Мазмұны 1-тарау. Спирт технологиясы


Сұрыптамаларды дайындау тәсілдері



бет53/69
Дата05.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#130783
түріҚұрамы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69
Байланысты:
Технология спирта111 (копия)

Сұрыптамаларды дайындау тәсілдері

Сұрыптама деп дайындалған су мен спиртті араластырумен алынған керекті күштілікті сулы-спиртті ерітінділерді атайды. Сұрыптамаларды дайындауды периодты және үздіксіз тәсілдермен іске асырады.
Периодты тәсіл зауыттарда кеңірек тараған, себебі ол біршама оңай. Сұрыптаманы сұрыптама күбілерінде дайындайды, пропеллерлі бұлғауышпен немесе циркуляциямен араластырады. Ауа шығыны 1 м33 сұрыптамаға саңылаулары 1,5 мм барботер арқылы сығылған ауамен араластырылуы мүмкін. Спирт ауадан спирт ұстағыштармен ұсталынады.
Спирттің есептелген мөлшері сұрыптама күбісінен жоғары орналасқан өлшеуіштен келеді, сонымен қатар жинағыштан жөндеуге болатын ақаулы спиртті, содан соң өлшеуіштен жұмсартылған суды, арақтың осы сұрыбына ескерілген өлшеуіштерден ингредиенттер ерітінділерін береді. Спирт судан жеңіл, сондықтан жоғары көтеріледі, бұл қоспаның жақсырақ араласуына жағдай жасайды. Қантты қантты сироп түрінде енгізеді; тұздар мен басқа құрғақ қоспаларды (натрий бикарбонаты, лимон қышқылы, калий перманганатын және басқа) – ерітінділер түрінде. Инверттелген қантты сироп, балды жеткізу күбісіне сұрыптаманы белсенді көмірмен өңдегеннен соң салады, өйткені моносахаридтер мен балдың хош иісті заттары көмірмен сорбцияланады. Балды 1:10 арақатынасында арақта дайындалған ерітінді түрінде енгізеді, бал ерітіндісін жиектемелі сүзгі-престе сүзеді.
Сұрыптаманы араластырғаннан кейін күштілігін спиртомермен анықтайды, берілген күштіліктен ауытқушылық болғанда оны дәлдеп түзетеді және қайтадан араластырады. Кейбір ингредиенттер, мысалы, қант сұрыптама күштілігінің мәнін бұрмалайды, сол үшін нағыз күштілікті сынаманы айдағаннан соң анықтайды.
Сұрыптаманы дайындау ұзақтығы – орта есеппен 1,5 сағат.
Сұрыптаманы дайындаудың үздіксіз тәсілдері оны толық араластыру үшін турбулентті қозғалыс жасалғанда, қажетті күштілікті ерітіндіні алу үшін белгіленген арақатынаста спирт пен судың үздіксіз араласуына негізделген.
Сұрыптама алудың үздіксіз тәсілдері алғашқыларының бірі Мәскеу және Ленинград ликер-арақ зауыттарында меңгерілген болатын. Қондырғының негізгі элементі ретінде көлемдерінің арақатынасы ротаметрлер көмегімен реттелетін су мен спирттің араласуы өтетін сақиналы араластырғыш пайдаланылған. Араластырғыштан шығарда сұрыптама күштілігі белгіленгеннен 0,5-1,5% жоғары. Күштілікті соңғы жеткізу өнім құбырында деңгей реттеуіші бар қысымды кіші бактан жұмсартылған суды беру жолымен жүргізіледі. Қондырғы толығымен автоматтандырылған, онда олардың температурасының есебімен сұрыптама күштілігі мен жөндеуге болатын ақаудың бақылауы мен реттелуі ескерілген.
Ингредиенттер сұрыптамаға арнайы өлшеуіштер көмегімен енгізіледі.
Қондырғының толық герметизациясы арқасында спирт шығындары елеулі азаяды, сұрыптау бөлімінде жер үнемделеді, арақ сапасының тұрақтылығына қол жеткізіледі.
Полтава ликер-арақ зауытында спирт және су қоспасының араласу тиімділігін жоғарылату үшін саңылаулары бар турбулизатормен толықтырылған инжекторлы араластырғышты пайдаланумен сұрыптаманы үздіксіз дайындаудың тәсілі жасап шығарылған. Саңылауларда қоспаның ағу жылдамдығы – 2,5-4,5 м/с. Қондырғы өнімділігі – 1800 дал/сағат.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет