Қанайналымды қалпына келтіру және сақтау - Қанайналымды қалпына келтіру және сақтау
- АҚҚ төмендегенде тамшы түрінде 1000—2000 мл (1 л/м2/күн көп емес) 0,9% натрий хлориді ерітіндісін, 5% глюкоза ерітіндісі немесе 400—500 мл декстран орташа молекулярлы салмақта 50-70 мың. (полиглюкин) инфузионды ем нәтижесіз болғанда прессорлық аминдер — допамин, норэпинефрин қосып береді.
- Артериальды гипертензия кезіндегі кома жағдайында жоғарылаған АҚҚ реттеу керек, к/і 1250—2500 мг магний сульфатын (5-10 мл 25% ерітінді) енгіземіз 7-10 минут ішінде немесе тамшылатып. Магний сульфатына қарсы көрсетілім болғанда 30—40 мг бендазол (3-4 мл \% немесе 6—8 мл 0,5% ерітінді к/і) енгізуге болады. АҚҚ аз мөлшерде жоғарыласа аминофиллин (10 мл 2,4% ерітінді) к/і енгізуге болады.
- Аритмия кезінде жүрек ырғағының қалпына келтіру керек. (дефибрилляция арқылы).
Омыртқа жотасының мойын бөлімінің иммобилизациясы барлық жарақатқа күдік болған жағдайда. - Омыртқа жотасының мойын бөлімінің иммобилизациясы барлық жарақатқа күдік болған жағдайда.
- Шеткері көктамырларды катетерлеу. Коматозды жағдайда барлық дәрілік заттар парентеральді (дәлірек к/і) беріледі; инфузияны шеткері катетерлеу арқылы; дәрілік заттарды тез енгізуді қамтамасыз ету мақсатында тұрақты гемодинамика кезінде немесе дезинтоксикация қажет болмаған жағдайда индифферентті ерітіндіні жай тамшы түрінде енгізеді
- Зәр қапшығын катетерлеу. Ауруханаға дейінгі жағдайда тек қатаң көрсеткіш кезінде ғана қолданады (жұқпалы аурулардың асқынуы кезінде).
- Асқазандық немесе мұрынасқазандық зондты орнату трахеяны интубациялаған соң, ол ұшін атропин енгізу қажет.
Антидоттарды емдік-диагностикалық мақсатта қолдану - Антидоттарды емдік-диагностикалық мақсатта қолдану
- Опиатты рецепторлардың антагонисті налоксон наркотикпен улануға күдік болғанда қолданады, ТАЖ <10 р/мин. Бастапқы дозасы 0,4—1,2 тен 2 мг дейін (к/і немесе эндотрахеальды); жағдайы қайтадан төмендегенде 20-30 минуттан кейін қайталауға болады; жақсы нәтиже алу үшін тері астына және көктамырға бірге беруге болады.
- Бензодиазепин тобындағы препараттармен улануға күдік болғанда (диазепам [реланиум, седуксен], оксазепам [тазепам, нозепам], медазепам [рудотел, мезапам]) немесе осындай жағдайларда флумазенил (0,2 мг к/і 15 с ішінде; келесі енгізуді 0,1мг-нан әр минут сайын жалпы мөлшері 1мг-ға дейін).
10>
Достарыңызбен бөлісу: |