Жұмыс бағдарламасы Пән: Молекулалық биология медициналық генетика негіздерімен Пән коды: mbomg 1201


СӨЖ формалары және олардың орындалу сапасына қойылатын талаптар



бет13/61
Дата10.09.2023
өлшемі1,45 Mb.
#180635
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61
Байланысты:
Биология-Фарм.1курс-каз

СӨЖ формалары және олардың орындалу сапасына қойылатын талаптар
Тақырыпты таныстыру (презентация)- жаңадан, енді ғана пайда болған, қалыптасқан, ғылым жетістіктерді, мыс. кітаптарда, оқулықтарда, журналдарда т.б., қоғамдық таныстыру болып табылады. Сол сияқты, техникалық ІТ-құралдарды қолданып, белгілі –бір тақырыпты таныстыру.
Таныстыру (презентация) – компьютерлік анимацияларды, график, видео, ән және дыбыс қатарларын бір жүйеге топтастыратын ерекше оқыту технологиясының бірі болып саналады.
Таныстырудың ерекшеліктерінің бірі-оның интерактивтілігі, яғни компьютерлік құралдардың көмегімен бейнекөріністер мен түрліше араласу мүмкіншіліктерін туғызуы болып табылады.
Таныстыру - әдетте, бірегей стильге сәйкестірілген мәтіннен және оған арналған суреттер, графиктер, кестелер сияқты көріністерден (иллюстрация) тұрады.
Глоссарий –басқа бір тілге аударылған, кеңірек түсініктеме берілген, белгілі бір білім саласының арнайы терминдер сөздігі болып табылады.
Глосс – грек не латын тілдерінен келіп шыққан, белгісіз не ерекше сөздерді түсіндіруді көздейтін термин болып саналады, ал глоссарий – глосс тізбесі.
Глоссарийде -1) терминнің биологиялық мағынасы; 2)терминді пайдалану аясы туралы түсіндірме; 3)терминдерді алфавит бойынша орналастырып жазу; 4) терминнің этимологиясы – шығу тегі туралы деректер, болуы қажет.
Буклет белгілі бір формада болмайтын, бірақ жалпы сипаттамалы болып келетін, мысалы - көпжолақты (4-рет бүктелетін және тиесілі ақпаратқа ие лифлет) жазба өнімі болып табылады. Буклеттер – 1) А4 не А3 форматтардағы парақтарда жасалынады; 2) суреттер-түрлі-түсті не түссіз болуы мүмкін; 3) фотошоп арқылы салынған; 4) суреттер сауатты және толық бейнеленіп жазылулары қажет.
Реферат – белгілі бір тақырып бойынша бір немесе бірнеше әдебиеттердегі ақпараттарды қорытындылап, жазба не ауызша күйінде баяндау болып табылады. Рефераттарда – ғылыми жұмыстардың мазмұны баяндалуы мүмкін.
Доклад – тақырыптың өзекті мәселелерін 3-5 минут аралығында қысқаша баяндау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет