техникалық заттарды, аппаратураны, медициналық құралдарды жұмысқа дайындауды;
медициналық аппаратураның және техникалық заттардың жұмысқа жарамдылығын тексеруді;
анестезиологиялық қамтамасыз етудің жоспарына сәйкес қолданылатын дәрілік заттарды, инфузиялық орталарды, қажетті материалдарды, құрал – жабдықтарды дайындауды;
науқасты мейірбикелік тексеруден өткізуді;
операция және операциядан кейінгі кезеңдегі жауыржараның пайда болу қаупін болжауды;
емдік диагностикалық процесстің қатысушыларымен бірге дәрігердің тағайындауы бойынша анестезияға дайындауды;
тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің мониторингін жүргізуді;
перифериялық веналарды пункция және катетеризация жасауды;
ауыз, мұрын, жұтқыншақ, трахея және негізгі бронхтардың санациясын (экспирация) жасауды;
тыныс жолдарының өтімділігін қамтамасыз ету және бақылау;
өкпені қосымша және аппарат арқылы жасанды желдендіруді жүргізуді;
белгіленген тәртіп бойынша бекітілген медициналық құжаттарды толтыруды.
2.5 Реквизитке дейінгі: Ішкі аурулар пропедевтикасы және терапиядағы мейірбике ісі, хирургия және реанимациядағы мейірбике ісі, мейірбике ісі негіздері.
2.6 Реквизиттен кейінгі: Мейірбике ісіндегі ұйымдастырушы және менеджмент, қоғамдық денсаулықтағы әлеуметтік медицина.
ПӘННІҢ ҚЫСҚАША МАЗМҰНЫ
Кредит № 1. ҚР – дағы анестезиологиялық және реаниматологиялық көмекті ұйымдастыру. Регламенттеуші құжаттар және бұйрықтар. Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісінің этикасы, құқықтары, моральдері. Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмектің құрамы, оны бағалау критериясы. Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде жұмыс атқаратын медициналық қызметкерлердің іс-әрекетін құқықтық реттеу. Техникалық құрал – жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын тексеру (наркозды – тыныстық аппаратураның, мониторлардың). Наркотикалық және наркотикалық емес анальгетиктер. Олардың фармакокинетика және фармакодинамикасы. Заманауи өкпені жасанды желдендіру аппараттары, олардың құрылысы және қолданылуы. Аймақтық және аралас анестезияның жаңа түрлері.
Кредит № 2. Операция кезінде анестезиялогиялық – реаниматологиялық бригада құрамындағы мейірбикенің қызметі. Анестезияның асқынулары. Мәселенің маңыздылығы. Асқынулардың негізгі себептері. Анестезия жасау кезіндегі мейірбике – анестезист жіберетін негізгі қателіктер. Анестезия кезіндегі науқастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Педиатриялық және акушерлік – гинекологиялық науқастарға көрсетілетін реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері. Инфекциялық бақылаудың алдын – алу. Аппараттарды жалғастыратын біріктіру элементтерін зарарсыздандыру.
Кредит № 3. Реанимация және интенсивті терапиядағы мейірбикелік күтімнің ерекшеліктері.Шок, кома тағы басқа критикалық жағдайдағы реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері. Анестезиологиялық бригаданың жұмыс орнын дайындау. Техникалық құрал – жабдықтардың жұмысқа жарамдылығын тексеру (наркозды – тыныстық аппаратураның, мониторлардың). Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде жүргізілетін инфузиялық – трансфузиялық терапияның ерекшеліктері мен принциптері. Анестезиолгиялық қамтамасыз ету кезінде науқас және мед.персоналдың инфекциялық қауіпсіздігін бақылау, асептика және антисептиканың ережелерін сақтау. Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде науқастың жағдайын мониторинг жасау. Интенсивті терапия картасында ағзаның негізгі тіршілік көрсеткіштерін тіркеу. Өкпені жасанды желдендірудегі науқасқа мейірбикелік күтім жасау. Детоксикацияның жаңа әдісін қолдану және ондағы мейірбикенің қызметі. Жаңа туған нәрестенің реанимациясы. Жасанды емдік тамақтандыруды жүргізу. Стомаларға күтім жасау (трахеостома, ішек стомалары, эпицистостома, гастростома).
Кредит № 4. Катастрофа және соғыс жағдайларындағы реанимотологиялық көмектің ерекшеліктері. Педиатриялық және акушерлік – гинекологиялық науқастарға көрсетілетін реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері. Механикалық асфиксия, суға кету, электротравма кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері. Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде жүргізілетін инфузиялық – трансфузиялық терапияның ерекшеліктері мен принциптері. Бүйрек және бауыр жетімсіздігі кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері. Жүрек жетімсіздігі кезіндегі реанимация және интенсивті терапияның негізгі принциптері. Атқарылған мейірбикелік көмектің сапасын бағалау. Кәсіби құқық бұзушылықты және жауапкершілікті жіктеу. Реанимация жүргізудегі негізгі жетіспеушіліктер. Нерв жүйесіндегі және зат алмасудағы бұзылыстар, олардың алдын – алуы және емдеуі.
2.7 Тақырыптық жоспар
2.7.1 Тәжірибелік сабақтың тақырыптық жоспары
№ 1 – кредит
№
Тақырыбы
Өткізілу түрі
Сабақтың ұзақтылығы (сағат түрінде)
1
ҚР – дағы анестезиологиялық және реаниматологиялық көмекті ұйымдастыру. Регламенттеуші құжаттар және бұйрықтар. Анестезиология және реаниматологиядағы мейірбике ісінің этикасы, құқықтары, моральдері.
Кіші топта жұмыс істеу, теориялық сұрақ жауап
4
2
Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмектің құрамы, оны бағалау критериясы.
Реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде жұмыс атқаратын медициналық қызметкерлердің іс-әрекетін құқықтық реттеу. Анестезия жасау кезіндегі мейірбике – анестезист жіберетін негізгі қателіктер
Дәрігердің тағайындауы бойынша науқастың операция алдындағы дайындығы. Анестезиологиялық қамтамасыз етуге жоспарланған дәрілік заттарды дайындау.алдын дайындау
Анестезиологиялық картаға тыныс алу және газ алмасу көрсеткіштерін тіркеу және бақылау. Инфекциялық бақылаудың алдын – алу. Аппараттарды жалғастыратын біріктіру элементтерін зарарсыздандыру.)