Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары



бет43/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция

Мұғалімдердің рөлі. Топтық жұмысты мұғалімдер ұйымдастырады, әрі олар қолдау көрсетіп отыруға тиіс, сондай-ақ тапсырманы орындағаннан кейін оны талқылауға уақыт беру қажет. Мұғалімдер топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, оңтайлы нәтижелерге қол жеткізуге ықпал етулері керек.
Сонымен қатар, сыныппен жүргізілетін жұмыс неге қол жеткізілетіндігін, нені білу жоспарланғандығын және топтық жұмысқа арналған тапсырмалар барлық сыныпты оқытумен қалай байланысты екендігін талқылауды қамтуы тиіс. Талқылау барысында оқушыларға олар қолдана алатын дағдылар, стратегиялар мен ережелер туралы ескерту қажет.
Оқушылардың жұмысына мұғалім сыпайы түрде араласып, оқушыларға ұсынылатын әдістерді моделдеуі тиіс. Топтың бірлескен жұмысын қамтамасыз ету үшін, бастапқы кезеңдерде барынша көп қолдау көрсету талап етілуі мүмкін.
Сабақ аяқталған соң оқушылар топтағы жұмыс үдерісін және оның нәтижелері туралы ойлану үшін түрткі жасау керек.
Топтағы бірлескен жұмыстың нәтижелері. Жақсы ұйымдастырылған топтық жұмыс оқушылар арасында әлеуметтік өзара қарым-қатынасты, тиімді араласу және проблемаларды шешу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Бұл, өз кезегінде оқушыларды өздерінің оқуларына белсенді қатысуға итермелейді.
Оқушыларды алынған ақпаратты ойластыруға және талқылауға, өзгелердің пікірлерін түсінуге немесе теріске шығаруға ынталандырған жағдайда Топтық жұмыс тиімді болады.
Фактілер бұл үдерістің кезең-кезеңмен жүретіндігін растайды. Айталық, бастапқы кезеңдегі топтық жұмыс әлеуметтік өзара әрекет етудің дағдыларын дамытуы қажет, содан кейін оқушылардың арасында қарым-қатынас біршама орнаған соң, мұғалімдер олардың тиімді қарым-қатынас жасау және мәселелерді шешу дағдыларын дамыта алады
Әлеуметтік өзара әрекет ету . Төменгі және жоғарғы сынып оқушылары топқа мүше болудың мәні туралы ойды қалыптастыру мүмкіндігіне ие болып, басқа адамдардың пікірлері мен идеяларына төзімді бола білуге үйренуі тиіс, соның нәтижесінде олар басқа адамдарға қатысты өзара сыйластыққа және түсіністікке келеді. Тапсырмаларды орындау барысындағы бірлескен жұмыс оқушыларға жағдайды басқа адамдардың пікірлерін ескере отырып, қарауға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет