Бассүйек ішілік гипертензиясын, ісігін және ми ісінуін жою
Бассүйек ішілік гипертензиясын, ісігін және ми ісінуін жою
Қанның жоғары осмолярлығы болмағанда (гипергликемия немесе гипертермия жағдайында) және даму қаупінде немесе қан кету күшейгенде (мысалы, жарақат кезінде, геморрагиялық инсульт мүмкін болғанда) дегидратация үшін 1-2 г/кг 20% мөлшерде маннитол ерітіндісін 10-20 мин ішінде енгізеді; бассүйек ішілік қысымның және ми ісігінің жоғарылауының алдын алу мақсатында маннитолдан кейін 40 мг мөлшерде фуросемид енгізіледі.
1. Дәстүр бойынша аз минералокортикоидты белсенділікпен глюкокортикоидтар — метилпреднизолон немесе дексаметазон (екеуі де 8 мг мөлшерде) қолданылады.
2. Гипотоникалық ерітінділерді енгізуді шектеу (5% глюкоза ерітіндісі және 0,9% NaCl ерітіндісі 1 л/күн көп емес), гемоконцентрация түрінде болмас үшін (гипергликемиялық, гипертермиялық, гипокортикоидты, алкогольды).
3. Мүмкін болған жағдайда гипервентиляция тәртібімен ЖТА жасау (нәтижесі бассүйек ішілік гипертензиясы 1сағат ішінде сақталуымен байланысты).
Сергектік деңгейін жоғарылату және нейропротекция
Сергектік деңгейін жоғарылату және нейропротекция
1. Естің бұзылысы беткей комаға жеткенде глицинді сублингвальді тағайындайды (немесе иегіне) мөлшері 1 г, семакс 3 тамшы 1% ерітінді әрбір ноздрю), антиоксидант этилметилгидроксипиридин сукцинат (мексидол) мөлшері 30 мг (6 мл 5% ерітінді) к/і, 5—7 мин кейін.
2. Терең кома кезінде антиоксидантты терапию және семакс енгізеді.
Улану кезіндегі ағзаға токсиндердің түсуін тоқтату.
1. Сорбент енгізіп асқазанды зонд арқылы шаю (трахеяны интубациялаудан кейін) — удың ауыз қуысы арқылы немесе асқазанның шырышты қабатына түскенде.
Теріні және шырышты қабатты сумен жуу — улы зат тері қабаты арқылы түскенде.
Симптоматикалық ем
Симптоматикалық ем
Дене температурасын қалпына келтіру. Салқын тигенде — науқасты жылыту (жылытқышты қолданбай) және көктамыр ішіне жылытқыш ерітінділерді енгізу. Айқын гипертермия кезінде — физикалық салқындату (басына және ірі тамырларға суық комперсс жасау, этиль спиртімен және суға сірке қышқылын қосып немесе суық сумен ысқылау) және фармакологиялық әдістер (метамизол натрий, бірақ литилік қоспасыз).
1. Тырыспаны жою: диазепам к/і 10 мг мөлшерде.
2. Құсуды жою: метоклопрамид 10мг мөлшерде к/і немесе б/і.