Жылғы №1 басылым беттің беті 1 глоссарий агглютинация



бет4/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,27 Mb.
#24626
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95
Теориялық бөлім:
Фонетика – тілдің дыбыстық жағын қарастыратын тіл білімінің бір саласы.
Орфография – а) біркелкі жазудың тархи тұрғыдан қалыптасқан жүйесі, басқаша айтсақ, дұрыс жазу туралы қалыптасқан ережелер жүйесі; б) дұрыс жазу ережелерінің жүйесін зерттейтін, сол жүйені жасайтын тіл білімінің бір саласы.
Орфоэпия – а) белгілі бір тілде біркелкі сөйлеуді қамтамасыз ететін сөйлеу нормаларының жиынтығы; б) сөйлеу нормаларын зерттейтін тіл білімінің саласы
Фонетика – тіл дыбыстарының жүйесін және сол жүйемен байланысты заңдылықтарды қарастырады. Фонетиканың негізгі бірліктеріне дыбыс, буын, екпін және интонация жатады.
Фонетика тіл дыбыстарын сөйлеу әрекетінің (адамның физиологиялық-психологиялық әрекетінің) элементтері ретінде қарастырады. Атап айтқанда, фонетика саласында тіл дыбыстары артикуляциялық жағынан (тіл дыбыстарын жасауға қандай дыбыстау мүшелері қамтылады), акустикалық сипаты жағынан (дыбыстың күші, созылыңқылық дәрежесі, тембрі, тоны, т.б.) және перцептивтік тұрғыдан (сол тілде сөйлеушілердің дыбысты қабылдауы тұрғысынан) қарастырылады. Тіл дыбыстарының төртінші қыры – таза тілдік қызметі – тіл білімінің фонология саласында қарастырылады. Фонология – тілдің дыбыстық құрылысының құрылымдық, қызметтік заңдылықтарын қарастыратын тіл білімінің саласы. Фонологияның негізгі бірлігі – фонема. Фонема – тілдегі мағыналы бөлшек болып табылатын морфеманы тану және ажырату үшін қызмет ететін, бірақ өзі мағынасыз бірлік.
Тіл мен сөйлеу – бір-бірімен байланысты, бірақ әр басқа құбылыстар. Тіл – қоғамдық-әлеуметтік құбылыс. Ол адам санасының дамуымен бірге пайда болған, адамзат тарихымен бірге дамып, үнемі жетіліп отырған. Сөйлеу – адамға тән физиологиялық-психологиялық құбылыс. Тіл – белгілі бір кеңістікте, белгілі бір уақытта белгілі бір әлеуметтік топ пайдаланатын таңбалар жүйесі. (таңбалар жүйесі туралы ғылым – семиотика деп аталады, тіл – сол семиотиканың ереше бір класы, түрі). Мұндай қасиет сөйлеу әрекетіне тән емес. Тіл дегенде, тек адамзат тілі (дыбыстық тіл) ұғынылады. Адамнан басқа жәндіктер мен хайуандар да дыбыс шығара алады, бірақ ол тек дыбыстау ғана, сөйлеу емес. Сөйлеу үшін тіл керек. Адамнан басқа тіршілік иелерінде сана, санамен байланысты тіл жоқ. Ендеше, тіл, оның бірліктері (фонема, морфема, сөз, сөйлем) – сөйлеу үшін қажетті материалдар.
Дыбыс пен фонеманы ажырату үшін мысал келтірейік: Қасық деген сөзде бес фонема бар, сөйлеу кезінде ол бесеуі бес дыбыс ретінде айтылып, естіледі. Ал қасығы дегенде сөзге дауысты фонемадан (дыбыстан) тұратын морфеманың қосылуымен байланысты дыбыстардың сөйлеу кезіндегі үндесу заңына байланысты соңғы қ дыбысы ғ дыбысына айналды. Бірін бірі алмастырған қ – ғ жұбы екі басқа дыбыстар, бірақ бір фонема ғана, дәлірек айтқанда, бір фонеманың екі түрлі реңкі (аллафоны) ғана. Оған дәлел – қасық – қасығ(ы) жұбындағы қ мен ғ бірін бірі алмастырғанмен, басқа морфема жасаған жоқ (сөздің мағынасына өзгеріс әкелген жоқ). Сол сияқты барған – келген деген сөздердегі қосымшадағы қ – ғ, а – е, (жуан) н – жіңішке (н) жұптары да бір фонеманың әр басқа реңктері ғана.
Сонымен, сөйлеу кезінде жасалатын дыбыстардың арғы жағында, тілде, қандай да бір фонема жатады. Фонетикада дыбыстың жасалу жолдары (артикуляциялық ерекшеліктері) мен әртүрлі қасиеттері (акустикалық-перцептивтік) сөз болады.



Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет