Жылғы №1 басылым беттің беті 1 глоссарий агглютинация



бет5/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,27 Mb.
#24626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
Практикалық бөлім:
Сұрақтар мен тапсырмалар:
І. Қазақ тілінің дыбыс жүйесін дұрыс игеру үшін төмендегі сұрақтарға жауап тауып жаз:

  1. Алфавит деген не?

  2. Қазақ алфавитіндегі әріптер саны қанша?

  3. Қазақ алфавитін жазып шық.

  4. Әріп деген не? Әріп тіл білімінің қай саласының негізгі бірлігі?

  5. Дыбыс дегеніміз не? Дыбыс тіл білімінің қай саласының негізгі бірлігі?

  6. Қазақ тіліндегі дыбыстар саны қанша? Оны дәлелде. Қандай дыбыстарды тіл дыбыстары дейміз?

  7. Қандай дыбыстарды дауысты дыбыстар дейміз? Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстардың саны қанша?

  8. Қандай дыбыстарды дауыссыз дыбыстар дейміз? Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың саны қанша?

  9. Дыбыс – физикалық құбылыс. Мұны қалай түсіндіресің?

  10. Дауысты дыбыстардың жүйесі туралы не білесің?

  11. Дауыссыз дыбыстар жүйесі туралы не білесің?

  12. Дауысты және дауыссыз дыбыстарды жүйелеудегі жұптастыру принципі туралы не білесің?

ІІ. Сөйлемдегі сөздердің дыбыстарына жұптастыру принципі бойынша талдау жаса:
Қасен үзілген әңгімесін қайта жалғастырды.
Талдау үлгісі:
Қ – 1. Дауыссыз дыбыс; 2. Қатаң (ұяң жұбы – ғ); 3. Жасалу орны – тіл арты, көмекей; 4. Жасалу қалпы – шұғыл.
А – 1. Дауысты; 2. Жуан (жіңішкесі – е); 3. Ашық (қысаңы – ы); 4. Езулік (еріндік жұбы – о).
С - ... ....
Е - ... ....
Н - ... ..

2-сабақ
Тақырып: Қазақ тіліндегі үндестік заңдары




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет