«Жаратылыстану ғылыми-педагогикалық» Жоғары мектебі


Дүниенің физикалық бейнесі ұғымы



бет59/62
Дата03.11.2023
өлшемі269,21 Kb.
#189149
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
Физика лекция
Адам құқығы түсінігі реферат, молдыр апаййй, ғылыми жоба қалдыгүл 2
Дүниенің физикалық бейнесі ұғымы

Дүниенің физикалық бейнесі ұғымы тақырыбын жалпылама қайталау сабағы – семинар түрінде өткізуге болады.


Физиканың дамуының әрбір кезеңінде жинақталған білім белгілі бір идея мен принциптердің айналасында топтастырылып отырады. Осындай топтастыру дүниенің физикалық бейнесін жүйелеуде де жүргізіледі.
«Дүниенің физикалық бейнесі» деп – негізгі идеялар жүйесін, физикадағы ұғымдар мен заңдарды; оларға жататындар: уақыт пен кеңістіктің қасиеттері жайлы түсініктер, материя құралатын бастапқы бөліктер және физика ғылымы қарастыратын нысаналар туралы ұғымдар, физикалық заңдар, бастапқы идеялар, сонымен қатар физикалық теорияның теңдеулері мен олардың арасындағы байланысты айтады.
Сонымен дүниенің физикалық бейнесі – физиканың даму кезеңдеріне сәйкес келетін табиғаттың үлгісі болып табылады.
Дүниенің физикалық бейнесінің негізіне белгілі бір философиялық түсініктер мен идеялар жатады. Дүниенің физикалық бейнесі әлемнің жаратылыстану бейнесінің бір бөлігі болып, ал оның өзі жалпы ғаламды ғылыми тану бейнесіне кіреді.
Семинар кезінде тақтаға кесте іліп, оқушылардың берілген тапсырманы айтуына қарай мұғалім кестені толтырып отырады.

Дүниенің физкалық бейнесі

Жасалу уақыты

ДФБ жасауда еңбегі сіңген оқымысты ғалымдар

Негізгі заңдар, теориялар, принциптер

1. Механикалық

XVII-XVIII

Демокрит, Галилей, Декарт, Ньютон

Салыстырмалылық принципі, динамика заңдары, бүкіләлемдік тартылыс заңы, сақталу заңдары

2. Электрмагниттік

XIX-XX басы

Фарадей, Максвелл, Лоренц, Эйнштейн

Кулон заңы, электрмагниттік индукция заңы, Максвелл теңдеуі, салыстырмалылық теориясы

3. Кванттық-өрістік

XX –басы XX –ортасы

Планк, Эйнштейн, Бор, Резерфорд, Де Бройль, Гейзенбер, Шредингер

Планк гипотезасы, Эйнштейннің идеясы, Бордың постулаттары




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет