Жазба тіл мен тілдік жүйе арасындағы қатынас Алина
Жазба тіл мен тілдік жүйе арасындағы қатынас, бір тілден басқа тілге аударма жасау процесінің нәтижесінде орын алатын әрекеттерді таңдау және орындау процесін анықтау қатынасыды. Жазба тіл - бір тілден басқа тілге аударма жасау процесінің нәтижесінде орын алатын әрекеттерді таңдау және орындау процесін анықтау қатынасыды. Жазба тілдік жүйе - бір тілден басқа тілге аударма жасау процесін орындау үшін әрекеттерді таңдау және орындау процесін анықтау қатынасыды.
Жазба тіл мен тілдік жүйе арасындағы қатынасты анықтау үшін, қатынасқа себеп болуы мүмкін екен деп айту керек. Жазба тілдік жүйеде қатынас, жазбаның маңызды элементтерін таңдау және орындау процесінің нәтижесін анықтау үшін пайда болады. Жазба тілдік жүйеде қатынас, орындау процесінің маңызды мәселелерін шешу, оларды таңдау және орындау процесін анықтау үшін де пайда болады.
Жазба тіл мен тілдік жүйе арасындағы қатынас, белгілі жазба тілдерінің әрекеттері мен орындау процесі арасындағы жеткізушілер арасында салыстырулуы керек. Жазба тілдік жүйе арасындағы қатынас, бір тілден басқа тілге аударма жасау процесінің әрекеттерін таңдау және орындау процесін анықтау қатынасыды.
Жазудың негізгі ұғымдарының сипаты, категориялары Шырын
Қазақ графикасын ауыстыру мәселесі: ұсыныстар, жоба Ақниет
Әліпби, емле және оны реформалауға байланысты қазақ оқымыстыларының арасындағы пікірталас алғашқыда «Дала уәлаяты», «Айқап», «Қазақ» газеттері беттерінен көрініс тапса, 1920 жылдан бастап «Еңбекші қазақ», «Жаршы», «Жаңа мектеп» газеттерінде де көрініс тауып, газет төңірегіне ұйыса бастайды.
Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазақтар арасында латын әліпбиіне көшу мәселесі жиырмасыншы жылдың орта тұсынан бастап сөз бола бастады. Алғашқыда осы жөнінде алдыңғы қатардағы қазақ оқымыстылары баспасөз беттерінде арнайы мақала, пікір-талас ретінде өз ойларын білдіріп отырды. Әліпбиге байланысты көзқарас, пікірталастарды бұқара арасына жариялап халық талқысына салып отырған «Еңбекші қазақ» газетінің орны ерекше болды. Аталмыш газетке екі топтың жүздеген мақалалары жарияланып отырды. Айталық, Н.Төреқұлов «Бізге қандай әліппе керек», Ә.Байдилдиннің «Жаңа әліппе тарихынан», Б.Байтоғайұлы, Қ.Басымов, М.Дулатов, Т.Шонанұлының «Бізге жаңа әліппе не үшін керек», О.Жандосұлы, М.Жолдыбаев, Қ.Жұбанов, Е.Омаров, Қ.Кемеңгеров, Н.Қаймекеұлы, Ж.Аймауытовтың, М.Мұхтарұлы «Дыбыс белгілерін негізінен өзгерту керек» т.б. және шетелдік Г.И.Бройдо, Н.Яковлев, Поливанов, Навширманов, профессор Ашмарин, профессор Жюзе, академик Бартольд, профессор Л.Жирков, профессор Б.Шобанзаде сынды ғалымдардың бірнеше мақалалары оған дәлел бола алады.
Латын графикасын қабылдау қарсаңында, 1920 жылдарда, яғни араб жазуын қолданыстан мүлдем шығарып, латын әліпбиін қабылдау алдында қазақ зиялылары арасында түрлі бағыттағы пікірталастар болып, олар латыншылдар және арабшылдар немесе қазақшылдар деген екі топқа бөлінді.
Соңында латын графикасы негізіндегі әліпби жүйесіне көшіру жұмысы басталады. Жалпы Шығыс елдеріне жақын орналасқан дамымаған мемлекеттердің алғашқы жазу графикасы ретінде латын әліпбиінің енуі 1924-32 жылдар аралығын қамтиды. Байқап қарасақ, сол кезде латын графикасын дүниежүзі болып қабылдау мақсатын жүзеге асыру сияқты жаһандық проблеманы алға тарту көзделген болуы керек. Осындай саяси идеологияның негізінде мына елдерде латын графикасы қабылданып, шама-шарқынша қызмет етті.
1925-1938 жылдардағы латын графикасына негізделген түркі тілдері әліпбилерін талдау нәтижесінде мынадай қорытындыға келеміз. Латын графикасы жазуы жоқ және жазба тілі кенжелеп қалған түркі тілді халықтардың жазба тілін дамытуға күшті серпін берді. Түркі тілдері әліпбилерін латын графикасына көшіру біршама жетістіктер әкеліп, қазіргі заманғы жазба тілдің құрылуына негіз болды.
Латын графикасы негізінде әліпби жүйесін алғаш түзген қазақтың дарынды дипломаты Нәдір Төреқұлов.
1924 жылы Мәскеу қаласында «Жаңа әліпби туралы» атты кітабында өзінің жобасын көрсетеді. Осы жөнінде Е.Д. Поливанов былай дейді[10]:
« «Аслат'а»[11] заготовил и предварительный проект подобного алфавита, опубликованный тов. Тюрякуловым в виде брощюры – «Jaŋa alәрbe».
Жобада 28 дыбысқа 28 әріп арнаған. Дауысты дыбыстардың жіңішке варианттарын автор дәйекше арқылы айыруға болатындығын көрсетеді. Мысалы, «on (он) — on' (өн)», «un (ұн) – un' (үн)» т.б.
Кірме сөздер арқылы енген «ф», «ч» дыбыстарына әріп арнайды. Мысалы, «fylosofya» (философия), «cempyon» (чемпион)[12].
Пікірлер:
М.Дулатов: «Араб әріптерінің өзгеріп отырғаны рас. Бірақ қалай өзгертілген әңгіме сонда болу керек қой. Араб әріптерінің 14 ғана бұрынғыша болса, өзге ойдан шыққандары жұртқа жат болу керек қой. Ойдан шығарылған әріптерді жұртқа үйретіп, оқытып жату керек еді ғой. Ондай нәрсе болды ма? Болған жоқ, ендеше бұны өзгертушінің шеберлігі деп біліңдер. Бұларды өзгерткенде әр әріптің бұрынғы тұлғасын жоймай, өзгерткенін сездірмей, хат танитын адам бөгелместен оқып кетерлік қылып өзгерткен... .... Бұл емлені тосырқап түсінбейміз, оқи алмадық деген ешкімді естігеніміз жоқ. «Қазақ емлесін» мұсылман медреселерінде, орыс школдарындағы шәкірттер, учитель-дер, мұғалімдер жабыла қабыл еткендігі былтырғы «Қазақ» нөмірлерінің көбінен көрінеді. Бұл екі жылдық қана қызмет, иншалла мұнан кейін артпаса кемімес деген үміт зор» деді. Қ.Жұбанов: “... Бұл жүйе қазақ тілінің ерекшелігіне әбден лайықты (тегінде жалғыз қазаққа ғана тән деп қарауға болмай-ды), қазіргі алған жаңа әліпбиімізге де өте қолайлы, өйткені араб жазуын таңбалау табиғатына мұның еш қатысы жоқ және дәл сондай-ақ алфавит біткенге бірдей үйлесімді” деген болатын. Ал проф. А.Байтұрсынұлы әліпбиінің басқа да ғалымдар-дың еңбегіне арқау болғанын алғаш дәлелдеген ғалым М.Жүсіпұлы: «А.Байтұрсынұлы жасаған сингарфмоалфа-вит пен сингармоорфографияның принциптерін 30-40 жылдан соң АҚШтың ғұлама ғалымы Р.О.Якобсон ұсынған орфогра-фия принциптерімен салыстырып, А.А.Реформатскийдің қазақ жазуының жобасының ұтымды екендігін сүйіспеншілікпен айтқанын келтіреді: «Жазуда әріптердің жуан я жіңішке екен-дігін таңбалайтын Р.О.Якобсон ұсынған графикалық әдіс, ғылыми маңызы биік қазақ орфографиясының талантты жоба-сына өте ұқсайды. Қазақ тілінің орфографиясының жобасында сөздің жуан, жіңішкелігін белгілейтін таңба (дәйекші) сөздің құрамындағы әріптермен бірге емес, сөздің «сыртында» тұрады. Р.О.Якобсон жасаған ұсыныс та дәл осы әдістің өзі. Бірақ бұл жағдайда қосымша таңба сөздің «сыртында» емес, сөздің «ішін-де» дауыссыз әріптермен бірге жазылып, сөздің жуан я жіңішке екендігін білдіріп тұрады».
Достарыңызбен бөлісу: |