Математика əдістемелік нұсқау


сабақ. 2–5 сандарына көбейту жəне бөлу кестесін бекіту



бет224/327
Дата23.01.2022
өлшемі1,84 Mb.
#113558
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   327
Байланысты:
docx1559971764

сабақ. 2–5 сандарына көбейту жəне бөлу кестесін бекіту

Тақырыбы:Күн тəртібі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

2-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқыту мақсаттары

2.1.2.4 ** 2; 3; 4; 5 сандарына көбейту мен бөлу кестесін құру, білу жəне қолдану.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

•5 -ке көбейту мен бөлу кестесі қалай құрылғанын біледі жəне түсіндіре алады.



Көптеген оқушылар:

•5-ке көбейту мен бөлу кестесін біледі жəне қолданады.



Кейбір оқушылар:

•5-ке көбейту мен бөлу кестесін есептеулерде қолданады.






Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

•5-ке көбейту кестесі қалай құрылғанын түсіндіре алады. Пəндік лексика жəне терминология:

5 -ке көбейту мен бөлу кестесі; көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті, көбейту мен бөлудің байланысы.


Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы

Талқылау: Есептеулерде қандай ережені қолдандыңдар?

Келесі қандай өрнек болады?

Осы мысалдың жауабын тез есептеу үшін нені білу керек?


Жазу:

5 санына көбейту мен бөлу кестесін жазу.



Тірек білім, білік, дағдылар

2-4 сандарына көбейту мен бөлу кестесі, көбейту мен бөлудің байланысы. Көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.

Жоспар

Жоспарланған уақыт (минут)



Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар

0–3




Қызығушылықты ояту.

Бүгінгі математика сабағында біз жылдам əрі дұрыс есептеп қана қоймай, сонымен бірге біздің əрқайсымыз күн тəртібін сақтау үшін не істей алатынымыз туралы білетін боламыз.





4–6



Өзектендіру.

Мұғалім оқушыларға зерттеу есебін береді. Оқулықтағы 1-тапсырма. Өрнектер жұбын қарастырыңдар. Жұптар қалай құрастырылғанын табыңдар. Қандай жұптар дұрыс құрастырылмаған?

Қателерді түзетіңдер.

Оқушылар мысалдардың əр жұбында бірдей жауаптар болатыны, оларды бір көбейту жағдайына келтіруге болатыны, мысалы, 5  7 = 5 + 5  6 (яғни

5-тен 7 рет алдық) туралы қорытынды жасау керек.


Оқулық. Дəптер.

7–11




Мақсат қою.

Оқулықтағы 3-тапсырма – жұппен уақытқа жұмыс істеу. Мұғалім тексеру ұйымдастырады. (Орнынан түсініктеме береді.)

– Жылдам əрі қатесіз санау үшін не қажет болды?

(Көбейту кестесін білу.)

–Барлықтарың тапсырманы жылдам жəне дұрыс орындай алдыңдар ма?

–Біздің сабақтың мақсаты не?



Оқулық.

12–29



Өздік жұмыс

Дəптердегі 1-тапсырма жетістік критерийлері бойынша тексерумен орындалады.



Бағалау критерийлері

5 санына көбейту кестесін жəне оған сəйкес бөлу оқиғаларын білемін.

Есептеулерде үштен артық қате жібермеймін.


Дəптер.




Тексереміз.

–Кім қиындықтарға тап болды? –Қай жерде қате жібердіңдер?

–Жіберілген қатенің себебі не?

Кездескен қиыншылықтарды түзету

–Өздік жұмысты қиындықсыз орындағандар өз əрекеттеріңнің мақсатын құрыңдар.(Қосымша тапсырмалар орындау).

–Қиындыққа кездескендердің жұмыстағы ары қарайғы мақсаттары қандай?

(Өзін-өзі тексеруге арналған үлгіні пайдалана отырып, шешуін түзету).

–Қатені түзеу алгоритмін қолданамыз.

–Əркім өз оқу мақсаттарын айтып береді.






30–40




Өткенді қолдану

Есептерді шығаруда мұғалім оқушылардың назарын

«… есе артық », «...артық» түйін сөздеріне аударады. Оқушылар айырмашылығын анықтайды. Өзіндік жұмыс

Оқулықтағы 4-тапсырманы орындауды ұсынады. Аталған тапсырма топтарда орындалады. Əрбір топ бір шаршыдан таңдайды. Оқушылар кезекпен (келісім бойынша) өрнектер құрастырады, олардың мəндерін табады, жауаптарын салыстырады. Уақыттың созылып кетуін болдырмау үшін жазылған өрнектердің санын (мысалы, алтыдан артық емес) немесе берілген тапсырманы орындауға кететін уақытты (мысалы, 4 минут) анықтауға болады.

Бұдан кейін дəптерден өз бетімен 3-ші жəне 4тапсырмалар орындалады.


Оқулық, дəптер.

41–45



Рефлексия.

–Сабақтың мақсаты қандай болды?

–Кім қателерді түзете алды?

–Кім қателерді түзете алмады?

–Сендердің қателеріңнің себебі неде?

–Қателеріңді түзетуге не көмектесті? (Қателерді түзету алгоритмі, үлгілер, өзін-өзі тексеру үлгілері.)








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   220   221   222   223   224   225   226   227   ...   327




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет