Жұмыс бағдарламасы мемлекеттік типтік стандарт негізде құрастырылды Құрастырған


Тақырып: Тренинг топтыњ ж±мыс істеу принциптері./ 1 сағат



бет10/14
Дата18.02.2018
өлшемі0,86 Mb.
#37968
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Тақырып: Тренинг топтыњ ж±мыс істеу принциптері./ 1 сағат


Мақсаты: Тренинг топтыњ ж±мыс істеу принциптерімен таныстыру.

Жоспар:

1.Тренинг топтыњ ж±мыс істеу принциптері.

а/Ќарым-ќатынасты диалогтеу принципі;

ә/‡немі «кері байланыс» принципі;

б/¤зіндік диагностика принципі;

в/Дамудыњ оптимистік принципі;

г/Аќыл-ой жєне сезімдік сфераны ‰ндестіру принципі;

д/¤з еркімен ќатысу принципі;

е/Топ м‰шелерініњ т±раќтылыѓы принципі;

з/Батыру принципі;

ж/Оњашаланѓандыќ принципі;

и/Бос кењістік принципі.



Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Тренинг топтыњ ж±мыс істеу принциптері.Ќарым-ќатынасты диалогтеу принципі; ‡немі «кері байланыс» принципі; ¤зіндік диагностика принципі; Дамудыњ оптимистік принципі; Аќыл-ой жєне сезімдік сфераны ‰ндестіру принципі; және т.б. принциптермен толығырақ таныстыру жүреді.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: кері байланыс, диагностика, диалог, топтық жұмыс, «осында және қазір».

Тренинг топтың жұмыс істеу принциптері.

  1. Қарым-қатынасты диалогтау принципі. Топ сабақтарында бір-бірімен қарым-қатынастарында теңдік, қатынасушылардың бір-бірін сыйлауы, құрметтеуі, бір-біріне толық сенімділіктері. Топ мүшелерінің біреуінің немесе бірнешеуінің басыңқы болуынан қарым-қатынастың сипаты диалогтан монологқа өтеді деөзінің негізгі сипатын жоғалтады және бұл тренинг табиғатына керісінше болады.

  2. Үнемі «кері байланыс» принципі. Тренинг барысында қатысушының өз әрекеті нәтижесі туралы топтың басқа мүшелерінен хабарды үздіксіз алып отырды. «Кері байланыстың» арқасында адам өзінің мінез-құлқын түзете алады, нәтижесіз қарым-қатынас тәсілдерін жаңа мен алмастырады, оны қоршағандарға әсер ету арқылы тексеру. Топта қатынасушылардың кері байланыс жасауына жағдай жасалуы керек (басқаға оның өзі туралы айту) және кері байланысты алуға да жағдай жасалуы керек (басқалардың өзі туралы айтқаннын тыңдау).Осындай кері байланыс дамуды көрсетеді.

  3. Өзіндік диагностика принципі қатысушылардың өзін ашуы, өзінің жекелей маңызды мәселелерін осылар арқылы түсіну және қортындылау. Сабақ мазмұнында адамның өзін-өзі тануына көмектесетін жаттығулар бар. Топ мүшесінде өзін әр түрлі жағдайда көретіндей мүмкіншілік болуы керек.

  4. Дамудың оптимистік принципі жүргізуші диагностика және белгілі бір психикалық күйді түзету жолдарын көрсетіп қана қоймайды, ол ол тренингке белсенді түрде қатынасады, жағдайды өзгерту үшін түрлі жаттығулар қолданылады. Жүргізуші қатысушылардың өзіндік дамуын бір белгілі бағытқа бұрып, жол көрсетіп отыруы керек.

  5. Ақыл-ой және өзіндік сфераны үндестіру принципі. Тренинг үшін бір жағынан үлкен эмоционалды күш сипат, топта өтіп жатқан жағдай қатынасушыларда шын қобалжуларын тудырады. Бұл оларды ашықтыққа итермелейді. Серігіне сенуге, бір-біріне деген қарым-қатынастарының адамгершілікті болуын тренинг, ақыл-ойды белсендендіреді – жағдайды талдау. Бұндай ақыл-ой әрекетінің негізгі формасы – топтың пікірталас (сабақтың барлығында қолданылады).

  6. Өз еркімен қатысу принципі. Бұл барлық тренингте, жекелеген сабақтарда, жаттығуларда ескеріледі. Топ жұмысының барысында өз жеке басында болатын өзгерістерге қатынасушының шынайы ішкі қызығушылығы болуы қажет. Қатынасушыдан еркінен тыс жағымды мағынада өзгерулерді талап етуге болмайды.

  7. Топ мүшелерінің тұрақтылығы принципі. Топ мүшелерінің құрамы тұрақты болуы керек. әрбір сабақ сайын жеке адамдардың келуі нәтижені өзгертеді.

Топтың қалыптасу принципі өте негізгі сұрақ болып табылады. Т- топтарындағы жұмысқа қатысушылардың жас шектерінің ең ыңғайлысы 16-дан 40-қа дейінгі жас аралығы. Жеткіншек шақты да қосуға болады әлеуметтік-психологиялық тренинг тобына, егер жүргізушіде олармен үнемі қатынаста болуына мүмкіншілігі болса, өзіндік бірінші тренинг өткізуді шағын топтардан бастаған дұрыс (10-12 адам), белгілі бір тәжірибе жинақтағаннан кейін топ мүшелерінің санын 30-40-қа дейін жеткізуге болады.

  1. Батыру принципі. Сабақтың өткізілетін уақыты жұмыс бастамас бұрын анықталып алынуы керек. Әлеуметтік-психологиялық тренинг өткізудегі тәжірибе мынандай қорытынды жасауға негіз береді: көп уақытты талап ететін жұмыс көп нәтиже береді – батыру – 3-4 сағат, бір сабаққа. Аптасына сабақты бір рет өткізу керек. Егер мүмкіншілік болса, мақсатты «қысылған» сабақтарды 2-3 күнде, интенсивті тренингті күніне 6-7 сағатта өткізуге болады. 24 сағатқа созылатын тренинг- морафондар, оны алдын ала дайындалған қатынасушылармен өткізуге ғана болады.

  2. Оңашаланғандық принципі. Қатынасушылардың оларды ешкім тыңдап тұрмағанына толық сенімділігі –сөзсіз талап болып табылады. Егер жүргізушіге сабақты аудио немесе видео жазу жүргізу қажет болса, ол топтың барлық мүшелерінің келісімін алуы керек. Тренинг жаттығуларының көп бөлігі әдейі аудио немесе видео жазылып алуы керек болуы мүмкін, ол келесі сабақтарда қатынасушылардың өздері үшін қажет материал болады. Қандай жағдайда болмасын таспаға жазу топ мүшелерінің келісімі арқылы жүреді.

  3. Бос кеңістік принципі. Сабақ өтетін бөлмеде кең қозғалуға дөңгеленіп отырғанға, 3-5 адамнан микротоп құрғанға, жекеленуге жағдай жасалуы керек.

Әдебиеттер:

1.Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг. М.;1998.

2.Богомолова Н.Н. Петровская П.А. Социально-психологический тренинг как форма обучения общению. Прага:1981.

3.Прутченков А.С. Социально-психологический тренинг межличностного общения. М:1991.



Тақырып: Мектептегі педагогикалық тренинг./ 2 сағат

Мақсаты: Мектептегі педагогикалық тренинг туралы түсінік беру.


Жоспар:

1.Мектептегі педагогикалық тренингтің принциптері мен мақсаттары.

2.Мұғалімдерге психологиялық көмек ұйымдастырудың кезеңдері.

Тақырыпты оқу барысында негізгі сәттерді бөліп көрсету керек: Мектептегі педагогикалық тренингтің принциптері мен мақсаттары түсіндіру. Мұғалімдерге психологиялық көмек ұйымдастырудың кезеңдерімен таныстыру.

Тақырыптың негізгі ұғымдары: психолог-мұғалім, педагогикалық рефлексия, ішкі позиция.

Әдебиеттер:

1.Абрамова Г.С. Введение в практическую психологию.Брест,1993.

2. Петрусинский В.В. Игры обучение, тренинг, досуг. М:1994.

3. Самаукина А.С. Практический психолог в школе. М:1997.

4. Козлов Н.И. Лучшие психологические игры и упражнения М:1997.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет