Лекция кешендері


Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу кестесіне сәйкес критериальды бағалау жүйесін енгізу мен сынақтан өткізу



бет51/98
Дата08.02.2022
өлшемі0,88 Mb.
#121703
түріЛекция
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   98
Байланысты:
лек жаңарт тарих
лек жаңарт тарих
Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу кестесіне сәйкес критериальды бағалау жүйесін енгізу мен сынақтан өткізу

Оқылатын пәндердің негізгі мазмүнын игеруді қамтамасыздаудың және жеті басты құзыреттіліктер бойынша функционалдық сауаттылығын (ФС) қалыптастырудың қажеттілігі критерийлер бойынша бағаланады.


Педагогикалық ғылымда багалаудың келесі түрлері белгіленген:
-ағымдық;
-кезеңдік;
-қорытынды.
Ағымдық бақылау сабақтарда немесе белгілі бір тақырыптың соңында жүргізіледі. Ол критериалдық бағалау бойынша алғанда формативтік бағалауға сәйкес. Кезеңдік бақылау ірі бөлімдерді аяқтаған соң, тоқсан аяқталғанда, жарты жылдық соңында жүргізіледі. Қорытынды бақылау оқушыны келесі сыныпқа ауыстыру барысында немесе оқытудың келесі сатысына өткізгенде жүргізіледі жэне ол қорытынды аттестациялаудың маңызды түрі болып табылады. Бақылаудың бұл екі түрі критериалдық бағалау бойынша қорытынды (констатирующий компонент) бақылауға сәйкес келеді. Функционалдық сауаттылық қалыптасуының деңгейін бағалаудағы жаңа концептуалдық әдіс бойынша құзыреттіліктің әр бір түрі бойынша және барлық пәндердің толық мазмүны бойынша арнайы құрастырылып жасалған бағалаудың критерийлеріне сүйенуді қарастырады. Бұл жағдайда жоғарыда келтірілген бақылаудың түрлерін ескеру керек. Қорытынды бақылау (кезеңдік жэне қорытынды) функционалдық сауаттылықтың қалыптасу міндеттерін ескере отырып, бағалаудың жаңа жүйесін жасауды талап етеді. Педагогикалық ғылымда және тәжірибеде критерийлер бойынша оқушылардың жетістіктерін бағалауда екі басты бағыттар белгіленген. Критериалдық бағалаудың 1-ші бағыты оқу жағдайларының типологиясының арақатынасына негізделген (стандарттық жағдай / нұсқалық жағдай / жаңа жағдай) және сәйкесінше бағалау бағанасы. Мысалы, әрбір жағдай бойынша оқушы «1»-ден «5»-ке дейінгі бағаларды ала алады. Бұл жағдайда күрделілігі бойынша 36 тапсырмаларды дайындайды. Сонымен қатар бұл тәсіл немесе әдіс білімді сынып-сабақ жүйесінде қолдану кезеңінде шектеледі, және де «білімнің өмірге шығуын» жүйелі қамтамасыздамайды. Нәтижесінде функционалдық сауаттылықтың қалыптасуы дұрыс болмайды. Критериалдық бағалауға бағьггталған 2-ші тәсіл білімді - түсінуді - қолдануды - жүйелеуді және жалпылауды қайта көрсету деңгейлеріне және оларға сәйкес бағалау бағанына негізделген. Ең бастысы оқушылардың білімін бақылаушы осындай бағалаудың оң жақты нәтижесінде ол оқушылардың функңионалдық сауаттылықтың қалыптасу аспектісінде нақты қосымша толықтыруларды талап етеді. Қолданудың өзі әр түрлі күрделі болуы мүмкін. Сонымен қатар әлемдік білімдік кеңістікке кіру үшін басты назарды «білімді өмірге шығару» үшін оқытылатын бағдарламалық материалдың аясында ақпаратты немесе білімді өңдеу қызметіне аудару керек. Дәл осы тұста оқушыларда функционалдық сауаттылықты қалыптастырудың мән-мағынасы айқын көрінеді. Яғни, екінші әдіс те оқытудың күтілетін нәтижелеріне жэне оларды бағалауға толық қол жеткізуге мүмкіндік бермейді. Осы орайда Ы. Алтынсариннің атындағы 12-жылдық білім беру зертханасында оқу жетістіктерінің деңгейлері жэне оларды сипаттайтын сәйкесінше білім өзара салыстырылған, бағалау бағанасы құрастырылған. Бұл жағдайда оқу жағдайларының типологиясы шығармашылық түрімен (1 — типтік; 2 — нұсқалық; 3 - мәселелік; 4 - шығармашылық) толықтырылған, қолданудың келесі түрлері белгіленген: қайталау, қайталау және өнімділік, өнімділік, шығармашылық. Жоғарыда көрсетілген әдістерді және көрсетілген толықтыруларды біріктіріп критериалдық бағалаудың келесі жүйесін жасауға болады.
Қорытынды оку жетістіктерін критериалдық бағалау жүйесі
1-ші деңгей - 40 балл - Түсіну Реңептивтік Қолдану
2-ші деңгей мәселелік Өнімділік қолдану
3-ші деңгей Пәннің негізгі мазмұнын игеру бойынша барлығы - 100 балл
Осы көрсетілген критериалдық бағалау жүйесіне сәйкес пән мүғалімі, әдіскер, ҚР БжҒМ білім бөлімі мамандары оқушының білім игерудегі жетістіктерін бақылауды ұйымдастыруға мүмкіндік алады. Берілген бағалаудың жаңалығы функционалдық сауаттылықты деңгейлерге бөле алуында. Функционалдық сауаттылықтың деңгейін тексеру үшін тапсырмаларды құрастыру барысында 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың Халықаралық бағдарламаның тапсырмаларындағы үлгілерді негізге алуды үсынады. Ондағы бағалау пәні ретінде оқушылардың басты салалардағы функционалдық құзыреттіліктерінің қалыптасу дәрежесі алынады. Ал оқушылардың пәндік білімді игеруінің деңгейі және сапасы алынбайды. «Сауаттылық» термині бағалауға алынатын білімнің, дағдының және біліктің кеңдігін бейнелеу үшін қажет болған жағдайда алынған. Бұл жағдайда аталмыш бағдарлама дамыған сайын оқушының құзыреттілігінің мектеп бағдармасының аясынан шығып кететін бағасы жоғары мәнге ие болатындығы қарастырылады. Қорытынды бағалаудың мазмұны ағымдағы бақылаудың (формативтік бағалаудың) ұйымдастырылу құрылымын бағдарлайды. Себебі, егер талаптарға сай күнделікті бағалау болмаса, онда қорытынды бағалауда күтілетін нәтижелерді алу мүмкін емес. Төменде 10 балдық жүйе бойынша бағалаудың критерийлерін талдау ұсынылады. Ол жүйеде оқудың мазмұнын игерудің 5 деңгейі және өмірдегі жағдайларда оны қолданудың 5 деңгейі қарастырылады. Ендігі мәселе — оқу үрдісінде жоғарыда көрсетілген жүйені пайдалану. Оны сабақтың барысында тоқсандық, жартыжылдык, жылдық бағаларды қорытындылағанда, орта білімнің деңгейін анықтағанда қолдану үшін нақты нұсқау қажет. Мысалы, Канадада 7-8 сыныптар үшін қоғамтану бойынша стандарттарда стандарттың алдында оқушының осы пэн бойынша жетістіктерін бағалаудың критерийлері келтіріледі. Әр бір критерий үшін 4 деңгей қарастырылған. Мысалы, «Бөлім: Білім, білік. Қосымша бөлім: «пәннің негізгі қағидаларын түсіну». 1-ші деңгейде оқушылар оқылатын пәннің тек кейбір негізгі қағидаларын ғана түсінетіндігін көрсете алады; ал кей жағдайларда қойылған сұраққа нақты жауап бере алады. 2-ші деңгейде оқушы пәннің кейбір негізгі қағидаларын түсінгенін көрсете алуы керек; кейде қойылған сұраққа нақты жауап бере алады. 3-ші деңгейде оқушы пән бойынша негізгі қағидалардың басым бөлігін түсінгенін көрсете алады; сонымен бірге қойылған сұраққа нақты жауап бере алады. 4-ші деңгейде оқушы пән бойынша негізгі қағидалардың барлығын түсінгенін көрсете алуы керек; сонымен бірге барлық қойылған сұрақтарға барлық кезде нақты жауап береді. Оқушылардың өз бетінше зерттеу жүргізе алуы, географиялық карталармен жұмыс істей алуы, алынған білімді анық және дәлелді түрде мазмұндауы; өзінің білімі мен біліктілігін қолдана алуы сәйкесінше бағаланады. Бұл келтірілген мысалдардағы 4 деңгейлік әдіс жетілдірілген нұсқа болып саналмайды. Әйтсе де, оқушының оқу жетістіктерін бағалау барысында бірізді талаптардың қажет екендігін дәлелдейді жэне оқушылардың бағасын қойғанда мұғалімдер оны жетекшілік құрал ретінде қолданулары тиіс. Қазақстандық мектептер үшін кезеңдік және қорытынды бақылау үшін критерийлердің жүйесі (кесте 2) қорытынды бағалау барысында келесі жағдайларда пайдаланылады: оқу бағдарламасының бөлімдерін аяқтағанда, тоқсан, жарты жылдық, жылдық қорытынды бағалау. Сонымен қатар оны орта білімнің деңгейлерін аяқтау сатысында (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта) оқушылардын дайындық деңгейін қорытынды бағалауға негіз ретінде алуға болады. Оны нақты алынған оқушының бекітілген мемлекеттік нұсқаға қатысты алғанда жетістіктерін тіркеп отыру құралы ретінде пайдалануға болады. Яғни, оқушының заңды түрде оның оқу нәтижелеріне табысты қол жеткізгенінің дәлелі ретінде бола алады. Екінші жағынан жекеленген оқушылардың, сыныптың білімінің және мүғалімнің жұмысының сапасын (нормативтік функция) әкімшілік тарапынан қадағалауда болуы. Қазақстандық мектептер бесбалдық жүйені пайдаланады. Бұл бағалау жүйесі әр түрлі дәрежедегі жауаптарды талдауға мүмкіндік бермейді және де сабақтың барысында психологиялық жайлылықты сезінуге мүмкіндік бермейді. Ендігі кезекте мектептерге 10 балдық бағалау жүйесі (жоба түрінде) ұсынылады. Бұл бағалау жүйесін дәстүрлік бағаларға («1», «2», «3», «4», «5») жэне халықаралық әріптік жүйеге «А+», «А-», «В+», «В-», «С+», «С-», «Д+», «Д-», «Ғ+», «Ғ-» (кесте 5) оңай келтіруге болады. Сонымен қатар бөлініп корсетілген критерийлердің суреттелген параметрлері функционалдық сауаттылықты қалыптастыру бойынша қажетті құрама бөлігімен жүретін оқу үрдісін үйымдастыру үшін анағүрлым қолданбалы болып саналады.
Ағымдағы оқу жетістіктерін критериалдық бағалау жүйесі
«1» Ғ- «өте қанағаттанарлықсыз» Зерттеу нысанына деген қызығушылық, құбылыстың мәнін тануға ұмтылыс жоқ
«2» Ғ+ «қанағаттанарлыксыз» Зерттеу нысанын тану, олардың мәнін түсінбестен анықтамаларды келтіру, имитациялық тапсырмаларды (үлгі бойынша) орындау, тапсырылған алгоритм бойынша өзгертілген жағдайларда тапсырманы орындай алмайды.
қанағаттанарлық (рецептивтікрепродуктивтік) «3» Д - «жаппылама» Берілген оқу материалын тұтас құрылымын көре алмайды, оның кейбір бөліктерін ғана түр, себеп-салдар қатынасынсыз қайталай алады, жауаптарында елеулі қателіктер бар; орындау алгоритмін бөгденің көмегімен орындайды; тапсырмаларды өз бетінше орындау дағдысы жоқ.
«4» Н- «қанағаттанарлық» Қайталау деңгейінде мазмұнына ой жеткізбестен оқу материалын жаттанды түрде игерген, бағытталған сұрақтарға үзіп жауап береді; алған білімін тәжірибеде қолдана алмайды; тапсырмаларды өз бетінше орындау дағдысы және нәтижелігі жартылай.
Орташа (қайталау өнімділік) «5» С- «ортадан төмен» Оқу материалын түсініп, оны 70 %- ға қайталай алады, оқуға деген қызығушылығы бар, оқу жетістіктеріне ұмтылыс бар, (оқу себебі оң баға алу), оқу дағдылары деңгейі орташа деңгейде (тапсырмаларды 70 %-ға орындайды), материалды өзінің болашағы үшін маңызын түсінбестен сыныптастарымен қайталап жасайды.
«6» С+ «орташа» Оқу материалын түсініп, оны 75 %- ға қайталай алады, оқуға деген қызығушылығы және оқу жетістіктеріне ұмтылыс бар, (оқу себебі оң баға алу), оку дағдылары деңгейі орташа деңгейде, материалды толық түсінбестен сыныптастарымен берілген типтік жағдайларда қателермен қайталап жасайды. Тапсырмаларды өз бетінше шығармашылықпен орындай алмайды.
Жеткілікті (өнімділік) «7» В- «жеткілікті» Оның когнитивтік қүрылымын (семантикалық бөлімдерін) анықтау негізінді оқу материалын игерген, игерілетін материалдың бөлімдерінің өзара байланысын, типтіқ, себеп-салдарлық байланыстарын түсінеді, өз білімін типтес, нұсқада берілген және мәселелік жағдайларда қолдана алады; тапсырмаларды 80 %-ға орындайды; көрсетілген қателерді түзетуге қабілетті; топта шығармашылық тапсырмаларды орындау барысында белсенді; өзіне талап қоя алады және жіберілген қателіктерді жою үшін өзінің алдында мақсат қоя алады.
«8» В+ «жақсы» Оқу материалын игерген жэне оларды типтік, нұсқалық жэне мәселелік жағдайларда өз бетінше қолдана алады; алған білімін шығармашылықпен қолдану дағдысы бар; тапсырмалардың 85 %-ын орындайды. Өзінің қателерін түзей алады, өзіне талап қоя алады, өмірде нақты жағдайларда тапсырмаларды орындау үшін өзінің білімін жетілдіруге жоспар қоя алады;
Жоғары (өнімді шыгармашылық) «9» А- «өте жақсы» Оқу материалын толық игерген және оларды типтік, нұсқалық және мәселелік, креативтік жағдайларда аргументтей отырып өз бетінше қолдана алады; алған білімін шығармашылықпен қолдану дағдысы бар; тапсырмалардың 90 %-ын орындайды. Қателерін түзей алады, аз және олар елеулі емес, өзіне талап қоя алады, өмірде нақты жағдайларда тапсырмаларды орындау үшін өзінің білімін шығармашылық түрде пайдалана алады;
«10» А+ «тамаша» Оқу материалын шығармашылық түрде игерген, және құбылыстың маңызын ашу үшін қосымша әдебиеттерді пайдаланады, материалдың когнитивтік кұрылымын түсінген, құрылымдағы кейбір элементердің жетістпейтінін түсіне алады, зерттеуге берілген материалдың мәселелік тұстарын көрсете алады; тапсырмаларды 95- 100 %-ға орындайды, пәнді игеруге табиғи себеп-салдар жүйесі дамыған, өмірде нақты жағдайларда тапсырмаларды орындау үшін өзінің білімін креативтік түрде пайдалана алады. Оқушылардың ағымдағы оқу жетістіктерін критериалды бағалаудың осы ұсынылған жүйесі халықаралық тәжірибелерді зерттеу барысында алынған материалдарға негізделіп жасалған.

11-12 лекция тақырыбы: Критериалды бағалау жүйесі. Критериалды бағалаудың қағидаттары. Критериалды бағалау жүйесінің мазмұны. Критериалды бағалаудың теориялық негіздері. Кері дизайн. Оқу мақсаттарының таксономиясы. Критериалды бағалаудың құрылымы.


Критериалды бағалау төмендегідей қағидаттарға (принциптерге) негізделеді:
Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады. Демек, неге және қалай оқытады, білім алушының қажеттілігі қандай және бағалау тәжірибесінде жүзеге асыруға қажетті нәтижелерге жетуге қалай көмектесуге болады деген сұрақтарға жауап іздеу.
Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділік бар. Объективтілік, анықтық, валидтілік жиынтығы бағалаудың сапасын анықтайды. Барынша мазмұнды сипаттаманы бағалауды қаншалықты дұрыс өткізетінімізді және нақты нені өлшейтінімізді бағалаудың валидтілігі ұсынады. Аталған қағидатты жүзеге асыру: - нені бағалау қажеттігін нақты түсіну және анықтауды; - бағалау критерийлерін құрастыру және негіздеуді; - тапсырмаларды құрастыру және рәсімдерді жоспарлауды көрсетеді.
Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады. Аталған қағидат мақсаттар мен бағалау рәсімдерінің түсінікті, нұсқаулықтың анық және нақты, нәтижелердің пайдалы және қолжетімді болуын болжайды. Бағалау үдерісінде оның мақсаттылығы мен дұрыстығы еш күмән тудырмауы тиіс. Өз кезегінде білім беру үдерісіне қатысушылар арасындағы өзара әрекет пен сенімге қол жеткізу олардың қызығушылығын арттыру және оқу нәтижесіне оң әсер етуге ықпал етеді.
Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады. Бағалау үдерісінің тұрақтылығы рәсімдер арасындағы өзара байланысты негіздейтін және бірыңғай білім беру жүйесін құратын қалыптастырушы бағалау, балл қою кестесі механизмін қолдану және жиынтық бағалаудың кестесін белгілеу әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі.
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет