Жоспар:
1. Сөйлеу тілінің дамуы,бұзылымдары
2. Сөйлеу ақаулықтарының шығу себептері
Дәріс тезисі: Сөйлеу тілінің бұзылымының түрлері мен формалары туралы анықталған
ғылыми негіздегі жұмыстар кемшілікті жоюдың, оларды түзетудің тиімді жолдарын
таңдауға мүмкіндік береді. Логопедияның даму тарихында зерттеушілердің барлығы
дерлік сөйлеу тілінің кемшіліктерін классификациялауға бетбұрыстар жасады. Қазіргі
уақытта сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің классификациясы тек қана логопедия ғылымы
үшін емес, басқа да сөйлеу әрекетінің бұзылымдарын зерттейтін нейрофизиология,
медицина, патопсихология және нейропсихология, арнаулы педагогиканың барлық
салалары үшін өзекті мәселелердің бірі болып отыр.Логопедия ғылымының даму
кезеңдеріндегі сөйлеу тіліндегі кемшіліктердің классификациясы европалық медицинаның
жетістіктерімен байланысты ХІХ соңы мен ХХ ғасырдың басында ұсынылған (1877)
А.Куссмаульдің классификациясы болды. Одан соң ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы
отандық
зерттеушілер
В.Отдушевский,
Г.Гутцман,
Э.Фрешельсалар
ұсынған
классификация орын алды. Ұсынылған классификациялардың арасындағы жалпы қарама
қайшылықтардың қорытындысы мен олардың мазмұнына, құрылымына енгізілген
түзетулердің мазмұны жоғары нерв әрекетінің физиологиясы, психология, медицина,
педагогика ғылымдарының жетістіктерімен байланысты М.Е.Хватцев, Ф.А.Рау,
С.С.Ляпидевскийдің клиникалық классификациясы қолданыла бастады. Сөйлеу тілі
құрамын ,дыбыстардың айтылуын, сөздік қорын,грамматикалық құрылысын, жазуы мен
оқуын тексерген кезде қолданылатын тәсілдерге және нақтылы әдістерге тоқталамыз.
Тәсілдің немесе әдістің қайсысын болмасын әйтеуір біреуін қолданғанымен сөйлеу тілі
бұзылуының ерекшелігі туралы бірден қорытынды жасауға болмайды. Тек тексерудің
нәтижесін салыстыру және талдау арқылы сөйлеу тілінің ақаулығы туралы анық айтуға
болады. Сөйлеу тілін тексермес бұрын ата-аналармен әңгіме өткізілу қажет.
Әңгімелесудің барысында баланың қандай аурумен ауырғаны, жарақаттанғандығы және
сөйлеу
тілінің
дұрыс
қалыптаспауына
зиянын
тигізетін
тәрбие
жағдайы
анықталады.(анамнез жинақтау) Ата-аналардың берген мәлімдемелері баланың сөйлеу тілі
бұзылуының көрінісін түсінуге жәрдемін тигізеді. Сөйлеу тілі ақаулықтарының шығу
себептерін дұрыс анықтау үшін, логопед баланың сөйлеу тілінің қалай дамығандығын көз
алдына келтіру керек. Сондықтан, баланың тілі қай жасынан бастап шыққаны, бірінші
сөзді қашан айтқаны және сөздің басын құрап сөйлеуді қашан бастағаны, одан әрі қарай
сөйлеу тілінің қалай дамығандығы, мектепке барардың алдында оның сөздік қорының
және грамматикалық құрылысының шамасы қалай қалыптасқандығы туралы мәліметтерді
ата-аналардан
сұрай
отырып
жинау
қажет.
Ата-аналармен әңгімелесу кезінде баламен күнделікті қатысып, араласып жүрген
адамдардың тілдерінің дамуындағы деңгей шамалары туралы, олардың арасында
сақаулары және бірнеше ұлттың тілдерін араластырып сөйлейтіндерінің бар-жоқтығын,
сонымен бірге, баланың сөйлеу тілінің дұрыс дамып қалыптасуына ортаның қандай ықпал
тигізгендігін анықтайды. Ең маңыздысы, бала өзінің сөйлеу тілінің ақаулығын түсіне ме
және оған баланың көзқарасы қандай, яғни уайымдамайма соны білу керек. Сонымен
бірге ата-ананың логопедтен бұрын дәріс алғанын және қандай нәтиже бергенін анықтау
керек.Орталық сөйлеу аппараты адамның миында орналасқан. Ол ми қыртысынан
(көбінесе сол жақ мидың) ми қыртысы астындағы ядролардан, ми өзегі ядроларының,
соларды жалғайтын жүйке жолдарынан және тыныс жолдары дауыс және ауыз сөйлеу
процесіне қатысы бар еттер мен сіңірлердің нервтерінен тұрады.Адам сөйлеу үшін мидың
әртүрлі бөлігі қатысады, дегенмен де ми қыртысының кейбір бөліктері басты роль
атқарады. Олар ми қыртысының шеке, самай, төбе және шүйде бөліктері, әсіресе мидың
сол жақ қыртысы. Ми қыртысының шеке бөлігіне орналасқан (төменгі қыртысына) Брока
орталығы, адамның дауыс шығарып сөйлеу процесстері осы орталықтың арқасында іске
асады. Ал ми қыртыстарының самай бөлігіне, Вернике орталығына басқа адамның
сөйлеген сөзін естіп түсіну қабілетін іске асыратын орталық орналасқан.Осыған
байланысты адам басқа адамның сөйлеген сөзін естіп, түсінеді.Сөйлеу аппаратының
барлық органдары мидан шығатын жүйкелермен қамтамасыз етілген. Шеткі сөйлеу
аппараты негізінен үш бөліктен тұрады:
1) демалу бөлігі
2) дыбыс шығару бөлігі
3) Дыбысты құбылтып- өзгерту бөлігі
Артикуляция дегеніміз- әрбір дыбыс шығарардағы сөйлеу органдарының орналасу қалпы.
Артикуляция аппаратының құрамына мұрын және ауыз қуыстары мен көмекей кіреді.
Артикуляция органдары белсенді органдар және енжар органдар болып екіге бөлінеді.
Белсенді органдарға тіл, төменгі жақ сүйектері, ерін және жұмсақ таңдай жатады.
Енжар органдарға таңдай сүйектері, жоғарғы жақ сүйектері және тістер жатады.
Артикуляциялық аппараттың құрылысында әртүрлі іштен туылған кемістіктер болуы
ықтимал, соның әсерінен баланың дыбыс шығару қабілеті бұзылады. Сөйлеу кемістігінің
себептерін анықтау үшін сөйлеу органдары мен олардың кемістіктерін білу қажет.
Дәріс мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар.
1. Сөйлеу аппаратындағы өзара бірлескен үш функцияның қызметіне сипаттама жасаңыз.
2. Тыныс алудың негізгі функциясы. Тыныс алудың типтері. Өкпенің сыйымдылығы.
Сөйлеудегі тыныс алу механизмі.
3. Дыбыстарды құрудың механизмі.
Әдебиет:
1. Қ.Өмірбекова, Қ.Серкебаев Логопедия (оқу құралы) Алматы- 1996ж
2.Гриншпун
Б.
М.,
Ляпидевский
С.
С.
О
классификации
речевых
расстройств//Расстройства речи у детей и подростков. — М., 1969.- С. 40- 59.
3. Гвоздев А. Н. Вопросы изучения детской речи. — М., 1961.
4. Левина Р. Е. Основы теории и практики логопедии. — М., 1968.- С. 7 30.
5. Правдина О. В. Логопедия.-- М., 1973. С. 5-20.
6. Шаховская С. Н., Кочергина В. С. Развитие речи детей в процессе
онтогенеза//Расстройства речи у детей и подростков. — М., 1969. — С. 30-39.
1.4 Сөйлеудің анатомиялық-физиологиялық механизмдері
Аннотация: Сөйлеу тілінің анатомиялық физиологиялық механизмдерінің
кемшіліктеріне сипаттама
Кілт сөздер: Перифериялық сөйлеу аппараты, механизм,артикуляция.
Жоспар:
1. Сөйлеу органының физиологиясы
2. Перифериялық сөйлеу аппараты
Дәріс тезисі: Сөйлеудің анатомиялық-физиологиялық механизмдері біріншіден, қалыпты
сөйлеудің дамуындағы күрделі механизмді тануымыз, екіншіден сөйлеу тіліндегі
кемшіліктерді талдауымызға, үшіншіден, коррекциялық жұмыстардың жолдарын
анықтауымызға негіз болады. Тіл – адамның ең жоғарғы психикалық функциясын
орындайтын күрделі процесс. Сөйлеу актісі бас миындағы күрделі органдардың жүйесі.
Тіл – қарым-қатынас құралы. Адамның сөйлеуі анық, таза, дәл болуы үшін сөйлеу
органдарының қозғалысы да соған сай болуы керек. Аталған күрделі процесті жүзеге
асырушы механизмнің әрекетін түсінуіміз үшін сөйлеу аппаратының құрылысын жақсы
білуіміз керек. Сөйлеу аппараты өзара байланысқан екі бөлімнен: орталық (реттеуші)
сөйлеу аппараты және перифериялық сөйлеу аппаратынан тұрады. (суретін салу керек)
Орталық сөйлеу аппараты бас миында орналасқан. Ол бас миының қабықшаларынан (сол
жақ жарты шарлар), қабық асты жүлгелерден, өткізгіштік жолдардан, сопақша мидағы
бағандардан және тыныс алу, дауыс шығару, артикуляциялық бұлшық еттерге қарай
баратын нервтерден тұрады. Орталық сөйлеу аппараты мен оның органдарының
атқаратын қыметі ерекше. Тіл басқа да жоғарғы нерв әрекетінің қызметі сияқты
рефлекстер негізінде дамиды. Сөйлеу рефлекстері бас миының белгілі бір аумақтарының
әрекетімен байланысты. Бас миының кейбір бөлімдері, яғни маңдай, самай, төбе бөлімдері
жетекші қызмет атқарады. Маңдайдағы ми қатпарлары (Брока орталығы) ауызша сөйлеу
кезіндегі қимылдық белсенділікті арттырады. Самай бөліміндегі ми қатпарлары (Вернике
орталығы) басқа адамның айтқан сөзін түсінуімізге көмектеседі. Бас миының төбе бөлігі
сөз мағынасын ажыратуымызға жағдай жасайды. Шүйде бөлігі көру қабілетіміз арқылы
жазбаша сөйлеу қабілетімізді жүзеге асырады. Осы бөлік арқылы оқу мен жазу кезіндегі
әріптердің бейнелерін тануға үйренеміз. Шүйде бөлігіндегі ми қатпарларының көмегімен
бала ересектердің айтқан сөздерінен зейін аударуға, дыбыстардың артикуляциялық
кескінін ажыратуға дағдыланады. Қабық асты ядролар сөйлеу ырғағын, сөйлеудің
мәнерлілігін бақылайды. Өткізгіштік жолдар перифериялық сөйлеу аппаратындағы екі
түрлі нерв жолдарымен байланысып жатыр. Олардың бірі Брока орталығынан басталатын
қимылдық нервтер бас миының қабықшаларын перифериялық сөйлеу аппаратындағы
қимылды реттегіш бұлшық еттермен байланыстырса, екіншісі сөйлеу органдарының
әрекетін реттеуші нервтермен (жұтқыншақта орналасқан) байланысады. Перифериялық
сөйлеу аппаратының барлық органдары бас сүйегіндегі негізгі нервтер: үштік нерв, бет
нервісі, тіл, жұтқыншақ нервтері, тіл асты нервтері, тітіркендіргіш нервтер арқылы
иннервацияланады. Аталған нервтердің барлығы белгілі бір қызмет атқарады. Үштік
нервтер астыңғы жақ сүйектерінің қозғалысын реттеуші бұлшық еттерді нервтендіреді,
бет нервісі мимиканың орындалуына қажетті бұлшық еттерді, соның ішінде еріндердің
қозғалысын нервтендіреді, тіл, жұтқыншақ нервтері мен тітіркендіргіш нервтер кеңірдек
пен дауыс қатпарларын, жұтқыншақ пен жұмсақ таңдайды нервтендіреді. Сонымен қатар,
сөйлеу кезіндегі тыныс алу мен жүректің жұмысын реттеуші нервтер де іске қосылады.
Бас сүйегінде орналасқан нервтер арқылы орталық сөйлеу аппаратынан перифериялық
сөйлеу аппаратына импульстер тарайды. Нерв импульстері сөйлеу органдарының
қозғалысын жүзеге асырады. Осы аталған күрделі жүйе сөйлеу механизмінің бір бөлігі
болып табылады. Екінші бөлімде перифериялық сөйлеу аппаратынан орталыққа қарай
бағытталған кері байланыс жүзеге асады.
Перифериялық сөйлеу аппараты үш бөлімнен: тыныс алу, дауыс шығару,
артикуляциялық бөлімдерден тұрады. Тыныс алу бөліміне көкірек клеткасы, бронха және
трахея жатады. Бұл бөлім сөйлеу актісі кезіндегі тыныс алуды, дем шығаруды реттейді.
Дауыс шығару бөлімі кеңірдек пен оның қатпарларынан тұрады. Артикуляциялық бөлім
тіл, ерін, жақ сүйектері, жұмсақ және қатты таңдай, альвеолдардан тұрады. Көрсетілген
сөйлеу қызметін атқарушы органдардың бірлескен жұмысы сөйлеу органының
физиологиясын құрайды. Сөйлеу органының физиологиясы бір-бірімен өзара байланысты
ауа жолдарының түзілуі, дыбыстардың құрылуы (фонация), сөйлеудегі дыбыстардың
шығуы (артикуляция) деп аталатын негізгі үш функцияны атқарады. Ауа жолдарының
түзілуі дыбыстарды құру мен сөйлеудің пайда болуы үшін қажет және ол тыныс алу актісі
процесінде жүзеге асырылады. Сөйлеу органдарының әрекетін мақсатты түрде тыныс
алудан бастап қарастырған дұрыс. Тыныс алу аппаратының негізгі бастауы газ алмасу
арқылы пайда болады. Бұлайша алмасу процесі өкпедегі тыныс алу фазалары дем алу мен
дем шығарудың кезекті түрде жаңарып отыруына байланысты. Дем алу кезінде көкірек
клеткасы алға қарай жоғары және төменгі бағыттарда кеңейіп отырады. Қалыпты тыныш
жағдайдағы дем алу мен дем шығару мұрын арқылы жүзеге асады. Ол үшін мұрын
жолдарының жұмысы қалыпты болуы керек. Тыныс алу негізгі үш типке: бұғаналық
тыныс алу, қабырғалық тыныс алу, диафрагмалық тыныс алу болып бөлінеді. Бұғаналық
тыныс алуда бел мен жоғарғы қабырға жоғары көтеріліп, қорытындысында көкірек
клеткасының жоғарғы жағы кеңейеді. Қабырғалық тыныс алуда көкірек клеткасы алға
және жанға қарай кеңейеді. Сөйлеу тыныс шығару фазасында орындалады, сондықтан
сөйлеу кезіндегі дыбыстық үзілістерді орындау үшін ұзаққа созылған тыныс алу қажет.
Себебі, сөйлеу кезіндегі үзілістерді қысқарту үшін тыныс алу керісінше қысқа болуы
қажет. Сөйлеудегі бірінші ерекшелік, қалыпты тыныс алудан сөйлеу кезіндегі тыныс
алуда дем шығару 5-8 рет дем алудан ұзағырақ болуы керек. Екінші ерекшелігі, сөйлеу
кезіндегі тыныс алу қозғалыстары екі есеге қысқарады. Терең және жылдам тыныс алудың
қажеттілігі, яғни сөйлеу кезіндегі тыныс алудың үшінші ерекшелігі болып табылады. Бұл
кезде тыныс алу мұрын арқылы емес, ауыз арқылы жүзеге асады. Сөйлеу кезіндегі тыныс
алудың төртінші ерекшелігі, дем шығарудың дем шығарушы бұлшық еттер арқылы жүзеге
асуы. Бұл терең тыныс алу мен дем шығаруды қамтамасыз ету үшін және сөйлеу кезіндегі
ауа қысымының қалыпты болуы үшін қажет. Баланың қалыпты сөйлеу кезіндегі тыныс
алуы сөйлеу тілінің дамуы арқылы қалыптасады. Есту қабілеті бұзылған балаларда (олар
сөйлеу тіліне үйренбегендіктен) сөйлеу кезіндегі тыныс алудың бұзылымдары жиі
кездеседі. Ол бұзылулардың түрлері, терең дем алудың жетіспеушілігі, сөйлеу кезіндегі
ауаны дұрыс үнемдей алмау.
2. Дыбыс шығарудың механизмдері кезінде қалыпты тыныс алуда кеңінен ашылып,
үшбұрышқа ұқсас форманы құрайды. Фонация кезінде шынайы дыбыс құраушы органдар
бір-біріне жанасады. Фонация кезіндегі дыбыстардың байланысуы толқындарға
ұшырайды. Сыбырлау механизмі дем шығаруда ғана емес, дем алуда да жүзеге асады.
Сыбырлау мезанизмі кезінде дыбыстық байланыстарды түзушілер толығымен
жанаспайды, арасында орын қалады.Фальцет механизмінде шынайы емес ер адамның
дауысы шығады. Ол кезде дыбыстық байланыстар толығымен жанаспайды. Дауыстың
күші, биіктігі, тембрі дауыстың қасиеттерін құрайды. Дыбыстың күші жұтқыншақ, ауыз
қуысы, мұрын қуысы арқылы жүзеге асады. Дауыстың биіктігі дыбыстық байланыстар
неғұрлым жоғары болған сайын дауыс жоғары болады, керісінше төмен болса, дауыс
төмендейді. Сөйлеу тілінде кемшілігі бар баланың сөйлеу органдарын тексеру жұмысы
анамнез (баланың жалпы дамуы мен сөйлеу тілінің даму жағдайын еске түсіруден)
жинақтаудан басталады. Мұндай ақпараттар баланың жақын адамдарынан әңгімелесу
арқылы анықталады. Анамнез жинақтау кезінде баланың жалпы дамуы мен сөйлеу тілінің
дамуындағы ерекшеліктер, сөйлеу тілінің бұзылуына себеп болған жағдайлар, есту
қабілетінің күйі, баланың ауырған аурулары, отбасының жағдайы, сөйлеу ортасының
ерекшелігі анықталады. Сөйлеу органдарының құрылымы мен функциясының бұзылуы
тексеру мен функционалдық зерттеулер арқылы анықталады. Сөйлеу органдарының
көпшілігі, яғни тереңде орналасқан ауыз қуысы, мұрын қуысы, жұтқыншақ қуысы,
өңешке тексеру жасау жасанды жарықтандыру мен арнайы құралдардың көмегімен
жүргізіледі. (70 сурет).Мұрынның немесе оның алдыңғы бөліктерін тексеруде үлкен
бармақпен мұрынның ұшынан артқа қарай итеру арқылы тексереміз. Ауыз қуысы мен
жұтқыншақты тексеруде тілді артқа қарай ағаш немесе темір шпательмен итеріп
тексереді. Бұл кезде тілдің ұшы мен таңдайға тигізбей құсу рефлексін болдырмай жүргізу
керек. Ауыз қуысы мен жұтқыншақты тексеруде еріннің, жақтың, жұмсақ және қатты
таңдайдың, езудің, жұтқыншақтың артқы жағының орналасуына көңіл аудару керек.
Дауыстағы кемшіліктер баланың сөйлеуі арқылы анықталады. Дауыстың күші (әлсіз,
қатты, шіңкілдек), дауыс регистрі (көкіректік, бас, аралас), дауыстың тазалығы (таза,
қырылдақ), маңқалық (ашық, жабық). Сөйлеу органдарына тексеру жүргізу баланың
тәртібіне байланысты қиындап, жеңілдеп отырады.
Дәріс мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар
1. Орталық сөйлеу аппаратының құрылысын ата.
2. Перифериялық сөйлеу аппаратының құрылысын анықта.
3. Сөйлеу аппаратындағы өзара бірлескен қызмет түрлеріне сипаттама жасаңыз.
4. Сөйлеу органының физиологиясына сипаттама жаса.
Әдебиет:
1. Қ.Өмірбекова, Қ.Серкебаев Логопедия (оқу құралы) Алматы- 1996ж
2.Гриншпун
Б.
М.,
Ляпидевский
С.
С.
О
классификации
речевых
расстройств//Расстройства речи у детей и подростков. — М., 1969.- С. 40- 59.
3. Гвоздев А. Н. Вопросы изучения детской речи. — М., 1961.
4. Левина Р. Е. Основы теории и практики логопедии. — М., 1968.- С. 7 30.
5. Правдина О. В. Логопедия.-- М., 1973. С. 5-20.
1.5 Сөйлеу тілінің бұзылуын жүйелеу туралы ілімнің тарихынан.
Аннотация: Тілдік бұзылымдардың жүйеленуі.
Кілт сөздер: фонация, функция,патология
Жоспар:
1. Дауыстың бұзылу патологиясы
2. Дыбыс шығару қатпаралары
Дәріс тезисі: Дауыстың бұзылуы дегеніміз – дауыс шығару аппаратының патологиялық
өзгерістердің әсерінен фонацияның болмауы немесе бұзылуы.
Дауыс патологиясын анықтаудың негізгі екі термині қабылданған: афония – грек
тілінен аударғанда дауыстың түгелімен болмауы және дисфония – дауыс күшінің,
биіктігінің тембрінің ішінара болмауы. Дауыстың бұзылуы сөйлеу тіліндегі
кемшіліктердің классификациясына сәйкес (3) сөйлеудегі фонациялық әуезділіктің
бұзылуына жатады. Қалыпты жағдайдағы дауыс пен оның дамуы түрлі мінездемесіне
сәйкес дауыстың дыбыс қатпарлары арқылы толқындарға ұшырап шығуы. Дыбыс – ауа
толқындарының тітіркендіргіштер түріндегі тербелісі. Адамның дыбысын шығарушы
дыбыс қатпарларынмен танылатын өңеш. Дауыстың биіктігі – толқынды тербелістердің
есту органы арқылы субъективті түрде қабылдануы. Қабылданатын дауыстың негізгі тоны
герцпен өлшенеді және қалыпты сөйлесуде ерлерде - 85-200 ГЦ, әйелдерде – 160-340 Гц
аралығында өзгеріп отыруы мүмкін.Сөйлеудің функционалдық жүйесі бас миының
әрекетіндегі көптеген құрылымдарына негізделеді. Олардың әрбіреуі сөйлеу әрекетінің
нақты спецификалық операцияларын атқарады.Соның ішінде А.Р.Лурия мидағы әрекеттің
үш функционалдық блогын ұсынады.Бірінші блогы қабықтық бөлінулерді қамтамасыз
етеді. (жоғарғы бағандардың пайда болуы) Бұл блок қабықтың қалыпты және сергектік
қасиеттерін сақтайды. Екінші блогы үлкен жарты шарлардың артқы бөлігіндегі
қабықтарын қамтамасыз етіп, сыртқы ортадан алынған ақпараттардың өңделуі мен
сақталуын жүзеге асырады және мидың (гностикалық) танымдық процестерін жүзеге
асырушы негізгі аппараты болып табылады. Оның құрылымында бірінші, екінші, үшінші
зоналар болады.Бірінші зонасы – қабықтық жобалау зонасы, жоғары спецификалық
ерекшеліктерге ие нейрондар орналасқан. Ол сезім органдарынан сезімтал ақпараттарды
қабылдау қызметін атқарады. Екінші зонасы – бірінші зоналар қабылдаған
қоздырғыштарды анализдейді. Екінші зоналар бірінші зоналар сияқты көру, есту қызметін
атқаруда спецификалық ерекшеліктерін көрсетеді. Үшінші зона – алынғын түрлі
ақпараттарды анализдеу, синтездеу кезіндегі қызметті атқаруға көмек береді. Үшінші блок
үлкен жарты шарлардың алдыңғы қатарындағы қабықтарын құрайды. Мұнда бағдарлау,
адам тәртібін бақылауға алу және ретке келтіру жұмыстары жүзеге асады. Сөйлеу әрекеті
барлық блоктың өзара байланысқан жұмысының нәтижесінде жүзеге асады. Сонымен
қатар, әрбір блок сөйлеу процесінде нақты және спецификалық қызмет атқарады.
Логопедияның категориялық аппараты норма мен сөйлеудің бұзылуы арасындағы
қабылданған жалпы ережелер негізінде сөйлеу әрекетінің тілде қолданылуы анықталады.
Дәріс мазмұны бойынша сұрақтар мен тапсырмалар
1. Орталық сөйлеу аппаратының құрылысын ата.
2. Перифериялық сөйлеу аппаратының құрылысын анықта.
3. Сөйлеу аппаратындағы өзара бірлескен қызмет түрлеріне сипаттама жасаңыз.
4. Сөйлеу органының физиологиясына сипаттама жаса.
Әдебиет:
1. Қ.Өмірбекова, Қ.Серкебаев Логопедия (оқу құралы) Алматы- 1996ж
2.Гриншпун
Б.
М.,
Ляпидевский
С.
С.
О
классификации
речевых
расстройств//Расстройства речи у детей и подростков. — М., 1969.- С. 40- 59.
3. Гвоздев А. Н. Вопросы изучения детской речи. — М., 1961.
4. Левина Р. Е. Основы теории и практики логопедии. — М., 1968.- С. 7 30.
5. Правдина О. В. Логопедия.-- М., 1973. С. 5-20.
6.Шаховская
С. Н., Кочергина В. С. Развитие речи детей в процессе
онтогенеза//Расстройства речи у детей и подростков. — М., 1969. — С. 30-39.
2модуль. Тіл кемшіліктерінің психологиялық – педагогикалық жіктелімі
1.1
Жалпы сөйлеу тілінің жетіспеушілігі
Аннотация: Жалпы сөйлеу тілінің кемшілігі балалардың сөйлеу тіліндегі күрделі
патологиялық кемшіліктердің формалары
Кілт сөздер: алалия, афазия, дизартрия, ринолалия
Жоспар:
1. Жалпы сөйлеу тілінің патологиялық кемшіліктері
2. Патологиялық кемшіліктердің даму жағдайы
Дәріс тезисі: Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы – қалыпты есту мен сақталған интеллект
кезіндегі сөйлеудің барлық компоненттерінің , яғни сөйлеудің мағыналық және дыбыстық
жағының бұзылуымен сипатталатын түрліше анықталатын сөйлеудің бұзылуы.
Жалпы сөйлеу тілінің дамымауы туралы мәселелерге теориялық тұрғыдан алғаш рет
анықтама жасаған Р.Е.Левина, Г.А.Каше, Л.Ф.Спирова, Г.И.Жаренковалар болды. ХХ
ғасырдың 50-ші жылдарында сөйлеудегі кемшіліктерді жоғары психикалық
функциялардың негізіндегі анықталатын дамудың ауытқушылығы деп қарастырды.
ЖСТД жүйелі түрде қарастырудың нәтижесі ол балаларды мектеп бағдарламасын игеруге
мүмкіндік жасай отырып, арнаулы білім беру мекемелеріне саралаудың қажеттілігін
анықтады. Жалпы сөйлеу тілінің кемшілігі балалардың сөйлеу тіліндегі күрделі
патологиялық кемшіліктердің формасында, яғни алалия, афазия, дизартрия, ринолалия
кезінде бақыланады. Фонетикалық-фонематикалық сөйлеу тілі бұзылған балалардың
қатарына қалыпты дамудағы балалар жатады. Логопедия ғылымының даму жетістіктері
(Р.М.Боскис, Р.Е.Левина, А.Р.Лурия, Ф.А.Рау, Е.Ф.Рау, М.Е.Хватцев) артикуляторлық
интерпретация арқылы естілетін дыбыстардың түрлі деңгейде естілуі төмендеп
қабылданатынын
анықтады.
Фонетикалық-фонематикалық
сөйлеудің
бұзылымы
анықталған
балалардың
артикуляторлық
процестерінің
аяқталмайтыны
және
фонемаларды қабылдауы дыбыстарды қабылдау мен артикуляцияның аяқталмаған
күйінде орындалатыны анықталған. Фонетикалық-фонематикалық дамудың жағдайы
дыбыстарды қабылдау анализінің дамуына ықпал етеді. Екінші рет пайда болған
фонетикалық-фонематикалық сөйлеудің бұзылымы органдардың анатомиялық және
қимылдық кемшіліктер кезінде байқалады.Сөйлеу тілі дамуының бірінші деңгейінде
тілдің мүлде қалыптаспауы жатады.Ондайларды мақау балалар дейді.Бұл деңгейдегі
балалардың кісімен тілдескенде анық байқалатын тіл кемістіктері мынадай болып келеді:
былдырлап сөйлеседі, жеке дыбыстарға еліктейді, жекелеген зат есімдік сөздермен
күнделікті тұрмыста айтылып жүрген етістік сөздерді пайдаланады, сөйлемді былдырлап
мүлде түсініксіз етіп үзіп-үзіп айтады,сөйлемде дыбыстар анық айтылмайды, әрі
тұрақсыз,құбылмалы келеді.Олар айтайын деген ойын қолдарын ербеңдету арқылы бет-
аузын қисаңдатып,ымдап түсіндіруге тырысады.Байланыстырып сөйлеу тілі мүлде
дамымаған.Сөйлеу тіл дамуының екінші деңгейіне ауысудың белгісі сол, онда ымдау мен
былдыр сөзден басқа бұрмаланған болса да айтарлықтай тиянақты жалпы қолданылатын
сөздер пайда болады. Мысалы: Қыс. Балалар шана теуіп жүр.Кейбір грамматикалық
тұлғаларды ажыратуы бір мезгілде байқалады.Сөзді көп білмейтіндіктен баланың тілі
кедей, ол өзі білетін заттардың атын атаумен және қимыл-іс әрекеттерін айтып берумен
ғана шектеледі.Бірінші деңгейдегі балаларға қарағанда суретке қарап және сұрақ бойынша
әңгімелеуді қарапайым, әрі қысқа болғанмен грамматикалық құрылысы мен сөз тізбегі
біршама дұрыс.Балалар заттың атын білгенмен, оны құрайтын бөлшектерін атауға
келгенде қиналады(ағаштың бұтағы,жапырағы, түбірі,тамыры), ыдыс-аяқтардың,
жануарлардың төлдерінің аттарын білмейді.Міне, осының бәрі бұндай балалардың сөздік
қорының тым кедей екендігін көрсетеді.Жалпы тіл кемістігінің екінші деңгейіндегі
балалар төмендегідей сипатталады:
1.Балалардың белсенді сөздігі зат есім,етістік,сын есім,үстеу сөздерімен толықтырылады.
2.Сәтсіз болса да бұл деңгейдегі балалар септік жалғаулар мен жұрнақтарды пайдалана
бастағаны байқалады.
3.Бұл деңгейде балалар сөзді байланыстырып сөйлей бастайды.
4. Сөзді түсінуі жетіледі, белсенді және енжар сөздіктері толығады.
5. Әлі де көп дыбыстарды және кейбір сөздерді дұрыс айта алмайды. Дыбыстық
талдау,жинақтау әдістерін игеруге дайын еместігі байқалады.Сөйлеу тілі дамуының
үшінші деңгейінде сөйлем құрылысында лексикалық-грамматикалық және фонетикалық-
фонематикалық элементтердің жетілмейтіндігін сипаттайды.Осындай дәрежедегі, әсіресе
мектеп жасына дейінгі балалар айналасындағылармен тілдесіп, сөйлесе алады, бірақ
қанша дегенмен де өзінің айтайын деген ойын анықтап түсіндіре алмайды. Баланың тілі
жетіліп жаңа дыбыстармен толықтырылған әр түрлі буындары бар сөздердің айтылғанда
сөздегі дыбыстардың дұрыс,дұрыс емесін және олардың бұзылу ерекшелігін айқындауға
болады,сөз тіркесін байланыстырып сөйлеу мүмкіншілігі артады.Бала өмірден алған
тәжірибесінің нәтижесінде күнделікті тұрмыстағы өзіне жақсы таныс болып қалған
атын,түсін,тұлғасын,сапасын,белгісін және хал-жайын сөйлеп беруге енді бұрынғыдай
қиналмайды. Олар өздерінің үй-іші туралы, өзі және достары туралы айналасында болып
жатқан тіршілік туралы емін-еркін әңгімелеп бере алады,қысқа әңгіме де құрастырады
Бала сөзді емін-еркін қолданып сөйлегенімен, сөйлеу тілі дұрыс дамымаған
қатарластарына қарағанда , өздігінше сөйлем құрастыру кезінде үлкен қиындық көреді.
Сонымен сөйлеу тілі дамуының үшінші деңгейі мынандай кемшіліктермен сипатталады:
Бала ауызекі байланыстырып сөйлегенде кейбір сөздерді білмейтіндігі және дұрыс
қолдана алмайтындығы байқалады.Сөздік қорында көбінесе зат есім, етістік көп кездеседі
де сын есім,үстеу таптары аз кездеседі.2.Тілдің грамматикалық жағының дамымағаны
байқалады.Балалар септік жалғауларды, жұрнақтарды қолдануда қате жібереді.Сөз
өзгерту қабілеті мүлдем дамымаған.3.Сөйлегенде көбінесе тек жәй сөйлемдерді
қолданады,құрмалас сөйлемдер сирек кездеседі.4.Бұл деңгейдегі көптеген балаларда
сөздің буындарын дұрыс айтпау кемшіліктері сақталады да дыбыстық талдау, жинақтау
әдісін меңгеруде қиындық туғызады
Достарыңызбен бөлісу: |