Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары



бет44/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция
Ғылыми-зерттеу әдістері және академиялық хат пәні, 2-ДӘРІС ОРТА БІЛІМ БЕРУДІҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАЛПЫҒА МІНДЕТТІ СТАНДАРТЫ
Тиімді топтық қарым-қатынас. Қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі топтағы жұмыстың барынша қолайлы аспектісі болып табылады, алайда ол тек айта білуді ғана емес, сонымен қатар тыңдай білуді де қажет етеді, сондықтан оқушылар білуге тиісті бірнеше негізгі ережелер бар, олар:
• кезекпен сөйлеу
• белсенді тыңдау
• сұрақ қою және сұрақ бар ма екенін сұрау
• ұсыныс енгізу және басқаларда ұсыныс бар ма екенін сұрау
• өз ойларын және пікірлерін ортаға салу және басқалардың идеялары мен пікірлерін білу
• ұсыныстарды, идеяларды және пікірлерді ұжыммен талқылау
• көмектесу және көмек сұрау
• түсініктеме беру және түсініктеме беруді өтіну
• идеяларға түсініктеме беру және оны бағалау
• топтық шешім қабылдау және бір тоқтамға келу
• талқылаудың қорытындысын шығару
• дәйекті айғақтар келтіру.


Проблемаларды шешу стратегиялары
Орын алған проблеманы шешу мақсатындағы топтық жұмыс - оқытудың өте ықпалды тәсілдерінің бірі. Оқушылар ересек адамдарға тәуелді болмау үшін тапсырмаларды жоспарлайды және оларды орындауды ұйымдастырады. Бұл тәсіл оқушыларға:
· уақытты ұтымды жоспарлауға;
· инновациялық көзқарастар мен идеяларды ұжыммен талқылауға;
· топтағы жұмысқа дейін қандай да бір жеке-дара қызмет немесе ойластыру қажет пе екендігін анықтауға;
· топ ішінде рөлдерді анықтауға (басшы, хатшы, тілші, бақылаушы және т.б.) немесе топ мүшелеріне тапсырмаларды бөліп тапсыруға;
· тапсырмаларды орындау барысында келісімге қол жеткізуге мүмкіндік береді.


2.Балалар мен жастардың қоғамдық бірлестіктері және ұйымдарымен әлеуметтік педагогтың өзара әрекеттестігі
Жастардың білім, білік,дағдыларын қоғамдық іске бейімдейтін, шығармашылық қабілеттерін дамытатын қоғамдық ұйымдардың бірі-“Болашақ”балалар ерікті ұйымы. Бұл ұйым ережесін Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың Білім академиясының этнопедагогика, тәрбие теориясы мен әдістемесі лабораториясы қызметкерлері даярлаған.
“Болашақ” атты ерікті оқушылар ұйымының жарғысы.
“Болашақ” атты ерікті оқушылар ұйымы мектеп оқушыларын жастайынан қоғамдық істерге бейім, өнер мен спортты, білімді, өнегелі, өсиетті, бизнесті сүйетін, жан-жақты жетілген, іскер азамат тәрбиелеуді көздейтін ерікті ұйым. Бұл ұйымнын мүшелері ізгілік, қайырымдылық, шыншылдық, адалдық, әділдік, іскерлік, қажырлық сияқты жоғары адамгершілік қасиеттерді өз бойларына сіңіруге аянбай еңбек етеді.
Ұйымның басты міндеті- оқушыларды егеменді Қазақстан мемлекетінің мүддесін қорғай алатын, адал да әділетті, іскер де белсенді қайраткер етіп шығару. Сөйтіп, оқушы жастардың шығармашылық іс-әрекеттерін жеке басының қабілеті мен қасиеттерін жетілдіруге саяси көзқарастарын қалыптастырып, өмірге белсенді түрде араласуға, Отанның қауіпсіздігін қорғай білуге, салауатты өмір сүруге дайын, рухани байлығы молайған азамат даярлау. Ұйым оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға, өзін-өзі басқаруға, жеке тұлға ретінде дамуына ерекше көңіл бөліп, бірнеше бағытта тәрбие жұмысын жүргізеді. Сол мақсатта жергілікті мүмкіндіктерді пайдалана отырып, мектеп мұғалімдері мен ата-аналар қауымының қолдауына сүйеніп, демократиялық негізде белсене қоғамдық істер атқаратын болады. Сөйтіп, бүгінгі оқушы жастардың, келешек бизнесмендердің, өндіріс басшыларының, халық депутаттарының әскери және саяси қоғам қайраткерлерінің шығуына мүмкіндік туғызады.
“Болашақ” ерікті ұйымының мүшелерінің міндеттері мен құқығы. “Болашақ” оқушылар ұйымына ерікті түрде мүше болам деп тілек білдіруші ұйымның жарғысын мойындайтын және оны мүлтіксіз орындайтын, егеменді еліміздін дамуына өз үлесін қосуға даяр, тәртіпті және сабақты толық үлгеретін 6 жас пен 17 жас арлығындағы 1-11 сынып оқушылары өз еркімен мүше бола алады.
Ұйымға мүшелікке қабылдау жыл ішінде 2рет өтеді:
1-Қазақстан Республикасының құрылған күні-25 қазан,
2-жыл басы-22 наурыз.
Ұйым мүшелерінің міндеттері:
-Қазақтсан Республикасының мемлекеттік рәміздерін (Туын, Ән ұранын, Елтаңбасын) құрметтеу және оны қорғауды міндетім деп санау.
-Ұлттық тарих пен өнерді, сондай-ақ әлемдік өркениеттік мәдениетті, ғылым, білімді жан-жақты оқып меңгеруге және оның күнделікті өмірде қолдана білуге дағдылану, компьютерлік техниканы меңгеру;
-Мемлекеттік қазақ тілі мен ұлтаралық қатынас тілін оқып үйрену;
-Нарықтық қатынас талабына байланысты бір шет тілін оқып үйрену;
-Спортпен күнделікті шұғылданып, темекі анаша тарту, дөрекілік мінез таныту сияқты жат қылықтардан аулақ болу, салауатты өмір үшін күресе білу;
-Отанның, туған жердің байлығы мен табиғатын сақтауға, тарихи ескерткіштерді қорғауға және оны байытуға белсенді ат салысып, үлес қосу;
-Жеке бастың мәдениеттілігін, әдептілік пен кішіпейілділікті сақтау, жолдас-жорасын, ата-ананы, ұстаздардың, үлкендерді құрметтеу, қоғамды ізгілендіру үрдісіне өз үлесін қосу;
-Оқуда, қоғамдық істе, еңбекте үлгі көрсету, қоғам мүлкін сақтау, жолдас-жорасын, ата-ананы, ұстаздарды, үлкендерді құрметтеу;
-Болашақ мамандықты игеруге, бизнеспен айналысуға, күнделікті тұрмыста үнемшілдік заңдылығын сақтауға бейімдеу;
-Жергілікті жердің өнер қайраткерлерімен, соғыс және еңбек ардагерлерімен, спорт шеберлерімен кездесіп, туған елдің, өнер мен еңбектің өткені, бүгіні және болашағы жайында әңгімелесіп, тарихын жинау және оны жақсы білу;
-Өз халқын және туысқан халықтарды құрметтеу, олардың тарихын, өнерін, салт-дәстүрін үйрену;
-Қарттар, кемтар, ауру адамдарды қамқорлыққа алып, өз көмегін көрсету, сондай-ақ өзінен жасы кіші тұлғаларға қамқорлық жасау.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет