Сабақ мақсаты: Есімдіктің семантикалық, морфологиялық, грамматикалық ерекшеліктерін таныту.
Теориялық бөлім:
Есімдік – сөйлемде есім сөздерді алмастыратын орынбасар сөздер. Есімдіктердің сөйлемнен тыс, жеке алғанда ешқандай дербес тұрақты лексикалық мағынасы жоқ. Алайда сөйлемде ол өзі қай сөзді алмастырса, сол сөздің лексикалық мағынасына ие бола кетеді. Мысалы, мен есімдігі кез келген бірінші жақтағы сөйлеушіні білдіреді, немесе кейбір белгісіздің есімдігін кез келген зат есімнің орнына қолдануға болады. Есімдік сөйлемде қай сөз табының орнына жұмсалса, сол сөз табының сұрағына жауап береді.