Лекция №1 Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың технологиялары пәніне кіріспе Лекция жоспары


Қайырымдылық қорларын ұйымдастыру әдістемесі



бет50/66
Дата22.05.2022
өлшемі194,91 Kb.
#144525
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66
Байланысты:
ӘПЖТ Лекция

2.Қайырымдылық қорларын ұйымдастыру әдістемесі
Қайырымдылық адамның асыл қасиеттерінің бірі. Оладамның айналасындағы адамдарға деген ықыласы мен көмегін, адамгершілік қарымқатынастарын білдіреді.
Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар. Бірі - рухани экономика
лық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау), екіншісі - іс-тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу). Сондай-ақ, қайырымдылық этикалық және интеллектуалдық болып та бөлінеді. Этика
лық қайырымдылыққа ұстамдылық, жомарттық, әділдік жатады. Ал интеллек
туалдық қайырымдылыққа даналық, парасат, ақыл-ой тапқыр лығы мен өткірлігі, сезімталдық жатады Адам өз ұрпағына қайырымдылықты жастайынан үйретіп, адамгершілік қасиеттерді баулуға ұмтылады. Біреуге жақ
сылық, жан-жануарларға, табиғатқа қамқорлық жасау - қайырымдылық тың көрінісі. Рақымды, мейірімді, жан жылуы мол адамды қайырымды адам дейді. Ал ешкімге жаны ашымайтын, жүрегінің жылуы жоқ, қатыгез адамды қайырымсыз деп атайды. Қайырымдылықты - мүсіркеушілік және жарылқаушылық деп те түсінуге болады.
Қазіргі кезде әлеуметтік қорғау жүйесінде әлеуметтік көмек көрсетудің 13500 орындық 68 стационарлық мекемесі жұмыс істейді, көпшіліктің назарынан республикадағы 68 интернат үйлері де тыс қалмаған. Президентіміз 2030 жыл
ға дейінгі Қазақстан халқына жолдауында денсаулық сақтау, рухани толысу, өсіпөркендеу жөнінде де көп айтылды. Оның іске асуы үшін біздің әрқайсымыз
оған өз тарапымыздан қолдау көрсетуімізкерек. Осынау қоғамдық және ұлттық
мәселелерді шешу мақсатында оған қол ұшын беру үшін Республикамызда көптеген қайырымдылық қорлары жұмыс істейді. Ол қорларды атқарып жатқан қызметі мен алдына қойған мақсат, міндеттеріне қарай төмендегіше топтастыруға болады.
1. Балалар қайырымдылық қорлары:
а) Республикалық «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры. б) Еліміздің облыс орталықтары мен ірі қалаларда ашылған балалар қайырымдылық қорлары.
Алматы облысы - «Балбөбек» балалар қоры, Алматы қаласы - «Алматы - Бөбек», Қызылорда қаласы - «Ақ ниет орталығы», Жезқазған облысы - «Сәби» орталығы, Қарағанды облысы - «Бота» орталығы, Орал қаласы - «Бөбек» қоры, Семей қаласы - «Жанашыр» қоры, Атырау қаласы - «Балбөбек» қоры, Маңғыстау облысы - «Бөбек» қоры, Қостанай облысы «Болашақ» қоры, Көкшетау қаласы«Болашақ» қоры, Оңтүстік Қазақстан облысы-«Бөбек» қоры, Солтүстік Қазақстан облысы - «Балдырған» қоры, Жамбыл облысы - «Өркен» қоры, Ақтөбе қаласы – «Ақ бөбек» қоры, Шығыс Қазақстан облысы – «Бал- бөбек» қоры.
2. Мүгедектерге қайырымдылық көмек қорлары:
Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау Жалпы ұлттық қайырымдылық қоры, Республикалық «Бибі - Ана» мүгедек әйелдер қоры, «Жан» атты мүгедек балалар отбасына көмек қоры, Республикалық мүгедектер қоғамы, Ауғанстан ардагерлер комитеті қайырымдылық қоры.
3. Рухани қорлар:
«Шапағат» қоғамдық қайырымдылық қоры, «Иман» қайырымдылық қоры,
«Қазығұрт» қайырымдылық қоры, «Қазақстан Мұсылман Орта Азия комитеті» қайырымдылық қоры, «Арыс» қайырымдылық қоры, «Фатима» мұсылман әйелдерінің діни қайырымдылық ассоциациясы, «Ұшақтағы госпиталь» халықаралық ізгілік қоры, Халықаралық «Ақ ниет» ізгілік қоры, Мәдениет пен өнерді қорғайтын қор, Халықаралық рухани бірлестік конгресі қоры, «Ардагер қаламгер» қайырымдылық қоры, «Абу - Даби» қайырымдылық қоры, «Қоныс» қайырымдылық қоры, Рухани және моральдық білім беретін халықаралық ұйымы, «Қожа Ахмет Яссауи» қайырымдылық қоры, Халықаралық «Нәзір»
қоры.
4. Халықаралық қайырымдылық қорлар:
«СоросҚазақстан» қоғамдық қайырымдылық қоры, Халықаралық американ қайырымдылық корпусы,Спешиал Олимпикс Интернеишл халықаралық қайырымды
лық қозғалысы, «Helping Haandds International» - «Руки помощи» - «Қол ұшын беру» - қайырымдылық қоры, SOS- Киндердорф Интернационал қайырымдылық қоры.
5. Тұрмысы төмен азаматтарға қайырымдылық көмек қорлары:
Тұрмысы төмен азаматтарды қолдау жөніндегі жалпы ұлттық қор, Д.А.Қонаев атындағы зейнетақы қоры.
Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастыққа енуімен көптеген өркениетті елдерде қалыптасқан әлеуметтік әрекеттерді қабылдады және де олардың кең көлемде дамуына жағдай жасады. Мемлекеттер арасындағы қатынас әлеуметтік тілектестікке негізделді. Қазақстанның әлеуметтік қауымдастыққа енуі дәстүрлі өмір салтын өзгертті. Әлем елі өзара қауымдастыққа революциялық жолмен жүру арқылы енеді деген көзқарас күйреді. Адам баласы қоғамында глоболизация деп аталатын - жаңа кезең пайда болды. Халықаралық ұйымдардың өзара қарым-қатынасын күшейте түсті, соның нәтижесінде әлеуметтік ұйымдар, олардың ұйымдастырушылары өзара кең түсінікте бола бастады.
М. Вебердің пікірінше әлеуметтанудың негізгі мақсаты әлеуметтік әрекеттерді оның себептері арқылы түсіндіру болып табылады.Халықаралық әлеуметтік ұйым
дардың өзара әрекеттері адамдардың өз ісіне өзі мән беру арқылы жасалатын және ол іске асырылған жағдайда жауап қайтару мүмкіндігі ескерілетін іс- қимыл.
Сондықтан әлеуметтік әрекетті түсіндіру үшін ең алдымен әрекеттерінің өз ісіне
берген мағынасын анықтау қажет, екіншіден, әлеуметтік әрекеттің себептік мотивтерін анықтау қажет. М.Вебердің пікірінше әлеуметтік әрекеттер үлкен әлеуметтік өзгерістерге әкеледі. Сондай ақ әлеуметтік әрекеттер институттар мен топтардың іс-әрекет сипатына әлеуметтік ықпал етеді. Сөз жоқ, өркениетті елдердегі әлеуметтік әрекеттер бірінші кезекте қайырымдылық ұйымдарының өзара қарым -қатынасын жақсарта отырып, қоғамның тұрақталуына толық әсер ете бастады.
Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастықтың белсенді мүшесі. Соның нәтижесінде оның өтпелі кезеңдегі қиыншылықтарына қол ұшын беріп, халықтың әлеуметтік жағдайына көмектесу халықаралық сипат ала бастады. Бүгінде әлем түбірінен өзгерді, дүние жүзілік саясат өткен ғасырлардан өзгешелене түсті.
Бұл күнде дүние жүзіндегі бірден-бір беделді де белсенді гуманитарлық қоғамдық қайырымдылық ұйымының бірі - халықаралық Қызыл Крест Комитеті. 1863 жылы швейцариялық коммерсант Анри Дюнанның бастамасымен жаралы адамдарға тұрақты көмек көрсету үшін Халықаралық Қызыл Крест Комитеті құрылған.
1864 жылы Женева қаласында Дипломатиялық конференция болып, онда 12 мемлекеттің өкілдері Халықаралық келісім шартқа қол қойған. Ал 1876 жылы бұл Халықаралық Қызыл крестКомитеті болып аталды. Осы қозғалыстың негізін салушы Анри Дюнанның туған күні құрметіне «8 мамыр бүкіл әлемдік Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай Қоғамының» күні деп белгіленді.
Бұл қоғам Қазақстан Республикасының Конституциясы мен 1992 жылғы Республика Президентінің Жарлығына сәйкес өз жұмысын атқарып келеді. Қоғам негізінен қарулы қақтығыстарда зардап шеккендерге көмектесу, табиғат апаттары жағдайында қол ұшын беру, халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жәрдемдесу, халықаралық гуманитарлық құқықтық принциптерін орындау, шетелден мемлекетімізге гуманитарлық көмек ұйымдастыру, сондай- ақ ұлттық қоғамды нығайту жөніндегі жарғылық қызметіне сүйеніп жұмыс шақта, яғни қарулы қақтығыстар, соғыс кезінде, сондай- ақ ірі табиғат апаты жағдайында тек ұлттық Қоғам ғана заңды түрде шет мемлекеттерге шығып, Қызыл Крест және Қызыл Ай қозғалысына кіргендіктен, соның бір бөлігі саналатын. Бүгінде Алматы қаласында орналасқан халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Ай Федерациясының өкілдері арқылы әлемде болып жатқан жаңалықтарды, ақпараттарды біліп отыруға құқы бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   66




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет