«Математиканы оқыту теориясы» пәнінің оқу-әдістемелік материалы


МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫН ҚҰРУ ПРИНЦИПТЕРІ (СЕМИНАР)



бет29/64
Дата08.06.2018
өлшемі12,33 Mb.
#42110
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64

МЕКТЕП ГЕОМЕТРИЯ КУРСЫН ҚҰРУ ПРИНЦИПТЕРІ (СЕМИНАР)

Қарастыратын сұрақтар:

  1. Геометрия түрлері;

А. Планиметрия

В. Стереометрия

2. 12 жылдық оқыту жүйесіндегі геометрия курсы.

Зерттеу объектісі: орта мектепте геометрияны оқыту процесі.

Зерттеудің мақсаты - орта мектепте геометрияны оқытуда оқушылардың конструктивтік қабілеттіліктерін дамытуды теориялық тұрғыдан негіздеп, оны жүзеге асырудың әдістемесін жасау.

Зерттеудің міндеттері:

-орта мектепте геометрияны оқытуда оқушылардың конструктивтік қабілеттілігін салу есептері негізінде қалыптастыруды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан негіздеу;

-салу есептерін іріктеудің ерекшеліктері мен оларға қолданатын әдістемелік талаптарын анықтау, есептердің деңгейлерін анықтау;

-геометрияны оқыту барысында оқушылардың конструктивтік қабілеттілігін дамыту әдістемесін жасау және олардың тиімділігін тәжірибелік эксперимент барысында тексеру.

Зерттеудің болжамы: егер мектеп геометрия курсына геометрия курсын түгел қамтитын мазмұнды-әдістемелік бағыттардың бірі ретінде конструктивтік есептер жүйесін негіздеп кірістірсе, онда бұл көрнекілік-практикалық және логикалық-дедуктивті тәсілдердің өзара байланыстары негізінде оқушылардың конструктивтік қабілеттілігін дамытудың мақсатты бағытталған процесін қамтамасыз етеді, геометрия курсын меңгеруде жоғары дәрежеге жетуге жағдайлар жасайды.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы:

- конструктивтік геометрияны оқыту бойынша ұсынылатын әдістеме жасалды;

- 5-6 сыныптарға конструктивтік геометрияның алдын-ала оқытылатын есептер топтамасы жасалды;

- 7-9 сынып оқушыларының конструктивтік қабілеттілігін дамытуға бағытталған геометриялық салу есептерінің жүйесі құрылды;

- факультативті сабақтарға конструктивтік есептер жүйесі қарастырылды.

Феликс Клейн 1872 жылы Эрланген программасында геометрия түрлерін алғашқы рет зерттеу нысандарына байланысты зерттеген. Осыған байланысты геометрияның келесі түрлері айқындалады:



  • Евклид геометриясы:

Планиметрия — жазықтағы фигураларды зерттейді.

Стереометрия — кеңістіктегі фигураларды зерттейді.



  • Проектілік геометрия;

  • Аффин геометриясы;

  • Сызба геометрия.

Қазіргі заманның геометриясына тағы бөлімшелер қосылды:.

  • Көпөлшемді кеңістік геометриясы.

  • Евклидтық емес геометрия.

    • Сфералық геометрия.

    • Лобачевский геометриясы.

  • Риман геометриясы.

  • Аралуандық геометриясы.

  • Топология 

Пайдаланған әдістеріне байланысты:

  • Аналитикалық геометрия 

  • Алгебралық геометрия

Геометрия негіздемелері курсының мақсаты – элементар геометрия саласында оқытушы дайындау. Жалпы геометрия пәнін мектеп курсында планиметрия және стереометрия деп екіге бөліп қарастырамыз. Енді соларға тоқтала кетсек:

ПЛАНИМЕТРИЯ
Геометриялық фигураларлар және олардың қасиеттері.
Геометрия-геометриялық фигуралардың қасиеттері туралы ғылым. «Геометрия» грек сөзінен, оны қазақ тіліне аударғанда «жер өлшеу» дегенді білдіреді.

Геометриялық фигуралар алуан түрлі болып келеді.Кез келген геометриялық фигураның бөлігі де геометриялық фигура болып табылады. Бірнеше геометриялық фигураның бірігуі де геометриялық фигура болып табылады. Геометрия практикада кеңінен қолданады. Оны жұмысшы да, инженер де, сәулетші де, суретші де білуі керек. Планиметрия-геометрияның жазықтықтағы фигураларды зерттейтін бөлімі.

Стереометрия

Стереометрия-геометрияның кеңістіктегі фигураларды зерттейтін бөлімі.


Стереометрияда, планиметриядағы сияқты, геометриялық фигуралардың қасиеттері сәйкес теоремаларды дәлелдеу арқылы тағайындалады. Мұнда негіз болатын-негізгі геометриялық фигуралардың аксиомалармен өрнектелетін қасиеттері. Кеңістікте негізгі фигуралар болатындар: нүкте, түзу және жазықтық. Жазықтықты біз үстелдің тегіс беті сияқты етіп кӛз алдымызға келтіреміз, сондықтан да оны параллелограмм түрінде кескіндейміз. Жазықтық, түзу.

«Мектеп курсындағы геометрия» пәнінің алатын орны ерекше. Студенттерді «Аналитикалық геометрия», «Дифференциалдық геометрия», «Топология» сияқты іргелі, негізгі математикалық пәндерді оқып-үйренуге дайындайды. Сонымен қатар студенттердің мектеп математика курсы бойынша алған білімдерін, машықтарын, икемділіктерін жүйелеуді; стандарт және стандарт емес геометриялық есептерді шешу техникасында тәжірибелік дағдыларды игеруді; оқу-танымдық белсенділігін дамыту мен қалыптастыруды мақсат етеді.



12 жылдық оқыту жүйесіндегі геометрия курсы.

12 жылдық оқыту жүйесіндегі 11-12 сынып бейіндік білім берудегі геометрия курсы геометриялық білім жүйесіндегі құзыреттіліктерді дамытуға және бекітуге бағытталады.

12 жылдық мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы
геометрия курсын оқытудың мақсаты – барлық оқушыларды одан әрі білім алуын жалғастыруы үшін және оқу-танымдық, әлеуметтік, тұлғалық құзыреттіліктердің құрамды бөлігі болатын практикалық және математикалық іс-әрекеттер тәсілдері мен әдістерін жетілдіруі үшін геометрия облысындағы дайындықтың қажетті деңгейімен қамтамасыз ету.

Пәнді оқытудың мақсаттарына сәйкес мынадай оқыту міндеттері шешілуі тиіс:



  • тұрақты кеңістіктік түсініктерді және кеңістіктік елестерді дамыту;

  • кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы білім қорын жүйелеу және кеңейту;

  • кеңістіктік фигуралардың қасиеттерін оқу барысында формалды-логикалық ойлау дағдыларын дамыту;

  • кеңістіктік фигураларды кескіндеу дағдыларын дамыту;

  • есептеуге және дәлелдеуге арналған геометриялық есептерді шешу біліктігі мен дағдыларын дамыту;

  • геометриялық есептерді шешуде алгебраны, анализ бастамалары мен тригонометрияны қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту;

  • функционалдық сауаттылықты дамыту;

  • практикалық мазмұнды есептерді шешуде геометриялық әдістерді қолдану біліктігі мен дағдыларын дамыту;

  • геометрия тарихы және оның ғылыми-техникалық прогрестің дамуына әсерімен таныстыру арқылы тұлғаның мәдениетін тәрбиелеу.

Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математикалық бағыттағы геометрия курсының негізгі мазмұндық-әдістемелік бағыттары:

– геометриялық фигуралар және олардың қасиеттерінің бағыты;

– векторлық-координаталық бағыт;

– шамаларды өлшеу бағыты;

– функционалдық бағыт болып табылады.

1-мысал. Тікбұрышты үшбұрыштың катеттеріне жүргізілген медианалары см және см. Оның гипотенузасын табу керек (8-сурет).










Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет