent;
      4) употребление личных приглагольных местоимений, притяжательных и указательных прилагательных;
      5) виды артиклей, правила образования форм множественного числа имен существительных и прилагательных;
      6) числительные от 0 до 100, образование порядковых числительных.
      101. Учащиеся 5 класса должны уметь:
      1) воспринимать на слух речь учителя, собеседника;
      2) понимать основное содержание текста;
      3) правильно интонировать предложения различных типов;
      4) сообщать информацию о себе, о членах семьи, друзьях, о школе, школьных предметах;
      5) вести диалог этикетного характера, диалог-расспрос;
      6) выполнять письменные упражнения в соответствии с коммуникативными и грамматическими задачами.
      102. Учащиеся 6 класса должны знать:
      1) временные формы изъявительного наклонения: Passй composй, Imparfait, Futur simple;
      2) cтепени сравнения прилагательных, классификацию местоимений;
      3) особенности употребления частичного и слитного артиклей;
      4) типы вопросительных предложений: общие и специальные.
      103. Учащиеся 6 класса должны уметь:
      1) логично и последовательно высказываться в соответствии с учебной ситуацией;
      2) передавать своими словами основное содержание прослушанного / прочитанного текста в пределах программного материала;
      3) высказывать свое мнение о прослушанном/ прочитанном;
      4) вести диалог-расспрос, диалог-побуждение к действию в стандартных ситуациях;
      5) выразительно читать аутентичные тексты, извлекать необходимую информацию для выполнения коммунникативных заданий;
      6) кратко излагать информацию по изученным темам в письменном виде.
      104. Учащиеся 7 класса должны знать:
      1) структуру построения предложений: (повествовательного, вопросительного и отрицательного);
      2) временные формы изъявительного наклонения: Plus-que-parfait, Passй simple, употребление Gйrondif;
      3) употребление в речи вопросительных местоимений, отрицательных частиц (jamais, rien, personne),ограничительного оборота ne-que;
      4) cогласование времен, повелительное наклонение глаголов кtre, avoir, savoir;
      5) употребление распространенных устойчивых сочетаний, оценочную лексику, реплики – клише.
      105. Учащиеся 7 класса должны уметь:
      1) осуществлять диалогическое общение со взрослыми и сверстниками в пределах изученной тематики;
      2) делать связанные высказывания, вести беседу об окружающем мире, о прочитанном, увиденном, услышанном, выражая при этом свое отношение к воспринятой информации и предмету высказывания;
      3) использовать реплики, выражающие одобрение, удивление, радость;
      4) выбирать подходящее значение слова в зависимости от контекста;
      5) выделять значимую, необходимую информацию при работе с текстом;
      6) определять тему текста, составлять план, давать краткую характеристику персонажей;
      7) делать записи о том, что было сделано с опорой на ключевые слова, описание картинки на основе ключевых вопросов в письменном виде.
      106. Учащиеся 8 класса должны знать:
      1) употребление лексического материала, связанных с проблемами охраны окружающей среды, образования во Франции и в Казахстане, развитие кино и театра;
      2) временные формы изъявительного наклонения: Passй Simple, Imparfait;
      3) употребление Conditionnel, наречий безличных форм глагола, притяжательных и указательных прилагательных и местоимений;
      4) обычаи и традиции французского народа, знание форм речевого и неречевого поведения, принятых в стране изучаемого языка;
      5) правила преобразования прямой речи в косвенную речь;
      6) согласование времен;
      7) неличные формы глагола: инфинитив, причастия настоящего и прошедшего времен.
      107. Учащиеся 8 класса должны уметь:
      1) вести диалог-обмен мнениями в стандартных ситуациях, групповое обсуждение, утверждение и обоснование сказанного;
      2) логично и последовательно высказываться в соответствие с учебной ситуацией;
      3) высказывать свое положительное/ отрицательное мнение о прочитанном/ услышанном;
      4) понимать основное содержание несложных аутентичных текстов и выделять значимую информацию;
      5) отделять главную информацию от второстепенной, выделять факты и аргументы в соответствии с вопросами;
      6) выразительно читать текст разных жанров и понимать основное содержание прочитанного текста;
      7) выделять основную мысль, отбирать из текста главные факты, давать оценку прочитанному;
      8) составлять план, тезисы устного или письменного сообщения писать поздравления, личные письма с опорой на образец.
      108. Учащиеся 9 класса должны знать:
      1) структуру построения предложений: (повествовательного, вопросительного и отрицательного);
      2) типы вопросительных предложений;
      3) образование видо-временных форм глагола в Prйsent, Passй, Futur - структуры глаголов в Indicatif, Impйratif, Subjonctif, Conditionnel;
      4) правила преобразования прямой речи в косвенную речь;
      5) согласование времен;
      6) неличные формы глагола: инфинитив, причастия настоящего и прошедшего времен.
      109. Учащиеся 9 класса должны уметь:
      1) выбирать подходящее значение слова в зависимости от контекста;
      2) выражать свою точку зрения (согласие/ несогласие, сомнение);
      3) вести диалог на заданную тему;
      4) описывать события/ явления, передавать основное содержание, основную мысль прочитанного или услышанного;
      5) выражать мнение о прочитанном, давать краткую характеристику персонажей;
      6) составлять монолог и текст, используя слова-синонимы, антонимы;
      7) воспринимать аутентичный текст на слух;
      8) распознавать детальную информацию при прослушивании иноязычного материала;
      9) воспроизвести прослушанный материал;
      10)выполнять письменные упражнения в соответствии с коммуникативными и грамматическими задачами, составлять план, заполнять анкеты, делать записи с опорой на ключевые слова.
      110. Личностные результаты. Учащиеся должны показывать:
      1) любовь к Родине, к своему народу;
      2) уважение к традициям и обычаям народов страны изучаемого языка и Казахстана;
      3) знание, уважение и соблюдение законов своей страны и стран изучаемого языка;
      4) уважение и заботу к старшему/младшему поколениям;
      5) бережное отношение к окружающей среде;
      6) бережное отношение к имуществу (школьной мебели, школьным принадлежностям, одежде, предметам обихода);
      7) соблюдение здорового образа жизни;
      8) высокую культуру человеческого общения и соблюдение этических норм;
      9) готовность к самообразованию, самореализации и созидательному труду.
      111. Системно-деятельностные результаты. Учащиеся должны использовать:
      1) систему знаний, умений и навыков в повседневной жизни;
      2) современные информационные технологии;
      3) навыки монологической и диалогической речи в различных коммуникативных ситуациях;
      4) методы познания, проектирования, конструирования и исследования в творческой деятельности (олимпиады, научные проекты, презентации);
      5) методы анализа и синтеза при работе с научной информацией.

Қазақстан Республикасы    


Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі    
№ 115 бұйрығына        
31-қосымша          

Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-6-сыныптары үшін
«Математика» пәнінен типтік оқу бағдарламасы


1. Түсінік хат

      1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.


      2. 5-6-сыныптардағы математика пәні – орта білімнің бастауыш және негізгі деңгейінде оқушыларға математиканы оқытуда сабақтастық пен болашақты қамтамасыз ететін кіріктірілген оқу пәні.
      3. Оқыту мақсаты:
      1) оқушыларды математикалық материалды түсінуін қамтамасыз етуге бағытталған математикалық қызметке қатыстыру және ой-өрістің дамуы арқылы математиканың базалық негізін сапалы меңгеруді қамтамасыз ету;
      2) ұлттық және жалпыадами құндылықтар негізінде талдау жүргізудің практикалық дағдысы мен біліктігін иелену, ойлаудың математикалық стилін қалыптастыру;
      3) негізгі орта білім деңгейінде алгебра мен геометрияны игерудің практикалық негізін жасау.
      4. Оқыту міндеттері:
      1) рационал сандар және олардың қасиеттері, рационал сандарға қолданылатын арифметикалық амалдар туралы білімді қалыптастыру; жаратылыстану-математикалық циклдің пәндерін игеруде алдын-ала дайындықты жүзеге асыру;
      2) көрнекі-бейнелік және логикалық ойлауды, оқу уәжін, өздігінен білім алу қабілетін, математика тілінде сөйлеуді, талдау мен дәлелдеулер жүргізу және қарапайым зерттеу есептерін шығару біліктігін қалыптастыру;
      3) тұлғаның интеллектуалдық қасиеттерін (логикалық ойлау, интуиция, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару, жігерлілік және т.б.) және математика тілінде сөйлеу қасиеттерін дамытуға бағытталған алгебраның базистік негізін сапалы меңгертуді қамтамасыз ету;
      4) оқушылардың тұжырымдарды талдау және дәлелдеу білігін, ойлау қабілетін, әр оқушының математикалық интуициясы мен шығармашылық қасиеттерін дамыту;
      5) өздігінен жұмыс атқару дағдыларын дамыту; берілген тақырып бойынша оқушыларға өздігінен есептер құрастыру мен оларды шығаруға мүмкіндік беру;
      6) қарым-қатынас мәдениетін, қазақ халқы мен елімізде өмір сүріп жатқан этностардың тарихына, мәдениетіне, әдет-ғұрпына және басқа байлықтарына құрмет көрсетуді, үлкендерге құрмет көрсету мен кішілерге қамқор болуды, қоршаған ортаны қорғауда өзін белсенділігін көрсетуді, патриоттық сезімді тәрбиелеу;
      7) оқушыларды математика ғылымының түрлі даму кезеңдерінде жинақталған құндылықтарға қатыстыру;
      8) математиканы жалпымәдени құндылық ретінде таныстыру, математика қоршаған орта мен өзін-өзі танып білу құралы болатыны туралы түсінікті қалыптастыру.
      5. 5-6-сыныптарға арналған оқу бағдарламасының құрылымдық компоненттері түсінік хат, оқу пәнінің базалық мазмұны, оқушылардың деңгейіне қойылатын талаптардан тұрады.
      6. 5-сыныптағы математика пәнінің базалық мазмұны «Натурал сандар және нөл саны», «Натурал сандардың бөлінгіштігі», «Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану», «Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану», «Пайыз» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының соңында 5-сыныптағы математика курсын қайталау кіреді.
      7. 5-сыныпта оқытудың міндеттері:
      1) жаңа мазмұнның элементтерін кіріктіре отырып, оқушылардың бастауыш білім деңгейінде (бастауыш сыныптарда) игерген математикалық білімдерін естеріне түсіру, қайталау, тиянақтау және жүйелеу;
      2) координаталық сәуле, қостеңсіздік, натурал сандар жиыны, ондық санау жүйесі, бөлгіш, еселік, жай сан, құрама сан, жұп сан, тақ сан, жай бөлшек, жай бөлшекті қысқарту, ондық бөлшек, ондық бөлшектерді дөңгелектеу, пайыз, диаграмма ұғымдарын игеру;
      3) жай және ондық бөлшектермен арифметикалық амалдар орындауда есептеу білігі мен дағдыларын қалыптастыру;
      4) арифметикалық амалдар компоненттерінің өзара байланысын қолдана отырып, теңдеулерді шығару біліктігін дамыту;
      5) санның пайызын және пайызы бойынша санды табу біліктігін қалыптастыру;
      6) формулалар арқылы есептеумен таныстыру;
      7) мәтінді есептерді шығару.
      8. 6-сыныптағы математика пәнінің базалық мазмұны «Қатынас және пропорция», «Рационал сандар және оларға амалдар қолдану», «Өрнектер және тепе-теңдіктер», «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер», «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері», «Координаталық жазықтық», «Функция. Сызықтық функция», «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 5-сыныптағы және соңында 6-сыныптағы математика курсын қайталау кіреді.
      9. 6-сыныпта оқытудың міндеттері:
      1) қатынас, пропорция, тура пропорионалдық тәуелділік, кері пропорионалдық тәуелділік; оң сан, теріс сан, санның модулі (абсолют шамасы), берілген санға қарама-қарсы сан, бүтін сан, рационал сан, коэффициент, ұқсас қосылғыштар, перпендикуляр кесінділер, параллель кесінділер, координаталық түзу, координаталық жазықтық, координаталық ширек, тікбұрышты координаталар жүйесі, координаталық түзу нүктелерінің арақашықтығы, нүкте мен түзудің арақашықтығы, центрлік симметрия, осьтік симметрия, масштаб ұғымдарын игеру;
      2) теріс және оң сандармен арифметикалық амалдарды орындауда есептеу біліктігі мен дағдысын қалыптастыру;
      3) пропорцияны қолданып, мәтінді есептерді шығарумен таныстыру;
      4) қосылғыштарды теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіру, ұқсас қосылғыштарды біріктіру және жақшаларды ашу ережелерін қолдану арқылы теңдеулерді шешу біліктігін қалыптастыру;
      5) бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер мен олардың жүйелерін шығару біліктігін қалыптастыру;
      6) айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктігін қалыптастыру;
      7) координаталық түзуде берілген нүктенің координатасын табу, координатасы бойынша нүктені координаталық түзуде салу, координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу, координаталары бойынша нүктені координаталық жазықтықта кескіндеу біліктігін қалыптастыру;
      8) «функция» ұғымымен және оның қасиеттерімен (анықталу облысы, функцияның өсуі және кемуі), функцияның берілу тәсілдерімен, сызықтық функция ұғымымен, оның қасиеттері және графигімен таныстыру;
      9) сызықтық функцияның графигін салу біліктігін қалыптастыру;
      10) екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелерін шығару біліктілігін қалыптастыру;
      11) жазықтық, шар және сфера туралы түсініктерін қалыптастыру.
      10. «Математика» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:
      1) 5-сыныпта аптасына 6 сағ, барлығы 204 сағ;
      2) 6-сыныпта аптасына 6 сағ, барлығы 204 сағ.
      11. Математиканы оқыту процесінде пәнаралық байланыс:
      1) «Қазақ тілі» пәнімен сөйлемді (тұжырымды, қорытындыны және т.с.с.) құру кезінде қазақ тілінің ережелеріне сүйену;
      2) «Тарих» пәнімен тарихи оқиғалардың ұзақтығын есептеу үшін тарихи периодтардың хронологиялық шекаралары туралы түсініктерін қолдану;
      3) «География» пәнімен Жердің пішіні шар тәрізді екені, глобустың Жер бетінің бейнесі болатыны туралы түсініктерін қолдану; географиялық координаталар, карта мен жоспардың ұқсастықтары мен өзгешеліктері туралы білімдерін, географиялық картамен жұмыс жасау біліктерін қолдану;
      4) «Биология» пәнімен табиғатты қорғау, экология және табиғат байлықтарын тиімді қолдану туралы білімдерін қолдану;
      5) «Информатика» пәнімен компьютермен жұмыс істеу: «Калькулятор» бағдарламасы көмегімен есептеу, диаграмма салу және т.б. біліктіктерін қолдану;
      6) «Еңбекке баулу» пәнімен тетіктердің құрамдас бөліктері элементтерінің графикалық бейнесін, сызбасы бойынша тетіктің пішін және оның өлшемдерін анықтай білу біліктігін қолдану арқылы жүзеге асырылады.

2. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны

      12. 5-сыныпқа арналған математика пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


      1) «Натурал сандар және нөл саны (48 сағ)». Натурал сандарды жазу. Жұп және тақ цифрлар. Кесінді. Кесіндінің ұзындығы. Координаталық сәуле. Бірлік кесінді. Координаталар басы. Нүктенің координатасы. Натурал сандарды салыстыру. Қостеңсіздік. Натурал сандарды қосу. Натурал сандарды азайту. Натурал сандарды көбейту. Натурал сандарды бөлу. Арифметикалық амалдардың қасиеттері. Натурал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Санды және әріпті өрнектер, олардың мәндері. Өрнектерді ықшамдау. Ортақ көбейткішті жақшаның сыртына шығару. Теңдеу. Теңдеудің түбірі. Тендеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару. Бұрыш. Бұрыштың шамасы. Шеңбер. Дөңгелек. Дөңгелек сектор. Толық бұрыш;
      2) «Натурал сандардың бөлінгіштігі (24 сағ)». Натурал сандардың бөлгіші мен еселігі. Жай және құрама сандар. Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері. 2; 3; 5; 9; 10 сандарына бөлінгіштік белгілері. Жұп және тақ сандар. Дәреже. Дәреженің негізі. Дәреженің көрсеткіші. Натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу. Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай саңдар. Ең кіші ортақ еселік;
      3) «Жай бөлшектер және оларға амалдар қолдану (51 сағ)». Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу. Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Бөлшектердің теңдігі. Дұрыс және бұрыс жай бөлшектер. Аралас сан. Аралас санның бүтін және бөлшек бөліктері. Бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру. Аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазу. Жай бөлшектер мен аралас сандарды координаталық сәуледе кескіндеу. Жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру. Жай бөлшектерді және аралас сандарды салыстыру. Жай бөлшектерді косу және азайту. Аралас сандарды қосу. Аралас сандарды азайту. Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту. Өзара кері сандар. Жай бөлшектерді және аралас сандарды бөлу. Жай бөлшектер мен аралас сандарға арифметикалық амалдар колдану. Санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табу. Бірнеше объектінің бірігіп орындайтын жұмысына берілген есептер;
      4) «Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану (49 сағ)». Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу. Ондық бөлшектерді салыстыру. Ондық бөлшектерді қосу және азайту. Ондық бөлшекті натурал санға көбейту. Ондық бөлшектерді көбейту. Ондық бөлшекті натурал санға бөлу. Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу. Ондық бөлшекті 10; 100; 1000;... және 0,1; 0,01; 0,001;... сандарына көбейту және бөлу. Ондық және жай бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану. Ондық бөлшектерді дөңгелектеу. Берілгендер қатары. Берілгендер қатарының ең үлкен және ең кіші мәні. Сандардың арифметикалық ортасы. Мода. Медиана. Берілгендер қатарының ауытқуы;
      5) «Пайыз (14 сағ)». Пайыз. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу. Диаграмма. Бағанды, сызықтық және дөңгелек диаграммалар. Формула. Формула бойынша есептеу;
      6) «5-сыныптағы математика курсын қайталау (18 сағ)». Натурал сандардың бөлінгіштігі. Арифметикалық амалдардың қасиеттері. Жай және ондық бөлшектерге арифметикалық амалдар қолдану. Құрамында жай және ондық бөлшектері бар өрнектердің мәндерін табу. Теңдеу. Мәтінді есептерді шығару. Пайыз. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу. Сандарды дөңгелектеу.

3. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны

      13. 6-сыныпқа арналған математика пәнінің базалық білім мазмұны келесі тараулардан тұрады:


      1) «5-сыныптағы математика курсын қайталау (12 сағ)». Натурал сандардың бөлінгіштігі. Арифметикалық амалдардың қасиеттері. Ондық бөлшектер мен жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды қолдану. Ондық бөлшектері және жай бөлшектері бар өрнектердің мәндерін табу. Теңдеу. Мәтінді есептерді шығару. Пайыз. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу. Сандарды дөңгелектеу;
      2) «Қатынас және пропорция (24 сағ)». Қатынас. Екі санның пайыздық қатынасы. Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті. Тура пропорционалдық тәуелділік. Кері пропорционалдық тәуелділік. Мәтінді есептерді пропорция көмегімен шығару. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табуды пропорция арқылы шығару. Диаграмманы салуда пропорцияны қолдану. Масштаб. Шеңбердің ұзындығы. Дөңгелектің ауданы. Шар. Сфера;
      3) «Рационал сандар және оларға амалдар қолдану (50 сағ)». Оң сандар. Теріс сандар. Координаталық түзу. Қарама-қарсы сандар. Бүтін сандар. Рационал сандар. Санның модулі. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген қарапайым теңдеулер. Рационал сандарды салыстыру. Рационал сандарды координаталық түзудің көмегімен қосу. Теріс рационал сандарды қосу. Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосу. Рационал сандарды қосудың қасиеттері. Рационал сандарды азайту. Координаталық түзу нүктелерінің арақашықтығы. Рационал сандарды көбейту. Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері. Рационал сандарды бөлу. Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану;
      4) «Өрнектер мен тепе-теңдіктер (15 сағ)». Айнымалы. Айнымалысы бар өрнек. Рационал сандарды көбейтудің үлестірімділік қасиеті. Жақшаны ашу. Коэффициент. Ұқсас қосылғыштар. Ұқсас қосылғыштарды біріктіру. Өрнектерді тепе-тең түрлендіру. Тепе-теңдік;
      5) «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер (16 сағ)». Санды теңдіктер және олардың қасиеттері. Теңдеуді шешу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Мәндес теңдеулер. Қосылғыштарды теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіруді және жақшаны ашу ережелерін қолдану арқылы теңдеулерді шешу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің көмегімен мәтінді есептерді шығару. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер;
      6) «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері (20 сағ)». Санды теңсіздіктер және олардың қасиеттері. Сан аралықтары. Сан аралықтарының бірігуі мен қиылысуы. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Мәндес теңсіздіктер. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шешу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесі. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер жүйесін шығару. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздік. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктерді шығару;
      7) «Координаталық жазықтық (13 сағ)». Жазықтық. Перпендикуляр түзулер және кесінділер. Параллель түзулер мен кесінділер. Координаталық жазықтық. Тікбұрышты координаталар жүйесі. Центрлік симметрия. Осьтік симметрия;
      8) «Функция. Сызықтық функция (15 сағ)». Функция. Функцияның аргумент және мәні. Функцияның берілу тәсілдері: аналитикалық тәсіл (формула арқылы беру), кесте арқылы беру тәсілі, графиктік тәсіл. Функцияның анықталу облысы. Функцияның өсуі және кемуі. Сызықтық функция және оның графигі. Сызықтық функцияның қасиеттері. Сызықтық функциялар графиктерінің өзара орналасуы.
      9) «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері (21 сағ)». Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу және оның графигі. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен, алмастыру тәсілімен, графиктік тәсілмен шығару. Мәтінді есептерді екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі арқылы шешу;
      10) «6-сыныптағы математика курсын қайталау (18 сағ)». Рационал сандарға арифметикалық амалдар қолдану. Санның модулі. Теңдеуді шешу. Тура және кері пропорционалдық тәуелділіктер. Координаталық жазықтық. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері. Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу мен теңсіздік. Функция. Сызықтық функция және оның графигі. Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі.

4. 5-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

      14. 5-сынып оқушылары:


      1) сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші;
      2) сандардың ең кіші ортақ еселігі;
      3) жай бөлшек;
      4) ондық бөлшек ұғымының мағынасын түсінуі керек.
      15. 5-сынып оқушылары:
      1) сан бөлгішінің анықтамасын;
      2) екі және бірнеше сандардың ортақ бөлгішінің анықтамасын;
      3) екі және бірнеше сандардың ең үлкен ортақ бөлгішінің анықтамасын;
      4) сан еселігінің анықтамасын;
      5) екі және бірнеше сандардың ортақ еселігінің анықтамасын;
      6) екі және бірнеше сандардың ең үлкен ортақ еселігінің анықтамасын;
      7) жай санның анықтамасын;
      8) құрама санның анықтамасын;
      9) натурал сандардың 2; 3; 5; 9; 10 сандарына бөлінгіштік белгілерін;
      10) бөлшектің негізгі қасиетін;
      11) натурал, бөлшек және аралас сандармен орындалатын арифметикалық амалдардың қасиеттерін;
      12) екі немесе одан көп арифметикалық амалдары бар санды өрнектерде арифметикалық амалдардың орындау ретін;
      13) жай бөлшектерге қосу, азайту, көбейту және бөлу амалдарын қолдану алгоритмдерін;
      14) ондық бөлшектерге қосу, азайту, көбейту және бөлу амалдарын қолдану алгоритмдерін;
      15) сандарды дөңгелектеу ережесін;
      16) пайыз ұғымының анықтамасын;
      17) пайызы бойынша санды және саны бойынша пайызын табу тәсілдерін;
      18) шеңбер мен дөңгелек элементтерін;
      19) диаграмма түрлерін (сызықтық, бағанды,дөңгелек) білуі қажет.
      16. 5-сынып оқушыларында:
      1) бөлшек және аралас сандарды оқу, жазу және салыстыру;
      2) координаталары берілген нүктелерді координаталық (санды) сәуледе кескіндеу;
      3) координаталық (санды) сәуледе кескінделген нүктелердің координаталарын табу;
      4) санды және әріпті өрнектердің мәндерін табу;
      5) арифметикалық амалдардың компоненттерінің арасындағы тәуелділіктерді қолданып, теңдеулерді шығару;
      6) мәтінді есептерді арифметикалық тәсілдермен және теңдеудің көмегімен шығару;
      7) транспортирдің көмегімен бұрыштың шамасын өлшеу;
      8) шамасы берілген бұрышты салу;
      9) натурал сандарды жай көбейткіштерге жіктеу;
      10) натурал сандардың ең үлкен ортақ бөлгішін табу;
      11) натурал сандардың ең кіші ортақ еселігін табу;
      12) бұрыс бөлшекті аралас санға айналдыру;
      13) аралас санды бұрыс бөлшек түрінде жазу;
      14) жай бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;
      15) жай бөлшектерді қысқарту;
      16) жай бөлшектерді ортақ бөлімге келтіру;
      17) жай бөлшектерге арифметикалық амалдарды қолдану;
      18) санның бөлігін және бөлігі бойынша санды табуға есептер шығару;
      19) ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;
      20) ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру;
      21) ондық бөлшектерге арифметикалық амалдарды қолдану;
      22) ондық бөлшектерді дөңгелектеуді орындау;
      23) берілгендер қатарының ең үлкен және ең кіші мәндерін табу;
      24) сандардың арифметикалық ортасын, мода мен медианасын, ауытқуын табу;
      25) пайызы бойынша санды және саны бойынша пайызын табу;
      26) формулалар бойынша есептеу;
      27) сызықтық, бағанды, дөңгелек диаграмманы салу біліктігі болуы қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет