Лекция №1 Тақырыбы: Фонетиканың зерттеу нысаны



бет67/101
Дата07.02.2022
өлшемі496,98 Kb.
#96327
түріЛекция
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   101
Байланысты:
5. Лекциялар жинағы

Лекция мазмұны:
1.Үстеудің лексика -семантикалық сипаты
Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі белгісін, жүзеге асу амал -тәсілін, мекенін, себебін, мезгілін, жай-күйін білдіретін және грамматикалық тұлғалармен түрленбейтін сөз табы. Мысалы: Абай биыл (қашан?) он үшке толған еді.
Үстеулер етістікпен тіркесіп, пысықтауыш қызметінде жұмсалады. Кейбір үстеулер субстантивтенеді, яғни, түрленеді. Мысалы: бүгініміз беймаза, өткеніміз өкініш пе? Бүгіндері тек ыммен түсініседі.
Үстеудің арнайы түрлену жүйесі және грамматикалық категориялары болмайды.
Құрамы жағынан түбір үстеулер, туынды үстеулер, күрделі түбір үстеулер боп бөлінеді.
Негізіг үстеулер – жылдам, әрең, бұрын, ұдайы, кеш, енді, қазір, әріі, дәл, тез т.б.
Негізгі үстеулердің көпшілігіне сын есімнің шырай жұрнақтары жалғанады. Мысалы: бұрынырақ, кешірек, төменірек, төмендеу, жылдамдау.
Туынды түбір үстеулер деп – басқа сөз таптарынан сөзжасам жұрнақтарының жалғануы арқылы, кейбір септік жалғауларының көнеленуі, яғни, түбірге сіңісіп кетуі арқылы жасалған үстеуді айтамыз.Мысалы: Қазақша сөйлепті. Бұлбұлдайын сайрайды.
Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктері арқылы жасалған туынды үстеулер: босқа, текке, бірге; түнде, күнде, баяғыда, қапыда, лезде; шалқасынан, етпетінен, кенеттен, ертемен, таңертеңмен т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   101




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет