Теориялық бөлім: Буын – сөздің дауысты дыбыстар арқылы жіктелетін мағынасыз бөлшегі. Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, оны сонша буынға жіктеуге болады. Сөзді дұрыс буындаудың маңызы зор. Сөз дұрыс буындалған жағдайда ғана оны тасымалдай аламыз. Буындау – сөйлеудің, орфоэпияның элементі, тасымал – лрфографияның элементі. Сөзді буынға бөлуде сөйлеу дағдыларына, орфоэпиялық нормаларға бағынамыз. Тасымал жасау үшін офографиялық заңдарға бағынамыз.
Қазақ тіліндегі буындар дыбыстық құрамына қарай бір дыбыстан, екі дыбыстан, үш дыбыстан және төрт дыбыстан тұрады. Бес немесе одан көп дыбыстан тұратын буын болмайды. Қазақ тіліндегі буындар үш түрге бөлінеді: