«Логопедия негіздері» пәнінің оқу-әдістемелік кешені ҚР 06. 08



Pdf көрінісі
бет7/10
Дата01.10.2019
өлшемі0,89 Mb.
#49030
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
ktj 20476


Әдебиет

1. Қ.Өмірбекова, Қ.Серкебаев Логопедия (оқу құралы) Алматы- 1996ж  

2.Гриншпун 

Б. 


М., 

Ляпидевский 

С. 

С. 


О 

классификации 

речевых 

расстройств//Расстройства речи у детей и подростков. — М., 1969.- С. 40- 59.  

3. Гвоздев А. Н. Вопросы изучения детской речи. — М., 1961.  

4. Левина Р. Е. Основы теории и практики логопедии. — М., 1968.- С. 7 30.  

5. Правдина О. В. Логопедия.- М., 1973. С. 5-20.  

6.  Шаховская  С.  Н.,  Кочергина  В.  С.  Развитие  речи  детей  в  процессе 

онтогенеза//Расстройства речи у детей и подростков. — М., 1969. — С. 30-39. 

 

1.2 



Фонетикалық - фонематикалық жетіспеушілік 

Аннотация: фонетикалық фонематикалық жетілмеген балаларды тексеру әдістері 

Кілт сөздер: фонематика, фонематика,орган,анатомия. 

Жоспар: 

1.  Дыбыстарды айту жүйесінің қалыптасуы 

2.  Фонетикалық фонематикалық сөйлеудің бұзылымдары 

3.  Фонетикалқ фонематикалық жетілмеген балаларды оқыту мен тәрбиелеу 



Дәріс  тезисі:  Фонетикалық-фонематикасының  толық  дамымауы  дегеніміз  ол  қабылдау 

түйсігі мен дыбыстардың айтылуындағы ақаулардың салдарынан болған сөйлеу тілінің әр 

түрлі  кемістіктері  бар  балалардың  ана  тіліндегі  дыбыстардың  айтылу  жүйесіндегі 

қалыптасу  барысының  бұзылуы.  Бұл  жағдайды  сипаттайтын  негізгі  көріністерді  бөліп 

көрсетуге болады. 

1.Жұп немесе топ дыбыстардың айтылуын ажырата алмауын бұндай жағдайда бір дыбыс, 

екі  немесе  тіпті  үш  дыбысты  да  алмастыра  береді,  мысалы,  т  дыбысы  с,ч,ш 

дыбыстарының орнына айтылады. 

2.Бір дыбыстардың басқалармен алмастырылуы. 


3. Дыбыстарды шатастыру. 

Логопедия  ғылымының  даму  жетістіктері  (Р.М.Боскис,  Р.Е.Левина,  А.Р.Лурия,  Ф.А.Рау, 

Е.Ф.Рау,  М.Е.Хватцев)  артикуляторлық  интерпретация  арқылы  естілетін  дыбыстардың 

түрлі  деңгейде  естілуі  төмендеп  қабылданатынын  анықтады.  Фонетикалық-

фонематикалық  сөйлеудің  бұзылымы  анықталған  балалардың  артикуляторлық 

процестерінің  аяқталмайтыны  және  фонемаларды  қабылдауы  дыбыстарды  қабылдау  мен 

артикуляцияның  аяқталмаған  күйінде  орындалатыны  анықталған.  Фонетикалық-

фонематикалық дамудың жағдайы дыбыстарды қабылдау анализінің дамуына ықпал етеді. 

Екінші рет пайда болған фонетикалық-фонематикалық сөйлеудің бұзылымы органдардың 

анатомиялық және қимылдық кемшіліктер кезінде байқалады. 



Әдебиет: 

1. Қ.Өмірбекова, Қ.Серкебаев Логопедия (оқу құралы) Алматы- 1996ж  

2. Гриншпун Б. М., Ляпидевский С. С. О классификации речевых 

расстройств//Расстройства речи у детей и подростков. — М., 1969.- С. 40- 59.  

3. Гвоздев А. Н. Вопросы изучения детской речи. — М., 1961.  

4. Левина Р. Е. Основы теории и практики логопедии. — М., 1968.- С. 7 30.  

5. Правдина О. В. Логопедия.- М., 1973. С. 5-20.  

6. Шаховская С. Н., Кочергина В. С. Развитие речи детей в процессе 

онтогенеза//Расстройства речи у детей и подростков. — М., 1969. — С. 30-39. 

 

1.3 



Дислалия, бұзылымның сипаттамасы, түзету тәсілдері 

Аннотация: сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған дислалия түсінігіне сипаттама 

Кілт сөздер: функция,механика 

Жоспар: 

1.  Механикалық және функционалдық дислалия 

2.   Мектеп жасына дейінгі дислалияны түзету 

3.  Дислалия кезіндегі жүргізілетін логопедиялық жұмыстың әдістемесі 



Дәріс  тезисі:  Дислалия  –  грек  тілінен  аударғанда  ішінара  бұзылыс,  яғни  қалыпты 

естудегі және сөйлеу аппаратының сақталған иннервациясы кезіндегі сөйлеудің бұзылуы. 

Сөйлеудің  мағыналық  жағынан  бұзылуы  арасында  фонемаларды  алмастыру 

анықталады.Мұндай  кемшіліктер  сөйлеу  дыбыстарын  анық  айтпау,  дыбыстарды  бір-

бірімен  алмастырып  айту,  дыбыстардың  кейбіреуін  тастап  кету  түрінде  байқалады. 

Дислалия термині алғаш рет Европада Вильнюс универиситетінің профессоры И.Франктің 

енгізуімен  анықталды.  Ол  1827  жылы  шығарылған  монографиясында  сөйлеу  тілінің 

мағыналық  жағынан  бұзылымының  этиологиясын  толықтай  зерттеді.  Кейінірек,  ХІХ 

ғасырдың  30-шы  жылдарында  швейцар  дәрігері  Р.Шультс  дислалия  терминін  өз 

еңбектеріне  енгізе  отырып,  дислалияны  артикуляциялық  органдардың  анатомиялық 

бұзылымдарынан  болатын  сөйлеудің  мағыналық  жағының  бұзылуы  деп  көрсетті. 

Куссмаульдің  классификациясында,  Гутцманның  еңбектерінде  осындай  көзқарас  анық 

байқалады.Этиологиялық  себептеріне  қарай  дислалия  механикалық  (органикалық)  және 

функционалдық  болып  екі  түрге  бөлінеді.Механикалық  дислалия  дегеніміз  сөйлеу  тілі 

аппаратының  сыртқы  органикалық,  оның  сүйегі  мен  бұлшық  еттері  құрылысы 

ақаулықтарының салдарынан сөйлеу тіліндегі дыбыстардың дұрыс айтылмауы. 

Тіл  астындағы  сіңірдің  қысқалығы  механикалық  дислалияның  біршама  жиі  кездесетін 

себептеріне жатады.Бұл ақаулықта тілдің қалыпты деңгейден нашар қимылдауы себебінен 

өте  қысқа  тіл  асты  желбезегі  оның  жоғары  көтерілуіне  мүмкіндік  бермейді.  Одан  басқа, 

тілдің  ауызға  зорға  сиып  тұратын  өте  үлкендігінен,  жөнді  бұрыла  алмауынан  да,  дыбыс 

шығарудағы сөйлеу тілі мүшелерінің әрекеті бұзылады.Функционалды дислалия дегеніміз 

дыбыс  шығару  аппаратында  ешқандай  кемістік  болмаса  да,  сөйлеу  тілі  дыбыстарының 

дұрыс айтылмауы.Басқа сөзбен айтқанда ешқандай органикалық негіз жоқ.Функционалды 

дислалияның көп тарауының бір себебі баланың сөйлеу тілін үйде дұрыс тәрбиелемеуден. 

Кейде ересектер, баланың былдырлаған сөзін қызық көріп, ұзақ уақытқа дейін оған өзі де 


бейімделіп,шолжыңдасып  сөйлесетін  болады.Қорытындысында  көп  уақытқа  дейін 

баланың  сөйлеу  тіліндегі  дыбыстардың  дұрыс  айтылуының  дамуы  кешеуілдеп 

қалады.Баланың  сөйлеу  тіліндегі  дыбыстардың  бұзылуы  түрліше  болады,  мысалы,  кез 

келген бір дыбыс сөз ішінде айтылмай түсіп қалса, ал қайсы бірі оларды бұрмалап немесе 

басқа  дыбыспен  алмастырып  айтуы  мүмкін.  Алмастырулардың  мынадай  түрлері  болуы 

мүмкін: 


1.  Жасалу  жолдары  жағынан  ұқсас,  сөйлеу  тілі  мүшелеріндегі  айтылуында 

айырмашылығы  бар  дыбыстар  алмастырылады,  мысалы  тіл  артық  түзелмелі  ( 

шұғыл)  дыбыстарын  тіл  алды  т,д  шұғыл  дыбыстарына  алмастырады  (Кәмила-

Тәмила, гүл-дүл); 

2.  Сөйлеу  мүшелеріндегі  айтылуы  ұқсас,  жасалу  жолдарының  айырмашылығы  бар 

дыбыстар  алмастырылады,  мысалы,  тіл  алды  с  дыбысы  тіл  алды  т  дыбысына 

алмастырылады. (сабын-табын) 

3.  Жасалу  жолдары  ұқсас,  ал  сөйлеу  тілі  мүшелерінің  әрекеті  бойынша 

айырмашылығы бар с дыбысына алмастырылады.Мысалы: Самат-Фамат 

4.  Сөйлеу  тілі  мүшелеріндегі  айтылуы  және  жасалу  жолдары  ұқсас  дыбыстар 

дауыстың  қатысуымен  шығатын  дыбыстармен,  мысалы  ұяң  дыбыстар  қатаң 

дыбыстармен алмастырылады. ( болат-полат, қозы-қосы) 

5.  Жасалу  жолдары  ұқсас  дыбыстар  мен  сөйлеу  мүшелерінің  белсенді  әрекеттері 

бойынша  шығатын  дыбыстар  жуан  және  жіңішке  белгілерімен  айқындалатын 

дыбыстармен,  мысалы:  жіңішке  дыбыс  жуан  дыбыспен,  жуан  дыбыс  жіңішке 

дыбыспен алмастырылады:(өрік-өрық) 

6.  Сөйлеу  тілінде  айтылуы  бұзылған  дыбыстардың  мөлшері  бойынша  дислалия 

қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Егер сөйлеу тілінің айтылуында бұзылған 

дыбыстардың  саны  төртке  дейін  болса,  оны  қарапайым,  ал  одан  да  көп  болса 

күрделі дислалия дейді. 



Дәріс мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар 

1.  Қазақ тіліндегі дыбыстардың классификациясын жаса. 

2.  Логопедиялық көмек көрсету әдістерінің тиімділігін анықта. 

3.  Логопедиялық көмек көрсетуде қолданылатын әдістерді 



Әдебиет: 

1. Қ.Өмірбекова, Қ.Серкебаев Логопедия (оқу құралы) Алматы- 1996ж  

2.Гриншпун 

Б. 


М., 

Ляпидевский 

С. 

С. 


О 

классификации 

речевых 

расстройств//Расстройства речи у детей и подростков. — М., 1969.- С. 40- 59.  

3. Гвоздев А. Н. Вопросы изучения детской речи. — М., 1961.  

4. Левина Р. Е. Основы теории и практики логопедии. — М., 1968.- С. 7 30.  

5. Правдина О. В. Логопедия.-- М., 1973. С. 5-20.  

6.Шаховская 

С.  Н.,  Кочергина  В.  С.  Развитие  речи  детей  в  процессе 

онтогенеза//Расстройства речи у детей и подростков. — М., 1969. — С. 30-39 

 

3  модуль.  Тіл кемшіліктерінің клиникалық – педагогикалық жіктелімі.   

1.1 

Ринолалия, симптоматикасы, алдын алу әдістеріне шолу жасау. 

Аннотация: сөйлеу тілінің бұзылымы ринолалияның алдын алу әдістері 

Кілт сөздер: ашық ринолалия, жабық ринолалия,органика 

Жоспар: 

1.  Ринолалияның симптоматикасы 

2.  Алдын алу әдістері 

Дәріс  тезисі:  Ринолалия  грек  тілінен  аударғанда  сөйлеу  аппаратының  анатомиялық-

физиологиялық кемшіліктерінен болатын дауыс тембрінің және сөйлеудің бұзылуы деген 

мағынаны  береді.  Ринолалия  дислалиядан  назализациялық  (мұрынмен  байланысты) 

бұзылымы  жағынан  ерекшеленеді.  Ринолалия  кезінде  дыбыстардың  арикуляциясы  мен 

фонация  өзгерістерге  ұшырайды.  Мұрын  арқылы  шығарылатын  дыбыстардан  басқа 


сөйлеу  кезіндегі  дыбыстар  қалыпты  фонация  кезінде  мұрын  қуысы  мен  ауыз  қуысының 

арасынан  шығарылады.  Мұндай  қуыстарды  жұмсақ  таңдайдың  бұлшық  еттерінің  және 

жұтқыншақтың  артқы  жағы  мен  жанының  қысқаруымен  анықталатын    таңдай-

жұтыншақты  қабысу  болып  жіктеледі.  Жұмсақ  таңдайдың  біркелкі  қозғалысы  арқылы 

фонация  кезінде  жұмсақ  таңдайдың  артқы  (жоғары)  жағын  жұмсақ  таңдайдың  алдыңғы 

жағымен байланысы орындалады. (жұтқыншақтың артқы қабырғасының (Пассаван валигі) 

жуандауы). 

Таңдай 


жұтқыншақтың 

қабысуындағы 

қызметінің 

бұзылуының 

ерекшеліктеріне  байланысты  ринолалия  әртүрлі  болады.Жабық  ринолалия.  Бітеу 

ринолалия  сөйлеу  тіліндегі  дыбыстардың  айтылуы  кезінде  мұрнынан  жақсы  естілудің 

физиологиясының  төмендігін  сипаттайды.Мұрын  жолды  м,н,ң,ц  дыбыстарының  дұрыс 

айтылатындығы  үндерінің  өте  ашық  естілетіндігі  байқалады.Бұл  дыбыстардың 

артикуляциясының  барысында  мұрын  жұтқыншақ  ашық  қалады  да  ауа  мұрын  жолына 

кіріп кетеді.Егер мұрыннан шығатын үн жақсы естілмейтін болса онда бұл дыбыстар м,м-

б,б;  н,н-д,д,н,ң-ғ  болып  ауыздан  айтылады.Ашық  ринолалия    Ауыз  бен  мұрын  жолы 

аралығында  қақпа  жабық  тұрған  кезде  дауыс  дірілі  ауыз  жолы  арқылы  өтеді  де  сөйлеу 

мүшелеріндегі  дыбыстар дұрыс айтылады.Егер ауыз бен мұрын жолының аралығындағы 

қақпа толық жабылмай бір шеті ашық қалса ауа дірілі мұрын жолына өтіп кетеді.Соның 

нәтижесінде ауыз бен мұрын жолының аралығындағы қақпа бұзылған жағдайда дауыстың 

үні  жаңғырып  естілетін  болады.Бұндай  жағдайда,  әсіресе  дауысты  дыбыстарды  айтқан 

кезде  үннің  әуезі  өзгереді.Ашық  ринолалияда  дауысты  дыбыстардың  үн  әуездерінің 

бұзылуымен қатар кейбір дауыссыз дыбыстардың да үн әуездері бұзылады екен, ысқырық 

( свистящие) және ызың ( шипящие) дыбыстарды айтқан кезде қырылдап естіледі. 

Ашық ринолалия органикалық және функционалдық болып бөлінуі  мүмкін.Органикалық 

ашық  ринолалия  іштен  туа  біткен  түрлеріне  жұмсақ  қатты  таңдайдың  жарылуы 

жатады.Сыртқы соққының залалынан пайда болатын органикалық ашық ринолалия түріне 

ауыз  және  мұрын  қуыстарының  зақымдануы  және  жұмсақ  таңдайдың  сыртқы  соққының 

әсерінен сал болып қалуы жатады.Функционалды ашық ринолалияның шығу себептері әр 

түрлі  болуы  мүмкін.  Бұған  баланың  сөйлеу  мүшелеріндегі  дыбыстардың  айтылуы 

кезіндегі  жұмсақ  таңдайдың  болбырап  босаңсуы  мысал  болады.Функционалды  ашық 

ринолалияның бір түрі тамақ, көмей бездерінің ұлғайып кеткен ісігін сылып тастағаннан 

кейін жұмсақ таңдайдың ұзақ мерзімге дейін қимылдай алмайтындығынан пайда болады. 



Әдебиет: 

1. Қ.Өмірбекова, Қ.Серкебаев Логопедия (оқу құралы) Алматы- 1996ж . 

2.Гриншпун 

Б. 


М., 

Ляпидевский 

С. 

С. 


О 

классификации 

речевых 

расстройств//Расстройства речи у детей и подростков. — М., 1969.- С. 40- 59.  

3. Гвоздев А. Н. Вопросы изучения детской речи. — М., 1961.  

4. Левина Р. Е. Основы теории и практики логопедии. — М., 1968.- С. 7 30.  

5. Правдина О. В. Логопедия.- М., 1973. С. 5-20.  

6.Шаховская 

С.  Н.,  Кочергина  В.  С.  Развитие  речи  детей  в  процессе 

онтогенеза//Расстройства речи у детей и подростков. — М., 1969. — С. 30-39. 



 

1.2 

Дизартрия, классификациясы, түзету жұмысының бағыттары. 

Аннотация: дизартрия кезіндегі логопедиялық жұмыстардың мазмұны 

Кілт сөздер: классификация, иннервация,периферия 

Жоспар: 

1.  Дизартрия тіл кемшілігі туралы ұғым 

2.  Дизартрия  кезіндегі  балаларға  берілетін  клиникалық  психологиялық 

мінездеме 

3.   Дизартрия кезінде жүргізілетін логопедиялық жұмыстың әдістемесі 

Дәріс тезисі: Дизартрия – сөйлеу аппаратының иннервациясының кемшілігінен болатын 

сөйлеудің мағыналық жағының бұзылуы. Дизартрия кезіндегі жетекші кемшілік орталық 

нерв жүйесі және перифериялық сөйлеу аппаратының органикалық бұзылуынан болатын 


дыбыстардың  мағыналық  жағының  бұзылуы.  Дизартрия  грек  тілінен  алынған  сөйлеудің 

бұзылуы  деген  мағынаны  береді.  Дизартрияны  анықтауда  авторлардың  көпшілігі 

артикуляцияның,  дыбыс  шығарудың,  дауыс  тембрінің,  ырғағының,  интонацияның 

ерекшеліктеріне  сүйенеді.  Дизартрия  кезіндегі  сөйлеу  тіліндегі  кемшілік  нерв  жүйесінің 

зақымдану  деңгейіне  байланысты  анықталады.  Дизартрияның  жеңіл  түрінде  сөйлеудің 

анықтығы  жойылады,  ал  күрделі  түрінде  сөйлеу  кезіндегі  дыбыстардың  айтылмауы, 

мәнерліліктің  жоғалуы,  сөйлеу  темпінің  жойылуы  анықталады.  Орталық  нерв  жүйесінің 

күрделі  бұзылымдары  кезінде  сөйлеуге  қатысатын  қимылдық  бұлшық  еттердің 

салдануынан  сөйлеудің  мүмкіндігі  жойылады.  Сопақша  ми  дизартриясы(бульбарная) 

артқы  мидың  құрамына  кіретін  сопақша  мидың  қабыну  немесе  ісіну  ауруларына 

шалдыққан  кезде  пайда  болады.Сонымен  сопақша  миға  орналасқан  бас  сүйек  пен  миға 

қатысты  қимылдатушы  тіл  асты,  тіл  жұтқыншақ  кейде  үш  жақты,  кезбе  нервтерінің 

маңызды 

бөліктері(ядролары) 

бұзылады.Сопақша 

ми 


дизартриясы 

жұтқыншақ,көмекейдің,  тілдің  жұмсақ  таңдайының  бұлшық  еттерінің  сал  болып  немесе 

әлсізденіп  қалуымен  сипатталады.Бұл  сияқты  ақаулығы  бар  баланың  қою  және  сұйық 

тамақты 


жұтуы 

және 


шайнауы 

қиындайды.Сөйлеу 

тілінде 

ұяң 


дыбыстар 

айтылмайды.Жұмсақ таңдайдың әлсізденуінің салдарынан іштен шығатын ауаның ағыны 

мұрын  жолы  арқылы  еркін  өтеді  де  айтылатын  барлық  дыбыстар  мұрыннан  ыңылдап 

естілетін  болады.Ми  қыртысы  асты  дизартриясы  бас  ми  қыртысының  астындағы 

тораптардың зақымдануынан пайда болады.Ми қыртысы асты дизартриясы бұлшық еттер 

күш-қуатының  ширығуының  әсерінен  және  гиперкинезімен  сипатталады.  Гиперкинез 

дегеніміз  баланың  бақылауынсыз  сөйлеу  тілі  мүшелеріндегі  және  мимикалық  бұлшық 

еттерінің  еріксіз  күшпен  қимылдауы.  Бұндай  қимылдар  тыныш  тұрған  жағдайда 

байқалады,бірақ  бұл  әдеттер  сөйлеген  кезде  күшейеді.Кейде  еріксіз  айқайлап 

дыбыстардың  көмейді  бұзып-жарып  шығатыны  байқалады.Балалар  сөзді,  сөйлемді 

жылдамдатып тез-тез сөйлейді немесе керісінше сөздерін бөліп-бөліп айтады,Ми қыртысы 

асты дизартриясының ерекшелігі сөйлеу тілінің шапшаңдығы , ырғағы. Сарыны жағынан 

ұйқастығының бұзылуымен сипатталады.Мишық дизартриясы. Қысқа қайырылатын келте 

сөздермен,  кейде  жеке  дыбыстардың  шаңқылдап  қатты  естілуімен  сипатталады.Мишық 

дизартриясының  таза  түрі  балаларда  сирек  кездеседі.Ми  қыртысы  дизартриясы 

басқаларынан  ажыратып  тану  және  бөліп  алу  өте  қиын  ақаулық.  Ми  қыртысы 

дизартриясында  сөйлеу  мүшелерінің  дыбыстардың  айтылу  кезіндегі  еркін  қозғау 

бұзылады.Ми  қыртысы  дизартриясының  дыбыстардың  айтылуындағы  көріністер 

бойынша қозғаушы алалияға ұқсастығы бар, себебі ең алдымен сөздің буындық-дыбыстық 

айтылуы  бұзылады.Балалардың  дыбыстарды  жеке  тұрғанда  анық  айтуға  қабілеті  бар,  ал 

сөйлегенде  сөздерінің  құрамындағы  сол  дыбыстарды  орындарын  алмастырып 

шатастырып,әсіресе  тіркесіп  келген  дауыссыз  қатары  бұзылып,  жылдамдатып  тез-тез 

сөйлегенде  тұтықпаға  ұқсап  кекештеніп  қалады.Балаларда  ең  жиі  кездесетін 

ақаулықтардың түрлері жалған сопақша ми дизартриясы. Жалған сопақша ми дизартриясы 

баланың  жас  кезіндегі,  босанып  жатқан  уақытта  немесе  құрсақтағы  кезеңінде 

энцефалит,құрсақ  зақымы,  интоксикация  тағы  басқа  ауруларға  шалдығуларының 

салдарынан  мидың  органикалық  зақымдануының  нәтижесінде  болады.Баланың  бас  ми 

қыртысынан тіл жұтқыншақ ядросына , кезбе және тіл асты нервтеріне баратын өткізгіш 

жолдарының зақымдануына байланысты жалған сопақша мидың сал болып қалуы немесе 

әлсіреуі пайда болады.Жалған сопақша мидың сал болып қалуының нәтижесінде баланың 

жалпы 

сөйлеу 


тілінің 

қозғаушы 

мүшелері 

бұзылады.Нәресте 

нашар 

емеді,шашалады,қақалады,нашар  жұтады.Аузынан  сілекей  ағады,беттің  бұлшық  еттері 



бұзылады. 

Дизартрияға  шалдыққан  балаларды  оқытудың  алдында  сөйлеу  тілі  мүшелерінің 

қозғалуын,  дыбыстарының  айтылуын  және  жалпы  сөйлеу  тілін  егжей-тегжейлі  мұқият 

тексереді.Логопед  оқушылардың  сөйлеу  мүшелерінің  және  ымдау  бұлшық  еттерінің 



жансыздану  дәрежесімен  таныс  болу  керек,  себебі  сөйлеу  тілі  мүшелеріндегі  тиісті 

дыбыстардың бұзылуы осымен анықталады. 



Әдебиет: 

1. Қ.Өмірбекова, Қ.Серкебаев Логопедия (оқу құралы) Алматы- 1996ж . 

2. 

Гриншпун 



Б. 

М., 


Ляпидевский 

С. 


С. 

О 

классификации 



речевых 

расстройств//Расстройства речи у детей и подростков. — М., 1969.- С. 40- 59.  

3. Гвоздев А. Н. Вопросы изучения детской речи. — М., 1961.  

4. Левина Р. Е. Основы теории и практики логопедии. — М., 1968.- С. 7 30.  

5. Правдина О. В. Логопедия.- М., 1973. С. 5-20.  

6.  Шаховская  С.  Н.,  Кочергина  В.  С.  Развитие  речи  детей  в  процессе 

онтогенеза//Расстройства речи у детей и подростков. — М., 1969. — С. 30-39. 

 

 

1.3 



Дауыстың бұзылымдары. 

Аннотация: дыбыс щығарудың акустикалық неіздері 

Кілт сөздер: аппарат, функция,дисфония,диафрагма,патология,органика. 

Жоспар: 

1.  Дауыстың бұзымдары. Балалар дауысының дамуы 

2.  Дауыс аппаратының зерттеу әдістері 

Дәріс  тезисі:  Дауыстың  бұзылуы  дегеніміз  –  дауыс  шығару  аппаратының  патологиялық 

өзгерістердің әсерінен фонацияның болмауы немесе бұзылуы.  

 

Дауыс  патологиясын  анықтаудың  негізгі  екі  термині  қабылданған:  афония  –  грек 



тілінен  аударғанда  дауыстың  түгелімен  болмауы  және  дисфония  –  дауыс  күшінің, 

биіктігінің  тембрінің  ішінара  болмауы.  Дауыстың  бұзылуы  сөйлеу  тіліндегі 

кемшіліктердің  классификациясына  сәйкес  (3)  сөйлеудегі  фонациялық  әуезділіктің 

бұзылуына  жатады.  Қалыпты  жағдайдағы  дауыс  пен  оның  дамуы  түрлі  мінездемесіне 

сәйкес  дауыстың  дыбыс  қатпарлары  арқылы  толқындарға  ұшырап  шығуы.  Дыбыс  –  ауа 

толқындарының  тітіркендіргіштер  түріндегі  тербелісі.  Адамның  дыбысын  шығарушы  

дыбыс  қатпарларымен  танылатын  өңеш.  Дауыстың  биіктігі  –  толқынды  тербелістердің 

есту органы арқылы субъективті түрде қабылдануы. Қабылданатын дауыстың негізгі тоны 

герцпен өлшенеді және қалыпты сөйлесуде ерлерде - 85-200 ГЦ, әйелдерде – 160-340 Гц 

аралығында өзгеріп отыруы мүмкін. Дауыстың бұзылу себептері әр түрлі.Оларға өңештің, 

мұрын жұтқыншағының, өкпенің ауруға шалдығуы; дауысқа шамадан тыс салмақ салуы, 

есту  қабілетінің  төмендеуі;  нерв  жүйелерінің  ауруға  шалдығуы;  сөйлегенде  және  өлең 

айтқанда дауыстың гигиенасын дұрыс сақтамауы және басқалары жатады.Дауыс шығару 

механизмінде  көкірек  қуысындағы  диафрагма,  өкпе,  тыныс  алу  жолдары,  кеңірдек, 

көмекей, жұтқыншақ, мұрын жұтқыншағы, мұрын жолдары белсенді қызмет атқарады. 

Адам  сөйлеген  кезде  шымылдық  тығыз  жақындасып  керіледі,  өкпеден  шыққан  ауа 

шымылдықтың  арасынан  жарып  өтіп  оны  тербелуге  мәжбүр  етеді;  дыбыс 

шымылдығының  тербелісінен  дауыс  пайда  болады.Адам  үндемеген  кезде  шымылдық 

керілмеген,  дыбыс  саңылауы  кең  ашылған,  өкпеден  шыққан  ауа  еркін  шығады,  дауыс 

болмайды.Дауыстың  бұзылуының  алғашқы  белгілері  жеңіл  қырылдауы  мен  оның  тез 

шаршауы  көмекей  қызметінің  қажуының  салдарынан  болуы  мүмкін.Бірақ,  егер  осы 

ауытқуларды  уақытында  жоймаса,  онда  көмекейдің  өзгеруі  тұрақтанып  қалады,  демек 

дауыстың  ақаулығын  қиындатып  жібереді.    Дауыс  бұзылуы  органикалық  және 

функционалдық  болып  бөлінеді.  Бұндай  бөлінуі  арнайы  емдеу  мен  логопедиялық 

жұмыстың  тәсілдерін  іріктеп  алу  үшін  маңызы  бар.Функционалды  бұзылу  (көмекейдің 

уақытша  өзгеруімен  байланысты),  сондықтан  түзету  жұмысының  барысында  дауыс 

бұрынғы  дұрыс  қалпына  келеді.Органикалық  бұзылуда  көмекейдің  құрылысындағы: 

дауыс  шымылдығындағы  және  жалғамалы  құбырындағы  өзгерістердің  тұрақталып 

қалатындығы  байқалады.  Түзету  жұмысында  логопед  дауыстық  қатынас  қызметін 

ойдағыдай  қалпына  келтіреді,  бірақ  қанша  дегенмен  де  дауыстық  сапасында  бұрынғы 



қалпынан едәуір айырмашылығы болады.Дауыстың функционалдық бұзылуы ересектерге 

қарағанда  балаларда  сирек  кездеседі.Балалардың  дауысы  шамадан  тыс  салмақ  түсуден 

пайда  болатын  бұзылудың  ең  көп  тараған  түрі  спастикалық  дисфония  деп  аталады. 

Дисфония баланың бес жасындағы шамадан бастап біліне бастайтындығы байқалады, ал 

8-10  жастың  аралығында  өте  жиі  болады.  Дисфония  қатты  айқайлап  сөйлейтін,  ұшқалақ 

мінезді даурықпашы балаларда жиі пайда болады. Бұндай балаларда әдеттегідей таңертең 

дауысы таза және анық болады да, кешке қарай біртіндеп қарлығып қырылдауы күшейеді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет