Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны


Таспа сөзi тарихи жағынан тас



бет26/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы
b2087, Орта мектеп географиясындағы инновациялық технологиялар 3 курс Айтекова К,У, металөңдеу, металөңдеу, статья 7 Бау, doma prac, 7 сем.ПиП.КАЗ.Мұғ. кәс. бағ. для преп.Макашкулова Word, Микро УМК, Микро УМК, өс қорғаудағы биотехнология, 28002[1], Тесты Финансы, Тесты Финансы, Бір айнымалы көпмүшеліктер
Таспа сөзi тарихи жағынан тас түбiр сөзіне -па қосымшасы үстелу арқылы жасалған болуы керек. Мағынасы қайыстан, терiден жiңiшке бау сияқты тiлiп алып, одан барып ауыс мағынада жонынан таспа тiлу тiркесiнде жаңа семема пайда болды: Қайыстан тiлiп алынған таспа мықты бау, жiп орнына жүредi. Ал бiз айтып отырған таспа – пайдаланылуы жағынан да, шығуы қалай, неден жасалуы жағынан да, қасиеттерi жағынан да т.б. бүтiндей жаңа зат. Сондықтан таспа, таспаға жазып алу, таспада жазулы тұр т.б. сияқты қолданыстарда жұмсалады.
Тоқсан мен демалыс сөздерiнiң жайы да осылай. Тоқсан – белгiлi бiр сандық ұғымның атауы, демалыс – демдi iшке-сыртқа алу, тiршiлiктiң, тыныстың көрiнiсi деген мәнде болса, бiз айтып отырған тоқсан мен демалыс –бүтiндей жаңа лексема, лексикалық единица: тоқсан – жыл мезгiлiндегi үш айлық мерзiм, квартал; демалыс - үзiлiс, тынығу, жұмыстан тынығуға шығу. Сондықтан бұл сөздер бүтiндей жаңа тiркестерде жұмсалады: бiрiншi тоқсанда бiтiру, аяқтау, тоқсанның қорытындысы, тоқсанды аяқтау, екi тоқсанға созылды, екiншi тоқсаннан басталды, төртiншi тоқсанмен жыл бiтедi; демалысқа шығу, демалыста болу, кезектi демалыс, демалысын үзуге мәжбүр болды, демалыстан оралды, демалыстың пайдасы т.б.
Қол – адамның дене мүшесi болса, жаңа сөз - қарулы топ, әскер, қалың қол, қол жинап, жау қолына түсу, қалың қолды қақ жарып, қалың қолмен тиiсiп; шабуылға шығып, қолға тойтарыс беру т.б.
Ақ - қараға қарама-қайшы түс болса (ақ мата, ақ үй, ақ шағала, ақ киiз, ақ жаулық), осыдан барып адам адал, күнәсiз, бар күш қуатымен қызмет ететiн, берiлген, шын, ақиқат деген мағынадағы да жаңа сөз туған. Сүттен жасалған тағам (айран, қымыран, сүт, қымыз т.б ) мәнiндегi ақ та келесi дәрежелi сөзжасам процесiнде семантикалық тәсiл арқылы туған жаңа сөз (аққа жарымаған-жарыған, ақ iшiп, ақпен күн көрiп, ақтың пайдасы т.б).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет