Мазмұны 1-тарау. Спирт технологиясы


Сұрыптамаларды белсенді көмірмен өңдеу және сүзу



бет55/69
Дата05.02.2022
өлшемі1,41 Mb.
#130783
түріҚұрамы
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69
Байланысты:
Технология спирта111 (копия)

Сұрыптамаларды белсенді көмірмен өңдеу және сүзу

Дайындаудан кейін сұрыптамада сумен түсетін ұсақ қалқымалар болуы мүмкін, су мен спирттің араласуынан соң тұздардың біраз мөлшері тұнбаға түседі. Сұрыптаманы көмірмен өңдеу үдерісінде механикалық үйкеліс есебінен көмірдің ұсақ дисперсті бөлшектері кетеді. Осыған байланысты сұрыптаманы сүзу белсенді көмірмен өңдеуден бұрын және одан кейін өткізіледі.
Сүзу түйірлерінің үлкендігі 0,5-3,0 мм кварц құмы бар бір- және екіағынды құмды сүзгілер арқылы жасалады. Бірағынды сүзгілерде сүзуде сұйықтық бағыты – жоғарыдан төмен, жылдамдығы – 30-60 дал/сағат. Екіағынды сүзгілерде сұйықтықты беру жоғарыда және төменде жүзеге асырылады, корпус ортасында сусүзбені бұрып жіберу үшін коллектор орналасқан.
Сұрыптаманы белсенді көмірмен өңдеу үшін қалқып тұрған көмір қабатында динамикалық тәсілді, сұрыптама күбісі және көмір батареясында, сонымен бірге өнімділігі жылына 700 мың далдан аз зауыттар үшін сұрыптама күбісінде екісатылы тәсілді қолданады. Оған қоса, сұрыптамаларды тазалауды модификацияланған крахмалмен өткізуге болады.
Сұрыптамаларды белсенді көмірмен өңдеудің кеңінен тараған тәсілі – динамикалық (В.Ф. Комаров әдісі бойынша).
Сур. 10.1-де сұрыптаманы динамикалық тәсілмен өңдеу үшін қондырғының сызбанұсқасы келтірілген.
Өңдеу үшін қондырғыға құмды форсүзгілер 2, дәйекті түрде жалғанған көмір колонкалары 6 мен 9 және арақтарды сүзу үшін құмды немесе керамикалық сүзгілер 12 кіреді. 1, 3, 4, 5, 7, 8, 10, 11, 13, 14 крандарының көмегімен қондырғыға сұрыптаманың берілуі реттеледі.
Сұрыптама қысымды бактан құмды сүзгілерге беріледі, төмендегі көмір колонкалардан сағатына 30-60 дал орта жылдамдықпен өтеді және көмір бөлшектері мен басқа қоспалардан тазалану үшін құмды сүзгілерге, ал кейін жеткізу күбілеріне барады, мұнда қажет болса, оның күштілігі дәлдеп түзетіледі.
Көмір колонкалары ұзақ уақытқа тоқтаса, сұрыптамада альдегидтер мөлшері өседі, сол үшін қажет болған жағдайда сұрыптаманы өткізу жылдамдығы минималды жылдамдыққа – 3-5 дал/сағат реттеледі. Батареяны қайтадан іске қосқанда, сұрыптаманың алғашқы үлестерін жөндеуге болатын ақауға бағыттайды.
Көмір сүзгілерінің жұмыс істеу ұзақтығы көмір белсенділігі, сұрыптамадағы қоспалар мөлшері, өткізу жылдамдығына және басқа факторларға байланысты.

Сур. 10.1 – Сұрыптаманы динамикалық тәсілмен өңдеу қондырғысы
Көмір колонкасын сулы-спиртті ерітіндінің қышқылдану айырмасы өткізуден бұрын және одан кейін – жоғары сұрыпты арақтар үшін 2,5 минуттан аз және жоғары тазалықты спиртте жасалған арақтар үшін 2 минуттан аз болғанда және органолептикалық бағада айырмасы сәйкесінше 0,2 және 0,1 балдан аз құрағанда, регенерация үшін ажыратады.
Пайдаланылған көмірді қаныққан су буымен шамамен 0,07 МПа қысым және 115 0С-қа жуық температурада немесе химиялық әдіспен регенерациялайды.
Колонканы будан өткізгенде, спирт және сорбцияланған қоспалар айдалады. Бу жоғарыдан беріледі, сулы-спиртті булар сумен суытылатын құбырлы жылу алмастырғышта 15 конденсацияланады. Айдау күштілігін шамның 20 ішінде орнатылған спиртомер көмегімен бақылайды. Конденсат күштілігін периодты түрде тексереді. Ондағы спирт мөлшері нөлге тең болғаннан кейін конденсатты канализацияға бағыттайды, сонымен бір мезгілде колоннаға будың берілуін арттырады және регенерацияны тағы 6-10 сағат жалғастырады. Колонка регенерациясы нәтижесінде жинағышқа 21 келетін және жөнделмейтін ақау ретінде қолданылатын күштілігі 55-60% спиртті айдаудың 50-60 далға жуығы түзіледі. Бу шығыны шамамен 4 кг/кг көмір құрайды. Будан өткізген соң көмірді табиғи жолмен не сығылған ауамен үрлеумен суытады.
Регенерацияны жылына 3-4 рет өткізеді. Көмір шығындары шамамен 1,2 кг/1000 дал сұрыптама құрайды.
Химиялық регенерацияны көмірден спиртті буландырғаннан кейін жүргізеді. Колонканы 30-40 0С температураға дейін суытады және темір колонкасына 5-6 кг KMnO4 есебінен калий перманганатының 0,4-0,5%-дық ерітіндісімен өңдейді. Көмірді калий перманганатының ерітіндісімен екі рет 30 минуттан ұстайды, ерітінділерді канализацияға ағызады және колонканы жұмсартылған сумен қызғылт түс кеткенше10-15 минут жуады. Су шығыны – колонканың 2-3 көлемінен кем емес. Көмірді сумен жуғаннан кейін оны екінші рет температурасы 105-110 0С су буымен 30 минут буда ұстап өткізеді.
Динамикалық тәсілде бірқатар кемшіліктер бар. Көмір қозғалмайтын қабатта болады, оған қоса сұрыптама колонкамен колонка корпусына жақын жылжып өтеді, онда ең аз гидродинамикалық кедергі болады, сондықтан оның бүкіл беті жұмыс істей алмайды.
Динамикалық тәсілдің кемшіліктерін жоюға талпыныс сұрыптаманы көмірдің қалқып тұрған қабатында өңдеу үшін қондырғыны пайдалану болып табылады.
Қондырғының негізгі аппараты түйістіргіш – конусты түбі бар цилиндрлі корпус болып табылады, жоғарғы жағында кеңейетін бөлігі – сепаратор орналасқан. Өңдеуді аппараттың толу коэффициенті 0,55-0,60 болғанда, ұсақ дисперсті көмірмен жүргізеді. Сұрыптаманы беру жылдамдығы – 5-8 дм32∙с, бұл критикалықтан жоғары. Көмір қалқыған күйге өтеді, көмір мен сұрыптама арасында масса алмасу артады. Сұрыптама аппараттың кеңейген бөлігіне – сепараторға жетіп, жылдамдығын төмендетеді, ал көмір бөлшектері төмен түседі.
4 дәйекті түрде жалғанған колонкалардан тұратын қондырғы 500 дал/сағат өнімділікке ие және 10 кәдімгі колонкаларды алмастырады.
Сипатталған тәсіл сұрыптаманы өңдеу тиімділігі мен жылдамдығын арттыруға мүмкіндік береді, алайда көмір бөлшектерінің үйкелуі есебінен сұрыптамаға ұсақ дисперсті көмірдің көп мөлшері түседі. Олардың жойылуы алдымен шаю қабаты бар сүзгілерде, кейін құмды сүзгілерде ескеріледі.
Екісатылы тәсіл бірінші сатыда 1000 дал араққа 400 г түйіршіктелген немесе 100 г шаң тектес көмір есебінен сұрыптама күбісінде өңдеуді ескереді. Сұрыптаманы 30 минут араластырады және арынды күбіге бағыттайды. Көмір бөлшектерін ұстау үшін арнайы сүзгі – көмір ұстағыш қызмет етеді, онда көмір мата бетте бөгеледі. Көмірді тазалауды 15-20 мың далды өткізген соң жүргізеді. Түйіршіктелген көмірден спиртті шығарады және оны қайтадан пайдалануға болады, шаң тектес көмірді регенерацияламайды. Өңдеудің екінші сатысы динамикалық тәсілмен жүзеге асырылады, бірақ өткізу жылдамдығы жоғарылау: жаңа көмірде – 60 дал/сағ, регенерацияланғанда – 50 дал/сағ.
Қуаттылығы жылына 700 мың далдан кем зауыттарда белсенді көмірмен өңдеуді 2 кг/1000 дал арақ есебінен тек сұрыптама күбілерінде өткізуге рұқсат етіледі. Сұрыптаманы 30 минут араластырады, 2 сағат тұндырады және күбі түбінен 15 см биіктікте өнімді іріктей отырып декантациялайды. Декантатты арынды күбіге ауыстырып құяды, 2 сағат тұндырады және екі дәйекті түрде жалғанған жиектемелі мата сүзгілер арқылы сүзуге бағыттай отырып, арынды күбі түбінен 7 см биіктікте өздігінен ағумен іріктейді. Сусүзбені аралық күбіге жинайды, одан картоны бар Т маркалы сүзгі-пресс арқылы сүзуге, ал одан кейін жеткізу күбісіне бағыттайды. Кезекті сұрыптаманы дайындағанда 1000 дал араққа 0,5-1 кг белсенді көмірді қосады. Көмірдің орташа шығыны 1,0-1,2 кг/1000 дал құрайды.
Сұрыптаманы модификацияланған крахмалмен өңдеуде қажетті арақ сапасына тек қоспалар сорбциясы есебінен қол жеткізіледі.
Модификацияланған крахмалды 2,5-5%-дық крахмал ерітіндісін мұздай сірке қышқылымен өңдей отырып, құрғақ крахмалдан дайындайды. Крахмал шығыны – 3 кг, қышқыл шығыны – 1000 дал сұрыптамаға 320 см3.
Крахмал ерітіндісі мен сірке қышқылының қоспасын 68-70 0С температурада біртекті жабысқақ масса алынғанша 1 сағат ұстайды, 20 0С-қа дейін суытады және сұрыптама күбісіне енгізеді. Модификацияланған крахмал ерітіндісінің шығыны – 1000 дал сұрыптамаға 2,5 немесе 5%-дық концентрациялы ерітінді үшін сәйкесінше 120-60 дм3. Сұрыптаманы сұрыптама немесе арынды күбіде 2 сағат ұстайды және сүзгі-пресс арқылы сүзуге бағыттайды. Алдын-ала қапты типті қатқыл тазалау сүзгісінде сүзуге болады. Пайдаланылған крахмалды сумен шаяды және желімді жасауға қолданады. Ингредиенттерді енгізу мен күшітілікті дәлдеп түзетуді жеткізу күбісінде өткізеді, одан арақ құюға бағытталады.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет