Мәдениеттану Публикация учебных и научных материалов презентаций в Pdf формате на веб- ресурсах КазНУ



Pdf көрінісі
бет36/49
Дата21.07.2022
өлшемі1,45 Mb.
#147637
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49
Байланысты:
Дәріс- Мәдениеттану- ГТХ

 
Дәрістің сұрақтары: 
1.Социалистік құрылыстың теріс әсерлері 
2.Қазақ кеңес мәдениеті 
3.Тоталитарлық қоғамның моральдық негіздері. 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 


1 сұрақ. Социалистік құрылыстың теріс әсерлері. 
Социалистік құрылыстың теріс әсерлері, әсіресе, қазақы әдеп пен мінез-
құлық жүйесіне тиді. Ұлан-ғайыр, кең-байтақ жерді иеленіп келген қазақ 
табиғатынан батыр мінезді, бостандық пен еркіндікті қастерлеген қайсар 
халық еді. Бірақ 270 жылға созылған тәуелділік жылқы мінезді халықты 
момын, қой мінездіге айналдыра бастады. «Жаман үйді қонағы билейдінің», 
«Есіктен кіріп, төр менікінің» күйіне түсе бастады. Озбырлық саясат 
нәтижесінде халқымыз құнарлы, сулы, нулы жерлерінен шөл, шөлейт 
жерлерге ығыстырылды, тек мал бағумен күн кешкен елге күн көрудің өзі 
қиын болды. Бұрын «у ішсең – руыңмен», «ағайынның аты озғанша – 
ауылдастың тайы озсың» деп, елдік пен бірлікті мұрат еткен қазақтардың 
арасында өзімшілдік, дарашылдық өріс алды. Кейбіреу ақты – қара, қараны – 
ақ деп бірінің үстінен бірі арыз жазса, басқалары бастықтың алдында майлы 
қасықтай құрша жорғалап, жылпылдаған жағымсыз қылықты бойына 
дарытты. Шолақ белсенділер, «пысықтар», «шаш ал десе, бас алуға» дайын 
тұратындар пайда болды. «Адам адамға дос, бауыр», «Барлық адам тең 
құқықты» деп ұрандатқанымен, қолында билігі барлардың арасында 
екіжүзділік, озбырлық, тамыр-таныстық, жүгенсіздік, парақорлық өріс алды. 
«Ортақ мүдде жеке адам мүддесінен жоғары» деген ұран адам бостандығына 
нұқсан келтірді, «қуыршақ-адамдарды» көбейтті. Әкімшіл-әміршіл жүйе 
«ескінің қалдықтарымен күресуді» желеу етіп, халықтың ғасырлар бойы 
қалыптасқан рухани мұрасын жойып жіберуге барынша тырысты. «Малым – 
жанымның садағасы, жаным – арымның садағасы» деп келген халықтың 
ішінен сан мыңдаған мәңгүрттер шықты». 
Большевиктер орнатқан тоталитарлық жүйе қазақ халқының (Ресейдің басқа 
халықтарының да) азаттық алу, мәдени өркендеу мүмкіндіктерін құлдыратып 
жіберді. XX ғ. ең сұмдық қылмыстардың бірі Кеңес Одағында жасалды. 
Тоталитарлық жүйе өз халқына қырғын салып (геноцид), оның этно-мәдени 
тұтастануына орасан зиян келтірді. Адамзаттың бүкіл тарихында ешбір саяси 
өзгеріс нақ осындай сүргінге әкелген жоқ. XX ғ. екі социалистік эксперимент 
(фашистік ұлттық-социализм және коммунизм) 100 миллионнан астам 
адамды қырды. Этнобірігу және мәдени эволюцияны бекерге шығаратын 
большевиктік идеология мен практика бұрынғы Ресей империясы 
топырағындағы халықтардың ғасырлар бойы жинақталған мәдени 
құндылықтарын талан-таражға салды. Бұл, әсіресе, қазақ тағдырынан анық 
көрінеді. 
Ұлттық-мәдени тұтастануға кеселін тигізген төмендегідей большевиктік 
тәжірибелерді атап өтейік: 
Демографиялық геноцид. Белгілі демограф Мақаш Тәтімовтың есептеуі 
бойынша, тоталитарлық жүйе кезінде қазақтар шетелдерге біржолата көшіп 
кеткендерін қоса санағанда 4,5 миллион адамынан айырылған, яғни бүкіл 
халқының үштен екісін жоғалтқан. «Пайыздықік қатынаста, – дейді М. 
Тәтімов, – Қазақстан қасіреті Батыс Армения қасіретінен, Еуропадағы 
фашизмнің еврейлерді жоюынан, Камбоджадағы зұлматтан да асып түсті». 
(Демографиялық кескін. – Қазақ, 66-67 б.). 


Этномәдени экспанция. Патшалык Ресей империясы бастаған миграциялық 
саясатты Кеңес өкіметі де дәйекті жүргізді. Геноцид нәтижесінде қаңырап 
бос қалған кең дала келімсектермен толтырылды. XIX ғ. ортасында өз 
жерінде 92%-ын құраған жергілікті ұлт өкілдері 1959 жылғы санақ бойынша 
29%-ға дейін төмендеді. Мұның өзі 1916 жылғы қырғынның, азамат 
соғысының, Ф. Голощекин жүргізген «Кіші Октябрь» саясатының, 30-
жылдардағы аштықтың, тың және тыңайған жерлерді игеруге сырттан жүз 
мыңдаған бөгделердің келуінің салдары екені белгілі. Этномәдени экспанция: 
«феодализмнен социализмге бірден секіру» үшін аймақты индустрияландыру 
қажет, ал бұрынғы көшпелілер техникаға жетік емес, сондықтан орталық 
аудандардан кәсібилерді шақыру керек дегенді желеу еткен. Мигранттардың 
көптеп көшіп келуі қазақтардың дәстүрлі мәдениетін шайқалтып, оның өрісін 
тарылтты. Әрине, этномәдени экспанцияның жағымды жақтары да болды 
(білімділік деңгейінің көтерілуі, экономикалық даму, мәдени диалог т.б.). 
Алайда, таразының екі басы тең емес еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет