Марат Қабанбаев (1948 – 2000)


Қали аяғына сұққан ала таспалы кроссовканың



бет4/13
Дата04.11.2023
өлшемі51,12 Kb.
#189432
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Бауыр
Chapter 3, Blue, Brown And Pink Modern Minimalist Thesis Presentation, Слайд № 1. Неделя 2., English File 4th edition Elementary TG, “Орта білім беру ұйымдарындағы әдістемелік жұмыс мазмұны мен құрылысы» кестесін жасау, Қарт теугеушінің әңгімесі, ЭЕМм программасын тіркеу туралы өтінішхат-1, Lecture 1. Introduction and history, Жүнісбеков
Қали аяғына сұққан ала таспалы кроссовканың тұмсығымен көлденең жатқан қиқым шөпті қуалай түрткілеп, бейжай сылбыр тұр.
− Кел, отырайық!- деді Манап ағаш орындықтың шетіне құйрық басып.
Отырды.
− Халың қалай, Қали?
Төрекелдиевтерге заман шекесінен қараған жылы балалар үйіне өтіп кеткен төрт жасар баладан бұл күнде сойталдай бозбалаға айнала салған Қалиға: «Халың қалай, інім?» − деуге аузы бармады. Десе Қали мұның аға екеніне сенбей қоятындай, құлағына ілмейтіндей жүрексінді.
− Спасибо. Так себя... − Қалидың көзі батып бара жатқан күннің қалың жапырақ арасынан суырылып түскен алып қашты сәулесіне шарпысып отыр.
«Қайтсін, кіндігі бір болса да, өскен ортасы басқа. Адам жаңа қалпақ екеш қалпақты да байқап-байқап киеді. Жер астынан шыққан Желім батырдай жабыса кеткен жаңа ағасын жатсынып отыр ғой. Өзіме де обал жоқ. Әуелі хат жазып, тіл алмасып, ағайын, аға жайын құлағына жайлап сіңіріп алған жөн еді. Жиырманың төртеуіне келген мен бүйтіп берекем қашып, күлім шашылғанда, бесіктен белі шықпай жатып, туған жерден шығандап кеткен бұған не жорық!» - деп ойлады Қалидың дөңес мұрын, кесек пішінді бетіне іші езіле елжірей қарап қалыпты.
− Оқуың қалай? Биылғы класын сегізде ме?
− Сегіз... А... Иә... − Қали басын әнтек изеді.
− Жатар орын, киер киім, ішер ас... таршылық көріп жүрген жоқсың ба?
Қали: «Осы не деп отыр?» - дегендей бар денесімен бұрылып, жігітке тесіле қарады. Орынсыз сұрақ қойғанын кеш білген Манаптың бетінен оты шықты. Аға болу қиын шаруа екен. Қалиды қайдам, ініге аға болып, еміренуден Манап қалыпты. Ойлап отырса, он бір жыл бұрын, Қалиды балалар үйіне тапсырып тұрып, сорасы ағып, үнсіз жылағанда ғана аға болыпты. Қазір ол аралық сезім ұмыт. Сүт пісірім бұрын Қалиды көргенде ғана кеудесіне нұр құйылды. Осы минутта оның орнына у құйылғандай. Әр нәрсенің басын бір шолып, уақыт өткізу - мына тірлігі. Балалар үйіндегі таршылық-молшылықта не жұмысы бар? Қали алда-жалда шамданып қалып: «Таршылық керетінімді білсеңдер он жыл бұрын балалар үйіне қолдарыңнан бермес пе едіңдер?» - десе, не бетін айтады? Әйтпесе: «Бөліп беретініңіз бар ма?» - деп төтеден салса ше... Қалай айтса да орынды, көтеріп аласың. Сымдай тартылып, серіппедей атылғалы отырған Қалидың, мемлекет қамқорлығындағы Қалидың, өз халінен, жалаң аяқ студент жағдайынан көш ілгері. Оң-солын танып қалған бала оны білмейді дейсің бе?
Жалпы, іштей қорқып отыр. Алматыдан аттанғалы іштей дайындап, неше қайтара пысықтап келген басты сауалын қабырғадан қойып, сөзді ашыққа шығарудан тайқақсиды. Әйтпесе: «Халің қалай, жатар орын, киер киім, ішер ас...- деп күмілжу - он бір жыл кермеген ініге қояр сұрақ па? Кеше келіп, бүгін кетіп, күнде төс тигізіп жүрген жанның сөзі ғой бұл, әншейін. Өз-өзін әуелі осылайша іштей сөгіп, сон соң қайрап алды да, бір деммен:
− Ауыл есіңде ме? Көкем, мен...

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет